Лекция Лекцияның тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары. Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата13.02.2023
өлшемі401,28 Kb.
#168513
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Текстология
- әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп, танудың 
ұстанымдары мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем 
шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтық 
редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын 
автографпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде 
қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түпнұсқаны көшіріп 


басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да 
ұқыппен түзеп отырады.
Историография
 
- әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы 
тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. 
Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, 
тарихына, не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен 
тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен 
мазмұнына қарап белгіленеді.
Библиография
 
- көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға 
байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, 
көбіне, ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай 
арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың - текстер мен 
тексерулердің, сын-мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық 
көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады. 
Сонымен, біз жоғарыда әдебиеттану жайлы, оның ғылыми салалары жайлы, әрбір 
ғылыми саланың өзара нық байланыстары жайлы, яки «заттың тарихы жоқ жерде заттың 
теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде оның тарихы туралы тіпті сөз болуы мүмкін 
емес, өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның мағынасы мен шекарасы туралы мүлде 
ұғым болмайтыны» жайлы айттық. 
Әдебиеттану - қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тән өзгешелігі орасан мол, қиын 
әрі күрделі ғылым. 
Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда, ең алдымен, оның таным тарапындағы маңызын 
атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, 
шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын-соңды 
беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз 
құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет