Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


Лекция 2. Сөйлеу тілінің дамуы



бет7/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Байланысты:
1 мамыр, 1 мамыр, [Template] Тапсырма1.1 тест, [Template] Тапсырма1.1 тест, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1), -987683380, селен элемент – Google Поиск, ДО РЕ МИ, АБ 1 көркем еңбек Жеңісбек Гүлина, Үздік ұстаз-ғибратты үлгі, Topiq показательные уроки ЭУ,
Лекция 2.
Сөйлеу тілінің дамуы.
Сөйлеу тілінің даму кезеңдері.
Ерте диагностикалау мәселесі.
СӨЙЛЕУ ТІЛІ ҚҰРАМЫНЫҢ БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУЫ

Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстары, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық және монологиялық деген екі тұлғасы кіреді. Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйенің дәйектілігінпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Моногиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелікпен ене дәлеледеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре орналастыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.


Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кезедеседі.
Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады. Баланың ішік сөйлеу тілі негізінде сыртқы және ішкі құрылыстарының негізігі бір бөлігнің ойлауынан қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тілініен ішкі сөйлеу тіліне көшуі баланың 3 жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естірітіп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінене байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетуі мүмкін.
Бірінші жай – фонематикалық есіту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемасын сөйлеуде дағдылануы.
Екінші жай – сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру.
Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың барлық сөйлеу тілі дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: мектеп жасына дейінгінің алдындағы, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы.
Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен 3 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу аппараттарының қалыптасуы және дайындығы жүріп жатады, оңай сөздерді түсіне бастайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Аксаринаның зерттеулері бұл кезеңде айналасындағыларымен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің тоқырағаны байқалатындығын дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-мөте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының екінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін, 3 жасқа қараған шағында 1000 сөзді, 5-6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды – дауысты және ерінді, ерінді – тіс аралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т,б дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды, сонымен бірге Р-Л дыбыстарын айту өте қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткілікті дамымағандығы. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, әйтпесе мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгірлікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдерді грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілі дамуының іргесі қаланады, сондықтан бұл жастағы сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Дәл уақытында ескеріп және жою үшін сөйлеу тілінің әр кезеңдегі бұзылуының себептері қандай болуы мүмкін екендігін тәрбиеші мен мұғалімге білудің өте зор маңызы бар.
Көбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынмен дамуы болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық аяқталмағандықтан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуын сыртқы күштердің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті. Бұл кезеңде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеу өте жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын-ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібі, әртүрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын-ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Бұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.

Лекция 5,6.


Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері.
Сөйлеу іс-әрекеті, оның структурасы және компоненттері.
Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімдері. Сөйлеу және ойлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет