Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету



бет9/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс
06.10 тест
Бақылау және қадағалау нысандары
Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы Заңда айқындалатын тексерулер;
2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн субъектiнi алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеу талап етiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Министрліктің ведомствосы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
Министрліктің негізгі міндеттері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
5) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
6) мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, салааралық үйлестіруді
және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы; сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды;
Орталықтан және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді; жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдерін;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы);
балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін ай сайынғы төлемдерді;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді; біржолғы ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
3) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
5) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді; т.б.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрiбiркелкiқолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiбұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; т.б.
3. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет