Лекция тезистері 3 кредит


-апта Тақырып№2. Педагогика және тәрбие процесі



бет7/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

2-апта
Тақырып№2. Педагогика және тәрбие процесі.
Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.
Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады. Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады. Ол адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген. Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес. Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты.
Тәрбие процесінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады. Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы үлкен. Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі, ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады. Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес, адамның жеке позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді. Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі. Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді. Ал олардың дамуы–ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды (С.Л.Рубинштейн).
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды. Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді. Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды. Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді. Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды. Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес. Бұдан тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды. Тәрбие жұмысы практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп балаларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
● Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
● Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
● Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
● Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
● Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
● Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет