Лекция жинағы Шымкент 2019


А. Микроскопияның 1-ші этапы-микроскопты жұмыс жасау күшіне келтіру



бет11/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
А. Микроскопияның 1-ші этапы-микроскопты жұмыс жасау күшіне келтіру. Гистологиялық препаратты зерттеп білуді кішкене үлкейтумен (объектив 8х, окуляр 7х немесе 10х) бастайды. Мұның бірнеше артықшылығы бар: біріншіден, препараттың бірден үлкен бөлігін көруге және оны бірте-бірте жылжытып отырып, кесіндімен бүтіндей танысуға мүмкіндік туады. Екіншіден, қай мүшеге, тінге жататынын көрсететін кесіндінің басты белгісі тек қана бір кішкентай бөлігінде болуы мүмкін (мысалы, ұйқы безінің Лангерханс аралшықтары). Егерде бүкіл препаратты алдын-ала кішкене үлкейтумен шолып қарап шықпасақ,, ол байқалмай қалуы мүмкін. Бұл ережені студент жадына түйіп сақтауы тиіс, себебі, гистология пәнінің практикалық сабақтарында оның негізгі жұмысы, мақсаты мамандандырылған жасушаларды, тендерді және мүшелерді, оларға тән құрылымдық белгілері мен қасиеттеріне сүйене отырып, танып білу. Мұндай дағдыны қалыптастыру студентке тек қана қорытынды сабақтарды, эмтиханды тапсыру емес, сонымен бірге, болашақта патологиялық анатомия пәнін өту кезінде патологиялық процестерді ажыратуға да қажет. Үшіншіден, кішкене үлкейтумен қарап шығу препараттың қолайлы, жақсы боялған, дәл осы мүшеге, тінге тән белгілері жақсы дамыған бөліктерін таңдап алуға мүмкіндік туғызады. Ақырында, кішкене үлкейту арқылы көрінетін бейнені жай көзбен көрінетін объект бөлігімен салыстыру жеңілдей түседі. Кішкене үлкейтумен жұмыс жасауға микроскопты жұмыс күйіне келтіру үшін, бір ізді түрде төменгі әрекеттер жасалады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет