Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет2/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Негізгі ұғымдар:

Протозоология, гельминтология, малакология, арахнология, энтомология, герпетология, ихтиология, орнитология, териология, паразитология.



Негізгі сұрақтар:

Зоология пәнінің мақсаты мен міндеттерін ата?

Зоология қандай ғылым салаларына бөлінеді?

Зоология биологияның қандай ғылым салаларымен байланысты?



Зоологияның даму тарихы

Мақсаты: Зоологияның даму тарихын оқып – білу.

Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол ашқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды. Ол жануарлардың 500-ден аса турлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген:

«Энойма»– қаны бар жануарлар

«Анойма»- қаны жоқ жануарлар.

Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1. тірі туатындарды; 2. құстарды; 3. бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4. балықтарды жатқызды. Екінші топқа, қансыз жануарларға: 1. басаяқты моллюскаларды; 2. шаянтәрізділерді; 3. моллюскаларды; 4. насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды. Зоологины дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ван Левенгук және ағылшын ғалымы Роберт Гук. А. Левенгук қарапайым құрылысты микроскопты жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі жәндіктерді ашты, ал, Р.Гук өсімдік тозағышының құрылысын зерттеп, оның клеткадан тұратынын анықтады. 18 ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің жасаған системасын жұртшылық мойындады. Ол өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді – туысқа, туысты – отрядқа, отрядтарды- класқа біріктірді.

Эволюцияны қолдаушылардың бірі фр. ғалымы Жан Батист Ламарк болған. Ол барлық жануарларды 2 топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлар. Омырқасыз жануарларды 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар; 2. Полиптер; 3. Сәулелілер; 4. құрттар; 5. Насекомдар; 6. Өрмекшітәрізділер; 7. Шаянтәрізділер; 8. Буылтық құрттар; 9. Мұртаяқтылар; 10. Моллюскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа топтастырды: 1. Балықтар класы; 2. Бауырмен жорғалаушылар, қос мекенділер класы; 3. Құстар; 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды Ж.Б.Ламарк сатылай орналастырды, оның төменгі сатысына инфузорияларды, полиптерді, жоғарғы сатысына құстар мен сүтқоректілерді орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделене түсуін Ж.Б. Ламарк «градация» (жоғары көтерілу) деп атады.

Ж.Кьюве және оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы жүйеге «тип» деген ұғымды енгізді. Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар, 2) жұмсақ денелілер, 3) буынаяқтылар, 4) сәулелілер.

Ж.Кьюве мен қатар орыс ғалымы К.Бэр салыстырмалы эмбриологияның дамуына жол ашты. К.Бэр жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын анықтады, эмбриональдық даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін көрсетті.

19 ғасырда ботаник Матиас Шлейден және зоолог Теодор Шванн клетка теориясын жасап жарыққа шығарды. 19 ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Фриц Мюллер және Эрнст Геккель биогенетикалық заңды ашты.

Паразитологияның даму тарихы Е.Н.Павловский, В.А.Догель,К.И.Скрябин, В.Н.Беклемишев, Е.И.Марциновский есімдерімен байланысты. Академик Е.Н.Павловский транмиссивті аурудың «Табиғи ошағы» теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының осы аурумен күресудің ғылыми негізін жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет