Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»



бет4/80
Дата15.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#131814
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
kazedu 201595
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, МӘДЕНИЕТТІҢ ҚОҒАМҒА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИІМДІ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ, Инструкциялық карта №1, 4практикалық сабақ, менеджмент, Силлабус Әлеуметтану-Саясаттану (1)
Антропология — өткен заман адамдарының қаққаларын және адам организмінің қалыптасуы мен нәсілдің пайда болуын және таралуын
зерттейтін ғылым. Антропологияның өзі негізгі үш тараудан: 1) морфоло-гия; 2) антропогенез; 3) нәсілтану немесе этникалык антропогенезден тұра-ы Антропологиялык зерттеуде тарихшыға приматология, геология, па-леозоология, палеоботаника сияқты ғылымдар көмекке келеді.
Лингвистика - халықтардың өткен тарихы туралы маңызды мәліметтер беретін тіл ғылымы болып саналады. Мысалы, қазіргі тілдердің көпші-лігінде өткен заманның белгілерін сақтаған сөздер кептеп кездеседі. Мы-салы, қазақтілінде «мал-мүлік», «мал-жан», «төркін», «көкпар» және т.б. создер өткен шақтуралы құнды мәліметтер бере алады.
Тарихи деректерді зерттеуде сонымен бірге отыздан астам қосалқы та-рихи ғылым салаларына сүйенуге болады. Олар:
Палеография — жазу-сызу материалдары мен оның құралдарын және жазу мен безендіру, өрнектеу ерекшеліктерін;
Нумизматика - теңгелер мен олардағы жазуларды, белгілерді;
Эпиграфика - тас плиталардың, металдың, сүйектің, ағаштың және саз балшық бұйымдарындағы жазулар мен белгілерді;
Папирология - папирустардағы жазу-сызуды;
Берестология - қайың қабығындағы жазуларды;
Тарихи хронология — тарихи оқиғалардың уақытын анықтауды;
Метрология — өлшемдер мен ақша жүйесінің есебін анықтауды;
Сфрагистика — баспасөз бен оның қосымша құжаттарын;
Геральдика — елтаңбаларды және басқа да айырым белгілерін;
Дипломатика — тарихи актілерді;
Текстология — әдеби шығармалар мәтінін;
Тарихи география - откен шақтың географиясын;
Тарихи топономика - жер, су және т.б. атаулардың этимологиялық құрылысын, маңызын және кандай тілге жататындығын;
Генеология — рулардың, әулеттердің, фамилиялардың шығу тегі мен тарихын;
Палеонтология - қазба өсімдіктер мен хайуанаттарды;
Палеонклиматология — өткен заманның климатын зерттейді.
Дегенмен де тарихи түп-деректердің басым көпшілігін жазба деректер кұрайды. Жазба деректерге өз заманында өмір сүрген адамдардын қалдыр-ған әртүрлі жазбалары: өтініштері, хаттары, естеліктері, көрген-білген-дерін және басқалардан естігендерін жазып қалдырулары, жылнамалар, сарай маңындағылардың жүргізген есептері, құқықтық құжаттар, елшілердің, саяхатшылардың жазбалары және т.б. жатады.
Қазақстанның ежелгі заман тарихы туралы деректер антикалық автор-лардың (Геродот, Тацит, Страбон) және парсы жазбаларында («Авеста», Кир т.б.), сонымен бірге қытай авторларының еңбектерінде кездеседі.
Қытай авторлары б.з.д. III ғасырдан бергі Қазақстан аумағындағы тайпа-лар мен халықтар туралы, әсіресе, ғұндар, үйсіндер, қарақытайлар, қаңлы-лар туралы құнды деректер қалдырды. Бұл деректерді жинақгауда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қытай мұрағаттарында біраз жыл жұмыс істеген Қойшығара Салғараұлы көп еңбек етті.
Түркі тайпалары мен халықтары туралы деректер Рим және Византия авторларымен қатар араб тарихшылары мен саяхатшыларының (Белазу-ри, әл-Қуфи) және армян жазбаларында да (Гевонд Варданет, Мовсэс Каланкатуаци) кездеседі. Орыс жылнамаларында оғыздар мен қыпшақтар туралы мөліметтер беріледі.
Арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуымен бірге осы елдерге араб мәдениеті мен жазуының ықпалы күшейе түсті. IX-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда араб мәдениетінен жөне білімінен нәр алған ғұламалар мен ойшылдардың ірі тобы өсіп шықты. Олар өз елініңтарихы мен басқа да салаларына қатысты еңбектер жазып, артына орасан зор мұралар қалдырды. Солардың еңбектерімен қатар Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды деректер қалдырған араб тарихшылары мен жиһанкездердің еңбектерін атап кетуге болады.
Олардың қатарына Гардизи, Ибн Хаукал, Ибн Хордабек, Ибн Фадлан, Ибн әл-Варди, әл-Идриси, Истахри, әл-Мақдиси, әл-Масуди және т.б. жатқызуға болады. Олар Оңтүстік Қазақстанның қалалары, өзен-сулары, кәсібі, қолөнері, саудасы, басқа елдермен қарым-қатынастары туралы құңды деректер жазып қаддырды.
Моңғол шапқыншылығы мен одан кейінгі Алтын Орда және т.б. ұлыс-тар туралы мәліметтерді «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын тобшы», Еуропа саяхатшылары Плано Карпинии, Марко Поло, Вильгельм Рубрук жазбаларынан кездестіруге болады. ХІІІ-ХУ ғасырлардағы оқиғалар ту-ралы мәліметтер әл-Омари, ибн Батутта, Джувейни, Бабыр, Әбілғазы, Рашид-ад-Дин жазбаларында көптеп кездеседі.
Араб халифатының әлсіреуімен және құлауымен бірге және ¥лы Жібек жолының маңызын жоюмен бірге ХУ-ХУІ ғасырлардан бастап Қытай және араб авторларының Қазақстан туралы жазбалары, деректері сирей бас-тайды. Бұл кезден, әсіресе XVII ғасырдан бастап Қазақстан тарихы тура-лы мәліметтер орыс жазбаларында көптеп кездеседі. Бұның басты себебі бұл уақытта (ХҮІІ-ХҮШ ғ.ғ.) орыс патшалығының Шығысқадеген экс-панциясы күшейе түскен болатын.
XVIII—XIX ғасырларда Ресей үкіметі қазақ жеріне арнайы экспеди-циялар ұйымдастырды. Олар қазақдаласын географиялық тұрғыдан зерт-теумен бірге қазақхалқының кәсібін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын да жи-нақтаумен айналысты. Қазақжеріне жер аударылған революционер-де-
мократтар да қазақ халқы туралы құңды мәліметтер қалдырды. Олардың көпшілігі Ресей калаларының мұрағаттарында сақтаулы. Қазан төңкерісіне дейінгі түп-деректердің басым көпшілігі де ресейлік авторлардың еңбектері болып табылады.
Кенес екіметі орнаған күннен бастап мұрағат ісіне ерекше көңіл бөлінді. Азамат соғысы жылдарында-ақ мұрағат ісін мемлекет қамқорлы-ғына алу және жандандыру туралы каулы қабылданды. Содан болса да керек Кеңес ©кіметі жылдарындағы деректердің басым көпшілігін мұра-ғаттардан кездестіруге болады. Кеңестік замаңдағы деректердің едәуір бөлігі үкімет қаулылары, шешімдері, нұсқаулары, съезд, конференция, Пленум, сессия материалдары, мемлекет және үкімет басшыларының баян-дамалары, сөйлеген сөздері, нормативтік-кұкықтықактілері, іс қағаздары және т.б. болып келеді. Бүл кездегі тарихи түп-деректерге жоғары билік органдарына жазылған хаттарды, ©тініштерді, баспасез материалдарын, естеліктерді және сгатистикалык мәліметгерді де жаткызуға болады. Кино-фото кадрлары мен бейнелері де түпдеректер қатарына жатады. Аталған түпдеректерді орынды да тиімді пайдалана білу және оларды көпшілікке жеткізу тарихшылардың, ғалымдардын төл міндеті болып табылады.
Тарихнама - тарих ғылымының даму тарихы, яғни жалпы тарихтың, оның кезеңдерінің, бір мемлекетгін немесе белгілі тақырыптың, оқиғаның мамавдар, тарихшылар, ғалымдар тарапынан ғылыми тұрғыда сипатталып, жазылуы, бағалануы және көпшілікке, оқырманға ұсынылуы. Мысалы, Ежелгі Египет тарихнамасы, Қазақстан тарихнамасы, Қазақхандығының тарихнамасы, Үлы Отан соғысы тарихнамасы және т.т.
Қазақстанныңежелгі замантарихын X. Алпысбаев, Е.И. Агеева, К. Ақы-шов, К. Байпақов, А.Н. Бернштам, М. Қадырбаев, Б. Көмеков, Ә. Марғұлан, Т.Н. Сенигова, С.П. Толстов және т.б. археологиялық деректер негізіңде зерттеп жазды.
Түркі дәуірін, қарлүқ, оғыз, қыпшақ, қимақ кезеңін зерттеуде Б.Көме-ков, В.В.Бартольд, Л.Гумилев, С.Кляшторный, М.Ақынжанов, С.Сыздықов және т.б. араб, түркі деректері негізінде зерттеулер жүргізді. Қазақ-станның соңғы орта ғасырлардағы тарихына қатысты еңбектерді жоғары-да аталған авторлармен бірге С.Ағаджанов, Б.Ахмедов, М.Вяткин, А.Яку-бовский, А.Кононов, К.Пищулина, В.Юдии жәнет.б. жазды.
ХУП-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы, оның ішівде қазақ-қытай байланыстары мен қазақ-жоңғар және қазақ-орыс қатынастары В.Басиннің, В.Моисеевтің, И.Златкиннің, Х.Арғынбаевтың, П.Галузоның, С.Зимановтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақ жерін Ресейдің отарлауы мен қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі.тақырыбына Е.Бекмахановтың, И.Ерофееваның,
М.Қүл-Мүхамедтің, С.Мәшімбаевтің, О.Өмірзақовтың, Б.Сүлейменовтың, В.Басиннің, И.Аничковтың, М.Вяткиннің, Ж.Қасымбаевтың, Е.Пірімбе-тованың және т.б. еңбектері арналған.
Кеңестік Қазақстан тақырыбыңда А.Нүсіпбеков, К.Нұрпейіс, М.Қозыбаев, А.Сүлейменов, Ғ.Әбішев, Т.Балақаев, Н.Едігенов, П.Белан, Қ.Біржанов және т.б. көлемді еңбектер жазса, қазақ тарихындағы «ақтаң-дақ» мәселелерді зерттеуде М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, Т.Омарбеков, Д.Қамзабекұлы, З.Қинаятүлы және т.б. елеулі еңбек сіңірді.
Қазақстан тарихы туралы іргелі еңбектерге 1936 жылы жарық керген С. Аспандияровтың «Көне заманнан бергі Қазақстанның тарихы», А.Панкратованың басшылығымен жазылған (1943 жылы жарық көрді) «Ерте заманнан қазіргі күнге дейінгі Қазақ ССР тарихы», 1949 жылы жарық көрген екі томдық «Қазақ ССР тарихы», 1980—1984 жыддары баспадан шыққан бес томдық кене заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ ССР тарихын» жатқызуға болады. 1996 жылдан бастап Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі бес томдық академиялық басылымы дайындалуда. Қазірге дейін оның алғашқы үш томы қазақ және орыс тіддерінде жарық көрді. Қазақстан тарихының тарихнамасын бір тақырып көлемінде қамту мүмкін емес. Тарих факультеттерінде бұл мәселе арнайы курс ретінде оқытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет