Лекция. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері Жоспар: Tүрік және Батыс Tүрік қағанаттары



бет2/4
Дата26.10.2023
өлшемі27,36 Kb.
#188339
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
3 лекция. Tүрік және Батыс Tүрік қағанаттары

Батыс Түрік қағанатының ( 603-704 ) негізін «Он ок будун» (Он Оқ елі) құрады. Олар Қаратаудан Жоңғар тауларына дейінгі байырғы үйсіндер жерін, сонымен бірге Шығыс Түркістан мен Орта Азияның отырықшы-егіншілік жазираларын алып жатты. Соғды мен Бұхарада да қағанның уәлилері отырды. Батыс Түрік қағанатының ондағы иелігі Амудария мен Гиндукуштың бастауларына дейін, Исфиджаб пен Шаштан Оңтүстік Ауғанстан мен Солтүстік-батыс Пәкістанға дейін жетті.
Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті дамыған, Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті саудасы өркендеген мемлекет болды. VI-VII ғасырларда Талас, Іле, Шу өзендерінің алқаптарында ондаған қалалар мен күшейтілген бекіністер пайда болды. Бұл ірі қалалар көлемі бойынша орта ғасырлық Орта Азияның цитадель, шахристан, рабадтардан тұратын қалаларынан кем түспеді. Тек Шу алқабының өзінде ғана 20-ға жуық ірі қалалар мен көптеген қалашықтар өмір сүрген. Батыс Түрік қағанатында қаған - жоғарғы билеуші, әмірші, әскери қолбасшы қызметтерін атқарды. Қаған билігі мұрагерлік дәстүр бойынша ауысып отырды, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындап отырды, қағанаттағы барлық жерлерге иелік етті. Қаған мемлекетті билеуде жоғарғы лауазымдарға ие болған ақсүйек рулардың өкілдеріне сүйенді, олар қағанның тәуелді тайпалардағы уәкілдері болды. Қағанатта үй шаруасы үшін пайдаланылған құлдар ұсталды. Халықтың негізгі бөлігі тәуелсіз малшы қауымынан тұрды. Қағанаттың астанасы Шу алқабындағы Суяб қаласы, алжазғы ордасы Мыңбұлақта (Түркістан маңында) болды.
630-634 жылдары Батыс Түрік қағанаты Сырдариядан батысқа қарай Орта Азиядағы саяси ықпалынан айырылып қалды. Осы кезеңнен бастап мемлекетте дағдарыс кезеңі басталды. Оның басты себебі, сыртқы жаулардың қысымы және тайпалық одақтар арасындағы билік үшін күресі еді.
Жетісуға қытайлар басып кіріп, 657 жылы Батыс Түрік қағанатының әскері жеңіліске ұшырап, саяси дербестігінен айырыла бастады. Енді қағанатты басқару Қытай әкімшілігінің бақылауымен жүзеге асырыла бастады.
Батыс Түрік қағанатының құлауының нәтижесінде, оның басқа аймақтарында күшті мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Еділ жағалауында және Солтүстік Кавказда Хазар қағанаты, Сырдария мен Арал жағалауында Оғыз мемлекеті, Жетісуда - Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылды. Ал, Енесей аймағында Қырғыздардың мемлекеттік бірлестігі, Моңғолияда - Ұйғыр (тоғыз оғыз) қағанаты пайда болды. Бұл этникалық-саяси бірлестіктер Түрік қағанатының әлеуметтік, мәдени, әскери, мемлекеттік әкімшілік дәстүрлерін жалғастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет