Лекция таќырбы: Кіріспе


Лекция тақырыбы: Қабаттар. 2 сағат



бет9/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Лекция тақырыбы: Қабаттар. 2 сағат.


Лекция жоспары: Көпқабатты көрiнiс құру. Қабаттармен жұмыс. Көпқабаттар көрiнiстермен жұмыс. Сурет салу техникасы


Лекция мақсаты: Қабаттармен жұмыс. Көпқабаттар көрiнiстермен жұмыс.


Лекция мазмұны:
Photoshop программасы бейнедегі әрбір қабатты қабаттар палитрасында көрсетіледі. Әрбір қабаттың аты ал тұсында кішірейтілген көшірмесі болады. Ал егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсетілген жазудың үстінен басып тұрып басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуымен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды. Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық астына да қоюға болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да көрініс құруға қатыспайды. Оны қайта шертсек, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керекті қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністерге қандай әрекеттер жасасақ та, қылқаламмен сурет салсаң, өшірсек, боясаң мұның бәрі тек таңдалған қабатқа қана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы сияқты боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады. Бұл фрагменттер қабаттың түссіз жерлері болып табылады. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге де рұқсат етіледі. Мұны түссіздік (непрозрачность) дәрежесі шамасы арқылы көрсетеміз. Егер бұл шама 0-пайыз болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше. Қабаттар палитрасының төменгі жағында 6 түйме орналасқан. Оның ең соңғы түймесін таңдау арқылы активті қабатты жоюға болады. Бесінші түйме жаңа қабат құруға мүмкіндік береді. Әдетте қабаттарға еayers 1, еayers 2, тағы сол сияқты аттар беріледі. Қабаттың атын өзгерту қажет болса, қабатты 2 рет шертіп, жаңа атау енгіземіз.

Түссіз қабықшалар жиынтығы қабаттар деп таталады. Жалпы кескіннің әртүрлі элементтері бөлек қабаттарға орналаса алады. Сондықтан кескіннің кейбір бөліктерін бір-біріне тигізбей редакциялауға болады. Бұл жұмысты неғұрлым жеңілдетеді және құжат бетінде қозғауға, басқа құжаттан көшіруге, құжат ішінде көшіруге, өшіруге, қабаттар ретін өзгертуге, бір-бірімен байланыстыруға болады. Қабаттардың типтері: фондық, кескін қабаттары, корректрленген және құйылған.


Фондық-артқы жоспардағы қабатты жалғыз және Қабат палитрасында қозғалтады.
Кескін қабатының жұмыс жасауда көп мүмкіндігі бар. Бір құжатта жүздеген құжат болуы мүмкін.
Корректрленген қабат түстің анықтылықты береді. Оның берілгендері бір қабатқа әсер етіп қоймай, төменгі бөлікте орналасқан барлық қабаттардың пикселдеріне әсер етеді. Ол светофильдер рөлін атқарады.
Құйылған қабаттар тек құюды орындайды (жалпы, градиентті, өрнекті). Оны құру үшін “Слой палитрасының төменгі бөлігінде орналасқан батырманы қолданамыз. Қабаттармен жұмыс жасау үшін Слой менюін және “Окно” менюіндегі “Слой” палитрасын қолданамыз.” Палитраның жоғарғы бөлігінде тізімі бар ашылатын екі терезе орналасқан. Онда тиым салу (блокировка) батырмалары бар. Палитраның сол жақ шеткі бағаны қабатты жасыруға арналған (Столбец видимости). Келесі баған қабаттың күйін көрсетеді. Онда кескіні бар пиктогрммалар орналасқан:
1.“Кисти” -егер қабат белсенді болса
2.“Цепочка”-егер қабат белсенді қабатпен байланысқан болса
3.“Пустое квадрат”-егер қабат белсенді емес және байланысқан болса.
Үнсіз келісім бойынша қабаттарға Слой1,2,3,... ат беріледі. Мүмкіндігімізше бұл қабаттарға мағыналы ат беруіміз керек. Ол үшін қабат атына екі рет басу арқылы (Свойства слоя) диалог терезесін ашамыз. “Имя” жолына ат беру, “Цвет” өрісінде “Слой” палитрасының жолының түсін таңдауымыз керек. ОЛл көп қабатпен жұмыс жасау кезінде тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет