Лекция жоспары: Күрделі эфирлер мен майлардың қасиеттері



бет11/11
Дата01.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#61298
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
химия1
химия1

немесе реакция теңдеуін ықшамдап былай жазуға болады:



Сұйық майларды гидрлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау үшін саломасқа аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен қатар дәм және түс беретін қоспалар қосады. Сары майдан маргариннің дәмі өзгеше, ал калориясы және сіңімділігі жағынан кем емес. Сары майға қарағанда маргаринде қанықпаған глицеридтердің көбірек болуы қан тамырларында майдың жиналуына кері әсерін тигізеді. Құрамында майы бар дәмді тағамдардың бірі — майонез. Ол, негізінен, өсімдік майынан (65%) тұрады. Майонезді майға су (25%), жұмыртқа ұнтағын (5-6%), құрғақ сүт (2-3%), қант, сірке суын және дәм беретін заттар қосып дайындайды. Сонымен қатар майларды техникалық мақсаттарға да пайдаланады. Мысалы, олардан сабын жасайды.

Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде Алматыда,ӨскемендеШымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар. Жылдан-жылға майды қолданудың өсуіне байланысты соңғы кезде табиғи майды пайдаланумен қатар мұнай өнімдерінен жасанды май алу ісі қолға алынуда.

3. Майлардың тотығуы. Құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары (қанықпаған қышқылдардың глицеридтері) ауадағы оттекпен әрекеттесіп, жалпы формуласы R-O-OH гидропероксидтер түзеді. Бұл тұрақсыз қосылыстар майдың тотығып полимерлену процесін тездетеді. Нәтижесінде, май молекулалары өзара "тігіліп", қатты қабыршақ (пленка) түзеді. Оны линоксин деп атайды. Полимерленіп, соның нәтижесінде линоксин түзетін майларды кебетін майлар дейді. Ондай майлар сырмай (олифа) дайындауда қолданылады. Сырмайлар белгілі өңдеулерден өткеннен кейін майлы бояулар жасау үшін пайдаланылады.

Табиғи майларды ұзақ сақтаған кезде жарықтың, ауаның және микроорганизмдердің әсерінен ашып кетеді, иісі және дәмі бұзылады. Сақталу мерзімін ұзарту үшін майға ас тұзы сияқты консерванттар қосады және тоңазытқышта сақтайды. Жылудың, жарықтың және ылғалдың әсерінен майлар гидролизге ұшырайды және тотығады. Ауадағы оттектің әсерінен тотыққан кезде гидропероксидтер түзіледі, одан әрі тотығып, олар альдегидтерге, карбон қышқылдарына (құрамында көміртек атомы аз) айналады. Көбіне бұл жағдайда иісі жағымсыз май қышқылы (бутан қышқылы) түзіледі.

Қорытынды. Майлар — триглицеридтер, глицерин мен жоғары май қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлер. Радикалдың табиғатына байланысты қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Қатты майлар құрамында қаныққан карбон қышқылдары, ал сұйық майлардың құрамында қанықпаған карбон қышқылдарының қалдықтары болады. Майлар гидролизденеді және гидрлеу реакциясына түседі. Май — маңызды биологиялық отын, жан-жануар үшін энергия көзі, қажетті тағам, зат алмасу процесіне қатысатын маңызды қосылыс.

Қарастырылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты төмендегі сілтемелерден ала аласыздар:

  1. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/kurdeli-ehfirler?mid=%info%

  2. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/majlar?mid=%info%

  3. E-college сайтында орналасқан ЦББР (http://manshuk.kz) электронды кітапхана қоры

http://manshuk.kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/898.pdf

Қолданылатын негізгі әдебиеттер

1.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішов. Н.Заграничная. г. Абрамова «химия» 11 сынып мектеп 2014ж

2.А. Темірболатова «химия есептер мен жаттығулар жинағы» мектеп 2012

Қосымша әдебиеттер:

1.Б. А. Маснұров «Химия» 10сынып Атамұра 2012

2.А. Темірболатова. А. Қазымова . Ж. Сағымбекова «химия оқу кітабы» мектеп 2012

3.Н. Нұрахметов К. Жексенбина К. Сарманова «мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау» мектеп 2012ж

4.А. Темірболатова. Ж. Сағымбекова. С. Әлімжанова «хими тапсрмалар жинағы» мектеп 2011ж

«Химия Қазақстан мектебінде» Ғылыми- методикалық журнал.

Құрметті, студент!

Лекция материалдары және ұсынылған сілтемелердегі ақпаратпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындап, жауаптарыңызды жүктеңіз.

Тапсырмалар

1-тапсырма. Сұрақ-жауап

1. Күрделі эфирлер мен майлар дегеніміз не?

2. Күрделі эфирлер мен майлар табиғатта қайда кездеседі?

3. Майлардың физикалық қасиеттері және биологиялық маңызы қандай?

4. Майлар қайда қолданылады? Оларды қалай сақтау керек?

5. Берілген қышқылдармен түзілген майлардың формуласын жазыңдар:

Стеарин С17Н35СООН, олейн С17Н33СООН, пальмитин С17Н31СООН.

2 тапсырма



1. Глицерин мен карбон қышқылдарының күрделі эфирі болатын май құрамындағы май қышқылдарының формуласы реттік санмен, аталуы әріптермен белгіленген. Жұпта.

1/ С17Н35С00Н А. олеин қышқылы

2/ С15Н31СООН В. линолеин қышқылы

3/ С17НззСООН С. пальметин қышқыльі

4/ С17Н31 СООН Д. линол қышқылы

5/ С17Н29СООН Е. стеарин қышқылы

3-тапсырма.

Тест жұмысы

1.Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл.
а) Күкірт қышқылы с) сірке қышқылы
б) құмырсқа қышқылы д
) стеарин қышқылы

2. Бертло жүзеге асырған реакция:

а) Майды ыдыратып, глицерин мен карбон қышқылдарын алады.

в) сұйық майларды гидрогендеп, қатты май алады.

с) жоғары карбон қышқылдары мен глицеринді әрекеттестіріп, май тәрізді зат алады.

д) майды сілтімен қыздырып сабын алады.

3. Сұйық майларды қатты майларға айналдырғанда алынатын май.

а) сары май с) тоң май

в) маргарин д) күнбағыс майы

4. Ас қорыту кезінде организімде майлар тотыққанда түзілетін соңғы өнім.

а) көміртек диоксиді мен су

в) құмырсқа қышқылы мен метан

с) сірке қышқылы мен аммиак

д) сірке қышқылы мен мочевина

5. Заттар арасында эфирлену реакциясы жүреді.

а) альдегид пен карбон қышқылы

в) спирт пен альдегид

в) спирт пен карбон қышқылы

д) фенол мен карбон қышқылы

6. Күрделі эфирлердің жалпы формуласы

а) R1-COO-R2 c) R1-O-R2

в) R1-CO-O-CO-R2 д) R1-CO-R2

7. СН3СООСН3 қосылысының атауы

а) метилэтил эфирі

в) этилметил эфирі

с) бутан қышқылы этил эфирі

д) этан қышқылының метил эфирі

8. Метилацетат молекуласындағы көміртектің массалық үлесі.

а) 75% с) 49%

в) 67% д)81%

9.Формуласы С2Н5СООС3Н7 күрделі эфирдің атауы

а) Сірке қышқылының этил эфирі

в) пропион қышқылының этил эфирі

с) сірке қышқылының пропил эфирі

д) пропан қышқылының пропил эфирі

10. Күрделі эфирлер гидролизденгенде түзілетін өнім

а) карбон қышықылының тұзы мен спирт

в) карбон қышқылы мен спирт

с) спирт пен су

д) карбон қышқылы мен су
Рахмет! Жауабыңызды күтемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет