Лекция Лекцияның тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары. Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата13.02.2023
өлшемі401,28 Kb.
#168513
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Әдебиеттің халықтығы 
деп шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес 
келер идеялық-көркемдік сапасын айтамыз. Шынайы халықтық әдебиет заманның ең озат 
арман-мүраттарын бейнелеп көрсетеді. Шығарма толық мәнінде халықтық сипат алу үшін 
жазушы сол дәуірдегі қоғамның дамуынан туындап отырған, тарихтың өзі алға қойған ең 
көкейкесті мәселелерді толғай білуі және оларды халықтың көзімен қарап, түсініп, 
көркемдеп баяндап беруі шарт. Әдеби шығарманың халықтық сипатын арттыра түсетін 
маңызды ерекшелік - оның қалың қауымның, оқушы-жұртшылықтың ой-санасына 
жанасымдылығы, ұғым-түсінігіне жақындығы, өмір қүбылыстарын бейнелеу шеберлігінің 
мейлінше қарапайым және көркем болып келуі. Әдебиеттің халықтығы туралы ұғым 
бірден қазіргі күйіңде қалыптасқан жоқ. Ертерек кезде орыс әдебиетінде төменгі таптан 
шыққан сол ортаның, орыс крестьяндарының өмірін суреттеген адамды халық жазушысы, 
ақыны деп атады (Кольцов), қазақ әдебиетінде халық ақыны ауыз әдебиетінің дәстүрлерін 
ұстанған өнер қайраткері деген мағынада айтылып келді. Сонымен қатар әдебиеттің 
халықтығын жазушының шығармасыңда өмірді халық көзімен қарап, халық мүддесін 
жақтау тұрғысынан бейнелеу деп түсіну орнықты. Пушкиннің шығармалары, мысалы 
«Евгений Онегин» романы осыңдай кең мағынада нағыз халықтық туынды екеңдігін 
Белинский толық дәлелдеп берді. Шекспир, Л. Толстой, М. Әуезов шығармалары міне, осы 
мағынада нағыз халықтық сипаттағы туындылар. Абай творчествосының халықтық 
қасиетін де осы тұрғыдан бағалаймыз. 
Әдебиеттің халықтық сипатын дүрыс түсіну үшін халықтың сол дәуірде тарихи 
дамудың қозғаушы күші ретінде қандай роль атқаратынын ескеру қажет. 
«Өнер - халықтікі» деп кезінде Ленин орынды айтқан. Өнер расымен де халықтікі. 
Өнер, өнер үшін деп символисттердің айтқандары құр шалықтау. 
Дәлелдейік.
1. Өнер белгілі бір ұлыс, халық арасына тарайды. 
2.
Өнерді бүкіл халық жиналып жасамағанымен, өнер жасаушы адам сол халық 
өкілі және де өның өнер туындысы өзі үшін емес халық үшін жасалған. Халық үшін 
жасалуының 2 түрлі себебі бар: 1) өнер туындысы оны жасаушы, тудырушының 
атағын шығарады. 2) материалдық құндылық құрайды. 
3.
Өнер туындысы халық қабылдап, қажетіне жаратқаннан кейін халықтық 
сипат алады, мәңгіліктік қасиетке ие болады. 
Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мәні 
бар мәселенің көтерілуіне жатады. Айталық, Абай бүкіл ақындық өнерінің он бойында 
өзінің туған халқы үшін заманының ең күрделі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы
ақынның реализмі мен гуманизмі өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал 
тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенуалық пен киелді, оспадарлық пен 


опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдырысын көрсетуі – 
бүкіл халықтық күрделі мәселені көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында 
жатыр. Сонымен, әдебиеттің халықтығы - оның халықтық ірі мәселелерді халыққа 
жетімді түрде шебер, халық мүддесіне сай көркем жинақтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет