Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1



бет32/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері, РПУ конспект КАЗ
ҚАРАПАЙЫМ ГЕТЕРОДИН СХЕМАЛАРЫ

Қарапайым гетеродиндер транзистор немесе басқа да электронды аспап негізінде жасалған біркаскадты автогенератор. Радиоқабылдағыштарда қолданылатын гетеродиндер көбінесе күшейткіш аспаптың шығыс және кіріс тізбектері арасындағы оң кері байланыс түрімен ерекшеленеді. Кері байланыс индуктивті, автотрансформаторлы немесе сыйымдылықты бола алады.


ДЕРБЕС ГЕТЕРОДИНДІ ЖИІЛІК ТҮРЛЕНДІРГІШ

Гетеродин индуктивтілі кері байланысты автогенератор схемасы бойынша VT2 транзисторында, ал түрлендіргіш VT1 транзисторында жиналған. Гетеродиннен келген кернеу LкгCкг тербелмелі контурында бөлінеді. Бұл кернеудің бір бөлігі VT1 транзисторының кіріс тізбегіне, Lкг катушкасынан Сэ конденсаторы арқылы Rэ резисторына беріледі. Онда гетеродин жиілігі бар кернеу бөлінеді. Ол VT1транзисторының эмиттер-база ауысуына Lсв1 байланыс катушкасы және Ср конденсаторы арқылы беріледі. Гетеродин кернеуінің үлкен әсерінен транзистордың коллектор тогы өзгереді. Бір уақытта VT1 транзисторының базасына сигнал кернеуі беріледі. Екі кернеудің қосылуы нәтижесінде түрлендіргіштің шығыс тогында аралас жиіліктер пайда болады. Олардың біреуінде, мысалы жиілігінде LкCк шығыс контуры бапталған, ол контурда аралық жиілік кернеуі пайда болады.



5-сурет. Дербес гетеродинді жиілік түрлендіргіштің принципиалды схемасы

Қабылдағышты бір станциядан екінші станцияға ауыстырғанда аралық жиілік тұрақты болуы қажет. жиіліктер айырымы тұрақты болуы үшін, гетеродин контуры преселектор контурымен (кіріс құрылғы және РЖК) бір уақытта бапталуы қажет.

Схеманың жетістіктері:



  • Реттеу қарапайымдылығы;

  • Жиілік түрлендіргіш пен гетеродиннің күшейткіш аспаптарының жұмыс режимінің тәуелсіздігі, режим таңдау мүмкіндігі;

  • Шекаралық жиіліктері төмен күшейткіш аспаптарды қолдану қабілеті;

  • Қабылдағыштың тұрақты жұмысы.

Схеманың кемшіліктері:

  • Күрделілігі (екі күшейткіш аспап қолдану керек);

  • Энергия тұтыну және габаритті өлшемдері жоғары;

  • Гетеродин тербелістерінің кіріс тізбегінің контуры арқылы антеннаға кіруі;

  • Гетеродин және кіріс тізбек контурыларының өзара әсерлесуін толығымен жою мүмкін емес.


АРАЛЫҚ ЖИІЛІК КҮШЕЙТКІШТЕР

Аралық жиілік күшейткіш (АЖК) супергетеродинді қабылағыштың негізгі күшеюін береді және көршілес канал бойынша қажетті таңдаушылықты қамтамасыз етеді. Күшейткіш жиілік түрлендіргіш пен детектор арасында орналасады.



АЖК-ның РЖК-дан ерекшеліктері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет