Лекция. Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері Жоспар: Tүрік және Батыс Tүрік қағанаттары



бет4/4
Дата26.10.2023
өлшемі27,36 Kb.
#188339
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
3 лекция. Tүрік және Батыс Tүрік қағанаттары

Х ғасырдың 40-жылдары Қарлұқ қағанаты құлап, Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210) құрылды. Қарахан әулетінің негізін салған Сатұқ Бограхан болды. Ол 942 жылы қаған деп жарияланды. Қарахан мемлекеті алға-
шқыда Жетісу жерін алып жатты. Оның орталығы Шу алқабына, ал астанасы - Баласағұн қаласында орналасты. Уақыт өте келе Қарахан мемлекетінің иелігі Амудария мен Сыр бойынан Қашғарға дейінгі аралықты қамтыды. XI ғасырдың ортасында Қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс болып екі бөлікке өлінді. Шығыс бөлігіне Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағы енді. Орталығы Баласағұнда орналасты. Ал, Батыс бөлігіне Оңтүстік Қазақстан мен Мәуренахр аймағы еніп, орталығы Таразда орналасты. Кейін орталық Самарқанд қаласына ауысты.
XII ғасырда Қарахан мемлекеті саяси дағдарысты басынан кешірді. Қарахан билеушілері Жетісуды басып алып, өз мемлекетін құрған қидандардың ықпалына түседі. Қарахан әулетінің ислам дінін қабылдауы мемлекет тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 955 жылы Сатұқ Бограхан ислам дінін қабылдайтынын жариялайды. Ал 960 жылы Қарахан мемлекетінің Жетісу аймағындағы 200 мың отбасы исламды қабылдаған. (Сатұқ Бограханның арабша аты - Абд-әл-Керим). Осыған байланысты Қарахан мемлекеті кезінде мұсылмандық мәдениет қанат жая бастады. Дінмен бірге араб жазуы, ғылым, мұсылмандық білім беру жүйесі, сәулет өнеріндегі мұсылмандық стиль кең тарады.
XI ғасырдың басында Жетісуда Қарақытай (қидан) мемлекеті (1128-1213) орнады. 916 жылдың өзінде-ақ қидан билеушісі өзін Ұлы ханмын деп жариялап, Қашғардан Ұлы Қытай қорғанына дейін, ал кейін бүкіл солтүстік Қытайды жаулап алып, Ляо (темір) империясын құрған еді. Бірақ, кейіннен Амур бойынан көшпенділердің аса күшті тайпалары келіп, қидандарды батысқа қарай ығыстыра бастады. Сөйтіп Қазақстан мен Орта Азия жерінде Қарақытай (Қидан) мемлекеті пайда болды. Қарақытай мемлекетінің билеушісін урхан деп атаған. Олардың ордасы Баласағұнда орналасты. Жетісумен бірге қарақытайлар өз иеліктерін Оңтүстік Қазақстан мен Мауераннахрға дейін жеткізді.
XII ғасырдың аяғында Қидан мемлекеті Орталық Азиядағы ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Оған Ертіс пен Амудария аралығындағы жерлер кіріп, Ферғана мен Самарқанд билеушілері алым-салық төлеп тұрды. Бұл аумақтағы түбегейлі өзгерістер қидандардың соңғы гурханы Чжилугудің (Чжулху, 1169-1203ж (немесе 1214 жыл)) билігі кезінде болды. Себебі, XIII ғасырдың басында Шығыс Қазақстан мен Моңғолия аймағынан Күшлік хан бастаған наймандарды моңғолдар ығыстырып, олар Жетісуға келіп орналасу үшін күрес жүргізген еді. Найман ханы Күшлік бір жағынан, хорезмшах Ала-әд-Дин Мұхамедке, екінші жағынан, қарақытайларға ойсырата соққы беріп, олардың Жетісудағы иелігін өзіне қаратып алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет