Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет27/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар, Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар. Соған қарамастан, біз көп жылдар бойы өзіміздің ішкі қажетімізді қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл кеңестер кезінде жасалған бөліс жүйесі, сондай-ақ өзімізде қажетті инфрақүрылым болмауының салдары. Сайып келгенде халықаралық рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшін қажетті коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға керекті қаражат алатын мүмкіндігімізді барынша шектеп отыр.

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы Шығыстан Батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік коммуникация кешенінің бәсекелестік қабылетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялар қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет