Лекция тезистері 3 кредит



бет8/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.
Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады.
Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы жүзеге асатын тәрбиенің ерекше құрамын анықтау маңызды:
● Танымдық; ● Еңбектік;
● Құндылық-бағдарлық; ● Спорттық;
● Көркемдік; ● Еркін қарым-қатынастық.
● Қоғамдық;
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:
● Адам ● Дос
●Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы
● Аға (қарындас) ● Патриот
● Немере (немере қыз) ● Азамат
● Туыс ● Қорғаушы
● Бала ● Ұлттық мәдениетті
● Ұжым, топ мүшесі қорғаушы және жасаушы
● Көш басшы ● Еңбекші
● Иегер ● Әлем азаматы
● Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы
● Көрші ● Эколог
● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.
Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.
Кәсіби-шығармашылық тәрбие: Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдениет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз.
Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретіиде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады.
Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар муғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.
Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық қурамдас бөліктерден тұрады. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған. Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді.
Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан муғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу — бұл муғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психолог иялык, — ледагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақуақыт бойы жұмыс істеуі. Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз — бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педагогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтармен жұмыс.
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көл деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін.
Қазіргі заман талаптарына сай мүгалімдерді даярлауда жаңа мақсат-міндеттер қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау кджет: бірінші мәселе—ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі; екінші мәселе—дидактикалық даярлығын арттыру;
Мақсатты және бағдарламалық — мақсаты тәсілдерді дамыту педагогикалық оқу орындарының мұғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі (кәсіби қажетті білім, дағды, мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту) және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажетгіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Болашақ мүғалім — тәрбиеші жүмысының, мазмүндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, кджетгі және сьтомс маліметгерді таңдап алу негізіңде жүргізілу қажет. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін артгыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетіддіру де осы мақсатка қызмет етуге тиісті.
Дидактикалық дайындық—кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Мұғалімдердің дидактикалық даярлыгына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмүны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге болады.
Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардьгң рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.
Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, жөне әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан жақты білім беру міндеті туындайды.Жас мүғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс-әрекетінен байқалады:
- ұстаздық қызметтің мазмұны мен кқрылымдык, жағына байланыс іс-әрекетінде;
- оқушылардың танымдық орекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;
- дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудсгі әрекетінде;
Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жете меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр.Оған мыналар жатады:
- ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;
- білімнің мазмүнын игеру ісі;
- оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерек-шеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;
- сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;
- оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік әрекет);
- оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-эрекеті;
- оқушылардың білім, дағдыларын бақылау жоне бағалау іс-әрекеті.
Жас мүғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:
- оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;
- оқушылардың оқу өрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы киьшдықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жүмыс істеудегі қиыңдықтар. Мұғалімдері қандай болса, когамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уакыттардың өзінде-ақ белгілі болды.
Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мүғалімдері бар мемлекеттер гана алга озып шыққан. Мұғалімнің рөлін томендету кашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет-ғұрыптарды нашарлататын кынжытарлық жагдайлармен аяқталып отырған.
Алғашқы талап—педагогикалық қабілеттіліктің болуы—оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан керінетін тұлғалық сапа. Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:
1.Ұйымдастырушылық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жүмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.
2. Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сеніңді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар меи рухани қажетгіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — таньмдық белсенділігін арттыру және т.б.
3. Рецептивтік: тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл-күйін объсктивті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.
4. Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сөйкес қарым- -қатынастар орната алу білігінен байқалады.
5. Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды–еріктік ықпал жасаудан көрінеді.
6. Зерттеуіштік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
7. Ғылыми-танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды. Педагогикалық кабілеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мұғалім — ол қашанда ұлы еңбеккер. Гуманизм—бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас жасау, бүл қарьш – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет