Лекция жоспары: Сайлаудың мәні. Сайлау жүйелері


Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгілі



бет2/9
Дата02.01.2022
өлшемі386 Kb.
#108094
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
227 ..5
Situational module of English (1)

Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгілі

  • Сайлаудың төте және төте емес
  • (жанамалы) түрлері болады
  • Төте емес сайлауда
  • ( жанама сайлау деп те аталады)
  • сайлаушылар белгілі бір
  • кандидаттарға дауыс
  • бермейді,тек оны
  • іріктеушілерге дауыс береді,
  • мысалыАҚШ президентіне,
  • Финляндия президентіне ,
  • Эстония президентіне

Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған

  • Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқықты. Бұл елде мемлекет басшысы оның өэ азаматтарының жалпығы бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде дауыс беруі арқылы сайланады.
  • ФРГ-ның да Негізгі заңында мемлекеттік биіліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатаны жазылған. Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.
  • Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы. Сайлаулар мен жалпыхалықтық референдумдар еркін, тең, жасырын, бірсатылы, жалпыға бірдей болады, Дауыстарды есептеу мен есепке алу ашық түрде әрі басшылар мен сот бақылауында өткізіледі. 21 жасқа толған әрбір түрік азаматы сайлауға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы.
  • Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет