Лекция таќырбы: Кіріспе



бет3/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Қалып-күй қатарында бейнелердiң масштабы және ақпараттық алаң бейнеленедi.
Ақпараттық алаңда таңдалынған құралдың атауы мен оны пайдаланудың кеңесi берiледi. Бейнелердi жүктегеннен кейiн, не файлды құрғаннан кейiн қисық сызықпен бөлiнген екi цифр пайда болады: бiрiншi цифр – түстiк қабаттық орналастыруға қажеттi жадының көлемi, ал екiншi цифр – барлық бейнелердi қабаттарды есептегенде орналастыруға қажеттi қанша жадының көлемi.
Осы сандардың оң жағында орналасқан үшбұрышқа бассақ, онда бейнеленетiн ақпараттардың мазмұны өзгередi. Жанама менюде келесi опциялар пайда болады (2-сурет):

- Размеры документа. Мұнда жоғарыда аталған масштабтар берiледi.
- Профиль документа. Мұнда құжаттың түстiк режимi берiледi.
- Временные размеры. Егер бұл опция таңдалса, онда алғашқы сан жүктелiнген бейнелердiң барлығын қоса есептегенде жадының қандай көлемiн көрсетсе, ал екiншi сан бұл жүйеге қанша жадының көлемi берiлгенiн анықтайды.
- Эффективность. Егер бұл опция таңдалса, онда орындалуға қажеттi уақытты, не орындалғаннан кейiн уақытты көрсетедi.
- Синхронизация. Бұл опциядағы меню пункттерiне қарай отырып, программаның орындалған әрекеттерiне қанша уақыт кеткенiн анықтайды.
- Текущее средство. Ақпараттық алаңда таңдалынған құралдың атауы көрсетiледi.
Егер ақпараттық алаңда көрсеткiштi тышқанның сол жақ батырмасы арқылы басып, бiрнеше уақытқа оны ұстап тұрсақ, онда ашық тұрған терезеде бейненiң қағазға қалай басылып шығатынын көруге болады. Дәл осы әрекеттi alt пернесiн басу арқылы орындасақ, онда бейненiң өлшемiн пиксель мен сантиметрде, не каналдар саны мен түстiк модельде және осы бейнелердiң экрандағы қабiлеттiлiк бейнесiн көруге болады.
Бейнелер сипаттамасын размер изображения сұхбат терезесінде анықтап, өзгертуге болады, яғни аталған терезеге бассақ, онда экранда изображение | размер изображения меню командалары көрінеді.



бейнелердің өлшемі мен кеңейтілуін сипаттаудан басқа режим (mode) негізгі сипаттамалардың қатарына енеді. Ол түстің қалыңдығын анықтайды, басқаша айтқанда, әрбір пиксель биттер санымен кодталады. Компьютерде өңделетін бейнелер басқа ақпараттар сияқты кодталады. Режим новый сұхбат терезесінде анықталады және онда өзгертуге болады. Ол негізгі менюден файл | новый командасын басу арқылы экранда көрінеді.



Құралдар тақтасы және оның құрылымымен жұмыс жасау әдістері


Бұл программада 51 құрал орналасқан. Құралдар палитрасында бiруақытта 22 пиктограмманы көруге болады. Олардың көпшiлiгiнде оң жақ төменгi бөлiгiнде кiшкене үшбұрыш орналасқан. Егер тышқан көрсеткiшiн пиктограммаға әкелiп бассақ, онда бiрнеше уақыттан кейiн альтернативтiк құралдар тiзiмi ашылады (егер тышқанның оң жақ батырмасын бассақ, онда бұл тiзiм бiрден шығады). Ереже бойынша, қосымша құралдардың атқаратын қызметi негiзгi құралдардың атқаратын қызметiне ұқсас. Альтернатив құралдар құралдар тақтасындағы пиктограммада орналасатынын, ал негiзгi құралдардың құралдар тiзiмiнде орналасатынын атап өту қажет.
Құралдар тақтасының құрылымы







Аэрограф

















Түстерді басқару



Рамка

Қол




Переключение выделенной
области/ быстрая маска

ImageReady өту


Мәтін



Photoshop 6.0 терезелерін басқару




Жылжыту

Сиқырлы таяқша























2-сурет. Құралдар тақтасының құрылымы



Құралдар тақтасы келесi бөлiктерден тұрады: бөлiп алу құралдары, жылжыту құралдары, бейнелердi қиып алу құралы, сурет салу құралдары, редакторлеу құралдары, векторлық сурет салу құралдары, мәтiн жазу құралы, масштаб құралдары, өлшем құралдары, көмекшi құралдар. Әрбiр құралдың өзiнiң параметрi бар, яғни оның қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн баптау қызметiн атқарады. Аталған параметрлер тақтасы меню қатарында орналасады және ол құралды таң таңдағанға байланысты өзгерiп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет