Лекция тақырыбы: Мектептің биологиялық білім беру бағдарламасындағы 6-сыныпта жүргізілетін зертханалық жұмыстардың әдістемелік негіздері Лекцияның оқыту нәтижелері


Практикалық (сарамандық) жұмыстар



бет5/6
Дата24.11.2023
өлшемі32,76 Kb.
#193339
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лекция Nurlan Akhmetov

Практикалық (сарамандық) жұмыстар:

  1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары;

  2. Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру;

  3. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар. Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар. Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.

Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы, жалпы білім деңгейі анықталады. Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ бағасы бойынша қорытынды баға шығарылады. Төменде 6-сыныпқа құрылған модульді ұсынамыз (1-кесте).


1-кесте – 6-сыныпқа құрылған модуль бөлімі

Сабақтың реті

Сабақтың мазмұны

Кіріспе

1-сабақ

Споралы және тұқымды өсімдіктермен танысу. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы.

Диалог

2-сабақ
3-сабақ

«Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер еліне саяхат» ойыны
№ 1, 2 зертханалық жұмыс.
«Көкөніс дақылдарының алуан түрлі тұқымдары еліне саяхат» ойыны
№ 3 зертханалық жұмыс.

Қорытынды

4-сабақ

Тест: «Споралы және тұқымды өсімдіктермен танысу. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы» тақырыптары бойынша.

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында проблемалық оқыту, Дьяченконың жұптап оқыту, Тарасовтың экологиялық оқыту және т.б. әдістерін пайдалана отырып зертханалық және практикалық жұмыстарды қызықты өткізуге болады.


Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстарды үш түрге бөліп қарауға болады: бөлу материалымен, микроскоппен, өсімдіктер мен жануарларды күту және өсіру бойынша.
«Өсімдіктер» курсы бойынша зертханалық және практикалық жұмыстарды қолдануда жыл бойына материалды оқып-үйрену кезінде зерттеу элементтерінің ұлғаюына және суреттілігінің азаюын бақылауға болады. Гүлдің бөлінуін және тұқымдардың құрылысын зерттеу оқытушының кең ауқымды басшылығымен жүзеге асырылады және суреттік сипатты иеленеді, ал жапырақты және гүлді бүршіктерді зерттеу бойынша практикалық жұмыс ізденушілік болып табылады ж әне тақтаға ж азылған немесе карточкаға басылған жеке тапсырма бойынша жүргізіледі. Ресурстық жағдайында биология пәнінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға жылыжайлар мен қатар, биологиялық мұражайлардағы ақпараттар мен тұлыптарды да қолдануға болады.
Зертханалық және практикалық жұмыстар кезінде микроскоппен жұмыс биологиялық зерттеулердің ғылыми әдістерін көрсетеді. Оқушылар микроскоппен жұмыс істей отырып, онымен қалай жұмыс істеуге болатындығын үйренеді, препараттарды дайындайды және аталған прибордың көмегімен тиісті объектілерді оқып үйренеді. Дербес іздену элементтерінің біртіндеп артуы заңдылықпен жүреді, сондықтан егер оқытудың басында аталған әдіс суреттік сипат алатын болса, ал жаттығулардың шамасына орай іздеушілікке айналады.
Табиғат аясында өсімдіктердің және жануарларды күту бойынша, оқу-тәжірибе алаңдарында (учаскесінде) өсімдіктерді өсіру бойынша оқушылардың қызметінің өзіндік ерекшіліктері болады. Осы жағдайлардың бәрінде оқушылар оқытушының тікелей немесе жанама басшылығымен оқу мақсатына орай еңбек операцияларын орындайды. Оқу еңбегі белгілі бір биологиялық білімді неғұрлым зерделеу үшін және өсімдіктерді өсіруді, жануарларды күтуді меңгеру үшін қолданылады. Еңбек үрдісінде байқалған объектілердің жаңғыруы олардың елеулі қасиеттерін түсінуге көмектеседі.
Тану және айқындау практикалық әдістердің түрі ретінде биологияның барлық курстарындағы оқу үрдісіне қолданылады. Оқушылар өсімдіктің жекелеген б өліктерін, жануарлардың ағзаларын, содан кейін тұтастай өсімдіктер мен жануарларды ажырата отырып, ағзалардың құрылымын тұтастай түсінеді, соның негізінде олардың белгілі бір белгілері бойынша анықтауды, топтастыруды үйренеді. Бұл әдістер ресурстық орталықтардың материалдық-техникалық базасы арқылы жүзеге асырылады.
Айыра білу мен айқындау бойынша жұмыстар тек сабақтарда ғана емес, сонымен қатар табиғатқа экскурсия кезінде де жүргізіледі. Сондай-ақ үйге және жазғы демалыс кезінде берілетін тапсырмалар түрінде орындалуы да мүмкін.
Практикалық жұмыстың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі (20-ұпайға дейін):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет