Лекция тезистері 3 кредит


Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі



бет27/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді.
Бүл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды.Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу.Бұл педагогикалық тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын – сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді.Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден – бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет