Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Қазақ халқының қалыптасуы



бет7/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқы да дүние жүзінің басқа халықтарына тән заңдылықтың негізінде қалыптасты. Алғашқы қауымдық құрылыста рулар пайда болды, одан кейін тайпалар одағы дүниеге келді. Қоғамдағы өндірістік күштердің дамуы нәтижесінде тайпалар одағы бірігіп, құл иеленуші, феодалдық қоғам кезінде халық болып қалыптасты. Ал капитализм ұлттарды туғызды. Халықтың қалыптасу процесімен бірге тілдің қалыптасу процесі қатар жүрді. Сөйтіп тіл, ру, тайпа, халық тілі, ең соңында ұлттық тіл болу кезеңдерін басынан келтірді. Халық пен оның тілінің дамуы өте ұзақ уақытқа созылды. Себебі, рулар, тайпалар бір-бірімен бірігу, ажырасу процестері болып отырған. Ішкі, сыртқы саяси-экономикалық әлеуметтік жағдайлар бұл процестердің ілгерілеуіне не артқа кетуіне үнемі өзінің әсерін тигізіп отырды. Қазақ даласында алғашқы рулар одағы б.з.д. УІІ-ІІ ғ.ғ. пайда болған сақ, үйсін, қаңлы тайпалары. Қазақстан территориясын мекендеген бұл тайпалардың қазақтардың түпкі аталары деп есептейді. Түрік қағанатының қалыптасуы, одан кейінгі феодалдық мемлекеттердің құрылуы отырықшы егіншілік пен қалалардың өсуі, тайпалардың рухани мәдениетінің дамуы бір, түркітілдес әдет-ғұрыптары ұқсас халықтардың өзара араласып жатуы қазақ халқының қалыптасуының алғы шарты болып табылады. XV ғасырдың орта кезінде қазақ халқының қалыптасуы, шаруашылықтың дамуы, феодалдық қатынастардың жетілуі феодалдық ірі мемлекет қазақ хандығының құрылуына себеп болды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасу процесін аяқтады.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ хандығының құрылуына үлкен әсерін тигізді. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты болды. Алтын Орда құлағаннан кейін Қазақстан территориясында Әбілхаир хан басқарған өзбек және ноғай хандықтары құрылды, әзбек хандығында хандық билікке Орда, Ежен мен Шейбени ұрпақтарының арасында талас-тартыс басталды.
Нәтижеде 1428 жылы Шейбаниттер ұрпағы Әбілхайыр хан болды. Оның хандық құрған 1428-1468 жылдар аралығында "Көшпелі өзбек мемлекеті" пайда болып, ол мемлекеттің территориясы айтарлықтай ұлғайды. XV ғасырдың орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Алайда бұл мемлекет ішінде үкімет билігі үшін үнемі айтыс-тартыс күшейіп отырды. Керей мен Жәнібек сұлтан және басқалары сияқты бір топ сұлтан біраз халықты ертіп Әбілхайыр ханнан Моғолстанға көшті. Моғолстан ханы Исабуға қашқындарды жақсы қарсы алып, олардың мекендеуіне Моғолстанның Батыстағы шеткі аймағы болып есептелінетін Шу мен Қозыбасы иелігін берді. әзбек ұлысында ырың-жырың туып Әбілхайыр ханньгң қол астындағы халықтың көпшілігі Керей мен Жәнібек хандардың қарамағына көшіп кетті. Сөйтіп, оларға қосылғандардың саны 200 мың адамға жетті.
Қазақ сұлтандарының Жеке билік құра бастауы (1465-66 ж.ж.) Әбілхайыр ханнан қашқан Керей мен Жәнібектен басталатынын жоғарыда айтып өттік. Бұл жөнінде атақты тарихшы Мұхаммед Қайдар "Ол қазақ хандығы құрылды"- деп жазды. Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы көп ұзамай-ақ халқының саны едәуірге жеткен дербес мемлекетке айналды. Ал оның территориясы Жәнібек хан тұсында Шу мен Сырдария өзендерінің шеңберіндегі жерлермен шектелсе, кейінірек өзбек хандығына тәуелсіз басқа сұлтан иеліктері де пайда бола бастады. Сонымен Жетісудың Батыс бөлігінде орнығып нығайған қазақ хандығы Моғолстан билеушілерімен бірігіп Дешті қыпшақтарға үкімет билігін өз қолдарына алуға барынша күш салды.
Сақ тайпалары негізінен үш топтан тұрады. Тиай-парадариа- сақтар теңіздің арғы бетіндегі сақтар. Хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар). Тиграхауда сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар) деп аталды. Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Парадария сақтары қаратеңіздің солтүстігінде, Амудария өзенінің бойында және Сырдарияның төменгі ағысы Арал теңізі жағаларында шашырыңқы жағдайда өмір сүрген тиграхауда сақтары сырдарияның орта ағысында және Тянь-Шань аудандарын мекендеген. Хаомаварга сақтары Мургаб өңірінде орналасқан тайпаларының басым көпшілігінің көпшелі тұрмысы ыдыстың жаңа түрлерін туғызып және материалдарды - металл, тері және ағашты қажет етті. Көшпелі тұрмыс басым болған аудандарда керамикалық ыдыстар аз ұсталып керісінше тері, ағаш және металдан жасалған ыдыстар көп пайдаланды. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Олар қой, түйе, жылқы өсірді, ал ірі қара аз өсірілді.
Сақтардың дамып, өркендеп тұрған дәуірінде кең байтақ далалы, таулы өңірлерде Европа мен Азияны жалғастырып жатқан халықаралық транзиттік сауда жолдары пайда болып, бұл сауда (керуен) жолдары Батыс пен Шығысты және Жерорта теңізі мен Қытайды бір-бірімен жалғастырды.
Б.з.д. IV мыңжылдықтарда Орта Азия, Таяу, Орта Шығыста Ассирия, Индия мемлекеттері орнады. Осы мемлекеттердің солтүстігінде қазіргі қазақ территориясын сақтар б.з.д. УІІ-ІІІ ғасырларда мекендеді. Сақ деген сөз - Парсыша "ержүрек" деген мағынаны білдіреді. Сақтарды грек авторларының шығармаларында скифтер деп атаған. Скиф деген сөз барлық көшпенділерге ортақ ат. Ассирия, Индия мемлекетінің патшалары сақтарға қарсы үнемі шабуыл жасап, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Ассирия, Индия мемлекеттерін жаулап алған Александр Македонский Орта Азия сақтарымен кездеседі. Сақтар Сырдария бойында Македонскийдің шығысқа қарай шабуылын тойтарған. Сақ тайпасының оның ішінде көсемдерінің қорғандары Талас, Шу Іле өзендерінің бойында Алатау бойында көп кездеседі. Алматыдан шығысқа қарай 50 км жерде зайлы Адагау өңіріндегі Есік қорғаны атанған ескерткіш сақтардың өмірінен көп мәлімет береді.
Қорғанның диаметрі 60 м, қорғанға екі адам көмілтен де оның ортадағысы ертеде тоналған, жанындағысы аман қалған қорғаннан әр түрлі алтын бұйымдар, ыдыс-аяқ, күміс қасық, 26 әріптен құралған жазуы бар кішкене кесе, өлген адамның қолында алтынмен күптелген садақ ұшы, алтын оқ, қамшы т.б. көптеген дүние мүліктер табылған сақ тайпалары металл оның ішінде қола, алтын қорыту, кәсібімен шұғылданған.
Сақ заманы тайпалары мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алды. Соның ішінде "аң" стилді бейнелеу шығармашылығы ерекше аталды. Онда бұғы, қой, түйе, жолбарыс, барыс, қыран т.б. аңдардың бейнесі сомдалып жасалды. Аң стиліндегі өнер хайуандар бейнелерін нақты бейнеленген. Сонымен қатар аң стиліндегі жасалған өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Сақ тайпаларының мәдениеті сол кездегі көшпелілердің идеологиялық көзқарасын да көрсете білді. Сақтардың мәдениеті туралы нақты мәліметті Есік қорғанынан табылған "Алтын киім" киген жауынгерлердің бейнесінен көруге болады, алтыннан жасалған ою-өрнек, тағы басқа бейнелер қаз қалпында сақталған. Ал сақтардың басқадай қолданбалы маңызды түрі ою-өрнектері болды, ол аң стилі өнерімен байланысты дамыды. Көркемдік мағынаға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталғаны мәлім, өйткені ою-өрнек салынатын органикалық негіз (тері, киім, жүн, металдар) тез шіріп кетеді. Сондықтан да, ою-өрнектердің, кейбір ерекше түрлері (алтын, күміс, металл) ғана сақталған. Сондай-ақ сақ заманының көркемдік шығармашылығын жартастардағы суреттер толықтыра түседі. Мысалы, Таңбалы тас (Алматы облысы).
Үйсіндер шамамен б.з.д. 160 ж. Жетісу өлкесінде мекендеді. Олар Сақ тайпаларының үстемдігін әлсіретіп, олардың жоғары князь билеушілері Гуньмолар өздерінің үстемдігін орнатты. Үйсіндер негізінен Іле өңірінде қоныстанып өмір сүрген, ал батыс жағында Талас, Шу алқабында мекендеген қаңлылармен, шекаралас қоныстанса, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен көршілес қоныстанып өмір сүрген. Үйсіндердің астанасы, Чичуген (Қызыл Аңғар қаласы) Ыстықкөл Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Үйсіндердің шаруашылығы кешенді түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығы жағдайында дамыды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды.
Ғұн шаруашылық экономикасының дамуында жетекші роль атқарып отырды. Жер шаруашылығы жүргізу және жайылымдық жерлерді пайдалану жүйесі үнемі жетілдіріліп отырды. Жоғары дәрежедегі ауқатты байлар, орта дәрежедегі және қарапайым адамдар өмір сүрген үкімет билігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Қаңлылар. Қаңлы мемлекетінің халықтары негізінен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-саттықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммек және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады.
Қаңлы мемлекеті туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі жазба деректерде айтылады. Сол деректердің қорытындыларына сүйенсек, бұл мемлекеттің орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Кейбір мәліметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетін патша басқарған.
Олардың патшалары "би немесе Ябгу" деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат құрамында орынбасары және үш кеңесшісі болды.
Қаңлы халқының этикалық құрамы жайлы мәселелер әлі күнге дейін толық зерттеліп шешшімін таппаған таппаған мәселе болып табылады.
Ғұндар б.з.д. IV-III ғасырларда қазіргі Монғолия мемлекетінің территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстік Сібір жерлерінде квтпсиі тайпаларының күшті саяси бірлестіктері қалыптасты.
Б.з.д. 47 Ғұндардың екіге бөлінуіне әкеп соқты. Солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Солтүстік бөлігі Қытай империясының қол астына өтіп, оңтүстік бөлігінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Ғұндардың үдере-көшуінің енді бір толқыны б.з.д. 93 жылы басталды. Олар жолдарындағы тайпалардың бірін өздеріне ертіп енді біреулерін тізеге салып батысқа қарай жөңкіді. Сөйтіп олар Сырдария Арал маңайына Орталық және Батыс Қазақстанға сығалай кірді. Алайда Ғұндар бұл жерлерде біржола тұрақты қалған жоқ. Олар орыстардың далалы аймақтарын басып өтті. Дунай арқылы Батыс Европаға дейін жетіп Ғұн деген атпен ғұмыр кешті. Сонымен б.з.д. II ғасырдан бастаған Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы біздің заманымыздың IV ғасырына дейін созылған.
Ғұндардың жоғары билеушісі шаньюй деп аталды. Егер патриархтық-рулық құрылыстың кезінде шаньюйді ру ақсақалдары сыйлайтын болса, ал патриархтық-феодалдық жаңа қатынастың дамуына байланысты Шаньюйдің ендігі жерде мұрагерлікке көшті. Шаньюй өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолынан алатын болды.
Ғұндардың экстенсивті мал шаруашылығы басты рол атқарды. Олардың отырықшылары жер шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар үнемі көшіп-қонып жүргендіктен Ғұндардың тағы бір негізгі шаруашылығы аң шаруашылығы болды. Деректемелерге қарағанда Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары ақсақалдар басқарған. Рулық құрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары сақталды. Халық жиналыстарында ру басылары мемлекеттік істерді талқылап шешіп, құрбан шалып, ол ойын сауыққа айналып ат, түйе жарыстарын тамашалайтын болған. Ғұндар соғыста тұтқынға түскендерді - құл етіп жұмсады. Ал, ел ішіндегі тұрмысы төмен адамдар үй қызметтерінде, бақташылық, жер шаруашылық және қолөнер салаларында жұмыстар атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет