Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету



бет4/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс
06.10 тест
Негізгі
Туынды
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады. Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б.жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелерді бекітті. ҚР Конституциясы адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз еңбекке тыйымды және қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығын жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығын мойындады. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады. Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:
-Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
-Констиуциялық заңдар;
-ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;
-Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
- ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
-Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары;
-Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;
-Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс. ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады. Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы кодекске сәйкес актілермен реттеледі.
Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекеттік шекара шегіндегі жер қабаты, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі танылады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік құқықтық актілердің әрекет ету күшінің құқықтық кеңістігі болып табылады. Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталық атқарушы және өге де орталық Уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзгеде аумақтық құрылымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Республикасының аумағы» түсінігі жер-аумақтық, теңіз және әуе шектерімен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады. Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласындағы халықаралық келісімдерде көзделсе, Қазақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқықтық актілерінің күші өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады. Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ғана таралады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріндегі (шалғайелді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына қатысты аудандық коэффиценттерді, әр түрлі жеңілдіктерді, кепілдіктерді және т.б.көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет