Лекция тақырыбы: Қабыну. ҚЫзба қабыну жоспар: Қабыну туралы жалпы түсінік Қабынудың этиологиясы Қабынудың даму механизмі



бет2/17
Дата29.12.2021
өлшемі76,75 Kb.
#106227
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция №8. Қабыну.Қызба
1570548267-KTZh-Algebra-zhane-analiz-bastamalary-11-synyp-KGB
Қабынудың даму механизмі.

Қабыну кезінде зақымдалған аймақта бірінен кейін бірі жүретін үш процесс байқалады.



Альтерация (зақымдалу)тіндердің әртүрлі деңгейде зақымдалуы (бірінші кезекте митохондрия мен лизосома). Альтерацияның біріншілік және екіншілік түрлері болады.Біріншілік альтерация негізгі себептің әсерінен дамиды.Мысалы.механикалық фактордың әсерінен сүйектің сынуы,терінің жыртылуы.Екіншілік альтерация зақымдаушы фактордың дәнекер тіндерге тамырларға қан құрамына әсер етуіне дамиды.Екіншілік альтерация біріншілік альтерацияның салдарынан болады.Янғи,оның дамуы үшін флогеннің қажеті жоқ.Сонымен қатар ол зақымдануға ағзаның реакциясы болып саналады да әртүрлі клеткалардан (тромбоцит т.б.)биологиялық активті заттар бөлінеді, олар - қабыну медиаторлары: гистамин (фагоцитоз процессін белсендіреді, капиллярлар қабырғасын кеңейтеді және өткізгіштігін арттырады), серотонин (микроциркуляцияны өзгертеді),лимфокин (лимфоциттерден бөлінеді және Т-лимфоцитті белсендіреді), кинин (плазма полипептиді және простагландиндер, ол тамырлар қабырғасының өткізгіштігін арттырып, қабыну реакциясы интенсивтілігін реттейді). Митохондрияның зақымдалуы тіндік тыныстың төмендеуіне алып келеді, анаэробты гликолиз күшейеді, зат алмасудың тотықпаған өнімдері жиналып, ацидоз дамиды. Лизосома зақымдалуынан май қышқылдарының ыдырауы күшейеді, одан ацидоз процессі күшейіп, микроорганизмге теріс әсерін тигізеді, тамырлар өткізгіштігі артып, белок пен тұз ыдырайды, зақымдалған тінде онкотикалық және осмотикалық қысым төмендеп, экссудация дамуына жағдай жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет