Лекция тезистері 3 кредит



бет25/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Екіншіден,білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
-сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жүктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін - өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондоғы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өзгншелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны.Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша.Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай жасау деп түсінеді.Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді.Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді.Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады.Мүндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін - өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым – қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет