Лекция. Отбасының бос уақытты дұрыс ұйымдастыру және оның функциялары. Жоспар: Отбасының бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына анықтама беру


Отбасының бос уақытының функциясы



бет3/3
Дата26.09.2023
өлшемі71,5 Kb.
#182486
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
1025854111529 Лекция 11
Otbasy pedagogikasy 2014 Zhundibaeva
3.Отбасының бос уақытының функциясы
Отбасының негізгі функциясының бірі ретінде отбасының бос уақыты бірқатар отбасылық функцияларды орындайды. Сонымен, бос уақыт ата-аналардың балаларымен араласуына жайлы жағдайлар туғызады, себебі бұл салада шаралардың бірге немесе бөлек өтуі тек қана олардың қалауы бойынша жүзеге асады.
Жас отбасының мәдени қажеттері тұрақты ескірмейтін құндылығы болып табылады. Баланың тууына байланысты туындайтын бірқатар қиындықтарға қарамастан, жұбайлар өздерінің мәдени сұраныстарының деңгейін сақтап қалады және қандай да бір мүмкіндік туа қалған жағдайда оны қанағаттандыруға ұмтылады.
Ақыр аяғында, отбасының еңбек демалысы уақыты ата-ананың балаларын тәрбиелеу функциясын жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Бұл кезең ұзақтығымен, үзілістің болмауымен сипатталады, бұл ата-анаға тұрмыстық, шаруашылық және т.б. міндеттерге алаңдамай, тәрбие саясатын біртіндеп жүргізуіне мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты балалардың ата-анасымен бірге демалуының ролі артып келеді. Отбасылық демалыстың едәуір қалаулы түрі жолдама бойынша отбасылық сауықтыру орындарында демалу болып табылады, себебі демалыстың мұндай түрі ата-анаға балалармен бірге неғұрлым көп уақытын өткізуіне мүмкіндік береді.
Бос уақыт еркін араласу саласы ретінде отбасының тағы бір маңызды функциясы – эмоционалдық бірлік және психологиялық ауыртпалықтан босау функциясын орындайды.
Жұбайлардың бос уақыттағы істерінің қай жерде (үй ішілік немесе үйден тыс) өтетініне қарамай ортақтығы осы функцияның орындалуының міндетті шарты болып табылады. Мұндай жағдайда тұрғын үйдің жайлы болу факторы өзекті бола түседі. Отбасының тұрғын жайының атмосферасы саябырлықтың, тыныштықтың, сенімділік сезімін тудыруы керек. Ата-ана отбасымен бірге тұратын күрделі отбасыларындағы жағдай аса шиеліскен екендігі бізге мәлім. Дәл осындай отбасында жұбайлар бос уақытты өткізетін, эмоционалдық өзара алмасу болатын тұрғын үй жағдайына аса көңілі толмайтындығын білдіреді. Ата-анамен бірге тұру қарама-қайшылықты болатындығын атап өтелік.
Бір жағынан, жас жұбайлардың бос уақытын үйден тыс жерде бірге өткізуіне нақты мүмкіндік туады. Ата-анасының отбасы мұндай жағдайда олардың балаларына қарайды.
Екінші жағынан, нуклеарлы отбасында психологиялық климат бірқатар параметрлер бойынша жайлырақ болып табылады, бос уақытты өткізуге байланысты келіспеушіліктер қатты байқалмайды.
Бос уақытты өткізу барысында отбасының психологиялық атомсферасы жұбайлардың өмірлік мақсаттарының бірлігі мен құндылықтарының бағытына байланысты анықталады. Сөйтіп, бос уақытты өткізуге қанағаттану мен отбасының типі (нуклеарлы – күрделі) арасындағы байланыс бары туралы айтуға болады. Бұл байланыс жас отбасының ата-анасының отбасымен бірге тұруы олардың өздерінің таңдауы бойынша емес, мәжбүрліктің салдарынан екендігін көрсетеді.
Бос уақыт балаларды тәрбиелеуге және жұбайлардың эмоционалдық бірігуіне әсер етуімен қатар, тағы бір маңызды функцияның бірі тіршілік ету барысында жұмсалған күш-қайратты толықтыру, яғни рекреация функциясын атқарады. Жұмыстан кейін әйелдердің де, еркектердің де бірдей шаршайтынына назар аудару қажет. Үй шаруасы туралы айтсақ, мұнда әйелге түсетін ауыртпалық көбірек, бұл оның күш-қуатының жағдайына да әсерін тигізеді: әйелдер үй шаруасынан еркектерге қарағанда 2,5 есе артық шаршайды. Сәйкесінше әйелдердің денсаулығына шағымдануы да жоғары болады: әйелдердің 16 % (еркектердің 9 %) соматикалық аурулармен ауырады.
Бос уақыт саласы дене шынықтыру және спортпен айналысу, үй маңында серуендеу арқылы, сондай-ақ ұйқы тәрізді пассивті демалыс арқылы дене күш-қуатын қалпына келтіруге белгілі бір мүмкіндіктер жасайды.
Жалпы дене шынықтыру және спортпен айналысу отбасы істерінің арасында жеткілікті орын алмайды, оның мәні жұбайлардың белгілі бір дәрежедегі пассивтілігінде ғана емес, объективті қиындықтарға байланысты, атап айтқанда көпшілікке арналған спорт алаңдарының жоқтығы. Үй маңында серуендеу баланың қасында жүрумен шектеледі және бала есейгенде азая бастайды.
Күш-қуатты жай қалпына келтіруге бағытталған рекреативті функциямен салыстырғанда рухани даму функциясы бос уақытты адамның рухани күшін дамытуға көмектесетін биік шығармашылық мазмұндағы шараларға қатысу түрінде өткізу арқылы жүзеге асады. Бұл функцияны жүзеге асырғанда бос уақыттағы шаралар белсенді және белсенді емес болып бөлінеді, олардың ішінен белсенді шараларды орындау дұрысырақ. Белсенді шараларға адамның ақыл-ойы мен дене күшін қолдануды қажет ететін шаралар жатады. Сөйтіп, теледидар көру, әрине адамның ақпарат алуына септігін тигізеді, алайда шахмат ойнау немесе техникалық шығармашылық сияқты адамды дамытпайды. Сондықтан теледидар көру белсенді емес шараларға, ал техникалық шығармашылық – белсенді түріне жатады.
Рухани даму функциясын жүзеге асыруға көмектесетін отбасының бос уақытты өткізуінің негізгі түрлері келесідей бөлінеді (белсенді түрлерінен белсенді емес түрлеріне қарай): техникалық, көркем шығармашылық, театрға бару, коллекция жинау, шахмат, шашки ойнау, кітап, журнал оқу, кинотеатрға бару, газет оқу, теледидар көру, радио тыңдау.
Талдау барысында еркектердің әйелдерге қарағанда бос уақытты өткізудің осы түрлерін көбірек қолданатыны анықталды. Бос уақытты өткізуде рольдердің осылайша бөлінуі әйелдердің отбасындағы міндеттеріне жауапты қарайтын, бос уақытының көп бөлігін үй шаруасына жұмсайтын дәстүрлі қалыптасқан көзқарасын көрсетеді, ал еркектер бос уақытын сауыққа арнайды.
Сонымен, отбасылық бос уақытты өткізу саласында жұбайлардың бос уақытты өткізу шараларына қатысуға белсенді ұмтылуы мен бірқатар жағдайларға байланысты бұл ұмтылысты жүзеге асырудың мүмкін еместігінің арасындағы қарама-қайшылық айқын білінеді. Проблемалық жағдайды тудыратын осы жағдайлардың барлығын шартты түрде объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті жағдайларға тұрмыстық қызметті ұйымдастырудағы кемшіліктер жатады, бұл жұбайлардың бос уақытын үй шаруасына рәсуалауына әкеліп соқтырады;
2) рекреация қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер, олар жас отбасына тиімді демалуға және бос уақытын өткізуге бөгет жасайды.
3) бос уақытты ұйымдастырудың қоғамдық түрлерінің дамымауы.

Негізгі әдебиеттер:


1. Азаров Ю.К. Семейная педагогика. М.: Просвещение, 1993 г.
2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. М.: Просвещение., 1991 г.
3. Боссар А.Б. Парадоксы возраста или воспитания. М.: Педагогика., 1991 г.
4. Владин В., Капустин Д. Гармония семейных забот. Алматы., Казахстан., 1991 г.
5. Воскресенская М.А. Терпеливая любовь. Л.: Лениздат., 1990 г.
6. Игошев К.Е., Миньковский Г.М. Семья, дети, школа. М.: Юридическая литература., 1989 г.
7. Коваленко Л.А. Диалоги с сыном. М.: Педагогика., 1991 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет