Лекция таќырбы: Кіріспе


Лекция тақырыбы: Мәтiнмен жұмыс. 2 сағат



бет19/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Лекция тақырыбы: Мәтiнмен жұмыс. 2 сағат.


Лекция жоспары: Мәтiнмен жұмыс iстеу.
Лекция мақсаты: Мәтiнмен жұмыс iстеу білу.


Лекция мазмұны:
Corel Draw программасы мәтінмен жұмыс істеуде көптеген мүмкіндіктерге ие. Corel Draw екі түрлі мәтіндік объектілерді құрады:

  1. фигуралы мәтін

  2. қарапайым мәтін

Фигуралы мәтін Corel Draw-тағы кез келген графикалық объектілерге ұқсас қасиеттерге ие. Оны масштабтауға, кез келген бұрышқа бұруға, қисық бойымен орналастыруға, қисықтарға түрлендіруге болады. Сонымен қатар фигуралы мәтінге құюды меншіктеуге, шекарасының түсі мен енін өзгертуге және оған эффектілерді қолдануға болады. Программаның қалып-күй қатарында фигуралы мәтін хабарламасы шығады.
Қарапайым мәтінді мәтіннің үлкен көлемін енгізу үшін қолданған дұрыс. Қарапайым мәтін объектісін құру үшін мәтін құралын таңдап, тышқанның сол түймесін басып тұрып, тышқанмен жұмыс бетінде жиек ерекшелеу керек. Оған мәтін орналасатын болады. Егер мәтін жиекке сыймаса, онда жиек шекарасын кеңейту керек немесе қалған бөлікті басқа қарапайым мәтін объектісіне орналастыру керек. Қарапайым мәтінді ерекшелеуде қалып күй қатарында қарапайым мәтін хабарламасы шығады.
Фигуралы мәтін атрибуттары
Мәтін атрибуттарын өзгерту үшін текст құралының қасиеттер панелі қолданылады. Қасиеттер панеліндегі көптеген түймелермен тізім бізге таныс: шрифт, шрифт өлшемі. Corel Draw мәтінді танымайдындай өзгерте алады. Ол үшін оны Упорядочить Преобразовать кривые командасы арқылы қисыққа түрлендіруге болады.

Мәтінді берілген қисық бойымен орналастыру.


Фигуралы мәтінді қисық бойымен орналастыру таң қаларлық эффектілерге алып келеді. Мәтінді контур бойымен орналастыру үшін текст текст вдоль кривой командасын орындау қажет:

  • қисық жайлап қисаюы керек;

  • мәтін оқылуы тиіс;

яғни символдармен қисыққа дейінгі қашықтық мәтіннің оқылуын қиындатпауы тиіс.
Символдарды тұйық емес қисықта орналастыру
Қисықтағы символдардың орналасуын қасиеттер панелі арқылы басқаруға болады: оның негізгі баптауларын қарастырайық. Қасиеттер панеліндегі сол жақтан бірінші үлгілері тізімі орналасқан. Оның көмегімен мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады. Ашылатын символдар ориентациясы тізімі символдардың қисыққа байланысты орналасуын өзгертуге мүмкіндік береді.

  • тік жағдай(вертикальное положение) тізімі контурға байланысты мәтіннің тігінен орналасуын таңдауға мүмкіндік береді. Яғни мәтіннің контурдың үстіне не астына орналасуы.

  • Мәтіннің контурға орналасуы(расположение текста на контуре) тізімі мәтінді контурдың басында немесе ортасында немесе соңында орналастыруға мүмкіндік береді. Панельдің оң жағындағы мәтіннің тік және жатық оське байланысты ығысу мәнін тура енгізуге мүмкіндік береді. Панельде ең соңында орналасқан положение с другой стороны түймесі мәтінді контурға байланысты кері айналдырады.

Мәтінді тұйық контур бойымен орналастыру
Мәтінді тұйық контур бойымен орналастыруда Corel Draw программасы қасиеттер панеліндегі мәтіннің контурда орналасуы тізімін өзгертеді.
Қарапайым мәтін атрибуттары
Қарапайым мәтін атрибуттары MS Word редакторындағы мәтін атрибуттарына ұқсас. Қарапайым мәтін үшін шрифті, интервалды, абзацты өзгертуге болады. Мәтінді колонкалар мен мізімдер түрінде жазуға болады.
Пышақ(нож) құралымен жұмыс
Бұл құрал контурларды кесуге арналған. Егер қисық тұйық болса, онда оны тәуелсіз 2 бөлікке бөледі. Бұл құралдарды таңдаған кезде қисықтың кез келген жеріне тышқанмен шерткен кезде ол жерде түйін пайда болады. Құралдың қасиеттер панеліндегі бірінші орналасқан 1 объект түрінде қалдыру түймесін таңдау объектінің кесілген бөліктерін бір күрделі контур түрінде сақтайды. Ал екіншілері түйме таңдалса, онда пайда болған әрбір контурдың басы мен аяғы кесіндімен біріктіріледі.
Өшіргіш(ластик) құралы
Бұл құрал қарапайым өшіргіш сияқты жұмыс істейді. Құралдың қасиеттер панелінде оның қалыңдығы мен формасын өзгерте аламыз. Егер «түйіндерді өшірілген соң автоматты түрде қысқарту» түймесі таңдалса, онда бұл режим контурларды автоматты түрде қысқартып кетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет