Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»



бет1/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ


«Тарих және гуманитарлық пәндер» кафедрасы


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ТОПТАМАСЫ

«5В011400 Тарих» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған


2 кредит
Курс: 4 Семестр: 7


Шымкент-2013
Лекциялық топтамасын «Тарих және гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушы Ағманов Қ.Е. дайындаған.
Лекциялық топтамасы кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілген:
Хаттама №_____«____»______________2013 ж.
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к._________________Нартбаев Ш.Ж.

ОӘБ бастығы____________________Дүйсенбекова М.



Алғы сөз


Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты. Бұл орайда курсқа қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.
«Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені, ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Сондықтан да дүние жүзіне белгілі ойшылдардың, ғұлама ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары жоқ. Әбу Насыр Әл – Фараби «Тарихты білмей - өйткенді, қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын десе, А.Байтұрсынұлы «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих – деп өте жоғары бағалаған. Осыдан болар әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен өз елінің тарихын, оқытуға айрықша ден қойды. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің еңбектерінде тарихты оқып білу неліктен қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. Соңғы жылдары Қазақстан тарихын оқып үйренем деушілерге, әсіресе оқушылар мен мұғалімдерге нақты көмек болатын еңбектер көптеп шығарылуда.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет