Лекция жинағы Шымкент 2019


Үстел басына зерттеушінің дұрыс отыруы және микроскопты орнату



бет12/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
1. Үстел басына зерттеушінің дұрыс отыруы және микроскопты орнату. Үстел басына жұмыс істеуге ыңғайлы қалпында отырып, сол жақ көзімен қарау үшін микроскопты зерттеушіге окулярымен бұрып қою керек.

2. Дұрыс жарық түсіру. Жарық микроскопиясы жарық сәулесін препарат арқылы өткізуге негізделген. Неғұрлым объектке жарық түсіру сапалы болса, соғұрлым оның детальдары жақсы көрінеді. Қазіргі кездегі микроскоптардың ішіне арнай жарықтандырғыштар орнатылған. Оқу микроскоптарында жарық көзі ретінде терезеден түскен жарық немесе электр жарығы қолданады. Олардын жарықты түсіру үшін заттық үстел астында екі бетті айна қондырылған. Оның ойыс бетін – күннің жарығын, ал, жалпақ бетін- жасманды жарық қолданғанда пайдаланамыз. Жарық түсірудің кезеңдері:

А) макрометр бұрандасын зерттеушінің өзіне қарай бұрап, тубуста орнатылған револьверді А) қауіпсіз аралыққа (2-3см) көтеру керек;

Б) Револьверді сағат тілінің бағыты бойынша бұрап, кішкене объективті дәлме-дәл төмендегі заттық үстелдің тесігінің орта сына қаратып орнатады (бұл кезде револьверден шырт еткен дыбыс шығады), объективтің мұндай күйі жұмыс жайы деп аталады;

В) Заттық үстелдің бүйір жағынан байқап отырып, макроментр бұрандасын зерттеушінің өзіне қарсы қарай бұрап, кішкене объективті заттық үстел бетінен 0,5 см аралыққа дейін түсіру керек;

Г) Заттық үстел астындағы конденсордың бұрандасын бұрап, төмен түсіріп, түскен жарық ағынын перде сияқты реттеуге мүмкіндік беретін диаграманы ашу қажет;

Д) Окулярға сол көзбен қарап отырып, жарықты көлеңкелемеу үшін саусақтармен арнайы қырынан ұстап, жарық көзіне қарай бұрып, ашық тұрған диафрагмат арқылы түскен жарықты конденсорға (лат.condenso-тығыздау; қоюландыру; шашыраңқы жарықтан жарқыраған сәуле шоғын қалыптастыратын линзалар жүйесі) жіберу керек. Окулярда шеңбер түрінде көрінетін көру аумағы сүттей ақ (жарқырағын және біркелкі) болған кезде, арнаны қозғалтуды тоқтату қажет. Осы кезден бастап, әйтпесе жарық түсу күйі бұзылып, жоғарыдағы әрекеттерді қайталау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет