Лекция тақырыбы: Қабыну. ҚЫзба қабыну жоспар: Қабыну туралы жалпы түсінік Қабынудың этиологиясы Қабынудың даму механизмі


Экссудация- тамырлар қабырғасынан плазма мен пішіндік элементтердің шығуы



бет3/17
Дата29.12.2021
өлшемі76,75 Kb.
#106227
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция №8. Қабыну.Қызба
1570548267-KTZh-Algebra-zhane-analiz-bastamalary-11-synyp-KGB
Экссудация- тамырлар қабырғасынан плазма мен пішіндік элементтердің шығуы. Бұл қан айналымның бұзылысынан дамиды. Басында рефлектрлі түрде артериола мен капиллярлар тарылуы болады, артериальды гиперемия дамиды (температура жоғарылайды және қызарады), қанмен тығындалу болады (венозды гиперемия), ол лейкоциттердің орталық қан ағысынан тамырлар қабырғасына жылжуына алып келеді (лейкоциттердің шеткері орналасуы) және стаз. Лейкоциттер қан қысымының жоғарылауынан тамырлар қабырғасынан сұйықтықтармен бірге тіндерге шығуы басталады (эмиграция) және оң хемотаксисті қызмет атқарады (лейкоциттерді қабыну ошағына тарту). Алғашқыда нейтрофильді лейкоциттер, кейін моноциттер, лимфоциттер эмиграцияланады. Қабыну ошағында лейкоцит түрлерінің басымдылық танытуы қабынудың физиологиялық факторына байланысты. Егер қабыну стрептококк және стафилококкпен байланысты болса- нейтрофильды лейкоциттер басым болады; аллергиялық және гельминтті қабынуда- эозинофильдер, созылмалы қабынуда (туберкулез, сифилис т.б.)лимфоциттер мен моноциттер. Қабыну ошағында лейкоциттер фагоцитоз процессіне белсенді қатысады. Фагоцитоз процессінің келесідей сатылары бар: фагоциттердің бөгде заттарға жақындауы, жабысуы, жойып жіберу. Фагоцит лозосомасы фагосомаға жақындайды, олардың мембраналары жабысады, лизосома ферменттері белсенеді және олар обьектіге әсер ете бастайды. Бұл уақытта лейкоциттер оттегінің көп мөлшерін өзіне алып (респираторлы жарылыс), фагоциттерге теріс әсер етіп,өзі өледі. Егер фагоцит обьектіні жұта алмаса, өзінің гранулаларын сртқы ортаға шығарады және обьект пен ағзаға токсикалық әсер етеді.Көптеген микроорганизм қоздырғыштары, мысалы гонорея қоздырғышы фагоцит ішінде сақталып, өлмейді. Аяқталмаған фагоцитоз дамиды.

Стаз кезінде тіндер ыдырау өнімдері, қабыну медиаторлары, инфекциялық агенттер резобциясы төмендейді. Ол арқылы қабыну ошағы сау тіндерден оқшауланады. Экссудация қабыну ошағында экссудат жиналуына алып келеді, оның құрамында пішіндік элементтер, сонымен қатар альбумин, глобулин, фибриноген болады. Қанда белок пен электролиттер шығуы артуынан тіндерде онкотикалық және осмотикалық қысым жоғарылап, ісік дамиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет