Лекциялар жинағы кіріспе «Балалар әдебиеті»



бет1/4
Дата11.01.2022
өлшемі334,92 Kb.
#129224
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекциялар жина ы кіріспе «Балалар дебиеті»
операциялық жүйелер сессия

Уристенбекова Г.К.

«Балалар әдебиеті» пәнінен

5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

1. Кіріспе

«Балалар әдебиеті» пәнінің мазмұны мен міндеті. Бастауышта білім беру бакалаврын дайындауда балалар әдебиетінің білімдік, тәрбиелік маңызы. Жоғары оқу орындарының студенттерін оқытуда балалар әдебиетінің негізгі кезеңдері.Балалар әдебиеті - халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән. Өздеріне арналған шығармаларды тындап, оқи отырып баланын ақыл-ойы, сезімі дамиды. Кейіпкер орнына өзін қойып, олар жасаған іс-әрекеттерді қайталауға, дұрыс жүріп, тұруға және сөйлеуге дағдылананды. Сондықтан да, балалар әдебиетін -өмір оқулығы деуге болады.

Балалар әдебиеті өз алдына жеке дара пән болғанымен, басқа ғылым салларымен өзара байланыста дамиды. Әдебиеттану, фольклор, психология және этнопедагогика т.б. күрделі ғылым салаларымен балалар әдебиетінің тығыз байланыста болуы осыған дәлел.

Лекция тақырыпгары:

№1. Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.

№2. Бала тілін дамытуда жаңылтпаш пен жұмбақтардың орны

№3. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

№4. Ертегілердің танымдық, тәрбиелік сипаты

№5. Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту.

№6. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті: Махамбеттің отансүйгіштік, отты поэзиясы.

№7. Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі. Ш.Уәлиханов- қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Ы. Алтынсарин -шағын әңгіме шебері. Табиғат лирикасы.

№8 Абай - қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан терендетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл
№9 Абайдың табиғат лирикасы, қара сөздері, аудармалары. Лирика ұғымын кеңейту.

№10 Шәкәрім - Абайдың шәкірті. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік туралы өлеңдері.




№11-12 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті.
Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы шығармашылықтары
№13 С. Дөнентаев және балалар әдебиеті.

№14 С.Көбеев өмірі мен шығармашылығы және балалар әдебиеті

2 модуль ХХ ғасыр балалар әдебиеті

№15 Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде оқу - білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшы-лықтарды суреттеу тақырыбы

№16 Мағжанның табиғат лирикасы. Бұл тақырыптағы ақынның нәзік сыршылдық, суреткерлік шеберлік, пәлсапалық ой тереңдігі

№17 Ж. Аймауытов-дарынды жазушы, аудармашы. Балалар әдебиетіндегі Қартқожа образы.

№18 С. Сейфуллин өмірі мен қоғамдық қызметі, шығармалары

№19 Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы және прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы

№20 Ілияс Жансүгіров лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы.

№21 М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Балалар әдебиетіндегі Абай образы.

№22 М.Әуезовтің тіл шеберлігі. Тақырып пен идея туралы үғымды дамыту.

№23 Ғ.Мүсірепов шығар-маларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі.

№24 1960-90 жылдардағы балалар әдебиеті дамуы, өкілдері.

№25 Б.Соқпақбаев, балаларға арналған шығармашылығы.

№26 С. Бегалиннің балалар әдебиетіндегі орны.

№27. Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, т.б.

№28 Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі. Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлілігі.

№29-30 Балалар әдеб. әлем хал. озық шығарм.: Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Л.Толстой, А.Чехов, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері



1-апта

Лекция- №1.



Пәні: «Балалар әдебиеті»

Тақырыбы: Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.

Жоспар:

  1. Қазақ балалар әдебиеті – қазіргі қазақ әдебиетінің бір саласы

  2. Балалар фольклоры.

2. Бесік жыры, тұсау кесу жыры.Оның тәрбиелік мәні.

3. Төрт түлік мал, жан-жануарлар туралы өлеңдердің маңызы.

Сабақ мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің өзіндік ерекшелігі. Пәннің мақсаты мен міндеттері, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар.

Қазақ халқының әдебиеті ешбір халықтың әдебиетінен өзінің бай мазмұнымен, жанрлық әркелкілігімен, поэтикалық қуатымен салыстырғанда кем емес екені белгілі. Қазақ балалар әдебиеті өзі жеке пән ретінде дамуының баспалдағы да оңай болған жоқ. Бірқатар ғалымдарымыз бен әдебиет зерттеушілеріміз қазақта А. Гайдар сияқты балалар әдебиетінің ұлы тұлғалы дербес өкілдері болмаған соң балалар әдебиеті жоқ деп те келді. Қазақ балалар әдебиетін тек Ыбырай Алтынсариннен бастау қажет деген пікірлердің болғаны да анық. Ол жалпы әдебиеттік мұрадан дараланып бөлінбеген, сонымен бірге жасасып келе жатқан жалпы мұра деп айтушылар да табылған. Мұның бәрі де балалар әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл-желпі айтыла салған пікірлер еді. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму жолдарының болғандығы күмәнсіз.

Ұлы жазушымыз, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің «Ертегілер» деген ғылыми зерттеу еңбегінде халықтық шығармалар ішінде үлкендермен қатар балаларға тән, екеуіне бірдей қызмет ететін неше алуан қызықты материалдардың барлығын айтып, талдаулар берген. «Хайуанат жайындағы ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та кетеді. Олар «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық» сияқты көптеген ертегілер. Құйыршық ғажайып түрде ешкінің құйыршығынан біткен кішкентай бала болады. Ол ақыры, жолаушыларды, үй иесін - бәрін алдап соғады. Ажалдан қалып, әке-шешесіне келеді. Бұл алуандас ертегілер орыста да бар»- дейді. Халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына тән қызықты осындай әңгімелер тек ертегілерде ғана емес, сонымен қатар халық өлеңдерінде де, мақалдар мен мәтелдерден де, батырлар жырларынан да кеп кездеседі.

Балалар әдебиетінің негізі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтың ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің алтын қоры.

Оқу жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп оқушылары, әсіресе, ертегілерді тыңдағанды жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен адуын егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян-кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді.

Бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары: халық ауыз әдебиетінен басталады. XIX және XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтердің балалар әдебиетіне қосқан мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық мәнді әдебиет болды.

Балалар әдебиетін зерттегенде, оның төмендегідей басты-басты алты түрлі ерекшеліктеріне тоқтауға болады.

Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.

Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағыналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, не деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»» деп отыратындай болуы тиісті. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.

Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның, неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.

Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін - пейзажды шебер бейнелеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.

Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармалардың мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.

Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол. Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство»,-деген М. Горький.

Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың, сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.

Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті деген не? Оның мақсаты қандай? Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік моральге тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі екі-үш жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беруді көздейді. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді. Қазақ балалар әдебиеті туралы алғаш пікір айтқан зерттеушілер ретінде С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтарды атауға болады. Қазақ балалар әдебиетіне кеңінен тоқталып, монографиялық еңбек жазған ғалым - Шеген Ахметов болып табылады.

Қазақ балалар әдебиеті – қазіргі қазақ әдебиетінің бір саласы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Қазақ балалар әдебиетінің әр түрлі жанрлары жайында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың, С.Сейітовтың, Ә.Дербісәлиннің, С.Ордалиевтің, Б.Сахариевтің, Н.Ғабдуллиннің мақалалары бар. Аталмыш салада ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер - Б.Ысқақов, Қ.Мырзалиев, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. 60-70 жылдар аралығында Ш.Ахметовтың қазақ кеңес балалар әдебиетін зерттеген еңбектері жарық көрді. Ғалым балалар әдебиетіне тән ерекшеліктерді атап көрсетті. Балалар әдебиеті шығармаларындағы оқиға, көркем образ нақты, дәл болады және өмірден алынады. Шығармаларда лиризм болуы шарт. Оқиға мен бала характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Жаратылыстың көркем көріністері арқылы шығарма балаларға эстетикалық тәрбие береді. Балалар әдебиеті шығармалары балалардың өмірдегі белсенділігін арттыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, айқын, көркем және әсерлі болуға тиісті. Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ балалар фольклорының үлгілері жинала бастады. Ы.Алтынсарин, А.Алекторов, М.Дулатов, І.Жансүгіров кітаптарында жарық көрді. А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжанов, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев, С.Қасиманов, Б.Уақатов балалар фольклорына қатысты ой-пікірлер айтты. Балалар фольклоры – ауқымды ұғым. Ол ересектердің балаларға арнап шығарған және балалар репертуарындағы поэзиялық, прозалық шығармалар үлгілерін қамтиды. Фольклортанушы К.І.Матыжанов поэзиялық фольклорды мәпелеу жырлары, жеткіншектер жырлары және ойындық фольклор деп үш салаға бөліп қарастырады. Балалар фольклорын іштей саралауда назар аударып, есте ұстайтын шарттар мыналар болмақ. Оның алғашқысы - шығармаларды кім шығарып, кімдердің орындайтындығын және қалай орындайтындығы. Мәселен, бесік жырын ата-аналар шығарып, негізінен солар орындайды. Көптеген шығармалар балаға байланысты әдет-ғұрып, салттар негізінде болып келеді. Ал мазақтамаларды балалар өздері шығарып, өздері орындайды. Осыған орай бұл шығармалар түрлі топтарға жіктелмек. Екінші ескеретін мәселе шығармалардың атқаратын қызметі. Бұл шарт балалар фольклорын іштей саралауда маңызды міндет атқарады. Мәселен, бесік жырын да, алдарқату жырын да ересектер орындайды, бірақ екі шығарманың атқаратын міндеті екі басқа. Бірі -–баланы тыныштандырып, ұйықтатуды мақсат етсе, бірі алдандырып, көңілін сергітуді мұрат тұтады. Немесе, тақпақ пен драмалық ойындардың қай-қайсысын болмасын балалар өздері орындайды, бірақ шығармалардың міндеті әр түрлі. Сондай-ақ шығармаларды саралауда балалардың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Мәселен, ата-аналар сәбилерге олардың табиғатына лайық шығармалар айтса, келе-келе бала әрбір жанрлық түрді жас ерекшелігіне қарай біртіндеп игереді. Төртінші ескеретін негізгі шарттың бірі - шығармалардың поэтикасы. Яғни шығарманың тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық құрылымы, сөз саптасы, тіл кестесі т.т. Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:1. Әлпештеу поэзиясы (бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары)

Балалар әдебиетін жасаған - халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән етіп тұнғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін, қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек мақсаттар қою өлеңмен жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені, «Адам - дүниені ұйымдастырушы», екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған - міне балаларға осыны ұғындыру керек. Балалар алты-жеті жасынан ой-пікірдің кереметтей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып, өз қабілеттерін тануға тиіс. Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанда, бұрынғы өткен заман туралы, еңбек процестерінің және ой-пікірдің ұйымдастырғыш жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңгімелерден бастау керек» -деген М. Горькийдің пікірін ескерген жөн болмақ.

Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлең, жыр, әңгімелер балаларға арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан. Сондықтан халық ауыз әдебиетінің алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың өз баласына арналып айтылған өлең, жыр, ертегілерден, әндерден басталады деген қорытындыға келеміз.

Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын- ясли, балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастап-ақ халықтық жырлар мен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың, ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.

Кәсібі, тіршілігі тек қана мал шаруашылығына байланысты болғандықтан 6-7 жасынан-ақ олар ат құлағында ойнайды. Оқу-сызу өнеріне машықтанбаса да бір есіткенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар, сондықтан, қызық-қызық ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған.

Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды, Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа - ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлеңдер - бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мәйрам етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөздік қорын байытып, бірден бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әржақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады.

Бастауыш мектептегі жасөспірімдер мен орталау және орта мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның, ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқиды.

Халықтық шығармалардың балаларға тигізетін тәрбиелік әсері ұшан теңіз. Халықтық шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмір, тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі, шаруашылық экономикасы, мәдениетімен таныстырып отырады. Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіндіктерін соның жолына бағыштауға тырысады. «Бесік жыры»- деген өлеңде:

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Қонақ келсе, қой бөпем,

Қой, тоқтысын сой бөпем,

Құйрығына той бөпем, -

деп жырлайды халық. Мұнда балаға деген сый-құрмет, ықыластар, оның болашақ азаматы болсын деген тілек-мақсаттардан туатыны айтылған. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл, ынтымақшыл, сый-сыяпат көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Қолы ашық, алақаны жазық береке иесі болсын, жұдырығын түйген сұм болмасын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан. Баланы күту, бағу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу - ата-аналық борышты да, басты міндеті деп бағалаған. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету, оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтық салтқа, әдетке айналған. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған.

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің? -

деп оған ізгі тілектер қояды. Игілікті істерге бастайтын өнер-білімге баулиды. Өз баласы халыққа әр жақты өнерімен, білімімен, игілікті ісімен қызмет етіп танылса дегенді арман еткені сезіледі. Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі басты борышы мен ізгі ниеті де, міндеті де осы болған.

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің? -

деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды. Қай іске, қандай өнерге болса да икемі бар, бір сырлы, сегіз қырлы болуын көздейді. Әйтеуір қандай іс, қандай өнер болса да, өзінін бейіміне, ықылас, әрекетіне қарай кәсіп ете беруін халық ертеден-ақ жақтаған. Сондықтан өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баули беруге, ынталандыра беруге әрекет етті.

Кең балағын түрісіп,

Ойға, тауға жүрісіп,

Балуан болар ма екенсің?

немесе:

Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің.

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің? -

дейді. Мұнда жеке бастың пайдасы үшін, не даңқ, атақ алу үшін емес, «атасының баласы болу» үшін емес, адамның баласы болуын тілегендіктен айтылған, халықтың асыл ойлары берілген. Өз отаның қорғайтын патриот болар ма екен деген тілектер қойған. Бала жұбатудан басталатын бірнеше тілек-мақсаттар оның болашақтан күткен арманына жетудің жалғасы болады деп үміт еткен:

Көзімнің ағы, қарасы,

Жүрегімнің, парасы,

Уайым, қайғы ойлатпас,

Көңілімнің санасы.

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым,

Маңдайдағы құндызым,

Қандай шығармада болса да белгілі мақсат, жүйелі түйін болады. Бүл өлеңнің де жүйелі мақсаты бар; бұл өлең баланы тек қана күлдіру, жұбату үшін айтыла салған жеңіл-желпі нәрсе емес. Мұнда терең мазмұн, үлкен сыр да бар. Табан ақы, маңдай термен табылған еңбек жемісі - «суытуға қойған сүт» сияқты талан-таражыға түсіп кетсе не болмақ? Еңбекпен табылған дүние-мүлікті көздің қарашығындай сақтай да, қорғай да білу қажет деген ұғымдарды балаға осындай сөздермен, қызықты мысалдармен болса да бойларына сіңіріп айта білген, түсіндіре берген. Бұл өлеңдегі халық даналығының түп қазығы, идеялық мазмұны осыны баяндайды. Жас баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, іздегені өз айналасынан табылып отыратындай қызықты да күлкілі етіп осылай айта білу халықтық шығармаларда көп кездеседі. Ұшқан құс, жүгірген аң, қыбырлаған жәндіктердің бәрі де тіршілік тірегі боларлық өмір қамы үшін Іс-әрекет үстінде болатынын, әйтеуір, қарап жатпайтынын ойнақы жеңіл сөздермен ұқтырады. Соның бәрі де еңбек процесіне байланысты қимыл әрекеттен туатыны негізге алынады.

Баланың рухын көтеріп, санасын оятатын, жігер-қайрат тудыратын осындай насихат - үгіт сөздерді мысал ретінде айту арқылы оны өмір сүре білуге талпынтады. Тірлік үшін асығуға, күресуге баулиды. М. Горький «поэзия, тілден туған көркем шығарма еңбек процесімен жанданады, сол еңбекпен бірге дамиды және еңбек екпінін қоздыра түседі»,- деген. Бала үшін айтылған шығармалардың осындай үлгі-өнегелі жақтарын ашып айтып, оларға әрқашан түсіндіріп, ұқтырып отырған жөн. «Қарға, қарға, қарғалар» - деген өлең де көркемдігі жағынан және мазмұнымен де, қысқа айтылуымен де балаларға сондайлық әсерлі, қызғылықты көрінеді. Жаттап айтуларына да ықшамды.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып,

Бұтаға келіп қорғалар.

Қысып кетсе сары аяз,

Көзден жасы сорғалар.

Қар үстінде жем көрсе,

Қапелімде қолға алар.

Екі шоқып, бір қарар,

Деп жолымды оңғарар!»

Осы сияқты жүгірген аң, ұшқан құстардың қай кезде, қалай өмір сүретіндерін айтып таныстыра беру - балалардың білімді, ақыл-есін толықтырып, ойлау қабілеттілігін арттырып отырады. Халықтық шығармалар ішіндегі балаларға арналып айтылған халық өлеңдерінің сыр-сипаты, тәрбиелік мәні, көркемдігі, идеялық бағыты - бәрі де тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, ыстық сезім, жақсы әсер әпереді. Балаларды өмір мектебінің белесіне шарықтатып отырады.

Тұрмыс-салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, негізгі шаруашылық кәсібі, түрлі әдет-ғұрпы, .салт-санасы кең суреттеледі.

Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері:

1.Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырлар.

2.Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар.

Еңбек және шаруашылык кәсібіне байланысты туған өлең-жырларға жататындар - төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, аңшылық туралы өлеңдер мен наурыз жыры.

Әдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты туған өлең-жырларға жататындар - тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, көңіл айту, естірту, жоқтау.Қазақ халқының әріден келе жатқан өзіндік ойын-сауығы, дәстүрі, ғұрпы, салты бар. Бұлар бір күннің не бір жылдың ғана нәтижесі емес, талай ғасыр жемісі. Қай елде болсын, адам өмірінің үш кезеңі - туу, үйлену, өлу - ауыз әдебиетінен кең орын алады. Адам өмірінің осы айтылған әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты, ғұрпы, әр елдің өзіне тән дәстүрі бар. Басқа халықтарда бұлар ән, би, өлең, тақпақ тағы басқа өнер арқылы көрінсе, қазақта әдет-ғұрып, салт көбіне ән, өлең-жыр арқылы бейнеленеді.

Қазақ елінің тұрмысында шілдехана ойынынан бастап, ойын-тойдың бәрі де ән, өлеңмен өтеді. Адам өлгенде де ұзақ өлең-жырмен жоқтау айтады.

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең,-

деп Абай біліп айтқан.

Салт жырларының бір түрі - шілдехана өлеңдері. Бұл - бала туған күні айтылады. Негізгі мазмұны - дүниеге келген жаңа адамды құттықтау. Оның бақытты болуына, ер жетіп, елге керекті азамат болуына тілектестік білдіру.

Шілдеханада кейде айтысып қалушылық та болады. Әсіресе, оның салтқа айналған бір жағы - түн күзету. Жаңа туған нәресте мен жас босанған ананы алғашқы түні арбар ш і л д е л і к пен м а р т у тәрізді рақымсыз жаманат «иелерінен» ән, өлең құдіреті арқылы қорғап қалмақ болады.

Балаларға арналған халық шығармаларының түрлері: бесік жыры, тұсау кесу, санамақ, өтірік өлең, төрт түлік мал туралы жырлар, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар. Бұлар бала ұғымын, түсінігін кеңейтеді, оның тілін, ойын дамытады, оларды жақсы, үлгілі істерге баулиды. Бесік жыры – бесікте жатқан баланы ұйықтату, тыныштандыру үшін айтылатын өлең. Мазмұнында тілек айту бар. Қазақ халқының ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол. Дәстүрлі бесік жырының құрылысы қарапайым келеді. Тұсау кесу жырының аты халықтың тұсау кесу ырымына байланысты қойылған. Жырдың негізгі мазмұны ақылгөй тілектермен байытылған. Санамақ баланы әдемі сөйлеуге дағдыландырады. Жаттау қабілетін, танымдық ой-өрісін дамытады. Өтірік өлеңнің құрылысы қарапайым келеді. Шендестірілетін заттар, жан-жануарлар балаларға күнделікті өмірден таныс болып келеді. Өтірік өлең бала қиялын ұштайды. Баланы ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дыбыс пен сөз ойнатудың тәсілдеріне үңілтеді. Ана тіліндегі бейнелі оралымдармен таныстырады. Төрт түлік мал туралы жырлар мал ерекшеліктерімен таныстырады. Оларға қатысты атқарылатын жұмыс түрлерін сөз қылады. Төрт түлік мал бағу сырын үйретеді. Көркем образды сөздермен түсіндіреді. Балаларды еңбекке баулуда мәні үлкен.

Пайдаланатын әдебиеттер:



Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті А. 1974

Ахметов Ш. Қазақ совет балар әдебиеті А. 1976

Әуезов М. Әдебиет тарихы А. 1994

Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті А. 1992

Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А. 1974

Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы . А. 1994
Бақылау сұрақтары:

1.Балалар әдебиетінің ерекшеліктері.

2.Балалар әдебиетінің даму кезеңдері

3.Балалар әдебиетінің білімділік, тәрбиелік мәні

1-апта(2)



Лекция-№ 2.

Тақырыбы: Бала тілін дамытуда жаңылтпаш пен жұмбақтардың орны

Жоспар:
1. Жаңылтпаштар, олардың бала тілін дамытудағы рөлі.

2. Жұмбақтар, оның танымдық, тәрбиелік мәні.

Әдебиеттер:

  1. Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

  2. Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

  3. Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

  4. Х. Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері».

Балалар әдебиетінің қалыптасып, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.

Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді «... әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз», - деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, - деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.

Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты.

Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: «қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап» т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады», - деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары т.б.

Балалар әдебиетін кеңінен зерттеген ғалым Ш. Ахметов республикамызда балалар әдебиетінің арнайы пән ретінде оқылуына, төл әдебиетіміздің үлкен бір саласы ретінде насихатталуына айтарлықтай үлес қосты. Ғалым Ш.Ахметов «Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі» атты ғылыми мақаласында: Қазақстандағы тәрбие ісі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтығанын атап көрсеткен. Біріншіден, тәрбие басы адамды әдептілікке үйретуді көздеген, әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш елгезек бол деп үйреткен. Бұл еңбекке баулудың алғашқы көрінісі болатын. Төртіншіден, ададық пен шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді, ата-анаңды сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа – дйді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, қаріп-қсерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді. Қорыта келгенде, авор халықтық шығармалардың бала тәрбиесіндегі тәрбиелік маңызының жан-жақтылығына тоқталып, оладың тұлға ретінде қалыптасуындағы ролін көрсеткен. Сондай-ақ, автор халық ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры, тұсау кесер, ұлттық ойындар, төрт түлік жырлары, жаңылтпаш, ертегі және т.б. бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете келіп, оладың танымдық маңызын, еңбекке, адамгершілікке, патриоттық, батырлық, ерлік, дене, эстетикалық тәрие берудің көзі екенін айтып өткен. Біз өз жұмысымызда ғалымның осы тұжырымын басшылыққа алдық.

Жас ұрпақ тәрбиесіне қазақ қаламгерлері де үлкен үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқандар – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Көбеев, С.Бегалин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Ә.Дүйсебиев, М.Жаманбалинов, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Т.Молдағалиев халықтық шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап, өлең-жырларжазған. Оладың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамыады, еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейді. Сондай-ақ аталған ғұламалардың шығармалары, өлеңдері балалардың түсінуіне жеңіл, ығымына сай, қысқа тұжырымды, тілі көркем жазылған.

І.Жансүгіров қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол «тәрбие мен білім баланың жас кезінен бастап беріуі тиіс», - деді. Осы мақсатта бесікте жатқан балаларға өлең мен ән жазған. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын, эстетикалық сезімін оятып тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдемдеседі. Ілияс балал тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз өлеңдері арқылы оны шеберлікпен айта білген. «Елген естіер керек, ер жет, есей ертерек» деп, балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Балаларға арналған өз елі, өз жері, оның байлығы («Жазғытұрым», «Күз», «Қыс», «Тау суреті») мен сұлу табиғаты туралы көптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. «Мезгіл суреттері» деген өлеңінде табиғатты тануға, оны аялауға, құрметпен қарауға, сонымен қатар табиғаттың әсемдігін аңғартуға үйретеді. Ілияс жЖансүгіровтың «Малта», «Шәркей», «Күн шыққанда», «Бөбек бөлеу» т.б. шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы зор. «Малта» деген өлеңі арқылы төңіректегі заттардың сыр-сипатын білуге, еңбекқорлыққа баулыиды, оның ынтызарлық сезіміне қозғау салады.

С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның «Балалар», «Ананың хаты», «Анаға жауап» т.б. өлеңдері бар. Еңбек еткен адамның сыйлы болып құрметке бөленетіні, Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отыратыны туралы айналысу баланың ой-өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Балаларды еңбекке тәрбиелеумен қатар, ересек адамдардың еңбектерін құрметтеу керектігі, сол болашақ еңбекке, өмірге ат салысатын жасөспірімдепдің рухын жоғароы дәрежеде көтеретіндей етіп суреттейді. «Балалар» деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Олардың «қылыш безеп», «тез тізіліп», Отан үшін күрескер болуын тілейді.

Қазақ классик жазушылары – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С. Мұқановтың қазақ даласындағы ұлы өзгерістерді мадақтаған алғашқы өлең-жырларының балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап кетуге болады. Сәкен Сейфулиннің «Балалар» деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Олардың «қылыш безеп», «тез тізіліп», Отан үшін күрескер болуын тілейді. Сондай-ақ «Кім басшы – аға халыққа?» деген өлеңінде Сәкен жөн білмей адасып, надандықта қалып отырған халыққа басшы болар адал, ардагер ұлды аңсайды. Бұл өлеңдерде «Жаңбыр», «Бау-бақша» өлеңдері ұғымына жеңіл ойнақылығымен бейнелігімен қызықты.

Көбелектің көбін-ай,

Қызығын-айғ көгін-ай.

Бәрін ұстап алар ек,

Жолдастарды жоғын-ай, - деген бала ұғымының өзі қандай нанымды. Ал, Қ.Ыдырысовтың «Жаңбыр» атты өлеңі арқылы табиғаттың қызықты көріністері – аспанның ашу шақырып, найзағайдың бұлттарға атылуы, ақ жаңбырдың сабалап құюы аяғында балағы,н түріп ап су сабалап жөнелген бала психологиясына ұласады.

Ө.Тұрманжанов «Көркем әдебиетті оқудың ерекшелігі» атты еңбегінде: «Көркем әдебиет туындыларын оқу әрі ермек, әрі өрнек. Ермек дейтініміз: ол ойнақы жеңіл оөқылады. Көркем әдебиет кітаптарындағы алуан-алуан, шым-шытырық оқиғалар, сан қилы, сан түрлі адам мінездері мен әрекеттері, күрестері мен күн көрістері, тіршілік тәсілдері, нені сүйіп, нені жек көретіндері, неден жиреніп, неге ұмтылатындары көзіңізге көрініп, көңіліңізге сезіліп, бойыңызға жеңіл сіңеді. Осыдардың жақсысына үйренесіз де, жаманынан бой тартып жиренесіз. Өмірде қалай тұоуды, қалай өмр сүруді, отбасынан, Отаныңызды қалай сүюді үйренесің. Отанға, өз ортаңа сүйікиті болудан артық абырой бар ма? Осының бірн терең түсіінп, жақсы ұғынуыңа көркем әдебиет кітабы зор көмегін тигізеді», - деп көркем әдебиеттің орнын атап көрсеткен. Жоғарыда зерттеуші ғалымдардың құнды ойларын, көзқарастарын бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда, іріктеуде басшылыққа алдық. Бұл бағытта ұлт қаламгерлері де ерен еңбек етті. Балалр әдебиеітн кеңінен зерттеген ғалым Т.Иманжанов «Бөбектерге арналған әдебиет туралы» атты ғылыми мақаласында балалар әдеиеінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған әдебиет туралы атты ғылыми мақалаында балалар әдебиетінің міндетін көрсете отырып, бөбектерге арналған көркем шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ажыратып, олардың бала психологиясын, жа ерекшеліктерін ескере отырып жазылу керектігін айтқан. Балалар әдебиетіне өойылатын негізгі талаптарға тоқталады.

1.Оның оқушысы - өзі оқи алмайтын, әдебиетті басқаның көмегімен қабылдайтын оқушы. Әдебиет, оларға оқып беруге немесе мазмұнын айтуға арналады. Балаларға арналып жазылатын шығарма мейлінше қысқа, әрі ұғымды, әселі болып келуі керек. Бөбек ұғымы әрі саяз, әрі қалқамалы үстірт ұғым, әрі жадына көп нәсені бірден қаюфлдай алмайды. Олаға жазылатын шығармалар, міне, осыны қатты ескертетін болады. Сондықтан, бөбектерге арналған шығарма кілең қызықты іске, қимылға құрылуға тиісті.

2.Бөбектер ойы – бейнелі ой. Көбіне ол затты, құбылысты, сыртқы түсіне,формасына қарап қабылдайды. Ендеше, жазушы оның көз алдына тұспалды сөз, ұғым образын емес, нақты жанды образ әкелуі тиіс. Онсыз болмайды... Оның ұғымының саяздығы тәжірибесіздігінің ғана жемісі екенін есте сақтау керек. Оның ақылы түрлі ғибраттармен толтыра қоятиын қуыс ыдыс емес, лап еткелі тұрған, соны жанды сөзбен, бейнемен тұтата білуі керек. Шығарма оның әрі ойын кеңейтуге көмектесіп, әрі тіл үйретсін.

3.Адамда болатын ыждаһатты (белсенділікті), енжар деп аталатын екі түрлі зеденің бөбекте тек соңғысы бар. Ол көңілі соқағанда қинала, әдейі оранып, күш жұмсап омыны білейінші дегенге бара алмайды. Әдебиеттің міндеті ересек бөбекті жаңа білімге, жаңа сезімге есік ашатын ыждаһатты зердеге бірте-бірте тәрбиелеуге көмектесу болып табылады. Бұл арада да өте шеберлік, үлкен психолгтік керек. Неге десеңдер, шығарма суытады, ол жалығып кетеді. Ал, егер ылғи енжарлы зердеге азық ұсыныла берсе, келе-келе бөбекте білугедеген талап сөгіп, бойкүйездікке салынады. Кейін қайта тәрбиелеу қиынға соғады,-деп ескерте отырып автор көркем шығармалардың балалардың психологялық ой-өрісіне, жас ерекшелігіне сай жазылуымен бірге, оның бала қиялын өрістетуіде таптырмайтын құрал екенін атап көрсеткен.

Белгілі әдебиет зерттеушісі Б.Ыбырайым «Сырлы әлем» атты ғылыми еңбегінде фольклор жанрларының бірі мақал-мәтелдер туралы, «жүйелі ой мен алғыр зерденің, терең парасат пен ұшқыр шабыт, зерек зейіннің жемісі, көрінісі»,-деді. Ол баланың құлағына сіңіп, адамгершілік жолына бағыттап, рухани есеюіне айрықша ықпал жасайды. Мақалдарың шындық өмірге жанасымы мен болмыстың бейнелеу, өмірлік мәселені, құбылысты байыптап, дәл де терең тұжырым жасаумен көкейге қонымдылығына қарай халықтың ұлттық поэтикалық ойлау ерекшелігін, автордың ой-өрісі мен рухани өмірлік тәжірибесін барлай аламыз. Б.Ыбырайым бүгінгі балала прозасында көркемдік ойды бейнелеуді төмендегідей қарастырады. Олар: 1.Балалардың өзіедік өмірін, өзіндік әлекметтік тіршілігіне зе салу, олардың тыныс тірлігінің талай мәселелері ересектердің әлеуметтік моральдық атмосфрасыме е байланысты екені ескеру;

1.Балалардың жан дүниесміне бойлауға ұмтылу, детальдарды, штрихтарды, т.б. көркемдік құрал тәсідермен бояуларды кейіпкердің психолгиясына тереңдеп тануға жетелейтін кілт есебінде пайдалану, психологизмге ден қою;

2.Балалардың мінез-құлықтарынан туындайтын і-әрекетердің эстетикалық-педагогикалық мәніне назар аудару;

3.Табиғат әлемі арқылы авторлық көркемдік ойды бейнелеу;

4.Тарихи кезең, тарихи тұлғалардың сыр-сипатына үңіліп, тағылымдық сәттерге назар аудару, жас ұрпаққа Отаншылдық тәрбие беруге ұмтылу. Бүгінгі балалр прозасында, онң ішінде балалар әңгімесіндегі көркемдік ойға құйылатын негізгі арналар осылар , - деп тұжырым жасайды.

Бұл секілді саланы әдебиет зерттеушілері өзіндік ізденістерімен дамыта түсті. Белгілі ғалым Б.Адамбаев «Тозған қазды топтаған қарға жейді» атты еңбегінде халық ауыз әдебиетіінң бір-біріне жақын, ұқсас екі жанрына жататаны шешендік сөздер үлгілері мақал-мәтелдер жөнінде жүргізген зерттеулер бойынша өзінің ой тұжырымдарын ұсынған. Автор онда мақал-мәтелдердің маңызына тоқтала келіп: «мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген-білгендерін бейнелейтін шағын шығармасы сөз өнері», - анытама берген. Халық шығармаларының басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдерді де әел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуенестіп жаттап жаңғыртады, өңдейді, өзгертед. Сөйтіп, олар біртебірте жалпы ортақ мұраға, халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтедді халықтың өмірден жасаған қоыртындысы ақыл*ой түйңні деуге болады [50]. Бастауыш мектепте мақал-мәтелдерді пайдалануда оныңмағынасын түсіндіруді, оқушылардың тіліне дамытуда арнайы жүргізілген зерттеулер қорытындысына сүйендік.

Зерттеуші ғалым С.Қирабаев балаларға арналған поэзияның, яғни өлеңнің өзіндікерешкеліктерін; тілінің жатық, ижеясының анық болуында деп көрсетке. Сонмен қатар ғалым өбектерге арнап кір\тап жэащу мәселесін де көтерген. Онда: «Оқушы жас болған сайын ол оқитын кітаптың да көркемдіук дәрежемінің жоғары болуына, оның әр түрлі тақырыпқа жазыдуына, қоғамдық өмірімізідің әр тұрі құбылыстарын жам жеткіншектерге жеткізіп айтып беуге қысымшылық жасамуға ттиіс. Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі – оның мейлінше қарапайым, нақты, әдеби образға бөлене жазылуына байланысты. Бөбектердің кітаптары оларды әрі көңілдендіретін, қуанышқа бөлейтін, жеңіл оқыолатын, оның үстінебаланың санасын оятарлыктай ойға құрылу керек. Көркем әдебиеттің бақа саласы сиқяты ол да қайнаған өмірден алынып, образды түрде жазылуға тиіс», - деп көрсетті. Шын мәнінде, балалар әдебиетіінң көркемдік жағы басым болғанда ғана бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра алады. Біз зерттеу жұмысмысза көркем шығарманы іріктеуде автордың ұсынған өлеңінің өзіндік ерекшеліктерін басты қағида етіп алдық.

Зерттеуші ғалым Қ.Матыжанов өз еңбегінде: «ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары – балалар психологиясын. Көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілілігімен, музыкалық сазымен, өнегеді мазмұнымен, ойындық жеңіл формасыме балалардың рухани азығына айеалған бағалы тәрбие құралы» деп ауыз әдебиетіінңпедагогикалық құндылығын саралап бергенін көреміз [102].

Алым Ә.Табылдиев «Халық тағылымы» атты еңбегінде «Мақал мен мәтелге өз тұрғысынан анықтама берген. Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде атйлатын философиялық ой түйіндері, сөд мәйекгі. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тб.. Мәтелдер негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқаулы сөз ретінде айтылады. «Өлең сөздің патшасы» т.б. Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, зерлеп келе жатқына халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мақалдар мен мәтелдерді оқу-тәрбие үрдісінде үздіксіз пайдаланып, үлдгі етіп ұрпақ тәрбиесәне шарықтап пайдалануды дәстүрге айналдырып отырмыз.

Балалар әдебиетінің теориясын алғаш жасаған орыстың ұлы жазушысы М.Горький еді. Ол совет балалар әдебиетін жасауда жалпы педагогика мен психологиясын басшылыққа алды. Балалар әдебиетінің басқа әдебиетке қарағанда өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Ол балалар әдебиеті талғамы, ойы, қабілеті, тілі, баланың даму ерекшелігіне сәйкес келетінін айтты. Ол өзінің мақалаларында еңбекті суреттеу жас өсіпірімдерге арналған әдебиетітң міндеті болуы керек деп көрсетті. «Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы балалардың барлық өзгешеліктерін ескеруі тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаларға да, үлкендерге керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады», - деді.

Балалар әдебиеті балалардың жасы кіші болған сайын анық көрінеді, ал үлкейген сайын балалар әдебиеті мен ересектер әдебиетінің айырмашылықтарына көрінбей, бірігіп кетеді. Сонай-ақ М.Горький балалар әдебиетіне үлке мән бере келе, оның «тәрбие құралы» екенін айтты. Балалар әдебиеті басқа ғылымдармен (педагогика, психология, эстетика, музыка т.б.) тығыз байланысты болуын талап етті.

М.Горький «Әдеиет туралы» еңбегінде: «Бастауыш сынып оқушыларлына ойын, санақ, әзіл-сықақ үшін материал боларлық әрі қарапайым, әрі өте шебер жазылған көркем өлеңдер керек. Осы күнгі балалар кітабының шеберлерінің өлеңдерімен қатар, фольлордың таңдаулы үлгілерінен құралған бірнеше жинақ шығару қажет», - деген [30, -350 б.].

Сонымен қатар, балаларға арнаған кітаптың құрылысы, мазмұны, сапасы туралы да өзінің ой-пікірін айта білген. Балаларға арналған кітаптардың бәрі бірдей танымдық материал беруге тиісті деп ойлауға болмайды. Ол бейнелі тілмен жазылған, көркем кітап болуы қажет. Бізге балалардың сықақшылдық сезімін дамытатын көңілді, қызық кітаптар да қажет. Балаларға арналған кітапшалар серияларының қаһармандары боларлық, күлкілі-сықақты кейіпкерлер жасау қажет, - деп жасаған тұжырымы дәлел. Жазушының сол уақытта айтқан құнды ой-пікірлері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ол қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында да балаларға арналып жазылатын кітаптар басшылыққа алынады. Бастауыш сыынпұа арналған кәтаптардың суреттері айшықты, көңілді баланың газарын бірден өзіне тартатындай қызықты болуы тиіс. Әртүрлі тапсырмалардан, баланың жас ерекшелігіне лайықты көркем шығармаларды дұрыс іріктеуде, осы бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен біім бру мәселесімен айналысқан ғалымдар мен балалар суретшілері болғаны дұрыс. Бұл заман ағымынан туындап отырған қажеттілік.

Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіінң айырмашылықтарына тоқталған. Жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та, оның авторы белгілі болады. Сосын қоса, оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпщілікке мәлім болып отырады. Ал, ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумаса керек. Ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысы болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ, сол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан, авторлардың өмірбаяны , аты-жөні сақталмаған. Ал шығармаларды ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған, - деп көрсеткен. Бұдан В.Г.Белинскийдің пікірінің қазақ зерттеуші ғалымдарының ой-тұжырымдарымен сәйкес келетінін байқаймыз.

Балалар әдебиетінің даму арналары, оның жанрлары да жеке зерттеу саласын құрайды. Ал, қазақ балалар прозасының даму жолдары мен тәрбиелік мәні, көркемдік деңгейі туралы С.Өскенбаев, бүгінгі балалар әңгімесі туралы Ә.Өтегеновалар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазды. Қазақ балалар әдебиеті Ресей, Орта Азия халықтарының озық шығармаларынң аударып толыға түсуде. Атап айтсақ, жазушылары К.Чуковскийдің «Доктор Айболит», «Кір қоймас», В.В.Маковскийдің «Жақсы деген немене жаман деген немене», «Кім болам», А.Гайдардың «Тимур және оның командасы», С.Маршактың, А.П.Бартонның т.б. өлеңдері мен әңгімелері қазақ тіліне аударылып, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда.

Халық ауыз әдебиетінде ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер мен мақал-мәтелдердің балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Бала тәрбиелеуде бұл жанрлардың атқаратын үздік орны барлығына халық зор мән берген.

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытуға жаттықтыратын жанр – жаңылтпаш. С. Сейфуллин жаңылтпаш туралы: «Жастардың бала-шағаның жиналып ойын-күлкі құрған орнында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тілге ұстануларына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап билеп, еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын. Ойнақы, қырлы, қиын дыбысты сөздерді билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға, жастарға жас басынан ойын болатын нәрсе, әсіресе, осы – жаңылтпаш» дейді.

Жаңылтпаш – көбінесе жас өспірім балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма. Себебі, жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, көбінесе балаға тән нәрсе. Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті эстетикалық әсер алатын қызық та көркем сөздерге әуестендіру, соған баланы еліктеу арқылы жаттығу жұмысын жүргізуге үлкен шеберлік керек.

«Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданған» дейді академик М. Ғабдуллин.

Жаңылтпаш сөздер жайдан-жай айтыла салмайды. Оның да қоғамдық мәні бар. Баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстыруға да жәрдем етеді.

Сөз мағынасын бұрмалап жібермеу үшін абайлап, байыптап, маңызды сөйлеуге жатықтырады. Жаңылтпаш сөздердің бірнеше сөйлемнен құралған күрделенген түрлері бар. Жаңылтпаштар жасалу жолымен бала тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігін танытады.

Жаңылтпаштардың құрылысы жағынан ықшам, жаттап айтуға жеңіл, ұйқасымы күшті, әуенді, сазды және мазмұны жағынан күлдіргі болып келеді.

Қорыта айтқанда, бала тәрбиелеуде, оған ана тілін үйретіп, анық та айқын сөйлеуге жаттықтыруда балалар фольклоры ішінде жаңылтпаш үлкен рөл атқарады.

Қазақтың жұмбақтары көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтатын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да, ықшам қолданатын әдемі форма.

Мұнда адам өмірінің бастан кешірген тарихи-әлеуметтік іс-әрекетіне, тіршілік тірегіне байланысты барлық мұрасы толық қамтылып, түгел айтылады. Халық, отан, ерлік, батырлық, еңбек, кәсіп туралы, қоғамдық, таптық хал жайлар және адамгершілік, достық, ынтымақ туралы, туысқандық, жанұя, адамның өмірі туралы, төрт түлік мал туралы, әдет- ғұрып заң туралы, ғылым, өнер, тәлім-тәрбие туралы, денсаулық, тазалық, аңшылық, табиғат құбылыстары туралы жан-жақты жинақталып түгел айтылған.

Жұмбақтардың айтылуы, сөз құрамы, әдемі ұйқасы, құрылысы, жинақтылығы, аз сөзбен көп нәрсені қамтитыны балаларға көп эстетикалық әсер береді.

Жұмбақтардағы терең ой, терең мағынамен қатар ондағы көркемдік шеберлікті қиыннан қиыстырып келтіреді.

Профессор М. Ғабдуллиннің: «Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдың бірі» деуі жұмбақ жанрының ой ұшқырлығы мен ақыл-ой зеректігін ұштай түсетіндігін көрсетеді.

Жұмбақ өмірдің поэтикалық жақтарын қамтиды. Адамға өмірдің өзін қоршаған ортаның, табиғаттың поэтикалық көркем көріністерін танытады да, қай заттың, қай нәрсенің болса да, баламалы көріністерін тауып айтуға жаттықтырады.

Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы – өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Айнала төңіректе болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздестіруге үйретеді. Соның шешімін өз жолдастарынан бұрынырақ табамын деп өзін-өзі іске, әрекетке, терең ойға, қабілеттілікке жұмылдыра түседі. Өзі де көрген, білгенін жұмбақ етіп айтуға, сол арқылы өз жолдасының қабілетін арттыруға жәрдемдесіп, іскерлікке, қызметтің шеберлігіне төселе береді.

Сонымен, жұмбақ балалардың ойлау қабілеттілігін арттыра түсумен бірге, олардың көрген-білген нәрселердің бәріне де ой жіберіп, себептерін, өзгешеліктерін айырып, ұқсастықтарын салыстырып, оны сондай бір екінші затқа теңеп отыратындай шеберлікке үйрету үшін қолданатын халықтың шебер тапқыштық құралы. Қорыта айтқанда, дүние тану жолында баланы ойға, қиялға шомдыратын, іске, әрекетке баулитын және ой, қиялдың шама шарқын білдіретін құнды жанр.
Балалар әдебиеті – балалар психологиясын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жиаған асыл мұрасы. Ол өзінің мектеп жасына дейінгі балалардың қызыға еліктей отырып, үйренуімен, дағдыға айналуымен, шығармашылық қасиетінің артуымен, үниетанымдық қызығушылығымен, мәнділігімен бағалы.
2-апта

Лекция – № 3.



Тақырыбы: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Жоспар:

1. Балаларға халық ауыз әдебиетінің мақал-мәтелдерін таныстыру.

2. Мақал мен мәтел, нақыл сөздер – тәрбие құралы.

Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.

Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшелінеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында. Мақал-мәтелде бәрі екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ой- өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Мысалы, «Қой шелді болмай, төлді болмайды», Осындағы

сөздердің бірін де өзгерту мүмкін емес. «Шелді мен төлді» ойымен де, үйлесімімен де іштей үндестік тауып тұр. Оның орнына майлы, семіз деген баламаны алсақ, мақал бүкіл шырай-көркінен, мән-мағынасынан айрылады, мақалдық қасиеті жұтаңдайды. Сол сияқты басқа сөздерді де өзгерте алмайсың. Олар осы бітімінде ғана үлкен ой жүгіне ие. Екінші бір мысал. «Ер дәулеті - еңбек». Мұндағы негізгі ой - еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы еңбек болған соң, мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. мақалаға саздылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық молшылық т. б. сөздерді ала алмайсың. Онда мақал поэтикалық қасиетінен айрылады.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде, тіпті, сөз тастап та кетіп отырады. Бірақ онан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан келмейді. Мысалы, «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенде шығады сөзі қалып қойған, бірақ онан мақал ойсырап тұрған жоқ.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мақал-мәтелдердің басты-басты Отан, туған жер, атамекенге байланысты. Елін, Отанын емірене сүйгені халық Отанын шексіз сүюді ұрпағына өсиет еткен. «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елің - алтын бесік», «Өз елім - өлең төсегім», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деген мақал-мәтелдерде халықтың туған жеріне, атамекеніне, Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі терең түйінделген.

Мақал-мәтелдердің үлкен бір саласы еңбекке арналған. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап, бүкіл игіліктің көзі деп білген. Бұл «Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке», «Еңбек етсең емерсің», «Ер дәулеті - Еңбек», «Бейнет, бейнет түбі - зейнет», «Еңбек ет те егін ек - жарымасаң маған кел, белді бу да бейнет қыл - байымасаң маған кел» деген мақалдардан айқын аңғарылады.

Халық еңбек пен бақытты егіз деп қараған. Адамды ер атандырып, құрмет-қуанышқа жеткізетін де - еңбек деп білген. «Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет», «Еңбек - ерлікке жеткізер, ерлік - елдікке жеткізер», «Еңбек еткен - мұратқа жеткен», «Әрекет болмай - берекет жоқ, Еңбексіз - рақат жоқ», «Бір еңбектің - бір рақаты бар». «Біткен іс - піскен жеміс», - деп, халық еңбекті мейлінше дәріптеген. Сонымен қатар жалқаулықты, еріншектікті мінеген: «Тауық - құс емес, жалқау - кісі емес», «Ақымақ күлкіге тоймас, жалқау ұйқыға тоймас», «Жұмысы жоқтың - ырысы жоқ», «Еріншектің егіні піспес», «Еңбек адамды бүтіндейді, жалқаулық адамды түтіп жейді», «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз жүрген күні жоқ, жаман болар жігіттің еш жұмысқа қыры жоқ», - деп жалқаулықты шеней отырып, еңбек адамын биіктеткен.

Мақал-мәтелдердің енді бір саласы ерлікке, батырлыққа байланысты туған. Халық ерлік пен елдікті бірдей көрген. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар». «Батыр туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі», «Ер- елімен жақсы», «Елі жоқ - жер жетім, ері жоқ - ел жетім»,- деп халық ел қорғаны батырды мадақтаған. Мақал-мәтелдерде ер мен ез, батыр мен қорқақ қатар айтылады. Сөйтіп, елден туған ерді үлгі-өнеге етеді, қоян жүрек қорқақты сынайды. Жастарды ерлікке баулуды мақсат етеді.

Ынтымақ-бірлік туралы да мақал-мәтелдер көп. «Бірлік болмай- тірлік болмас»,- деп, елді бірлікке үндеген. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас»,- деп, елді бірлікке, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға шақырған. «Байлық - байлық емес, бірлік- байлық», «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді», «Ынтымақтың арты игі», «Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды»,- деп, байлық та, ырыс-береке де, елдік те, күш те - бірлікте деген үлкен түйін жасаған.

Мақал-мәтелдердің бір алуаны достыққа, жолдастыққа арналған. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қасып айтар». «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты», «Доссыз - көңіл тұл, махаббатсыз - өмір тұл», «Жолдасы көптің - олжасы көп», «Жолдасы жақсы - жолды болар, жолдасы жаман- қолды болар»,- деп достық пен дұшпандықты, жақсы жолдас пен жаман жолдасты салыстыра отырып, адал досты, жақсы жолдасты үлгі етеді.

Қазақ халқының негізгі күн көрісі, кәсібі, тіршілігі малға байланысты болған, Сондықтан төрт түлік малға қатысты мақал-мәтелдер де өз алдына бір сала. «Мал - баққандікі, жер - жыртқандікі», «Ат - ер қанаты», «Өлкенің көркі - мал болар, өзеннің көркі - тал болар».

Сол сияқты егіншілік кәсібіне байланысты мақал-мәтелдер де аз емес. «Жердің сәні - егін», «Ексең егін, ішерсін, тегін», «Берген алар, еккен орар».

Енді бір алуан мақал-мәтелдерде өнер-білім, оқу, ғылым дәріптеледі. Халық олардың қоғамдық өмірдегі орнын ерекше бағалаған. Адамзат баласының дүние тіршілігіндегі қол жеткен табыстары адам еңбегінің, ғылым-білімнің жемісі. Сондықтан халық: «Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес - істеген заты қалар», «Өнер - ағып жатқан бұлақ, ғылым - жанып тұрған шырақ», «ғылым - теңіз, білім - қайық», «Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»,- деп өнер-білімге үндеген.

Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер де қазақ мақал-мәтелдерінің ең бір қомақты саласы. «Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі», «Жарлы болсаң да арлы бол», «Тәні ұлу - сұлу емес, жаны сұлу - сұлу».

Қоғамдағы қатынастарға, әлеуметтік мәселелерге, ата-ана, туған-туысқан, денсаулық т. б. қазақ мақал-мәтелдерінде кең орын алған. «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді»,- деп, үстем тап өкілдерін әшкерелейді. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің», «Бала -ата-ананың бауыр еті, көз нұры», «Ананың сүті - бал, баланың тілі - бал», «Баласыз ана - гүлсіз алма», «Ана алдында - құрмет, ата алдыңда - қызмет» деген мақалдар баланы ата-анаға сүйіспеншілікке баулуды көздеген. Ал «Денсаулық - зор байлық», «Денің сау болса, жарлымын деме», «Тазалық- саулық негізі, саулық - байлық негізі» деген мақалдарда да ғибрат мол.

Қазақ өміріндегі әлеуметтік-тарихи өзгерістерге байланысты мақал-мәтелдердің де мазмұны байып, өзгеріп отырады. Әрбір тарихи кезең мақал-мәтелдерде өзінің ізін қалдырған. Мысалы, «Базары жақын байымас», «Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда», сол сияқты «ексең егін, ішерсің тегін» деген мақалдар қазақ даласына сауда, базар сияқты қарым-қатынастардың енуіне байланысты шыққаны, елдің экономикалық тіршілігіндегі өзгерістен кеп туғаны айқын.

Ақын-жазушылар шығармаларында мақал-мәтел болып кеткен жолдар да мол. Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбайұлының көптеген өлең жолдары қанатты сөзге айналып кеткен. Мысалы, Ыбырайдың «Шегірткем бір секірдің құтылдың, екі секірдің құтылдың, үшіншіде тұтылдың», Абайдың «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Тұлпардан тұлпар озбас шабылса да, оған да үкі тұмар тағылса да», «Доссыз ауыз тұшымас», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты».

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден т. б. шығармаларында да мақал-мәтел боп кеткен жолдар аз емес.

Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, «Өнер алды - қызыл тіл», «Мал - жаным садағасы, жан - арым садағасы», «Ер қанаты - ат», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдарда ешқандай астар, тұспал, ауыстырмалы мағына жоқ, ой ашық айтылған, ишаралау жоқ. Ал екінші бір мақал-мәтелдерде ой астарлы беріледі. Мысалы, «Не ексең, соны орарсың». Мұның тура мағынасынан гөрі жанама мағынасы басым. Халық бұл мақал арқылы істеген ісіңнің, берген тәрбиенің жемісі де, нәтижесі де сол ісіңе, тәрбиеңе орай болады дегенді білдірген. Сол сияқты «Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер», «Тай атқа, ат мұратқа жеткізер», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі», «Жауырды жаба тоқиды» деген мақалдарда да ишара, астар мол.

Мақал мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы, «Тоқпағы күшті болса киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар көбіне екі бөлімді болатынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. «Мезгіл жетсе, мұз да ерір» деген мақалдан да осыны айқын байқауға болады.

Мақалда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мақал шендестіруге құрылады. Мысалы, «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, еменнің иілгені - сынғаны». Осы келтірілген мақалдардың өзінен өмір құбылыстары типтендіріліп, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратындығын байқаймыз.

Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ.

Осы бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал мен мәтел бір-бірінен осындай белгілермен айрылады. Мақал-мәтелдің көркемдік ерекшелігі. Мақал-мәтел - сөз мәйегі, асылы, саф алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Мақал-мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Прозалық, поэтикалық құрылымды боп келеді. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, саз, интонация - барлығы да бар.

Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделген. Сондықтан олар музыкалық саздылығымен оқушысына әсер етеді, мақалдағы негізгі ойға жетектейді. Мысалы, «Ердің ісі - келіс, ездің ісі - керіс» деген мақалды алалық. Осында «е, і» дыбыстары бірнеше рет қайталанған. Сол дыбыстар мақалдың саздылығын күшейтумен бірге, құлаққа жаттық та әсем үн естіледі. Мақалдағы негізгі ой ер мен езге байланысты. Әңгіме солардың бойындағы адамгершілік қасиет туралы. Дыбыстық өрнектер де соған орай. Сонан соң осы мақалдардағы сөздер үйлесе үн тапқан. Негізгі ұйқас жол аяғындағы «келіс» пен «керіс» сөздеріне негізделсе, мақалдағы басқа сөздер іштей үйлескен. «Ердің ісі» мен «ездің ісі» ішкі ұйқасқа сүйенген. Бұл ұйқастар мақалды ажарландырып тұр.

Сондай-ақ «Түсі игіден түңілме» деген мақалда жақсы жамандыққа бармайды, ол жақсылыққа әзір деген ойды «т, і» дыбысы арқылы өрнектеген. Екіншіден, сол ойды әрі кейіптеу арқылы жақсы білдірген. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнек - синтаксистік параллелизм. Мысалы, «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді, елін сүйген еріне, ел тілеуін береді», «Жолдасын таппаған ер азады, қордасын таппаған жер азады», «Су кірді тазартса, оқу миды тазартады», «Сүңгінің жарасы бітер, тілдің жарасы бітпес». Айталық, жолдас қадірін білдіру үшін, сол ойын оқушысына жеткізу үшін ер мен жерді қосарлап алып, кесте жасайды. Ал «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» деген өрнектерде «еттен өтіп, сүйекке жетер» тіл тәңірісін ғаламат өрнектеген.

Мақал-мәтелдерде бейнелі көркем сөз айшықтарының нелер асылы кездеседі. Оларда теңеу арқылы да көркем өрнек жасалынады.

Мысалы, «Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей». Жүзі күйдей күлімдеп, іші мерез, сұм адамдарды «түндей» деген теңеу арқылы қапысыз танытқан.

Мақалдағы көркемдік тәсілдердің бірі - әсірелеу. Мысалы, «Тарыдан тау, тамшыдан көл». Мақал-мәтелдерден көркем сөз айшықтарының бәрін кездестіреміз. «Еңбек - ырыстың бұлағы, еңбек - бақыттың шырағы», «Еңбексіз - өмір тұл, ойсыз - көңіл тұл», «кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» сияқты метафора, «Талапсыз адам - табансыз, алымсыз адам - шалымсыз», «Өрлеген балық ауға жолығады, өр көкірек жігіт дауға жолығады». «От ауызды, орақ тісті» сияқты эпитет, «Кітап - көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа - маржан» сияқты метонимия мақал-мәтелдерде мол ұшырасады.

Жалпы, мақал-мәтелдер бейнелі өрнекке толы. Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдердің көркемдік осы сапаларымен байланысты.

Бақылау сұрақтары

1.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

2.Мақал-мәтел тәрбиелік мәні

2-апта(2)

Лекция-№ 4.

Тақырыбы: Ертегілердің танымдық, тәрбиелік сипаты

Жоспар:

1. Ертегілер, оның түрлері, тәрбиелік-эстетикалық мәні.

2. Олардың жанрлық ерекшеліктері

Әдебиеттер:



    1. Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

    2. Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

    3. Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

    4. Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері».

Ертегі - фольклордың негізгі жанраларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең. Ол тәрбиелік, әрі көркемдік эстетикалық роль атқарады. Ертегінің осы бүкіл жанрлық ерекшеліктері екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті-сюжетті барынша тартымды етіп көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек, ертегіні шындыққа бағыттамайды, ал ертекші әңгемесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні-алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлық белгілерін бойына сіңірген.

Ертегілер мен аңыздар - біздің сенімді серіктеріміз. Ерте кезден ертегілер адам баласының арман мүддесі, ой санасы, арманы мен қиялынан, салт-дәстүрі мен тұрмысынынан болашаққа күтетін үмітінен туған.

Ертегі-адам баласының ой-қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.

Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен білетіндігінде. Басталған жерден-ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді.

Халық ертегісінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі, ондағы адам бейнелері барлық жағынан әріден жетілген болады. «Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері - типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебиетінде жасалған. Ертек оқиғасындағы әралуан толық кейіпкерлердің Іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық, ерлік, айлакерлік, ісі оңына келе беретін аңқаулық мінездері балаларды таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіріп отырады.Мысалы: «Тазшаның қырық өтірігі», деген ертегіде хан алдында шарт жүгініп, өлімге басын байлап, нар тәуекел деп отырған тазша бала қырық ауыз өтірікті мүдірмей айтып шыққан соң да, ханның кенеттен оқыс қойған сұрақтарына аса тапқырлықпен жауап береді.

«Бәйтерегің қысқа шығар» - деген ханның сұрағына кішкентай тазша бала:

«Болса болар, түбінен таңертең ұшқан күйкентай басына кешке жетіп қонушы еді»,- дейді.

«Күнің қысқа шығар»,- дегенде,

«Болса болар, таңертең қашқан марал кешке бұзаулаушы еді»,- деп ханның жетекші сұрақтарына да мүдірмей жауап береді. Өзінің тапқырлығымен өлімнен құтылады. Дәулеті төмен, өзі кедей болса да, ақыл - парасаты жағынан ханнан асып түседі. Халық даналығының ұтымды қасиеті, биік шоқтығы, ұшқыр қиялы осындай тапқырлығымен көрінеді. Оның балаларға көрнекті де, қызықты жақтары осынысына.

Қазақ ертегілеріндегі кеп айтылатын тазшалар бейнесі сырт пішіні жағынан сондай елеусіз, нұсқасы келмеген жарамсыз жан боп көрінсе де, ақыл-айласы, сөзге тапқырлығы, қулығы бәрінен де асып түсіп отырады. Алдынан ажал тосып тұрса да саспайтыны, жол тауып құтылып кете беретіні балаларды қатты сүйсіндіріп, кеп ойға қалдырады.

Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып, ханның жетекші сұрақтарына да жауап берген соң, хан бұл баланың ақылына, тапқырлығына таң қалады. Баланы сөзден жаңылтып мерт ете алмағанына хан бір жағынан іштей қатты күйінеді де.

«Сен бала бір міндеттен құтылдың. Сөзуар тапқырлығың да бар екен. Қырық өтірікті сөзбен айттың, енді тағы да осындай қырық өтірікті өлеңмен айта аласың ба?», - дейді хан сүріндірсем, осы жерден сүріндірермін дегендей. Тазша бала оған да мүдірместен, тіпті, қиналмастан «айтсам, айтайын», - деп бірден төгілтіп жібереді.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге ұстауға сырық қылдым.

Бір талып сойылымның кесіп алып,

Көшкенде мал айдайтын сырық қылдым.

Тазша бала өтірік өлеңдерін айтқан сайын алғашқыдағыдан гөрі де үдей түседі. Ханды да, халықты да қыран жапқан күлкіге баурайды. Хан тазшаның өлеңіне таң-тамаша болады. Өтіріктен мін таппай мысы құриды.

Қиял-ғажайып ертегілердің жанды-жансыз дүниелері де елден ерек. Мысалы, «Ыста тас» деген кішкене ғана тас тілдің астында жатады. Атын атаса: «Ләббай» деп жауап қайырады. Не бұйырса, соны істейді... Ханды ханыммен жеті дарияның ар жағына апарып таста дейді иесі, ол көзді ашып-жұмғанша орындайды. «Ханның ордасын көшіріп әкел» дейді, ол әп-сәтте көшіріп алып келеді. «Күн астында Күнікей қыз» ертегісінің оқиғалары да ғажайып. Сол сияқты «Сиқырлы тас» ертегісіндегі жасыл тастың кереметіне де таң қаласың. Ал «Кедейдің үш баласы» ертегілеріндегі Жұмагелдінің қырық құлаш семсерінің де қасиеті де ғаламат. Ағасы інілерінен «Сендердің қандай ерліктерің бар? - деп сұрағанда, "Жұмагелді оған: «Денемде қырық құлаш семсерім бар, сол кетсе өлем, ол кетпесе атса де өлмеймін, суға батпаймын, отқа күймеймін» деп жауап береді. Сол семсер оны мұратына жеткізеді.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөй де аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай, Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол «бір тісін жұлып алып жібергенде бір аяғын жұлып түсіреді... тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Әр тісі бір кетпен. Сол кетпен тістерімен «Бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жақындайды». Ал оның қызы кемпірден де «өте күшті екен», бес төбетке бой бермейді.

Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен-жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Соларды мекендеген тіршіліктерде жер пендесі шошыр, жан түршігер үрейлі қорқынышты бейнелер.

Қиял-ғажайып ертегілерде адамға қаскөй сұм, аяр жауыздық иелері - мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді жалмауыз, дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар. Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да мол кездеседі. Қиял-ғажайып пырағынан туған сиқырлы тас, ұшқыш кілем, сол сияқты «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ер Төстік» ертегілердей нелер ноян алып батырлар адамның сенімді серігі ретінде бейнеленген. Оларды да арманшыл адам қиялы жаратқан. Соның бәрі адамның ізденгіш ойының жемісі. Қиял-ғажайып ертегілерінің бір ғажабы сол, оларда еңбек адамының ақыл-парасатынан, табиғатты бағындыра алар құдіретіне сенім мол.

Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп-қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Талай қиыншылықтарды жеңіп, дегеніне жетеді. Мұнан адамның мылқау күшті (айдаһар, жалмауыз, дию, мыстан, жезтырнақ т. б.) жеңуін, оны өзіне бағындыруын ғана емес, сонымен қатар әдеміліктің жауыздықты жеңуін тамаша көрсеткен. Әділдіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсаты биік, сондықтан да ертегілер көбінде жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.

3-апта

Лекция - № 5.

Тақырыбы: Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту.

Жоспар:

  1. Батырлар жырының тәрбиелік, танымдық мәні

  2. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту


Ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар жыры. Жыр әр батырдың әр кезеңдегі төтенше қайрат, асқан ерліктерін жырлаған жеке өлеңдерінің қосындысы. Батырлар жырының тақырыбы: тарихи оқиғалар, Отанды қорғау; елдің әдет-ғұрпы, салт-санасы. Олар бір-бірімен тұтас байланыста бейнеленеді. Батырлар жырларының тақырып таңдауында да, композициясында да, оқиғаны баяндап беру әдістерінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Онда бір тапқа не бүтін халыққа ең қызықты деген оқиғалар суреттеледі. Кейіпкерлері – даңқты батырлар, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген халық қаһармандары.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту бастауыш сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді.

Мұғалім әңгімелесу барысында оқушылардың неғұрлым шығарма арқауына үңілдіруі еді. Жалпылама сөйлеу – шығарманы тану емес. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып беретін болса, пайдалы. Оқушыларды ойландыру, ізденіс жасауға ынталандыру, олардың қиялына қанат бітіру мұғалімнің оқыту процесінде әр алуан ұтымды әдіс қолдануына байланысты. Мұғалім дамыта оқытуды ұтымды пайдалану жағынан зер салады. Орайлы сұрақ-тапсырмалар танымдық міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, сол арқылы проблемалық ситуациялар жасалады. Танымдық сұрақ-тапсырмалармен мұғалім эвристикалық әңгіме жүргізе алады.

Үйге тапсырма бергенде, мұғалім шығарманың сипатын ашу жағына да көңіл бөледі. Өткен тақырыптар бойынша жырдың «Қобыланды батырды сипаттаған жеріндегі көркем сөз бедерлерін теріп жазып, оларды жыршы өз мақсатына қалай шебер қолданған, соны жауап бергенде пайдаланыңдар» деген тапсырмалар береді.

Үшінші сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Жырдағы әйелдер бейнесі». Бұл сабақта кейіпкерлерге салыстырма сипаттама беру әдісін қолдану ұтымды. Ол оқушыларды текске үңілдіреді, ізденіс жасауға жетектейді. Жырдағы Құртқа мен Қарлығаның бір-біріне ұқсас жақтары да, бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ұқсастықтары - екеуі де махаббаттына, достыққа адал. Құртқа да, Қарлыға да Қобыландыны қалтқысыз сүйеді, оның жолына құрбан болуға әзір. Олар сөзімен емес, ісімен дәлелдейді. Жырда бұл нақтылы оқиғалар үстінде көрсетілген. Әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол қандай? Құртқа жырда көбінесе ақылдылығымен көзге түссе, Қарлыға батырлығымен, айла-амалдығымен ерекшеленген. Мұғалім олардың бойындағы осы қасиет-сапаларды жыр арқауына сүйене отырып, салыстыра ашады.

Құртқа бәрін де ақылмен істейді. Батырдың жауды жеңіуінің бір ұшы осы Құртқаның ақылында жатыр. Мұғалім Құртқа бойындағы осы қасиеттерді терең ашу үшін жырдың мына жерлеріне оқушы назарын аударады: 1. Құртқа батырға қанат болар Тайбурылдай тұлпар бастап өсуіру. 2. Қараманның айдап салуымен «егер шықса алдыңнан басын кесіп алмаққа» бел байлап, қаһарын төгіп келген Қобыланды «он екі құлаш кезеңнен атылып ойнаған, түлкідей көзі жайнаған» Тайбурылды ойнақтатып алып шығуы. Тұлпарын көргенде батырдың райынан қайтып, «бүйтіп жүрген Құртқаны шауып тастай жаздаймын» деп өз қылығына налуы, жарына разы болып сүйсінуі. 3. Құртқаның ақылмен алдын болжай білгендігі, көрегендігі, Қобыланды жорық сапарына аттанарда: «Тоқсанға келген атаның қызылбастың елінде қара табан болып, алпыста Аналық арқан есіп, жүн түтіп, құрт қайнатып жүргенде, қарындасың Бикешжан белдемшесі белінде, бес кесесі қолында шай қайнатып, сенен қалған мен сорлы бір дұшпанның мықтысы аламын деп тұрғанда, сұлтаным, сонда келерсің», деген сөзінен мұның айқын көрініс беруі. 4. Құртқаның шапқыншылыққа ұшыраған елдің бағытын білдіру үшін Тайбурылдан жақсы көретін жемін жол бойы төгіп, «кез бойы алтын қазақты» қағып, «тауып азық қылсын деп» жая менен жал көміп кетуі. 5. Қобыландының келе жатқанын сезіп, жарын алдынан шығып қарсы алуы үшін, Алшағырды «бойымды жазып келейін» деп, алдап кетуі, ақылмен жанына ерген құл мен күңдерін жолда қалдыруы. 6. Батырдың ата-анасына, қарындасына деген Құртқаның ықылас-пейілі, сүйіспеншілігі. 7. Оның ел намысын, ел қамын бәрінен де жоғары қоюы, елін шапқыншылыққа ұшыратқан жауынан кек алуды армандауы.

4-АПТА
Лекция - №6.

Тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті: Махамбеттің отансүйгіштік, отты поэзиясы. М. Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Дыбыс қайталау, риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы.

Жоспар:

1. ХІХ ғасырдағы балалар әдебиетінің дамуы.

2. М.Өтемісұлының шығармаларының тәрбиелік мәні.

3. Риторика ұғымын қалай түсінеміз.

Әдебиеттер:

1. Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

2. Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

3. Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

4. Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері

Мазмұны

Махамбет өлеңдерін жеткізушілердің жадында сақталған ақынның негізгі шығармалары 1925 жылы Ташкент қаласында «Исатай-Махамбет» жинағында басылды. Мұнда Махамбет өлеңдері «Махамбет батырдың Баймағанбет султанға айтқан сөзі», «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы», «Махамбет батырдың басқа сөздері» деген төрт тақырыппен берілген. Алғашқы тақырыптағы шығармаларының ішінде ақынның Баймағанбетке айтқан сөзінен өзге де өлеңдері бар. Алғашқы тақырып – 28 өлең, екінші, үшінші тақырыпта бір-бірден екі өлең, төртінші тақырыпта 39 өлең қамтылған. Кітаптағы түсінікке қарағанда Махамбет өлеңдерінің көбі ұмытылған, жинаққа енген ақын мұрасының бір шоғыры ғана.

Махамбет өлеңдерін шәкірті Қуан жырау, Кішкене Қобыланды ақындар жатқа білген. Одан Мұрат ақын үйренген. Мұрат білетін өлеңдерді Ығылман жаттаған. 1925 жылғы жинаққа енген Махамбет өлеңдері Ығылман айтуынан жазылған. Бұл жинақтың ақын өлеңдерінің басылымдарын дайындағанда, бірден-бір сүйенетін сенімді нұсқа болатын себебі де сондықтан.

Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау, зерттеу ісінде белгілі ғалым Қажым Жұмалиев елеулі еңбек етті. Ол Махамбет өлеңдерінің 1939, 1948, 1951, 1958, 1962 жылғы басылымдарын жариялады, ақын творчествосы хақында мерзімді баспасөз беттерінде оқулықтар мен әдебиет тарихтарына мақалалар, зерттеулер жазды.

Махамбет өлеңдері 1984 жылы «Бес ғасыр жырлайды» жинағының І томында жарық көрді. Мұнда 1962 жылғы басылым негізге алынды.

Махамбет өлеңдерінің соңғы басылымы – 1985 жылы «Ғылым» баспасы шығарған «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» аталатын жинақтағы өлеңдер. Жинақты құрастырушылар 1925, 1962 жылғы басылымдарды негізге алып, 1925 жылғы өлең текстерін қалпына келтіріп, ғылыми дұрыс бағыт ұстаған.

«Ереуіл атқа ер салмай» - 1925 жылғы басылым бойынша берілді. «Еңкейіңкі жер шалмай» деген тармақтағы қарапайымдау оқылатын «Еңкейіңкі» деген сөз орнына «Шайыр» (1912) жинағы негізінде поэзиялық әсері мол «Еңку-еңку» сөзі алынды.
Бақылау сұрақтары:
1.ХІХ ғасырдағы балалар әдебиетінің дамуы.

2. М.Өтемісұлының шығармаларының тәрбиелік мәні.

3. Риторика ұғымын қалай түсінеміз.

4.Махамбет жырларының тілдік нышандары

5.Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні.

4-апта(2)
Лекция - № 7.

Тақырыбы: Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі. Ш.Уәлиханов- қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Ы. Алтынсарин -шағын әңгіме шебері.

Жоспар:

1.Ш. Уәлиханов – қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші

2. Ы.Алтынсарин шығармалары туралы.

3. Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні.

Әдебиеттер:

1.Қ Жұмалиев. ХҮІІІ – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

2.Ә Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы.

3.Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті.

4.А. Адамбаев. Қазақ халқының ауыз әдбиеті.

5.А. Адамбаев. Халық даналығы.

6.М. Әуезов. Повестер. Әңгімелер.

7.М. Қаратаев. Әдебиет және эстетика.

Шоқан Уәлиханов   өзінің  қысқа  өмірінде қоғамдық ғылымдардың  алуан саласында - тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда  - көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының - қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар»,   «Абылай»,   «Көне  замандағы қазақтың   қару-жарақ,     сауыт-саймандары», «Даладағы   мұсылмандық»,   «Қазақтағы  шаман  дінінің  қалдықтары»,   «Қазақтың  көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы   пікірлер»,   «Ыстықкөл   күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының   келелі   мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми   бағыт  ұстағаны   кейінгі оқымыстылар зерттеулері   арқылы  расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.

Ш.Уәлихановтың шетелдік Шығыс туралы еңбектері мен зерттеулері - бір төбе. Шығыс «Түркістан мен Шынжан халқының тарихы туралы еңбектері оның ғалымдық даңқын дүниежүзіне таратты. Ол «Алты шаһардың немесё Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы» атты іргелі еңбегінде және Қашғарияға сапар күнделіктерінде осы аймақтың жан-жақты - географиялық, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени, әдеби сипаттамасын берді. Қазақ ғалымының еқбектерінде комплексті зерттеулердің үлгілері де бар. Көптеген еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы болып көрінеді және көбіне қатар жүреді.

Ш.Уәлиханов - қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б.

Ыбырай Алтынсарин XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы. Алтынсариннің ағартушы және педагог ретінде қазақ халқының тарихи даму жолына үлкен үлес қосарлықтай творчестволық еңбек етуіне орыс халқының прогресшілдік ықпалы көп көмегін тигізді. Бұл қағида Қазақстан үшін де солай еді. Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчестволық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашып, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық бағалы мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен өңгімелері де бар. Бірақ ол - ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына сол ағартушылық-педагогтық істеріне бағынған. Әңгімелер мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтарына енгізген.

Ыбырай Алтынсарин өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында істейтін мамандар даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, маңызы зор игілікті істің негізін салуды арман етті. Бұл арманына ол жете білді. Кейін Торғай қаласында кәсіптік училище ашып, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастыруға ұйтқы болды.

"Казақ балаларының орыс тілін, орыс ғылымын жеңіл де тез меңгеруіне мүмкіндік беретін орыс-қазақ мектептеріне де Ы. Алтынсарин зор маңыз берді.

Ы. Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынған болатын. Себебі Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды.

Өзінің көптеген педагогикалық таңырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесімен қатар, адамгершілік тәрбиесіне де жете көңіл бөліп отырды.

Ыбырай өз халқының жастарынан зор үміт күтті. Оларды орыс халқының ілімін біл, мәдениетін үйрен, болашақ, міне, осында, сөйтіп, туған еліне білгеніңді үйретіп, пайдалы адам бол деп үгіттеді.

Абай  бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен,  ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылған. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы, көп кырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", (Жаздыгүн шідде болғанда) "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдыңдағы келер заман" секілді өлендерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. "Жазғытұры қалмайды қыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ Абайдың өмір құбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға қарап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп,  әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің  қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады.

  Абай орыс классиктерінің шығармаларын аударып қана қоймай, сол аударма өлеңдерге ән де шығарған. Абай әндерінің үшінші бір саласы-осындай аударма өлеңдерінің негізінде шыққан әндер тобы. "Татьянаның хаты", "Онегиннің хаты" әндері - кезінде қазақ даласына кең тараған шығармалар. Бұл сияқгы әндер Пушкин поэзиясын қазақ тілінде өлеңмен де, әнмен де насихаттау ниетінен туғаны байқалады.



Бақылау сұрақтары:

1. Алтынсариннің тәрбиеге байланысты негізгі тақырыптары

2. Ш. Уәлиханов – қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші

5-апта


Лекция - № 8-9.

Тақырыбы: Абай - қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан терендетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, Абайдың табиғат лирикасы, қара сөздері, аудармалары. Лирика ұғымын кеңейту.



Жоспар:

  1. Абай – қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан тереңдетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл

  2. Абайдың табиғат лирикасы

  3. Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

  4. Абай аудармалары

XIX ғасырдың ұлы ақыны, ойшыл қоғам қайраткері, қазақ халқы ағартушысының бірі - Абай Құнанбаев.

Абай - қазақ халқының рухани өмірінің айнасы. Ақын сөзі – жас ұрпақ үшін ғибрат. Абай «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» өлеңінде жасөспірімдердің көңіл-күйін оятуға күш жұмсайды. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде өзінің өлең жазудағы талабы мен мақсатын аңғартады.

Абай өзі педагог болмаса да, Ыбырай Алтынсарин сияқты баланы оқытуға, тәрбиелеуге көп көңіл бөлген, оған зор мән бере білген ақын. Баланы оқытудың да белгілі мақсаттары, алдарына қоятын тілектері барын айтқан. «Баламды медіресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім» дейді Абай. «Халық үшін туған ұл - халық үшін қызмет етсін»,- дегенді басты міндет етіп қояды.

Абай балалар әдебиетін жасаушылардың бірі - ірі өкілі. Жасөспірімдерге арнап бірталай өлеңдер жазды, ақыл сөздер айтты. Жасөспірімдерді өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын-ала ескертіп өтеді.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-дейді.

Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі-өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Ол тек құрғақ насихат емес, өмір шындығына, келешекке жол тартады, бағыт сілтейді.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жас шәкіртті ғылым иесі болуға шақырады. Бес асыл іске ие болу керектігін айтады. Ғылымның жауы бес нәрсе екенін ескертеді. Өтірік, өсек, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақтық – ғылымның жауы дейді. Талаптану, еңбек ету, тереңнен ойлау, әр нәрсенің байыбына жетіп іс істеу – адамгершілік белгісі деп үйретеді. Ғылым жолындағы қиындықтардан қорықпауға шақырады. «Интернатта оқып жүр» өлеңінде шен-шекпен үшін оқитындарды әшкерелейді. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі жас ұрпақты талапты болуға, өмірге икемді болуға үндейді. Қажыр мен қайраттың, талап пен ақылдың, еңбектің адамды ойлаған мақсатына жеткізетіндігін айтады. Оңай олжаға тап болуды көздеушіліктің, еңбексіз күн көруді мақсат етушіліктің адамды азғындататынын түсіндіреді.

Абай қазақ поэзиясын көп жанрлы етті. Қазақ даласында бұрыннан бар саяси лирика жанрын дамытты. Лириканың махаббат, табиғат, көңіл-күй түрлерін қосты. Абай жылдың төрт мезгілін жырлады. Табиғат құбылысын адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттейді. Көркем тілмен, орамды ықшам тілмен береді. Жасөспірімдер ақынның «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Күз» тәрізді табиғат туралы өлеңдерінен эстетикалық ләззат, рухани азық алады. Бұл өлеңдердің танымдық жақтары да бар. Балаларды айнала төңірекке, табиғаттағы жан-жануарлардың тірлігіне зер салуға үйретеді. Құстар үнінен, жәндіктер тіршілігінен хабардар етеді. Абайдың қарасөздерi де өлеңдерi сияқты алуан түрлi мәселенi қозғайды. өлеңдерiндегi бай мазмұн қарасөздерiнде де толық қамтылады. Көзiне iлiнген өмiр көрiнiстерiн Абай жалынды жырмен де, жай қарасөздермен де жетiмдi дәрежеде айтып берген. Сондықтан өлеңдерiне тән тақырыптар, қарасөздерiнде де қозғап отырады. Қарасөздерiнде өлеңдерiндегi пiкiрлерiн толықтыра түседi. өзi өмiр сүрген заман шындығы, қоғам құрылысы Абайдың өлеңiне де, қарасөздерiне де негiз болады.

Абай жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндірді. Адам өзіне қажетті барлық заттарды, жаратылысты зерттеу, игеру арқылы табатынын, адам өмірі соған байланысты екенін суреттейді.

Орыс халқының атақты сыншысы В. Г. Белинский: «Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әралуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз, олардың өмір шындығына көзқарасын кеңейте аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қырдың қылтанағын да, сарқыраған бұлақты да, майда қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек», деген екен. Белинский айтқандай, Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен байланыстыра суреттеуден басталады. Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек процесіне, қимыл, әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, өмір тіршілігі ретінде сүйкімді нәрлі көрінеді. Сондықтан балалар адам тіршілігімен тығыз байланыстыра суреттеген Абайдың «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» деген өлеңдерін аса қадірлеп, сүйіп оқиды.

Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң-тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады.

1888 жылы жазған «Қыс» деген өлеңінде Абай жылдың бір мезгілін былай суреттейді:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» , - дейді. Адам бейнесінде суреттеп, әсем теңеулермен айтылған өлеңнің кішкентай осы үзіндісін оқығанда-ақ оқушы көз алдына бірден Аяз Атаны елестетеді. Осы өлеңнің соңында Абай:

Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,

Малшыларым қор қылма итке малды.

Соныға малды жайып күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды ,-

деп, малшыларды одан бетер жігерлендіре түседі. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады дегендей, қыстың ызғарлы, боранды сұрапылымен қоса, бір жағынан қасқырдың да шабуылы елді алаңдатып қоятын тажал екенін сақтандыра еске салады. «Кәрі құда» сияқты қыстың ызғарлы сұрапылынан қалай малды аман алып шығуға шақырады. Әрине, жаратылыс сұрапылына қарсы күресетін адам болғандықтан: «Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды» - деп, соған қарсы тұруға, қарсы тұрып жеңіп шығуға үндейді. Еңбек адамдары түбінде жаратылыс сұрапылын қалайда жеңіп шыға алатынына Абай ешқашан күмәнданған емес. Өлеңнің ең күшті, ең құдіретті жағы осында. Адамға сенімді арттыра сөйлеу - оны рухтандыра білудің, жігерлендіре берудің бірден бір дұрыс жолы, дұрыс әдісі деп білеміз. Осындай метод арқылы адамды дұрыс бағытқа, дұрыс жолға түсуге үйретеді. Қыстың пейзаждық көркем сипатымен бірге оның осындай терең мазмұны бар. Балалар әдебиеті дегенде жас жанды рухтандыра білетін оның осындай қасиеттері, оларды қызықтыра білетін осындай ерекшеліктері болатынын айтпақпыз.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп отыратын жағы оның дәлдігі мен көркемдігінде. Бұл өлеңді оқыған балалар қыстың қаһарлы қысымынан сақтандыра айтылған.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға,-

деп қорытынды жасайды. Баланы тәрбиелеу, өсіру жеңіл-желпі іс емес екенін ескертеді. Абай осы өлеңінде тек баланы оқытуды, мәдениетті елдерден үлгі-өнеге алуды ғана әңгіме етіп қоймайды, сонымен қатар бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлін де көрсетеді. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»,-

- деп, бала тәрбиелеу ата-аналар алдындағы ең жауапты міндет екенін айтады. Бала өздігінен білім ала алмайды. Олар ізгі мақсатқа - көру, үйрену, оқу, жақсы тәрбиелену арқылы ғана жетілетінін ата-анаға ескертеді:

- Ғылым, білімді әуелі бастан бала ізденіп таппайды, басында зорлықпенен, яки алдауменен үйір қылу керек; үйрене келе өзі іздегендей болғанша, қашан ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болғанша - үйрету керек», - дейді Абай. Абай өлеңдерінің үлкендер мен жасөспірімдерге бірдей қызмет ете алатын екі жақты тамаша қасиеті бары осынысында.

«Интернатта оқып жүр» (1886) деген өлеңінде де шенге, шекпенге, малға, баққа, бақ құмарлыққа бола оқитындарды әшкерелейді. Жас шәкіртті ғылым иесі болуға шақырады. Ынталы, талапты болмай, еңбек етпей ғылым өздігінен келмейтінін айтады. Бас пайда үшін емес, ар үшін, адамгершілік үшін, халық ұлы болу үшін оқу керек дегенді әрқашан ескертіп отырады.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге,-

дейді. Жастарға жігер қайрат, күш-қуат бере жырлайды. Баланың ақыл-ойының дамуына қозғау салады.

«Ғылым таппай мақтанба» (1886) деген өлеңінде де Абай өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - ғылымның жауы, талаптану, еңбек ету, терең ойлау, әр нәрсенің байыбына жетіп іс істеу адамгершілік белгісі деп үйретеді. Абай, әсіресе баланы жас кезінен бастап өтірік айтпауға дағдыландыру керектігін көп ескертеді, өйткені, баланың алғашқы бұзылуы оның өтірік айтуынан басталады. Өзінің ата-анасын алдайды. Ата-анасын алдаған бала басқаны да аямайды. Баланың өтірік айтып алдауы - өзін опасыздыққа әкеліп ұрындырады. Өтірік айтатын бала бірді бірге соқтыратын өсекшіл де болады. Сондықтан тәрбие жұмысының ең бастысы, алғашқы формасы баланы әділетшіл болуға үйретуден басталуы керектігін Абай данышпандықпен айта білген. Жастар үшін Абай өлеңдерінің ең күшті, ең қажетті, өлместік орны бар жақтары міне осынысында. Абай осы өлеңінде:

Ғалым болмай немене,

Балалықты қойсаңыз!

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз!,-дейді.

Ыбырай Алтынсарин сияқты Абай да балаларды өнер-білімге осылай шақырған. Білім алудың неше алуан жолдарын көрсеткен. Байлықтың түп қазығы - өнерлігі, білімді азамат болуда деп үйреткен. Ғылым алу жолындағы барлық қиындықтардан қорықпай оны жеңе білуге шақырды. Ғылым - қол жетпейтін дүние емес, еңбекпен, зейін ықыласпен ұзақ сарылып, соған беріле ізденген кісінің уысына түсетінін айтқан «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды»,- дейді Абай. (8- сөзінен).

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі тұл, -

деп, білім алу, оқу жолындағы жамандық пен жақсылық қасиеттердің аралық белгісін көрсетеді. Неден алыс болып, неге қарай ұмтылу жолдарын айтады.

Өлеңдерімен қатар Абайдың оқуды, өнер-білім мәселесін толық қамтитын, тәрбиелік мәні зор, жастарға үлгі-өнеге көрсететін публицистикалық қара сөздері де балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Абайдың «екінші», «сегізінші», «оныншы», «он сегізінші», «жиырма бесінші», «он жетінші», «отыз екінші», «отыз үшінші», «отыз жетінші», «отыз сегізінші», «қырық үшінші» сөздері халық ағарту мәселесін көтереді.

5-апта (2)

Лекция -№10.

Тақырыбы: Шәкәрім - Абайдың шәкірті. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік туралы өлеңдер



Жоспар:

  1. Шәкәрім Құдайбердиев шығармаларының тәрбиелік мәні

  2. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік туралы өлеңдер


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өдебиеті тарихыңда Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының орны үлкен. Шәкәрім қазіргі Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жьілы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Кұдайберді 37 жасыңда дуниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқьметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өленінде бес жасыңда ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін анғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығьна алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым-білім қуумен қатар, домбыра тарту, гормоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы - Құнанбай ауылыньң зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде калыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім акылы кемелденіп, ой-өрісі тереңдеп өседі. Акыңдық өнерін де таныта бастайды.

Жиырмаға толғаннан кейінгі үш жьльн Шәкөрім болыс болып, ел басқаруға арнаған. Бұл жылдарын ол «Еріксіз жемтік шоқыдым», «Ар кетіп, айла жамылдым» деп еске алады. Әйтсе де елмен қызмет бабында араласу акынньң адам тануына, адамшылық пен аярлықты айыра білуіне, қоғамдық ортаның тамырын басып, сыркатын анықтауына көмектеседі.

Ақынның алғашқы жазған өлендері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен-ак ол Абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады. Абай ағасынан ғылым-білім үйреніп, акылын тыңдап қана қоймай, кісілікке де, азаматтыққа да үйренеді. Оның сынына түсіп, шығармашылық жаттығудан өтеді. Абайша енбек етіп, өмір сүруді өзінің бірден-бір мақсаты санайды. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. Жастай орыс, түрік, араб, парсы тілін үйренуге ден кояды. «Талпынып орыс тілін үйренумен, надандықтың тазарып кетті кірі» деп жырына да косады. Осының арқасында ұлғая келе оқығанын сынай білетін ойшылдық танытады. Философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді кадағалап оқиды.

1905-1906 жылдары Шәкәрім ел, жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралауға шығады. Меккеде болады. Ыстамбол кітапханасында отырып жұмыс істейді.

Іздедім, таптым анығын,

Тастадым ескі танығын,

Қақихат нұрдың жарығын,

Жарылды жүрек көргенде, -

дейді шет елдерді аралап қайтқан ақын ол елдер мәдениеті мен әдебиетін, діні мен философиясын, ғылым салаларын тануға күш салады. Ой өрісі кеңейіп, өмір, қоғам, жан, тән жайында жаңаша байыптай бастайды.

Ұстазы Абай үйреніп, үлгі алған қазақтың төл әдеби нұсқаларын Шәкәрім де жастай көкірегіне тоқып өскен. Қазақ халқыньң басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазады. «Қалкаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы саналады.

1908 жылдан бастап Шәкәрім жалғыз өзі елінен жырақтау бұрын саятшылық мақсатпен тау арасына салдырған Саятқора деген қыстауына қоныс аударады. «Ойға оңаша жер керек» деп шығармашылық жұмыспен оңашаланып оқу, жазумен шұғылданады. Бұл жылдары өте өндіре жазған.

Патша үкіметі кұлаған тұста Шәкәрім «Бостандық туы жарқырап», «Бостандык таңы атты» деген өлеңдер жазады. Осы кезде Қазакстанның коғамдық өмірінде болған толып жатқан бағдарсыз өзгерістерді түсіне алмай, ақын олардан өзін аулақ ұстауға тырысады. Алаш козғалысына әуелде тілектестік танытқанымен, кейін одан да кетеді. Баяғы Саятқорада шығармашылықпен айналысады. Осы кездегі бір өлеңінде:

Мен кеттім, сендер елде қойдын қалып,

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.

Елу бес жыл жинаған қазынамды

Оңашада қорытам ойға салып, -дейді.

Шәкәрім Кенес өкіметінің орнауын, негізінен, теріс қабылдамаған, оны әділет жолы деп ұкқан. Бірақ оған жаңа өкімет те тыныштық бермеген. Өкімет белсенділері оны бандылармен байланысты деп айыптаған. Бай-жуаңдар оны «ата жолынан безді, алжыды» деп санаған. Ал дін өкіддері қажы бола тұрып, дін жолын ұстамағанына наразы болған. Осындай қым-қуыт наразылықтар акынның алды-артын жаланаштап, тұйыққа тіреген. Ол куғынға ұшыраған. Қазақ елін жайлаған асыра сілтеу оны да сырт қалдырмаған. Ақыры Мемлекетгік саяси басқарманың, өкілдері ақынды 1931 жылы 2 қазан күні өз жұмысымен оңаша үйінен ауданға бет алып келе жатқан жолда атып өлтіреді. Қарулы тобьмен бандыларды іздестіріп жүрген олар бұған солармен байланысты деген айып тағады.

Ш. Құдайбердіұлының әдеби мұрасы өте бай. Оның шығармашьлығы жанры жағынан да әртүрлі. Ол поэзия, проза, аударма, трактат саласында жұмыс істейді. Оның бірсыпыра кітаптары Кеңес дәуіріне дейін-ақ жарық көрген. «Түрік, кырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» кітабы Орынборда (1911), «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» поэмалары Семейде (1912) басылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде бірнеше мақалалары жарияланды. Бірсыпыра шығармалары әр кезде баспасөзде жарық көрді. 1988 жылы ақын аты ақталғаннан кейін шығармалар жинағы кітап болып шықты, шәкәрімтану саласында жаңа зерттеулер жазыла бастады.

Ш. Құдайбердіұлы Қазан төнқерісіне дейін сыншыл реалист ақын ретінде калыптасты. Идеялық мақсаты жағынан демократтық-халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытты ұстанды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шәкәрім поэзиясындағы ағартушылық мәселесі.

  2. Шәкәрім Абай дәстүрін дамытушы ақын.

6-апта


Лекция- № 11-12.

Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті. А. Байтұрсынов,


М. Дулатұлы шығармашылықтары

Жоспар:


1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті.

2. А. Байтұрсыновтың шығармашылықтары

3.М. Дулатұлы шығармашылықтары

Әдебиеттер

1.Ә.Қоңыратбаев «Қазақ эпосы және түркология» А.1982.

2.Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фолъклорының тарихы А.1991.

3.З.Қабдолов. Сөз өнері. А.,Мектеп 1982

4.М.Балақаев Қазақ тілінің мәдениеті. А..,Қазақстан 1971.
ХХ ғасыр басында әлеуметтік өмірдің сан қатпарлығы сияқты қазақ ақын жазушыларының да шығармаларында мейлінше өзгерістер болды.ХХ ғасырда оқу ағарту ісі екі түрлі бағытта жүрді. Оның бірі – мұсылманша оқу, екіншісіша оқу. Әдебиетте тың, жаңа әдебиет жанрлары туа бастады. Қазақтың демократ ақын жазушылары өздерінің күрес, көтеріліс дәуіріндегі қазақ халқының өмірі жайында күрделі шығармаларын жаза бастады. Қазақ өлеңінің тарихы қызық та ұзақ, әрі терең. Оны ойласаң , көз алдыңа қазақ даласындай кең жайылып жатқан өлең-жыр дариясы елестейді.Осы жыр-дарияны толтырған қазақтың халық поэзиясы мен ақын-жырауларының есімі бүгінде айдай әлемге аян.

Балалар әдебиетін зерттегенде, оның төмендегідей басты – басты алты түрлі ерекшеліктеріне тоқтауға болады.

Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәл-дігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.

Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, яе деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»» дел отыратындай болуы тиісті. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.

Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.

Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін - пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.

Бесіншіден, балалар әдебиеті шыгармаларының мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.

Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол.

Ахмет Байтұрсынов – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағлымы мол, тәрбие туралы өзіне тән рогрессивтік ой – пікірі бар ұлы – ғалым. Қазақ философиясының (тілбілімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог – ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынов – алғашқы қазақ – тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы «Жаңа емле ережесі» айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударды.

Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай бастайды.

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір саласы – оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен Абай Құнбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. Мұның бәрі қоғамдық ой – пікірге танымсыз ізденген өмірге құштар жас Ахмет Байтұрсынов үшін текке кетуі мүмкін емес еді.

Ахмет Байтұрсынов қалдырған бай мұраның тағы бір саласы оның көркем аударма дамуына үлесі. Қазақ әдебиетіндегі кркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. Ахмет Байтұрсынов аудармамен шұғылданған тұста, яғни 20 ғасырдың бас кезінде аудармада әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісіне едәуір тәжірибе жинақталған еді.

М.Дулатовтың ақын, жазушы әрі публицист ретінде қалыптасуына оның "Қазақ" газетінің редакциясында Ахмет Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із қалдырды. Газет бетінде ол саяси бағыттағы өлеңдер, сол кездегі Қазақстанның өмірдегі қиын-қыстау жағдайларға байланысты публицистикалық материалдар бастырды.

М.Дулатов 1885-жылы 25-ноябрьде қазіргі Қостанай облысына қарасты Сарықопа деген жерде туған. Алғашында ауыл мектебіңде, 12 жасынан бастап Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқыды. 1902-жылы педагогикалық курсты бітірген соң ауылда мұғалім болып істей жүріп, өзінің бүкіл бос уақытын білім көтеруге, орыс және шетел жазушыларының туындыларын игеруге арнайды.

М.Дулатовтың ақын, жазушы әрі публицист ретінде қалыптасуына оның "Қазақ" газетінің редакциясыңда Ахмет Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із қалдырды. Газет бетіңде ол саяси бағыттағы өлеңдер, сол кездегі Казақстанның өміріңдегі қиын-қыстау жағдайларға байланысты публицистикалық материалдар бастырды.

Тұңғыш өлеңі 1907-жылы Петербургте алғашқы шыққан "Серке" атты қазақ газетінің бірінші санында жарияланады. Ол газеттің екі-ақ саны шығып, сонан соң жабылады.

"Оян, қазақ" кітабының Сыртқы бетінде ақынның:

_ Көзінді аш, оян, қазақ, көтер басты!

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харап боп,

Қазағым, енді жату жарамасты, -

деген бір ауыз өлеңінің өзінен "Оян, қазақ" кітабының мұрат-мақсатын, негізгі идеясын айқын аңғарамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері.

2. Ахмет Байтұрсынов - аудармаларының бала тәрбиесіне әсері...

7-апта
Лекция – № 13.



Тақырыбы: С. Дөнентаев және балалар әдебиеті

Жоспар:

1. С. Дөнентаевтың балалар әдебиетіндегі орны

2. С. Дөнентаев және балалар әдебиеті

3. С. Дөнентаев көркем поэзиясының тілі

Әдебиеттер:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

  2. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976.

  4. СүйіншәлиевХ. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – А., 1967.

  5. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.


С. Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылыңда (казіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы) кедей шаруаның отбасында туған. Жас кезінде ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен сабақ алған. Онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қажының медресесінде (1911-1912) оқып, өзінің білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйренеді, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады.

Бұл жылдары Сәбит өз бетімен оқып ізденіп, прогресшіл татар әдебиетімен танысады, Абай шығармаларын оқиды. «Айқап» журналын үзбей оқып тұрады. Орыс әдебиетін, әсіресе, Крылов мысалдарын қызыға оқиды. Осы негізде оның ой-санасы есейіп, ақындық таланты оянады.

1913 жылы «Айқап» журналында (№ 22) Сәбиттің «Қиялым» деген өлеңі жарияланады. Бұл - ақынның баспа бетін көрген тұңғыш шығармасы. Онда Сәбит халық жыршысы болуды армандайды. Өлеңде ақынның бұл ойы жұмбақтау, астарлап айту үлгісімен беріледі. Ол түсі әдемі сандуғаш болып, «зарымды жұртқа айтып», «мұңымды шақсам» деп қиялдайды. Бірақ ол орманның жыртқыш құсы - қаршыға мен тұзақшыдан қорқады.

Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің бәріне үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады. Оның өлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланып тұрады.

«Уақ-түйек»

1915 жылы Уфа қаласында Сәбиттің «Уақ-түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақынның сол дәуірдегі қазақ халқы өмірінің әр алуан күйін, қоғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын, сөйтіп демократтық, ағартушылық әдебиетке үн қосып, оның идеялық-көркемдік арнасын толықтыруға қатысқанын көрсетеді. Бұл өлеңдерде Сәбит, ең алдымен, қоғамның көкейкесті мәселелерін зерттеп, соны көркем бейнелеуге ұмтылады. Қазақ халқының отар болып Ресей мемлекетінің қарамағына кіргенін, кіріптар боп билеушіге жалтақтап отырған халықтың психологиясын ол жақсы түсінеді. Оның аяғы немен тынарына күдікпен қарайды. «Биік тау» өлеңінде ақын:

Біз келдік биік таудың панасына,

Жиһанның симай сахара даласына.

Құйын мен жел, дауылдан аман-есен,

Биік тау, бізді сақтап қаласың ба?

Тынышты ап, төбемізден тас құлатып,

Әлде өзің тырнағыңды саласың ба?

Келген тау панасына оны қылса,

От болып есіл жүрек жанасың да! -

деп жазды. Өлең тұспалмен жазылған. Ондағы «биік тау» деп отырғаны - Ресей мемлекеті екенін оқырман бірден түсінеді. Оның панасына келіп, пана бола ма, әлде төбесінен тас құлатып, тынышын кетіре ме деп келешегіне күдікпен қарап отырған лирикалық қаһарман - қазақ халқы. Риторикалық сұрақтың жауабы белгілі. Пана бола алмаған биік таудың қылығына налыған ақынның жүрегі от боп жанып, күйзеледі.

Лирикалық қаһарманның күйін Сәбит «Менің жайым» өлеңінде де жарқын суреттермен жеткізеді.

Кім менің су құймақшы Кез келіп арыстанның арбауына,

Тап болдым қу түлкінің алдауына.

Бірі ойнап, бірі шындап итермелеп,

Тықсырды жердің биік жарлауына,

...Кетуге су түбіне тұрмын таяу,

Қолымның қай тал жақын қармауына,

...Тұншығып әлім бітті, есім шықты,

Бұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына.

От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп тұр, жанбауыма?

Бұл өлең отаршылдыққа душар болған, екі жақты қанау езген халықтың көңіл күйін әдемі бейнелейді. Осыдан бастап Сәбит поэзиясында шындықты тұспалдап, бейнелеп айту стилі қалыптасады. Ақын әлеуметтік теңсіздікке, біреуді біреудің қанауына негізделген қоғамды жыртқыш аңдар дүниесі ретіңде алады. Үстем тап өкілдерін, күштілер мен азулылар, тырнақтылар мен тістілер кейпінде суреттейді. Бұл, әсіресе, «Заман кімдікі?» атты өлеңде анық байқалады. Өлең тақырыбын сұрақ түрінде қоя отырып, ақын оған өзі жауап береді.

Бұл заман байқағанға күштінікі,

Азулы, тырнақты мең тістінікі.

Дүниенің патшалығы, батырлығы -

Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі-

Жуас қой ен жайлаған қасқырдікі,

Құл еркі қожайыны - тақсырдікі.

...Даулы мал ебін тапқан шешендікі.

Пыш-пышта бағы ашылған «көсемдікі».

Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,

«Мінеки мен - ақ кісі»,-дескендікі», -

дейді. Ол атқамінер пысықтар мен дәулеттілердің жарлы-жақыбайларға зорлық-зомбылық етумен бірге, көлгірсіп аярлық жасайтындығын, олардың қорқау құлқынын, мал құмарлығын да қоса аңғартады.

Отаршылдық езген халықтың психологиясындағы өзгерісті, жалтақтықты, шешімсіздікті Сәбит жақсы байқайды. Қазақтың кешегі дұшпанына қарсы тұра білген батырлығын, досқа дос, қасқа қас бола білген адамгершілік іздейді. Сол мінез қайда кеткен деп күйінеді («Қайда кеткен?»).

Ақын халқының қараңғылық пен надандыққа шырмалып, алды-артын барлай алмай отырғанын сынайды. Қалың бұқара тұрмысындағы жүдеушілікті, елдің қараңғылық пен ескілік шырмауынан шыға алмаған мешеу күйін суреттей отырып, ол халықты бұл жолдан өнер-білім үйрену, ағарту арқылы шығаруға болады деп ойлайды. Сондықтан бұл саладағы өлеңдерін халыққа тікелей үгіт айтуға кұрады.

Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,

Қайратсыз қамсыз тұрып қалдың, қазақ,

Қарулан, қуатсызды қуаттандыр,

Құрдан-құр қампитқанша қарын, қазақ, -

деп жазды ол «Қазақтарға қарап» деген өлеңінде.

Қазақ елінің артта қалуын, қоғамдық дамудың мешеулігін Сәбит тікелей надандықтан, қазақтардың талапсыз бейқамдығынан көреді. Надандықты ерке қып, мойнына мінгізіп отырған халықтың мінезіне налиды. Одан туындап жатқан жамандықтарды сынайды. «Соңғы сөз» өлеңіңде ол:

Қазақ, біздің түпке жеткен надандық,

Надандықтың шеңгелінде қамалдық.

Сол еркенің арқасында болып тұр,

Болса бізде не секілді жамандық, - дейді.

Ақынның ағартушылық көзқарасы, ой-пікірі халық бойыңдағы жақсы мінез-құлықты оятуға, оны тіршілік үшін күреске қосуға арналады. Ол ел бірлігін («Бірлік»), талапты болуды («Талап»), "сөз қумай іс тындыруды («Тіл мен көңіл»), ақылды («Ақыл») және ойлы («Ой») болуды уағыздайды. Осы өлеңдер, негізінен, ақын көңілінде қорытылған ойдың түйіні сияқты суретке түсіп, оқырманға үлкен ғибрат ұсынады:

Тіл - көңілдің тілмашы,

Көңілдің жоқ сырласы.

Тілмашыңды оң жұмсап,

Теріске, көңілім, бұрмашы!

Айтқанын қып қожаңның,

Тілім қарап тұрмашы!

Аңғырттанып беталды,

Масқара мені қылмашы!

Тым құтыртпай, тыя ұста,

Тілмашыңды, мырзасы! -деген шағын өлеңде тіл мен көңілдің ара қатынасы, тілді теріске емес, оңға пайдалану керектігі, «бір елі ауызға екі елі қақпақ» қою қажеттігін тапқыр, ұтымды, әзіл араластыра отырып, айтқан.

Ақын адам өміріндегі талаптың орнын зор бағалайды. Ең жаманы - талапсыздық, талапсыз бақ та, дәулет те, білім де келмейді дей отырып, халық ұғымында талапқа үлкен мән берілгенін еске салады:

Әр дәулет саған даяр, етсең талап,

Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап,

«Нұр жауар талаптыға -деген қарттар,

Жүргенге жөргем бар ғой бұрыннан –ақ,

«Жалғызбын, жарлымын» деп қорғаламай,

Сал құлаш, бір өзіңді жүзге балап.

Әрбірі талаппенен тауып жатыр,

Дүниеде неше өнерлі көрсең санап...

Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,

Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.

Көз салып осыларға, ойланатын,

Біздерде жігер - намыс бар ма, қазақ?!

Кейде ақын өзінің ағартушылық ойын мысалдап жеткізеді. «Жұмыскердің өкініші» өлеңінде бұрынғы бай баласынын бұлаңдап жүріп алды-артын ойламағанын, білімсіз қалып, байлық өткен соң қара жұмыс істеп жүрген өкінішін жазады. Ол мал жұтайтынын, өнер, білім жұтамайтынын кеш сезінеді. Ақын оқырмандарына осыны ғибрат етеді.Ақын замандастарын қараңғыдан жарыққа шығуға, өнер-білім үйреніп, озық елдермен теңелуге шақырады. Жабысайық өнерге,

Ынтықпай қарап өлерге,

Өзіміз керек демесек,

Керек қып бізді келер ме?'

...Жұмулы болып көзіміз,

Ізденбесек өзіміз,

Білімінен білгендер,

Бөліп бізге берер ме?!

«Замандастар» атты өлеңінде осылай жар салған ол ел басшыларына, көзі ашық оқығандарына халыққа қызмет істеу қажеттігін ескертеді.

Қызмет көрсет халқыңа,

Игі ат қалсын артыңа

...Пайдалы басқа өнерден,

Ұлт керегі дегеннен,

Жан қиналып, жолыңда,

Бас кетсе де, тартынба!-дейді.

Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыққа сіңірген еңбегімен өлшейді. Ол әкім болғандардың халықтың мүддесінен гөрі өзінің қара басын, құлқынын көбірек ойлайтынын сынайды. Олардың қылығы халықтың алғысы емес, қарғысына ғана лайық екенін ескертеді.

Өзің шыққан ұлтыңнан,

Басшы қылған жұртыңнан,

Бұл мінез, бұл құлқыннан.

Қайтіп қарғыс алмайсың, -

дейді ол «Қайтіп қарғыс алмайсың» өлеңінде.

«Уақ-түйекке» Сәбиттің бірсыпыра мысалдары кірген. Өмір шыңдығын тұспалдап айту тәсілі оның мысал жанрына баруына да себеп болғаны байқалады. Көрші халықтардың мысалшы ақындарын (Крылов, Тоқай т. б.) оқу арқылы өз талантын ұштап, ол өз кезінде осы жанрдың дамуына едәуір үлес қосты. Сәбит мысалдары оқырманға ғибрат боларлық жайларды суреттеп, содан тәлім алуды, үйренуді ұсынады. «Ұры мен баласы» атты мысалда ұры баласын ертіп, біреудің бағына түсіп алма ұрлайды. Баласы: «әке, көріп қойды» дейді. Әкесі: «кім?» деп сұраса, «Құдай көріп тұр ғой» деп жауап береді. Мысал ұрлықты біреу көрмейді деп ойлама, бәрі бір белгілі болады, арың алдыңда таза бол деген насихатқа құрылады. Ұры да баласы сөзінен ұялып, мазасызданады.

Білмеді не айтарын жазған ұры,

Ұялып, текке қарап тұрды құры.

Ұрыдан ұрлық кетті мұнан кейін,

Ерігем қар секілді жазғытұры, - дейді ақын.

«Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке» мысалдары көп халықтарға ортақ, кең жайылған сюжетке жазылған. Алайда Сәбит олардың оқиғасын қазақ ұғымына лайықтап жазады. Оларда ел арасындағы өсек-аяң, шағыстыру, қанағатсыздық, бәсекеқұмарлық сияқты жағымсыз мінездер сыналады. Мысалы «Ауырған арыстанда» ауырып қалған аң патшасының көңілін сұрауға барлық аңдар келгенде, түлкінің келе алмай қалғаны сөз болады. Мұны пайдаланған қасқыр арыстанға түлкіні шағыстырады. Арыстан ашуланып түлкіні шақыртқанда, ол патшаның ауырғанын біліп, ем іздеп кеш қалғанын айтып ақталады. Ол емі қасқырдың артқы аяғының сіңірі боп шығады. Сол арада арыстан қасқырды ұстап өлтіріп, аяғының сіңірін жейді. Мысал түйінін:

Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,

Алайда жіп тақпаймыз ешкімге деп.

Сөз жүгіртіп, шағыстырған қасекеңдер,

Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп, - деп аяқтайды.

«Көзі тоймайтын итте» сүйек тістеп, көпір үстінен өтіп бара жатқан судағы өз сәулесін басқа ит екен деп, сүйегін тартып алмақ үшін суға секіріп түскен иттің азабын суреттесе, «екі текеде» көпір үстінде кездесіп, біріне-бірі жол бермей, ерегісіп, сүзісіп, суға құлаған екі текенің қылығын жазады. Екеуі де адам бойыңдағы қанағатшылдықты, кішіпейілділікті мадақтайды.

Бұл айтылғандар алғашқы беталысынан-ақ Сәбиттің қазақ қоғамы дамуының көкейкесті мәселелерін жырлаған әлеуметтік ойдың ақыны болып қалыптаса бастағанын көрсетеді.

«Уақ-түйек» шыққаннан кейін жазған өлеңдерінде де Сәбит жоғарыда айтылған мәселелерді жаңғырта көтеріп, көркемдікпен, тереңдей қозғауға тырысты. Ол «заманның желдей есіп бара жатқанын» айтып, оның даму үрдісіне қазақтардың да ілесуін тіледі. Өз елінің даму дәрежесін балалық шақпен салыстырады. «Балалық» (1915) өлеңінде балалықтың ақ көңіл адалдығын, сенгіш аңғалдығын, кез келген нәрсеге алданып отыра беретін мінезін суреттей келіп, қазақ қоғамының күйін сонымен салыстырады.

Заман өтіп бара жатыр желдетіл,

Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп.

Текке отырған көздің жасын көлдетіп,

Қашан кетер біздің елден балалық, - деп налиды.

Ақынның әлеуметтік теңсіздікті суреттейтін өлеңдерінде жаңаша ізденіс, көркемдік шешім бар. Оларда дәуір шындығы, адам бейнесі тереңдей, нақты ашылады. «У жеген қасқыр» өлеңінде ол парақорлығымен аты шыққан, кейін соның жазасын тартқан озбыр болыстың бейнесін жасайды. Оны қорқау кәрі тарлан бейнесінде алады да, кезіңде елге жасаған озбырлықтарын суреттейді.

Жерің кем шарламаған, бармай қалған,

Ісің кем ойға алмаған, болмай қалған.

Жалғызды, жарлыны да, қимасты да,

«Ер» едің көмекейге бүктеп салған, -

деген жолдардан өлеңнің сатиралық өткірлігін де, өш керелеушілік күшін де көреміз. Ақын оны осы күйге түсірген «қу құлқынның» сырын ашады.

Қазақ балалар әдебиетінің тарихында С.Көбеевтің көрнекті орны бар. Өмірінің соңына дейін оқытушылық қызметпен айналысқан С.Көбеев өз білімін, қажыр-қайратын туған халқына жұмсады. Оның ұстаздық, ағартушылық қызметі қазақ қоғамының артта қалған мешеулік жағдайында басталды. Ауыл адамдары арасында жаңалық таратушы болды. А.С.Пушкиннің «Дубровскийі», Н.В.Гогольдің «Өлі жандары», И.А.Крыловтың мысалдары мен А.П.Чеховтың әңгімелері С.Көбеевтің ауызша әңгімелеуі негізінде ел ішіне тарады. Қызылжардағы орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген кезінде өзінің И.А.Крыловтан аударған мысалдарын жинап баспаға жіберді. 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен Қазанда басылып шықты. Крыловтан 40-тан аса мысал-өлең аударды. Замандастары бойындағы тоғышарлықты, надандықты, зұлымдық пен мақтаншақтықты, көрсеқызарлық пен өзімшілдікті мысал тілімен тұспалдап әшкереледі. Ы.Алтынсарин үлгісімен 1912 жылы «Үлгілі бала» оқу кітабын шығарады.Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Оқу кітабын құрастыруда С.Көбеев К.Ушинскийдің «Родное слово» кітабын басшылыққа алған. Бірқатар материалдарды содан еркін аударып пайдаланған. Кітап балаларға мектеп, оқытушы, адам (бала) тіршілігі жөнінде түсінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден басталады. 60-қа жуық әңгіме, ертегі, мысал, өлеңдер бар. Көпшілігін орыс тіліндегі түрлі оқу кітаптарынан алып, қазақ балаларының ұғымына лайықтап жазған. «Үлгілі балаға» Спандиярдың бірқатар төл шығармалары да кірген. Олар қоғамдық теңсіздікті, жетім-жесірдің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен әңгімелер. Кітапқа енген шығармалар арқылы балаларды өнер-білімге, мәдениетке шақырды, іскерлікке, қиындыққа төзімді болуға, қайырымдылыққа шақырды. Ыбырай үлгісіндегі педагог жазушы С.Көбеев те балалардың теңсіздіктегі өмірін аяушылықпен суреттейді. «Жетім» атты өлеңінде ол жетім баланың қысқы аязда тоңған, әрі аш кейпін суреттей отырып, оны аяп үйіне әкеп тамақ берген, жылы төсекке ұйықтатқан кемпірдің ықыласына ризалық білдіреді. «Қайыршы» өлеңінде автор елден жинаған тиын-тебенін ғарыптерге, ақсақ, соқырларға үлестіріп берген қайыршының қайырымдылығын жазады. С.Көбеевтің халық арасында кең тараған шығармасы – «Жетімнің өлеңі». Онда жазушы жетім баланың аянышты халін суреттеп, феодалдық ортаның мораліне қарсы қояды. Өлең идеясы жалпы қазақтық қасиеттер туралы ойлармен, арманмен ұласады. С.Көбеевтің 1913 жылы Қазанда басылып шыққан «Қалың мал » романы жастардың бас бостандығы үшін күресін көрсетеді. Ұзақ жылдардан кейін «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабын жариялады. Бұл – педагог- жазушының өткен жолы, оның дәуірі, ортасы жайлы шығарма. Онда автор қазақ аулындағы таптық күрес жайлы, Қазан төңкерісі жөнінде әңгімелейді. Сол негізде жазушының өсу жолы, көзқарасының қалыптасу жолы көрінеді.

7-АПТА (2-ТАҚЫРЫП)


Лекция – № 14.

Тақырыбы: С.Көбеев өмірі мен шығармашылығы және балалар әдебиеті

Жоспар:

  1. С. Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы

  2. С. Көбеевтің қазақ балалар әдебиетіндегі орны

  3. С. Көбеевтің шығармаларының тәрбиелік мәні

Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі, обаған болысына қарасты № 3 ауылда (қазіргі Қостана облысының Меңдіқара ауданы) туған. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл әрі өнерлі жан болған Анасы Айтбоз да елге сыйлы жан екен. Спандияр мектеп жасына келгенде ел ішінде Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады екен деген әңгіме тарайды. Алайда ол мектеп бір жыл кешігеді де Спандияр ескіше оқуға кіреді. 1887 жылы ұлы педагог Ыбырайдың көмегімен Спандияр ұстаз ашқан мектепке оқуға қабылданады. Аталынған мектепті 1892 жылы бітірген ол Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте 1892-1895 жылдары оқыған соң 1895-1897 жылдары Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш мектепте бала оқытуға жолдама алған Спандияр өз ауылына аттанар алдында: «Алдымда туып өскен ауылым. Мәдениеттен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі әмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенше мәдениет шамшырағын жақпақшымын... Жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсірермін деп асығып келемін»,- деді.

Әз ұстазы Ыбырай Алтынсариннің жолын қуған Спандияр елге келісімен-ақ бала оқыту кызметіне кірісті. Бұл жолда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Қалай оқытудың жолдарын, әдістерін іздестірді.

И. А. Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударып «Үлгілі тәржіме» деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды. Осы арқылы жас ұрпақтарды өнер-білімге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелегісі келді. Мінез-құлықты түзеудің құралы етіп пайдаланады. Осымен қатар озбырлық еткен үстем таптың қиянатын, пасықтығын әшкерелеудің құралы етті. Бұл жөнде Спандиярдың өзі: «Мен, Пушкин, Лермонтов сияқты ақын, жазушылардың шығармаларының мазмұнын айтып, түсіндірумен қатар, әсіресе Крыловтың мысалдарын көбірек оқып, аударып беріп жүрдім. Шынын айтқанда, менің Крыловтың мысалдарын аударуыма осы Кішіқұмдағы жағдай себеп болған еді»,- дейді.Кішіқұмдағы жағдай қызық болған екен. Оны автор былай суреттейді:«Декабрьдің аяқ кезі еді, Таңертең мектепке келсем, мектептің есігі ашық екен. Балалар келіп қалған-ау деп, ішке кірсем, мектептің ішінде он шақты қозы, лақ жүр. Ойымда түк те жоқ, төлдерді айдап шықтым. Мектептің ішін сыпырып болғанша, балалар да келіп қалды. Сабақ басталды.

Бір мезгілде ентігіп бай кіріп келді. Өңі бұзылып, ашуланып келіпті. Мүлдем ісініп, жарылып кеткелі тұр. Мен оны байқамаған кісі болып, балалардың жазуын қарап жүр едім, бай маған:

-Молда, мұның қалай? - деді.

Мен оған жалт қарадым да:

- Қателесесіз, мен «молда» емеспін,- дедім.

- Оқа емес,- деді бай, молда болмасаң да, әйтеуір бала оқытушысың ғой. Төлді шығарған сен бе?

-Қайдағы төлді?

-Осы үйге қаматқан төлді.

-Бұл мектеп емес пе?

-Мектеп болса қайтеді екен?

-Байеке-ау, мұнда балалар оқып отырған жоқ па?

-Оқып отырса қайтейін? Олар малдан артық деймісің! Мен не айтарымды білмей, біраз кідіріп қалдым да:

-Есіңіз дұрыс па? - дедім,

- Сіздің ше? - деді маған бай шімірікпестен.

- Мен мектепті төл қораға айналдыра алмаймын.

Үй менікі. Бұл үйді салдырған менмін. Арық-тұрақ төлімді далаға қоя алмаймын, маған мал керек алдымен!, - деді де бай есікті ашып жіберді

-Кіргізіңдер-ей, айда бері!-деп әлдекімге бұйрық берді. Сол уақта-ақ манағы қозы-лақтар дүркіреп мектепке кіріп келді.

- Бай, бұлай ететін болсаң, онда мен мектепті жабамын,- дедім.

- Мейлің білсін,- маған бәрі бір. Мына отырған қу маңкаларыңнан маған төл артық,- деді бай.

Мен не айтарымды білмей, сілейіп тұрдым да қалдым .

-Несі бар?! - деді тағы да бай шығып бара жатып,- оқыта бер. Бұл төлдердің түк зияны жоқ. Мал адамның бауыр еті деген қайда? Момын, сәби төлден безгені несі мал көрмегірдің!

Лаж жоқ, оқыта беруге тура келеді. Балалар оқудан тарағаннан кейін мен мектепте қалып, Крыловтың «Көлбақа» деген мысалын аудардым. Аударып болып, оқып қарап едім, әжептәуір аударылған сияқты болып көрінді. Үстінен өңдеп қайтадан ақ қағазға көшіріп шықтым. Осы аудармамды сәл ғана өңдеп, кейін «Үлгілі тәржіме» деген жинаққа енгіздім.

Мен мектептен шығарда Оспан ағай келді. Балалар айтып барған болу керек, оның бірден төлге көзі түсті.

- Балаларды таратып жіберіп, «мыналарды» оқытып отырмын,- дедім мен.

- Қайтесің, шырағым... заман күштінікі мен тістінікі ғой, «бетегеден биік, жусаннан аласа» болмасаң, жер бастырып жүргізер деймісің олар. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма» ,- деген, кішкене бауырларың үшін төзіп бақ, қалқам,- деді Оспан»

Жазушының мұғалімдік жұмысы мен балалар әдебиетін жазуға кірісудегі алғашқы кезеңдері осындай ауыр жағдайларды бастан кешіруге байланысты туған еді.

Спандияр Көбеев «Үлгілі тәржімеден» соң мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқыту үшін 1912 жылы «Үлгілі бала» - деген атпен бірінші, екінші кітаптарын бастырып шығарды. Бірінші кітабыңда 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Бұлардың бірқатары аударма болғанмен Спандияр Көбеевтің өз шығармалары.

Балалар әдебиеті балаларды оқыту, тәрбиелеу процестерімен тығыз байланысты болғандықтан Спандияр Көбеев оқуға керекті материалдарды өзі іздеп табуға, немесе өзі жазуға мәжбүр болды. Қажеттілік оны соған сүйреді. Баланың сауатын ашып, хат тантудың бірінші құралы, бірінші басқышы ана тілі мен балалар әдебиеті болғандықтан Спандияр оны өзі құрастырды.

Ыбырай Алтынсарин сияқты оның шәкірті Спандияр Көбеев те оқылуға қажетті материалдарды іздестіруде, құрастыруда, өз тұсынан жазуда болсын, алғаш рет орыс әдебиеті мен орыс мәдениетін өзіне үлгі етті, содан үйренді. Алдымен орыс әдебиетіндегі бай мұраны зерттеп, соның балаларға қажеттісін аударды. Оны балаларға үлгі етті де оқытты.

И. А. Крыловтың мысал өлеңдерінен үйрене, үлгі ала отырып, Спандияр өз тұсынан да оқушы балаларға арнап көптеген мысал өлеңдер, әңгімелер жазды. Спандияр Көбеевтің «Үлгілі бала» деген оқу кітабындағы әңгіме, өлең, мысалдардың, көбі өзінің мазмұны, көлемі жағынан мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына арналған. Бұл кітаптың алғашқы беті де Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық», - деген өлеңі сияқты «Мектепке шақыру» - деген өлеңмен басталған:

Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,

Мәз болмай деген сөзге мырза, ерке.

Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,

Зат емес надан кісі алар текке.

Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың,

Халықтар кетіп жатыр егіндікке.

Күн шығып, терезеге сәуле түсті,

Тұрықсыз, жарамас тек уақыт өтсе,-

деп, тым әсерлі, жұмсақ сөздермен ұйқысынан оятып, баланы мектепке кетуіне дайындайды. Ата-ананың балаға деген мейірімін, шын ықыласын білдіреді, Өлеңнің, осылай басталған жалғасы бұдан да әсерлі сөздермен баланын, ой-санасына қозғау салады. Бал жинаған ара мен қалбаңдап ұшқан көбелек те, жүгірген аң, ұшқан құстың бәрі де әрекет үстінде. Бәрі де тыным таппай қажетіне жарайтын мүлікті іздеп табу қимылында, өз міндетін атқаруда деп жанды теңеулермен салыстырулар арқылы баланы оқуға, өнер-білім жолына қызықтырады.

Ыбырай Алтынсарин сияқты Спандияр Көбеев те халық ағарту жұмысына байланыстыра отырып, соған қажет болған балалар әдебиетінің тәрбиелік орнын халық игілігі дәрежесіне көтерді. Сауатсыз қараңғы елдің мәдениетін көтеру үшін алдымен білімнің қайнар бұлағы болған, ғылымның да, халықтың да асыл мұрасын жинақтаған, сақтаған кітап екенін, соны сүюдің қажеттігін Спандияр Көбеев балаларға әрқашан, сабақ сайын айтып, түсіндіріп отырған. Өлеңмен де, көркем сөзбен де кітаптың пайдалы жақтарын, асыл мұраларын дәлел өткен.

Спандияр Көбеев баланы оқыту барысында барлық білімді кітаптан алуға болады, ол үшін кітапты көп оқу, іздеп тауып оқудың қажеттігін бірінші орынға қойған. Осы мақсатты Іске асыру үшін оқылуға керекті кітаптардың жоқ кезінде балаларға қажетті сондай кітаптарды өзі жазуға, өзі құрастыруға мәжбүр болғаны да осыдан еді. «Үлгілі бала» деген кітабындағы «Балалар мен ғалым» деген қысқа әңгімесінде де осы кітап мәселесін сөз еткен.

Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алады. Сол баланың біреуі: «Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім», - дейді. Екінші бала оған жеңістік бермей: «Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым», - дейді. Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға: «Сендер хат танисыңдар ма? », - дейді. Балалардың екеуі де шынын айтып, «Жоқ, хат танымаймыз»,- дейді. Сонда ғалым: «Кітап сендерге не керек. Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын оқу білгенге беремін», - дейді.

Кітап кімге қажет дей келіп, кітап хат білгенге, сауатты азаматқа қажет екенін білдіреді. Кішкентай әңгіменің бала тәрбиелеудегі әрі терең, әрі үлкен мазмұны осындай ұтымды мәселені баяндаған еді. Балалар әдебиетінің тәрбиелік мазмұны оқу процестерімен тығыз байланысты

Оқыту үшін Спандияр Көбеевтің алдымен оқытудағы қажетті болған материалдарды жинақтауы, өз тұсынан құрастыруы, жазуы осыны дәлелдейді. «Үлгілі бала» кітабының бірінші бетінде «Мектептерде және үйде оқу үшін жазылады» деген Спандияр Көбеевтің өзінін, ескертпе сөзі де бар.

«Үлгілі бала» кітабында жазылған Спандияр Көбеевтің әңгімелері өте қысқа болғанмен мазмұны жағынан өте құнды. Ыбырай Алтынсариннің де, сол сияқты Спандияр Көбеевтің де әңгімелерінің қысқа болатыны олар балалардың жас ерекшеліктері мен білім ерекшеліктерін ескеріп, соған лайықтап, ықшамдап жеңіл де көркем тілмен суреттейтіндігінде.

«Түскі тамақ һәм кешкі тамақ» -деген әңгіменің де мазмұны сондай қызық. Түске дейін үйінде ерігіп қарап жатқан баласына шешесі ет салып жақсы сорпа жасап береді. Бала сорпаны ішіп отырып: «Сорпаңыз дәмсіз екен»,- дейді. Шешесі кешке дәмді сорпа жасап берермін дейді. Түс қайта баласы әкесімен шөп тасып, үйіне әбден шаршап қайтады. Шешесі баласына түскі тамақтан қалған сорпаны жылытып береді. «Түскі сорпаңнан мына сорпа дәмдірек екен»,- дейді баласы үсті-үстіне ұрттай түсіп. Сонда шешесі: «Еңбексіз ауыз тұшымас, балам. Бұл түскі сорпаның қалдығы еді. Саған бұл сорпаның дәмді болғаны сен түстен соң жұмыс істеп шаршадың ғой»,- дейді. Қара күшке сүйенген даңғойлық ожар мінездің неге әкеліп соғатынын да Спандияр Көбеев «Аю және бөрене» деген әңгімесінде ашық та күлкілі етіп суреттеген.

Қалың орманды аралап келе жатқанда аю бал араның ұясына кез болады, Ағаш басындағы ара балына тамсанып, оны жегісі келеді. Аю ағаш басына көтеріліп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасайды. Аю бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю бөренені тағы да одан бетер қатты итеріп жібергенде, ол екінші рет аюдың басына соқтығып, құлағын шыңылдатып жібереді. Оған ызаланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет қойып жібереді. Серіппелі бөрене қайта айналып аюдың басына соқтыққанда, басы жарылған аю ағаш басынан жерге ұшып түседі.

Баланы қияңқы даңғой мінездерден арылтып, саналылыққа үйрететін әңгіменің тәрбиелік жақтары дәл осындай болуға тиісті. Баланы саналы азамат етіп тәрбиелеу үшін мұғалімдер ашық сөз, айқын пікірлерді жазушылардың осы сияқты өтімді әңгімелері арқылы жеткізіп отырады. Спандияр Көбеев өзі педагог болғандықтан оның жазған әңгімелерінің бәрінде де оқу процесіне байланыстырыла айтылатын мазмұн бар. Баланы қалайда саналы, оқыған азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған. Артық атылған, не оқушының ұғымына ауыр тиетін қисынсыз бұлдыр сағымдар кездеспейді.

Осындай қысқа жазылған өнегелі әңгімелермен қатар «Үлгілі бала» кітабында панасыз қалған балалардың өмірін өте қайғылы халде сыпаттайтын екі өлең бар. Оның бірі - «Жетімнің өлеңі», екіншісі «Жетім» деп аталады.

«Жетім өлеңі» деген бірінші шығармасында жастайынан әке-шешесі өліп, жетім қалған баланың ауыр халі суреттелген. Әке-шешесінен қалған азын - аулақ мал-мүлікті озбыр ағайындары бөліп алып, баланы ешқайсысы да қорғамай, қаңғытып жібергені баян етілген.

Бетімен іс етуге ақылың кем,

Бой өсіп, жас жетпеген - білмейсің жөн.

Мал басың ағайынның талауында,

Алдаушы осы емес пе дүние деген.

Көзіңнен жас ағады қан аралас,

Биліктен малың түгіл шығып тұр бас,

Сұраусыз малыңда құрық, басыңда сырық.

Қыр аңы арыстан, қабылан мұндай болмас,-

деп суреттеген. «Байтал түгіл бас қайғы»,- дегендейін ол кезеңде жетім-жесірлерге оқу түгіл баспана табудың өзі де аса қиын болған. Өмірден қысым көріп, тұрмыс өгейлігі арқасына батқан жетім-жесірлер қайыршылық халге түскен..

Шөлдесең сусын болар күндер қайда,

Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда?

Қаңғырып жүдеп-жадап жүргеніңде,

Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда? -

деген патриоттық жігер беретін жалынды сөздермен аяқталған. Адамның сай-сүйегін сырқыратарлық жас нәрестенің басындағы трагедиялық осындай хал кімге болса да үлкен ой туғызады да, қатты тебірентеді.

Спандияр Көбеев «Орындалған арман» атты кітабындағы «Тойда естіген әңгіме», «Молда алдында», «Зорлық», «Үміт сәулесі», «Құлақ естігенді, көз кереді», «Бөлтіріктер», «Ауыр қаза» тағы басқа әңгімелер ауылдағы бұрынғы мектеп өмірі мен бүгінгі ауыл жайын толық таныстырады. Спандияр Көбеев шығармашылығы балалар әдебиеті мұрасына үлкен үлес болып қосылған тарихи және тәрбиелік маңызы зор шығармалар деп білеміз. Ұлы ұстаз 1956 жылы өмірден өтті.

Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті А. 1974

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балар әдебиеті А. 1976

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы А. 1994

  4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті А. 1992

  5. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А. 1974

  6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы . А. 1994

Бақылау сұрақтары:


  1. Спандияр Көбеев шығармасындағы балалар әдебиетінің қызметі

  2. Спандияр Көбеев «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржіме» еңбектері.

8-апта

Лекция – №15.



Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде оқу - білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы.
Жоспар:

1. С. Торайғыровтың өмірлік жолы

2.Ақынның шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері, балалар әдебиетіндегі орны
С.Торайғыров та екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде тіршілік кешті. Кезең оқиғалары ақынның дүниетаным көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен түріне, жанрына әсер етті. Іргелі оқу орнынан білім алу, халқының қызметіне жарайтын азамат болу – оның ынта-тілегіне айналады. Ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға келеді. Оның лирикалық кейіпкері Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда, кім болам! дейді. Бұл – жаңа заман жасының өр талабы. Отан, халық алдындағы борышын түсінген адамның батыл ойы мен шын ықыласының көрінісі. Мұндай жырлардың балаларды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңызы ешқашан кемімек емес.

Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі жоқ жастар үшін ақын-жазушылардың қызықты шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Ақыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі. Оларға өмір сүру, білім алу жолдарын танытады. Жақсы өмір сүрудің жақсы жолдарын айтады. Талаптану, үздіксіз іздену,ойлаған мақсатқа жетудің қиын-қыстау кездеріне қарсы тұрып, төзе білу жолдарын үйретеді.

Балаларды қызықтыратын осындай ерекшеліктер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан да, өзінің өмірбаянынан да көп кездеседі.. Адамның ақылдылығы мен парасаттылығы оның еңбегінен, істеген ісінен танылатыны да сөзсіз. Кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп оны қолдай да алады, жақсысын асыра да біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінін, ана тілін қадірледі, соның барлық ерекше қасиеттерін танып білді. Соның асыл мұрасын бойына сіңіріп, жақсылығын мақтан етті.

Сүйемін туған тілді, анам тілін.

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен «құлыным, жаным» деген.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Ол өзінің ақыл парасатының қандай дәрежеде екенін осындай дана пікірлерімен- ақ таныта алған. Ана тілін құрметтеп, сол тілде сөйлей алу, хат тану, сауат ашу, жазу-сызуды үйренудің бәрі де соған, тек қана соған байланысты екенін бойға сіңіріп айта алу, оқушыға түсіндіру ақындық қасиеттің ен жоғарғы сатысы, дарындылығы деп айтуға болар еді.

Баланы тәрбиелеу, оқыту барысында көп сөзділіктің, құрғақ өсиеттің қажеті аз. Баланын санасына жеткізіп, ішкі дүниесіне қозғау салатындай, өзіне патриоттық жігер-қайрат, рух беретіндей уытты, әдемі осы сияқты ақыл сөздер айтылып отырса, ол саған рухани азық болады. Өзінің сана-сезімінің өсуіне, білімінің тез толығуына әсер ететін осы сияқты мәнді сездерді, өлеңдерді балалар жатқа біліп, сахнада, сауық кештерінде мақтанышпен серпілте айтады.

Балалар әдебиеті деген балаға рухани азық боларлық, қанатына су бүркіп, аспандатып отыратын, өмірді үйрететін, еңбек майданына белсене араласып кетуге жұмылдыратын, болашағын, алдағысын танытатын өмір оқулығы дәрежесінде болуға тиісті. Әр ақын-жазушылардың шығармаларын зерттегенде осы айтылған ерекшеліктердің әртүрлі элементтері не тұтас күйінде, не соның бір көрінісі ретінде айтылып отырады. Өйткені балаға мейірімі түспейтін, өз шығармасы арқылы баланы қызықтырмайтын, балаға арнай айтылған сөзі болмайтын бір де бір жазушы жоқ десек, қателеспеген болар ек.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында, Үлкен Қарой көлінің маңында дүниеге келген. (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жері) Нағашылары осы елден болса керек. Анасы екі жасында өмірден өткен соң әкесі Шоқпыт ата мекені Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қоныс аударады. Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен оқып хат таниды. Бұдан кейін ол ауылдағы молдадан, бертін келе Тройцк, Семей, Томск қалаларына білім іздеп сапар шегеді. Ауыр азап пен көп қиыншылықтарға төзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген болашақ жас ақын ауру-сырқаулы да болады. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бәріне де мойымайды. Тұрмыстың жарқын болашағын аңсап, соны көруге үміттенеді. Әрі өжет, әрі зерек, талабы таудай болған Сұлтанмахмұт өзге елдердің тілі мен мәдениетін білуге құштар болады. «Өмірімнің уәдесі» деген өлеңінде:

Оллаһи, ант етемін Алла атымен,

Орыс тілін білемін һәм хатымен.

История, география пәнді білмей,

Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен.

Келгенше осыларды отыз жасқа,

Иншалла бәрін түгел ұғам басқа.

Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,

Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа,-

деп ант етеді, білім алу жолына түседі. Талапты жас азамат білім алу жолындағы таланты мен өзінің жақсы үлгісін көрсетеді. Өзін өзі үлкен іске міндеттейді. Өзінің қайратына, күшіне, талантына сенеді. Өмірдің өгейлігін көп көрген ақын «Отыз жасқа келгенше ұға алмасам, жер басып жүрмейін деп өмірімен ант етіп, уәдесін береді. Бұл талапты ердің қажымай, талмай ізденуінің өнегелі үлгісі еді. Кейбір ақын-жазушылардың шығармаларымен қатар өмірбаяны да балаларға үлкен үлгі, мол тәрбие береді дейтініміз де осындай ерекшеліктерден келіп шығады.

Сұлтанмахмұт білім алу жолындағы іздену сапарында көп қиындық көреді.Қанша ізденіп, қанша талаптанса да, жоқшылық оның қолын байлайды, аяғына тұсау болып шырмала береді.

Малдылық, маскүнемдік, қарны тоқтық,

Деуші едім неге керек дүние боқтық.

Қазақтың каны-жаны сонда екен ғой,

Діңкемді міне құрттың әттең жоқтық,-

дегенді Сұлтанмахмұт өзі де талай айтып, көп қайғырды. «...Жұмасында екі ғана обед етем (ет татам); құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті: халым осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанша оқимын. Осыдан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ...» дейді Сұлтанмахмұт бір хатында. Қайғырып қасірет шегіп қала берген жоқ, оған да қарсы күресті. «Оқыл жүрген жастарға» деген өлеңінде:

Үмітпенен жоқ қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтып қаламыз.

Тәуекелге бел бусақ,

Көрдегіні аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Қусақ бәрін шаламыз!

Іс істейік бір болып

Ашылмасын саламыз!-

деп, өзі сияқты жоқшылықты көп көрген жастарға қажырлы қайрат бере жырлап, оларды өнер-білімге шақырды. «Талаптыларға», «Шығармын, тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» деген өлеңдерінің бәрінде де Сұлтанмахмұт өнер-білім, оқу жайын көп мадақтайды. «Ақтармын оқып шығып адам атын» деп өзіне өзі қатты талаптар қояды. Сұлтанмахмұттың бұл өлеңдері балаларды білім алу, іздену жолында қажырлылыққа, төзімді болуға, қиындықты жеңе білуге үйретеді. Сонымен қатар оларды халық алдында қызмет етуге міндеттейді. Сұлтанмахмұт өзінің 18 жасында жазған «Оқу» деген өлеңінде:

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Өнер-білім, адалдық, ар, намысты,

Жоятын надандық қой емсіз індет.

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек.

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілу аз-ақ жылда жоғары өрлеп,-

дейді.

Өнер-білімді игеру адам баласын бақытты болуға бастайды, надандықтан арылтады, өмір сүруді жеңілдетеді дегенді жастардың ұғымына жеткізе айтады.

Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,

Ала ауыз азғын болсаң қоян жүрек,-

деп жастардың намысына тие, арына қозғау сала сөйлейді. Өнерлі, білімді болумен қатар ынтымақшыл, көпшіл болудың қажеттілігі барын түсіндіреді. Мұнымен қатар, өнерлі, білімді болу қара бастың қамы үшін емес, ел қамы, халықтың қамқоршысы болу үшін жұмсалуы керек екенін тағы да қатты ескертеді.

Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек,

«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп,

Ер өлсе де енбегін ел өлтірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек,-

деп халық үшін қызмет етудің игілігі өшпес даңққа, құрметке бөлейтінін, тарихтан орын алып, халық аузында айтылатын аңызға айналатындай ететінін ескертеді. Оқудың мақсаты мен халық алдында істейтін адал қызметтің игілігі осындай болмақ деп түсіндіреді. Оқудың, өнер-білімнің қымбаттылығын, қолға оңай түспейтінін, бүл жолда ұзақ жылдар қажымай, талмай, қиындығына төзе жүріп, еңбек етудің қажеттігін айтады.

Ақын қазақ халқының өзгелермен қатар тұруын армандаған. «Анау-мынау»деген өлеңінде былай дейді:

Анау қырда татар тұр,

Басқалармен қатар тұр.

Мынау ойда қазақ тұр,

Қастарында азап тұр,-

дегені сол кезеңдегі қазақ қалпын дәл білдіретін замана шындығы еді.

Тұрмыстың қиыншылығын көріп жүрсе де ақын ерекше төзімділік таныта білді, алған бетінен еш қайтпады. «Шәкірт ойы» атты өлеңінде:

Қараңғы қазақ көгіне ,

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам!-

деп асқақ идея ұсынады. Алаш туының астына елін сүйген ерлер жиналғанда Сұлтанмахмұт сол топтан табылады. «Алаш» гимнін жазысады.

Абзал ақын меңдеткен ұзақ науқастан 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болады.



XX ғасырдың бас кезіндегі демократтық, ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінін бірі - Сәбит Дөнентаев. Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстап, әдебиеттің халықтық принциптерін ілгері дамытқан, өз дәуірінің манызды проблемаларына үн қосқан, сол кезең шындығын сыншылдық бағытта жырлаған ақын. Сәбит кейін Кеңес заманында да жаңа әдебиетке қызмет етіп, бір қатар елеулі шығармалар жазды.

8-апта (2)


Лекция – №16

Тақырыбы: Мағжанның табиғат лирикасы. Бұл тақырыптағы ақынның нәзік сыршылдық, суреткерлік шеберлік, пәлсапалық ой тереңдігі.

Жоспар:

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

  2. Қазақ балаларына арналған М. Жұмабаевтың шығармалары


М.Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Сасықкөл мекенінде дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шоқай, Өтеген, Өтеміс – бәрі де Арғын ішінде танымал көшелі кісілер болған. Анасы Гүлсімнен 7 ұл, 2 қыз болған. Алдымен ауыл молдасынан мұғалімнен хат танып, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқиды.

Қызылжарда медреседе Хасен молдадан дәріс алған. Мағжан Уфа қаласына барып медресе Ғалияда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтан оқиды.

«Шолпан» (1912, Қазан) алғашқы кітабы шығып, 1913 жылы Омбы қаласына келіп, осында мұғалім болып жүрген М.Дулатовтан сабақ алып, семинарияға түседі де, оны 1916 жылы бітіріп шығады.

Бұдан кейін ел өміріндегі саяси оқиғаларға араласады. Алаш қозғалысына қатысады.

1919 жылы Қызылжардағы «Бостандық туы» газетіне редактор болады. Ташкентте Қазақ-қырғыз институтында сабақ береді (1922), Москвада баспасында аудармашы болады. В.Брюсов атындағы көркем әдебиет институтында оқиды (1928), Бурабайда техникумда, Қызылжарда партия кеңес мектебінде сабақ береді. 1928 жылы жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалып, жер аударылады. Горький және оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 жылы босап келгінемен, қайта репрессияға ұшырап, 1938 жылы 19 наурызда атылады. Өзі ғана емес, ағалары Мүсілім, Қаһарман, інісі Мұқаметжан да репрессияға ұшырайды. Әкесі Бекен 1934 жылы, анасы Гүлсім 1943 жылы қуғында өлді.

Ең алғаш өлеңдер жинағы «Шолпан» 1912 жылы қазанда басылды. Бұдан кейінгі шығармаларының бәрі қазақ газет-журналдарының бетінде 1929 жылдан кейін үздіксіз жарияланып тұрды. Негізінен ақын өлеңдері 2 рет жинақталып шықты. 1922 жылы Б.Күлеев Қазанда бастырып, 2 рет осы кітап толықтырылып С.Қожанов алғы сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол» кітаптары, аудармалары басылды. 1938 жылы атылады.

Мағжан атағы көзі тірісінде-ақ жалғыз Қазақстан емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұрстанға түгел жайылып, сол тұстағы татар Ғ.Ибрагимов, Өзбек Фитрат, Шолпан, қырғыз Қасым, башқұрт Сайфи Құдаш Мағжан ақындығының дария ағысты, терең тұңғиығына назар аударса, қазақ топырағында сан алуан пікірлер айтылды. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде Мағжан шығармаларын мысалдап алады.

Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» зерттеуіндегі – поэзия танудағы эстетика биіктігінің бірі.

М.Әуезов Мағжанды Абаймен қатар атайды. Ғ.Тоғжанов «Мағжанның ақындығы, С.Мұқанов «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті» еңбектерінде Мағжан поэзиясының тереңіне бойламады.

Ақынның ең толық деген нұсқасы 1923 жылы Ташкентте «Мағжан өлеңдері» атты жинағы. Қосымша «Шолпан» журналында жарияланған «Батыр Баян», Ақжол газетінде басылған, «Қорқыт», «Ертек» поэмалары «еңбекші қазақта» жария көрген. «Тоқсанның тобы» әртүрлі басылымда шыққан өлеңдері, мақалалары бар.

Шығармалары

  1. Поэзиясы

  2. Прозасы

  3. Ғылыми методикалық еңбектері (Педагогика)

  4. Публицистикалық зерттеу мақалалары

Мағжан поэзиясында пейзаж лирикасы, ғашықтық, махаббат лирикасы молынан кездеседі.

Сондай-ақ еріксіздік азабы, түрме тауқыметіне арналған шығармалар «Сағындым» өлеңінен басталады да «Жел», «Тілегім», «Жауға түскен жанға», «Тұтқын», «Айға» туындыларымен қосылып, тұтас цикл құрайды.

Философиялық трагедиялық жырлар, шерлі мұңды толғаулар «Жан сөзі», «Ой», «Ауру», А.Блок «Мені өлім әлдиле», «Орамал» т.б.

Ақынның күрделі өмір құбылыстарын, тарихи кезеңдерді бейнелейтін, реалистік сипаттармен қоса, символдық, мистикалық, фантастикалық сарындарға бой алдыратын аса күрделі өлеңдері «Тәңірі», «Жаралы жан», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. шығармалары. 2-ші арнаны құрайды.

Ал ежелгі этностар тұтастығын, игі түркі бірлігін жырлайтын «Отан күй», «Тез барам», «Орал», «Жер жүзін топан басса екен», «От», «Пайғамбар» өлеңдері бар.

Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қамтыды.

Поэмалары: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» аңыз, тарихи оқиғаларға, «Жүсіпхан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, хикая, тұспалға құрылған. Ішкі мазмұн тұрғысынан келгенде бұл шығармалардың бәрінде де халықтық аңыз, тарихи дерек, үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылыс жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды.

Ақын ең бастысы ықшамдық, сұлулық, философиялық талаптарды, бейнелілік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды: «Қойлыбайдың қобызында» фантастикалық күйлер, бәйгеге қобыз қосу көрінісі шебер бейнеленеді. «Қорқытта» өмір мен өлім арпалысы, мәңгілік үшін күрес, өнердің өлместік қасиеті жыр етіледі. «Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап және ұждан диалектиктер; «Өтірік ертекте» мысал, тұспал әдісімен берілген әлеуметтік тартыс сыры бар; «Оқжетпестің қиясында», «Түркістан» туындылары азаттық идеясын, түркі бірлігін жырлайды.

«Бары Баян» поэмасы. Поэма сюжеті екі арада дамиды. Бірі Абылайхан, оның айналасындағы батырлар. Бұл шолу түрінде беріледі.

2-ші арна – батыр Баянның қылмақ елін шауып, Бөбек қызды қолға түсіруі, оған ғашық болу хикаясы айтылады. Сорға қарай Бөбек қыз батыр Баянның інісі – ер Ноянмен көңіл қосады, екі жас ғашық болып табысып жарасады да, қылмақ еліне тартады. Қызғаныш сезімі өртеген, 2-ші жағынан туған інісінің тұтқын қыз соңынан кеткені үшін намыстан күйген Батыр Баян бойындағы психикалық күйзелісті, ақын өз басындағы қиындықтармен, заман мен ақын, тарих пен ақын, ел намысы және махаббат, туыс сезімі мен қызғаныш тәріздес шытырман әуездермен астастыра, құлпырта, толқыта, тербете бейнелеген.

Мағжан поэзиясындағы ағыстың бірі - өмір мен өлім, тіршілік пен ажал шайқасы, екеуінің бетпе бет келуі. Періште, тәңір, пайғамбар, құдай, көк аспан, жер, ай, жолбарыс, арыстан, толқын, жел, теңіз, өзен, алмас қылыш, тұлпар, жүрек – осы секілді көптеген сөздер, ұғымдар Мағжан поэзиясында үнемі қайталанып келеді, олардың жинақтаулылық, эстетикалық, образдық, символдық, көркемдік зор мәні бар.

Ақынның өлеңдері таптық күрестер, тақырып таңдау, өлең объектісіне келгенде ерекше талғампаздық, өзін-өзі саналы түрде шектеуді көреміз, мәңгілік тақырыптар, мәңгілік образдар, мәңгілік сарындар, түркі тұтастығы, тарихи сана, ұлт тағдыры қазақ ақынының жанын мазалайды.

М.Жұмабаевтың азаттық, еркіндік заманында оралып келуінің сыры оның әсемдік әлеміндегі жаңаша эстетикалық, философиялық, көркемдік ойлау жүйсінің ерекшелігінде жатыр.

Мағжанды ақтау жолында Б. Кенжебаев, Х. Махмудов, Т. Нұртазин, Мағжан шығармаларын орыс тіліне аудару арқылы ақиқатты дәлелдемек болған. І.Омаров, И.Шухов, А.Жұбанов, Т.Ахтанов, А.Жовтис келеңсіз жағдайларға ұшырап, әдеби, текст күшімен Мағжанды қатарға қоспақ болған ба С.Кудаш өзі қуғынға ұшырады.

Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.

Алғаш "Шолпан" журналының 1923 жылы №4–8 сандарында жарияланған "Батыр Баян" поэмасы тарихи деректерге қарағанда Мұқтар Әуезовтың үйінде бір таңда жазылған. Осы помасына негіз болған деректерді ақын Шоқан Уәлиханов еңбегінен алғаны баршамызға мәлім. Поэманың кейіпкері болып отырған Абылай хан да, Батыр Баян да өмірде болған адамдар. Және Баянның Абылай ханның сүйікті батыры болғаны да рас. Сондықтан Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен – Абылай хан батыр Баян есімдерінің ел назарынан тыс қалып, ұмытыла бастауы бір кездегі, батыр халықтың рухының жойылуына апарып соғарын түсінгендіктен, "Батыр Баян" поэмасын жазған.

"Батыр Баян" поэмасында қазақтың хандық дәуірі, оның ішінде Абылай тұсындағы жаугершілік заман психологиясы көрініс тапқан.

Ақын шығарма мазмұнына реалистік оқөиғаларды мәселен, Абылай дәуірі, XVIII ғасырдағы қазақ батырлары, соның ішінде Баянның ерен ерлігі, қайсарлығы мен батыр мінезі, қалмақ пен жауласқан майдан даласы, Абылай мен Баян арасындағы сөз бәсеке, Сары батырұлы Қыстаубайдың қалмақ қызына ғашықтық оқиғасы, Жанатай өлімін таңдап ала отырып, тарихи шындыққа романтикалық қуат берген. Яғни негізгі мазмұнын тарихи оқиғалар құрып тұрған поэмаға ақын романтикалық махаббат, асқақ өлім ырғағын үстемелеу арқылы бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған батыр Баян Қасаболатұлының образын сомдауға, характерін ашуға пайдаланды. Яғни ер Баянды Мағжаннан асып, ашын тарихқа қалдырып, танытып, бейнесін әдеби көркемдеген ешкім болмады.

Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы екі тараудан тұрады. Бірінші тараудың бас шенінде ақын басқа поэмалар сияқты өз күй-сезімін толғап бастайды. Ақын өткен күн тақырыбына неліктен оралып отырғанын, қалам ұстаған кездегі жағдайын түсіндіруге бейім. Ары қарай Мағжан XVIII ғасыр Абылай заманын, қанша уақытқа созылған қазақ-қалмақ арасындағы айқасты суреттейді. Және поэманың драмалық тартысын күшейту үшін Баян-Ноян-қалмақ қызының арасындағы шиеленісті, ақыры Ноян мен қалмақ қызының өлімін жырлайды. Ал екінші тарауда ақын басшы кейіпкер Баянның жүз жігітпен қалмақ қолына шабуын, асқақ өлімін суреттейді.

Дерек көздерін және тақырыптың бұған зерттеулер деңгейіне келер болсақ, Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томын айтамыз. (Алматы I том, 1961). Ал, "Батыр Баян" туралы алғашқы пікір Ж. Аймауытовтың " Мағжанның ақындығы туралы ( Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама "Лениншіл жас" журналы №5, 1923 жыл) мақаласында жарық көрді. Сонымен қатар Сәбит Мұқановтың "XX ғасырдағ,ы қазақ әдебиеті" еңбегінде біршама қаралады.

Мағжан Жұмабаев туралы көлемді еңбек Ш. Елеукеновтың "Мағжан" монографиясы (Алматы, Санат, 1995) жарық көрді. Зерттеуші Мағжан поэмасындағы психологизмді кеңінен қарастырады. Ал Сәкен Жүнісов "Мағжанның поэмалары" (қазақ әдебиеті 1990ж, 13 көкек) мақаласында ақын поэмаларының тақырыбына тоқталады. Б. Қанарбаеваның "Жыры мен жұртын оятқан" монографиясында (Алматы. Ана тілі 1998) Мағжан Жұмабаев шығармаларының монографиялық байланысы тарихи дере көздері қаралған. З.Т. Жұмағалиев "Шындық және көркем әдебиет" еңбегінде (Қарағанды 1993) ақын поэмаларын жап-жақсы қарастырады.Өмірхан Әбдиманұлы " XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиет" (Алматы Қазақ университеті, 2002) оқулығында және мақалаларында "Батыр Баяндағы" сонымен қатар, басқа поэмаларындағы азатшылдық рухтың көрінісін зерттейді. Бақытжан Майтанов "Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы" (Алматы Қазақ Университеті 2001) оқу құралында поэма көркемдігін сөз етеді. Балтоғаева Жайлы Елеңқызы "Мағжан поэмаларының жанрлық көркемдік ерекшеліктер" (Алматы 2003) атты диссертациясында жанрлық ерекшеліктерге тоқталады. Ал Мүсілім Мұсағитов "Батыр Баян дағы таным және шындық" (Жұлдыз, 1994ж, 8) зерттеу мақаласында "Батыр Баян" поэмасынның сюжетінде Шоқан Уәлихановтың мақасымен салыстыра қарайды. Ерік Асқаров болса, "Батыр Баян туралы бірер дерек" зерттеуінде Ноян мен Қалмақ қызы туралы дерек келтіреді. Бұдан басқа мерзімді басылым беттерінде әр жылда мақалалар жарияланып отырады.

Бітіру жұмысымның құрылымына тоқталсам, жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда М.Жұмабаевтың "Батыр Баян" поемасының сюжет желісін Ш.Уалихановтың "XVIII ғасыр батырлары туралы аңыздар" мақаласымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратамыз. Яғни Мағжан Жұмабаев Ш.Уалихановтан дерек ала отырып, оны қаншалықты ұтымды пайдаланды, тарихи шындықтан алшақтап кеткен жоқ па, болмаса бұл деректерді қандай көркемдікке жеткізді деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жұмысын жүргіздік.

Екінші тарау бойынша образдар жүйесі яғни Абылай хан, батыр Баян және Ноян мен Қалмақ қызының бейнесін жан-жақты талдауға тырыстық.Ақын осы образды сомдау арқылы не айтпақшы болды, болашақ ұрпаққа не ой тастап отыр осы сұрақтарға жауап іздеп, ой өрбіттік. Сонымен қатар, М.Жұмабаев "Батыр Баян" поемасын жазуда қандай көркемдеуіш құралдарды пайдаланды, қалай пайдаланды және қандай дәрежеге көтерді деген мәселелер төңірегінде зерттеу жүргіздік.

Мағжан мен тұстас дүл-дүл жазушы Ж.Аймауытов Ташкенттегі студенттер алдында оқыған "Мағжанның ақындығы туралы" баяндамасында: "Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-ыртын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек" деген еді.

Қазақ тарихында үлкен орын алатын – жоңғар қалмақтарының шапқыншылығы. Халқымызға қасірет әкелген кезеңде өлімнің намысы мен жігерін, қаһармандығын жаңына қару қылып сермеген нар тұлғалы, арыстан жүректі айбынды батырларымыз жайлы жар да, аңыз да көп.

Халық санасында батырлығымен бедерленген сондай ерлердің бірі-Баян батыр.
"Баян – артына аңыз да, нақты дерек те қалдырған тарихи тұлға , - дейді Өмірхан Әбдіманұлы өз еңбегінде.

Ұрпақтарының айтуынша, Баян батыр 1700-1715 жылдар аралығында туған, 1757 жылы дүние салған. Әдебиеттанушы Қанарбаева Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының тұрғыны, Баян ұрпағы Зейнолла Олжабаевтың аузынан батырға қатысты шежірелік дерек жазып алған. Сол дерек бойынша: "Баян – уақ руынан, Уақ – Шоға, Шәйкөз, Баржақсы, Жансары, Мұрат дейтін тайпалардан тұрады. Шоға – Баянның арғы атасы.Уақ руының біраз тайпалары Семей, Аякөз, Өскемен аймақтарын мекендейді. Тіпті Уақ тайпаларын Шу өзені төңірегінен, Баянауыл маңынан да, қала берді Ақтөбе төңірегінен де, Қытай мен Монғолиядан да кездестіруге болады. Уақ елінің ескі атамекені Қостанай мен Қызылжар қалаларының екі аралығындағы Обаған өңірі. Шоға –Баянның жетінші атасы. Шоғадан Байыс, Байыстан Қырғызәлі, Қырғызәліден –Мүлкіс, Мүлкістен – Қасаболат, Абылай, Алтыбай атты үш ұл бала, Қасболаттың үлкен ұлы Баян, кіші ұлы – Жарбол. Баяннан Бұлан, Бұланнан – Манабай, Манабайдан –Басшығұл (1842ж туған). Бастығұлдың Құлтабай, Жаныбай, Олжабай дейтін үш ұл баласы болды, Олжабай Бұдан он жыл бұрын дүние салды. Олжабайдың баласы Зейнолла қазір есен-сау. Солтүстік Қазақстанның Булаев ауданында жауапты қызметте. Құлжабайдың баласы Шер 19990 жылы қайтыс болды. Шеридің Қайырбек Қаһарман атты екі балалары Булаев ауданындағы Қарағанды совхозында қызмет істеп жүр".

Қара шежіре Баянның Ер Көкше, Ер Қосайдың тікелей ұрпағы екенін айтады. Оның Әлкей марғұланда терісіне шығармайды.

"Батыр Баянның әкесі Қасболат, Қасболаттың әкесі Қарабас та Уақ елінің ноқта ағасы Шоғаға өте сыйлы адам болған деседі. Батыр Баянның өз ұрпақтарына ата санатсаңыз одан арғыларын да Жаубасарға дейін тереңдеп бере алады. І. Есенберлиннің "Жанталас" романында "Баянның арғы аталары монғолдан сіңген Салы, Аян дегендер еді", - деуі негізсіз. Өйткені, Салы, Аян деген батырлар қазақтың да, монғолдың да тарихында болмаған, қиялдан туған адамдар, - деген дерек келтіреді Ерік Асқаров өз еңбегінде.

9-апта


Лекция – №17

Тақырыбы: Ж. Аймауытов - дарынды жазушы, аудармашы. Балалар әдебиетіндегі Қартқожа образы

Жоспар:

  1. Ж. Аймауытов - дарынды жазушы, аудармашы.

  2. Балалар әдебиетіндегі Қартқожа образы.


Жүсiпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезiнде Қызылтау болысының бiрiншi ауылында туған. Арғы аталары ауқатты болған деседi. Бiрақ Жүсiпбектiң өз әкесi Аймауыт та, оның әкесi Дәндібай да шағын шаруалы адамдар екен. Руы-Сүйiндiк. Бұл жағынан келгенде, Сүйiндiк iшiнде Айдабол, Көлiктен шыққан атақты ақындар С. Торайғыров, М.Ж. Көпеевтермен Жүсiпбек әрi жерлес, әрi аталас. Жүсiпбектiң 15-жасқа дейiнгi өмiрi ауылында өтедi. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады.Тиiп-қашып, әр қилы молдалардың, өз айтуынша, Жүнiс Қожа, Шаймерден Қожа, Қожаахмет Қожа, Қапар Қожа, Мұхамеджанның алдын көрiп, ескiше едәуiр бiлiм алады. Содан кейiнгi бiраз уақыт өзi де молдалық құрып, бала оқытады. “Қартқожа» романында Жүсiпбек Аймауытов бала молда ретiн де өз өмiрiнiң осы тұсын суреттеген.

1907 жылы Жүсiпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебiне түседi. «Оспанның(Аймауыттың iнiсi) Серебрянников дейтiн тiлмашы менi тәуiр көрушi едi. Баянда соның үйiнде жаттым. Баянда бiр қыс оқып,екi бөлiмiн бiтiрiп, келер жылы Керекудегi қазыналық ауыл шаруашылық школiне барып емтихан ұстадым» - дейдi ол.

Бiрақ ауыл шаруашылық мектебiнде ұзақ оқи алмайды. Бiр айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейiнгi екi ғана оқуға мүмкiндiк алған, Жүсiпбек мектеп режимi мен әдiлетсiздiкке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады. Осыдан кейiн бiраз уақытын ол ауылда бала оқытумен,Баяндағы мектептiң үшiншi класында оқуын жалғастырумен өткiзедi. Содан 1911 жылы Керекуге келiп, екi класты орыс-қазақ мектебiне орналасады. Әуелi сол мектепте , кейiн интернатта бiлiм алып, 1914 жылы Семейдегi мүғалiмдер семинариясына түседi, оны 1919 жылы бiтiредi. Семейде ол «Абай» журналын шығарысады. Аймауытовтың саяси-әлеуметтiк қызмет сапары 1919 жылдан басталады.

1919 жылы Жүсiпбек Алашордадан бөлiнiп, Кеңес үкiметi жағына шығады. Коммунисттiк партияның қатарына өтедi.Семейде , Павлодарда партия, кеңес жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан кеңестерiнiң съезiне делегат болып қатысады,сол жылы қаңтар айында Жүсiпбек партия қатарына кiредi. Содан кейiн Қазақ АССР Халық ағарту комиссариятында басшылық қызметте ( комиссардың орынбасары болып ) қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi, кейiн « Қазақ тiлi » газетiнiң редакторы болып iстейдi. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалiмi, ал, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын « Ақ жол » газетiнiң редакциясында қызмет атқарады. Бұдан кейiн 1926-1929 жылдары Шымкент педагогтiк техникумының директоры болады . Ара-тұра сол кездегi саяси науқандарға араласады. Торғай уезiнiң ашықққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды « өзi пайдаланып кеттi» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы « Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар » деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.

1931жылы Жүсiпбек Аймауытов 42 жасында ,нағыз шығармашылық толысқан кезiнде қыршынынан қиылды.

Алғаш өлең жазумен әуестенiң Жүсiпбек 13 жастан деп санайды. «Дұғалық жазатын кiшкене қара шолақ кiтапшама тiленшi шалға есiгiн ашпаған бiр кемпiрдi,көшкенде байталға мiнбеймiн деп әкесiн ренжiткен қызды өлең қып жазып қойғанымды әкем көрiп,маңдайымнан иiскегенi әлi есiмде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезiмде болса керек. Бiр бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жазған өлеңдерiм ескi дәптерiмде әлi сақтаулы. Абайға елiктеппiн. Ең алғаш басылған сөзiм – 1913 жылы болса керек , бiр ақылық алыпсатардың болыс болам деп , елге бiр месте шай апарып , елдiң қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып , бос қайтқаның жазып едiм. Бұл хабар «Қазақ» газетiнде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым.Алғаш жазған 5 перделi пьесам жарыққа шықпады » -деп жазған.

Оқуы мен қызмет бабына байланысты, 1914 жылдан бастап , он жылдай Семейде болған кезiнде Жүсiпбектiң жақсы қарым-қатынас жасасқан, көңiлдес, достас адамдары, Шәкәрiм ,Көкпай , Сұлтанмахмұт , Сәбит Дөнентаев , Иса Байзақов , Жұмат Шанин , Майра , Әмiре сияқты әдебиет , өнер қайраткерлерi.

Жүсiпбектен қалған мұра аса бай. Оның iшiнде «Қартқожа», « Ақбiлек» романдары, « Күнiкейдiң жазығы» повесi мен көптеген әңгiмелер, « Рабиға » , « Мансапқорлар» , « Сылаң қыз », « Ел қорғаны », «Қанапия-Шарбану » ,« Шернияз » атты пьесалар, өлеңдер мен « Нұр күйi » поэмасы, балаларға арналған ертегi кiтапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кiтаптар, оқулықтар бар. өз кезiндегi газет-журналдар бетiнде Жүсiпбек жазған мақалалар да бiрсыпыра.

Әлеуметтiк төңкерiстер заманында өмiр сүрген Аймауытов өзiнiң қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.Дюма, А.С.Пушкин, Р.Тагор, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Дж.Лондон шығармаларын, « Интернационалды», бiрқатар ғылыми еңбектердi қазақ тiлiне аударды. Педогогикалық психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдебиет, эстетика, сын саласына қатысты, сан алуан публицист мақалалар жазды.

1918-1919 жылдары М.Әуезовпен бiрге Семейде « Абай » журналын шығарып, «Екеу» деген біркеншiк атпен , Әуезовпен бiрлесiп, «Абайдың өмiрi және қызметi» (1918 №2) , « Абайдан кейiнгi ақындар » ( 1918 №3) деген мақалалар жазды.

Жүсiпбектiң « Қартқожа » романы 1926 жылы тұңғыш рет Қызылорда қаласында жеке кiтап болып шыққан . Бұл- ауылдағы қарапайым қазақ азаматының өмiрiн, оның әлеуметтiк арпалыстар кезiндегi күрделi тағдырын этикалық үлгiде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетiнiң алғашқы көлемдi шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтiк қақтығыстар кезiндегi тiршiлiгi , азаттық жолындағы күрестен кейiнгi жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленедi. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтарын ел iшiндегi әлеуметтiк күрестерге араласуы, « Алашорданың » құрылуы, Октябрь революциясы мен азамат соғысының оқиғалары роман сюжетiне желi боп кiредi. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елi, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейiп, есiн жинап , iлгерi басады , болашаққа ққарайды.

Романда айрықша көзге түсетiн нәрсе – көшпелi қазақ аулы өмiрiнiң жүдеулiгi , қоғамдық әдiлетсiздiк. Мұны бiз Қартқожа туып-өскен ортаның семьялық тiршiлiктiң , ескi ауылдағы әлдiнiң әлсiзге жасаған зорлығы фактыларынан , осы негiздегi қақтығыстардан танимыз.

Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкiл романның пафосы жатыр. Автор қазақ ортасынан шыққан жас Қартқожаны « елi үшiн күйген, еңбектi сүйген , ер жүректi, жұртшылық көсемi- жалынды жастардың » қатарынан көргiсi келедi. Оның халықтың ойлары Қартқожа бейнесi арқылы өрбiп дамиды.

Шығарманың шұрайлы тiлi – жазушы шеберлiгiнiң айқын көрiнiсi. Ондағы суреттер ел өмiрiн , дала тiршiлiгiн , ондағы адамдар ұғым- түсiнiгiн оқырманның көз алдына жайып салып отырады.

Бұл « Қартқожаның» жалпы идеялық, тақырыптық маңызына қоса қазақ романының тарихындағы көркемдiк ролiнде , жаңалығын да аша түседi.

« Ақбiлек » - жеке кiтап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезiнде « әйел теңдiгi » журналының 1927-1928 жылдар iшiндегi бiрнеше санында жарияланған . Бiрiншi рет 1989 жылы Жөсiпбектiң таңдамалы шығармалары iшiнде жарық көрдi.

« Ақбiлек » тақырыбы жағынан « Қартқожа » романымен үндес. Егер « Қартқожада » жазушы ескi қоғамдық құрылыс жағдайында теңсiздiкте өмiр кешкен қазақ жiгiтiнiң құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолына шыққан суреттесе, «Ақбiлектеде » осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық- рушылдық ортада жiкшiлдiктартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып , өз бағытын табу , тең құқылы азамат болуы бейнеленедi.

Жазушы халықтық көзқарасы романдағы байлар мен кедейлер өмiрiн, олардың ара қатынасын, рушылдық , жiкшiлдiк , пендешiлiк ұсақ мiнездерден туған кикiлжiңге әлеуметтiк сипат бере бейнелеуiнен көрiнедi. Ол тұрмыс – салттың ұнамсыз жақтарын да көңiл аударады. Әлдiлердiң тарапынан әлсiздерге жасалып жатқан зорлықы көре бiледi. Жалпы алғанда

« Ақбiлек »- бiр қыздың тағдыры негiзiнде әлеуметтiк революциялар дәуiрiндегi қазақ ауылының жанаруын суреттейтiн алғашқы қазақ романының бiрi .

« Күнекейдiң жазығы » повесi 1928 жылы « Жаңа әдебиет » журналында жарияланған. Мұның да тақырыбы әйел тағдыры.

Повестте сол кездегi ел iшiндегi қыз ұзату , көшу , жастардың ойын сауық ұйымдастыруы , халықтық әзiл- қалжыңдар сияқты тұрмыстық суреттер мол. Ол өмiр тануға , дәуiр шындығын түсiнуге қажет этнографиялық материалдар бола алады.

Ақ өлең үлгiсiмен жазылған шығарманың тiлi Жүсiпбектiң прозадағы жаңа бiр iзденiсiн танытады. Оның ырғақты прозасы ескi рухани тiршiлiгi өлеңмен байланысты болған халықтың жаңа жанрды игерудегi өзгеше тарады.

Жүсiпбектен қалған бiрталай әңгiме бар. Олар « Бетiм-ау құдағи ғой »( 1918 ), « Өмiр деген осы ма » , «Мысыққа ойын , тышқанға өлiм » ( 1923 ), « Елес », « Оралдан поезд өткенде », «Қойшы Тастамақ», «Жаңа өмiрге аяқ басты», «Жидебайдың баяндамасы»( 1924 ), «Жетi азбан » , «Жол үстiнде » , « Көшпелi көжебай » , « әншi » ( 1925 ) , « Боранды болжағыш әулие » ( 1926) т.б. Бұлардың көбi сол кездегi газет-журналдар беттерiнде жарияланған. Әңгiмелермен қатар баспасөз беттерiнде Жүсiпбек қолынан шыққан өлеңдер , публицистикалық мақалалар , фельетондар аз емес .

Жүсiпбек әңгiмелерi , негiзiнен , жазушы өмiр сүрген дәуiрдiң шындығын суреттеуге арналады. Оларда ел тұрмысындағы өзгерiстер , адам психологиясындағы жаңалық , әлеуметтiк теңсiздiк пен оған қарсы күрес , өнер тақарыбы , уақыт , заман туралы толғаныс , т.б. мәселелер сөз болады.

Жүсiпбектiң драматург есебiнде көзге түсуi де тым ерте басталған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойын-сауық кештерiне қатысып , домбыра тартып , ән салып , спектакьлдер қойған , өзi басты рольдерде ойнаған. 1917 жылы 17 желтоқсанда Семейде оқитын жастардың әдеби кешi болып , онда Жүсiпбектiң « Ескi тәртiппен бала оқыту » ,« Рабиға » атты бiр перделi пьесалары қойылған. Ол жөнiндегi хабар кезiнде жергiлiктк баспасөзде жарияланған . Кейiн « Ел қорғаны » (1925, « Мансапқорлар » ( 1925 ), « Қанапия мен Шарбану » ( 1926), «Шернияз» (1926) атты драмалар жазЈан.

Жүсiпбек –әдеби шығармашылығын ақындықтан бастаған адам . Бiрақ өлендерi жиналып басылмай, кезiнде жарық көрген күнделiктi баспасөз бетiнде қалған. Қазiр бiзге белгiлi Жүсiпбектiң поэзиялық туындыларының iшiнде « СарыАрканың сәлемi», « Ах-ха-хау» , « Көшу», « µршығым», « әскер марселлезасы», « Тұңғиық, түпсiз астында » тағы да басқа өлендер мен «Нұр күйi» атты поэмасы бар. «Нұр күйi» атты поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кiтап болып басылған. Оны автор «күйлi сөз» деп атаған. Поэма уақиғасы Жiбек анананың жаңа туған нәрестесiне толғанып айтқан жыры мен басталады. Бiрақ ана қуанышы баласының соқыр екенiн бiлiп тез басылады. Алайда бала өнерпаз, күйшi болып өседi. Өнерiмен , жұртты таң қалдырады. Кейiн орыс дәрiгерлерiнiң көмегiмен көзi жазылып ол қуаныш шаттық күйiн тартады. Автордың « Нұр күйi» дейтiнi сол. Ақын сол арқылы өнерпаз бала көрген, оның келешегiн айқындаған нұрдын , жарық сәуленiң шатты сезiмдерiн жырға қосады. Поэма жастарды өмiрдi сүйюге , қиыншылыққа мойымай, онымен күресе бiлуге тарбиелейдi. Едiгенiң орыс дәрiгерiнен көмек алуы арқылы автор халықтар туысқандығының да проблемасын өзiнше шешуге ұмтылады. Поэманың жазылу үлгiсiнде де ақ өлең көбiрек қолданылады.

Жүсiпбек көп шығармаларын жаңа, жас ұрпаққа арнады. Соларды жаңа рухта , күрескерлiкке, адамгешiлiкке тәрбиелейтiн кiтаптар жазды. Оның балаларға арнап жазған « Жаман тымақ » ,

« Шал мен кемпiр», « Көк өгiз», « Үш қыз», сияқты ертегiлерi бар. Олар суреттi кiтапша үлгiсiнде жазылған.

Жүсiпбек көптеген сын мақалалар да жазған . Олардың iшiнде М.Әуезовпен бiрiгiп жазған « Мағжанның ақындығы туралы» ( 1923 ) ,« Аударма туралы »(1925 ),« Сұңқар жыры »(1925 ) атты еңбектерi автордың әдебиет жөнiндегi , оның ерекшелiктерi туралы , жазушы шығармашылығын түсiнудiң принциптерi жайындағы ұғым-түсiнiгiн , көз қарасын көрсете алатын елеулi туындылар.

Аударма еңбектерi бiр төбе. «Интернационалды» қазақ тiлiне асқңн шеберлiкпен аударуынығ өзi-ақ Жүсiпбектiң аударма өнерiнiң өрен жүйрiгi екенiн айнытпай танытады. Пушкиннiң « Сараң серi» ( Скупой рыцарь ), « Тас мейман » ( Каменный гость ) , Гогольдың « Бајылаушы» ( Ревизор ) пьесаларын аударған. Джек Лондоннан аударған « Теңiз телегей аттаныс » ( Всеобщий поход ) шығармасы 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының 4,5 сандарында басылған. Жүсiпбектiң көп аударма еңбектерiң әлi бiлмеймiз.

Оның артында бiрталай ғылыми мұра да қалды. Ол халыұ ағарту комиссариатында педагогикалық оқу орындарында қызмет iстей жүрiп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан жақты бiлiм алуын көздеген еңбектер оқу құралдарын жазды. Олардың iшiнде « Тәрбиеге жетекшi » (1924 ) Психология 1926 , Жан жүйесi және †өнер тандау 1926 атты елеулi кiтаптары бар. Бұлар, әрине, бүгiнгi педагогика мен психологиның методология тұрғысынан әлсiз көрiнседе, өз дәуiрi үшiн аса пайдалы қызмет атқарды.

Ендi бiр ең елеулi тарихи еңбегiн атап айтуымыз керек. Сұлтанмахмұт алдында айтып кеткенде Жүсiпбекке туыс болып келедi. Сұлтанмахмұт өлген соң 1920 жылы , оның шығармаларын он жыл бойы жинап-терiп баспаға әзiрлеп, өмiр тарихын жазған Жүсiпбек едi. Жүсiпбек Аймауытов - қазақ әдеби тiлiнiң жүлде бермес жүйрiгi, Терең ойлы, нәзiк сезiмдi, ұшқыр қялды , кен құлашты , нағыз классик жазушы.

Жүсiпбек музыканы – ән мен күйдi жанындай жақсы көрген адам. Атақты композитор Александр Затаевич Жүiпбектен Қазақтың оннан астам әнiн жазып алып , оны «Қақтың 1000 әнi » деген кiтабына енгiзген. Жүсiпбек өзi де ән шырқаған.

Жүсiпбек Аймауытов Сталиннiң қара жүрек , қанды қол қарақшы жендеттерiнiң қолынан, 1931 жылы 41 жасында қыршынынан қиылды.

« Психология » кiтабы 12 тарау, 102 параграфтан тұратын оқу қґралы үлгiсiнде жазылған, бұл зерттеу қазақ тiлiндегi , осы бағыттағы алғашқы жемiстi iзденiстердiң , олжалы табыстардың қатарына жатпақ.

Ғалым тарихына , пәлсапа тарихына терең бойлай отырып , көптеген мысалдар , деректер келтiрiп , сан алуан оқымыстылар туындыларына сүйенiп , кейде келiсiп , кейде келiспей , психология ғылымының пәнiн зерттеу обьектiсiн анықтайды, жан , ден , сана , ой , ақыл , сезiм , қиял , түйсiк , қайрат , серпiлiс , ынта , қабiлет т.б. ұғымдардың мәнiн ашады.
Бақылау сұрақтары:

1.Жазушы шығармаларындағы психологизм

2.«Ақбілек» романындағы образдар жүйесі

3.«Қартқожа» романының идеясы мен композициясы
9 апта(2)
Лекция – №18.

Тақырыбы: С. Сейфуллин өмірі мен қоғамдық қызметі, шығармалары

Жоспар:

  1. Сәкен Сейфуллин (1894-1938). Қазақ кеңес әдебиетіне сіңірген еңбегі.

  2. Ақынның поэзиялық мұралары, жаңашылдығы. Поэмалары, «Көкшетау» поэмасының тарихи маңызы.

  3. Драмалары мен прозалық мұралары

  4. «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы замана көрінісі


Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының І-ші ауылында (қазіргі Қарғанды облысының Жаңаарқа ауданы) туған. Сәкеннің әкесі Сейфолла орта шарулы өз еңбегімен күн көрген дам болған. Сәкен өзі: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын адам, шешем әңгімеші еді», - дейді. Сәкен жасынан ел ішінде ақын-жыршылардың, әншілердің өлең-жырларын қызыға тыңдап, соған құмартып өскен.

Сәкен әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1905 жылы ол Нілді мыс қорыту зауытына келіп, кісі қолында жұмыс істеп жүріп, орысша үйренеді. Келесі жылы (1096) осындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, екі жылдай оқиды. 1905 жылы желтоқсанда болған Нілді мыс қорыту зауытындағы жұмысшылардың патша өкіметіне қарсы ереуілін көреді. Жұмысшылар ереуіл кезінде жалақыны арттыруды, еңбек пен жұмыс жағдайларын жақсартуды талап етеді. Жұмысшылар ереуілі болашақ жазушының ой дүниесінде із қалдырады.

1908 жылы С.Сейфуллин Ақмола (қазіргі Астана) қаласына барып, Приходская школаға түсіп оқиды. Онда екі жыл оқып, кейін үш сыныптық училищеге түседі. Мұны ол 1913 жылы бітіреді. Бұл жылдары Сәкен орысша білімін жетілдіре түсіп, орыс әдебиеті кітаптарымен танысады. Алыс аудандардан келіп оқып жатқан қазақ балаларына біраз уақыт орыс тілінен сабақ та береді.

1913-1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында оқиды. Бұл кезде болашақ ақынның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастайды. Ол қараңғы халық ішіне мәдениет тарату мақсатын көздейтін «Бірлік» атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Үйірмемүшелері саясат мәселелеріне де араласып отырған.

1916 жылы жазда Ақмола маңында халықтың патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады. Көтерілісті қуаттап өлең жазады. Сол жылы күзден 1917 жылдың ақпанына дейін ол Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жерде ауылдық мектептемұғалім болып қызмет істейді.

С.Сейфуллин қазақ әдебиеті нұсқаларын жинаушы және зерттеуші есебінде де елеулі қызмет атқарады. Орта және жоғары мектепке арнап әдебиеттен оқулықтар жазуға қатысты.

ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, С.Сейфуллин кеңес әдебиетінің іргетасын қаласқан көшбасшы қаламгер. Алғашқы жинағы «Өткен күндер» 1914 жылы жарық көрді.Алғашқы өлеңдерінің демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы айқын көрінеді. С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағында жаңа заман, зымыран уақыт тынысы асау тұпар образы арқылы бейнеленеді.Оның өзіне тән ақындық стилі де осы кезде қалыптаса бастады.

С.Сейфуллин төңкеріске белсене араласты. Сол кезеңдегі көңіл-күйі, сезім құбылыстары «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», Біз» және т.б. өлеңдерінде кең көрініс тапты. Уақыт өте келе Сәкен поэзиясы тақырып, жанр жағынан байи түсіп,ол өз туындыларында еңбек адамының сүйкімді бейнесін қоғамның тыныс-тіршілігімен байланыстыра суреттеді. «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», Бұлшық ет», Маржан», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде еңбек адамдары дәріптеледі. Ақын поэзиясында махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикасы айрықша орын алады. Осы тақырып «Күз», Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шейіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталған. Сәкен «Қаралы күн», «Қайғылы хабар», «Қызыл жұлдыз» өлеңдерінде сол заманның идеологиясына орай Ленин образын бейнеледі. «Альбатрос» поэмасы да кеңестік идеологияның ықпалымен жазылды. Ақын поэмаларының ішінде өршіл романтикалық махаббат сарынымен жазылған «Аққудың айырылуы», «Лашын әңгімесі» туындыларының орны бөлек. «Советстан» пэмасында ақын өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынған. «қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Глощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіреді. Поэмадағы Қызыл ат еңбекші шаруаның образы. Дастанда ақын бейнесі де сәтті сомдалған. Атты сипаттауда Сәкеннің өзіндік жаңалығы бар.

«Көкшетау» (1929) поэмасының оқиғасы ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтас құрылған. Бірақ автор Абылай хан образын сомдауға тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеді. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың образдары арқылы гуманистік идеяларды туғызады.

Сәкеннің «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесаларының қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы зор болды. Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелері көтерілді. Алайда бұл шығармаларда тартысты нанымды құруда кейбір олқылықтар да кездеседі.

1927 жылы жазыған «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романының шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары мол. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы аңғарылады. Романда табиғат, этнография, тұрмыс көріністері шынайы бейнеленген. Роман авторының өз бейнесі орта, заман, уақыт құбылыстарына сай диалектикалық бірлікте көрсетілген. «Айша повесінде махаббат, ар-ұждан бочтандығы мәселелері қозғалады. Айша бейнесі сол кезеңде жазылған туындылардағы әйелдер образынан белсенділігімен, батылдығымен ерекшеленеді.

«Жер қазғандар» повесінің идеялық, көркемдік маңызы зор. Хикаядағы Гүлия, Бұзаубақ, Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушы адамгершілік мәселелерін көтереді.

Сәкен Сейфуллин өлеңді 1910 жылдардан жаза бастаған. Оның алғашқы өелңдер жинағы 1914 жылы «Өткен күндер» деген атпен басылған. Одан кейін де ақын көптеген шығармалар жазған. Бірақ сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ақынның өлеңдері жинақталып басылмаған. Сәкеннің бірқатар өлеңдері мен мақалалары «Айқап» журналында, «Тіршілік» газетінде, т.б. баспасөз беттерінде жарияланған. Олардың бірқатарын сқын 1922 жылы шыққан «Асау тұлпар» деген жинағына кіргізген.

Сәкеннің алғашқы шығармалары, негізіне, сол дәуірде өмір сүрген демократ ақын – жазушылар ой-пікірімен үндес келеді.

Ақын надандық пен ескі феодалдық әдет-ғұрып заңдары езіп, тоздырған қазақ өқауымының күн көрісіне налиды. Халықтың тағдыры туралы ойлайды. «Түс» деген өлеңінде ескі өмірді қорғансыз бақша күйінде, қазақ халқын сол бақшадағы қураған ағаштар түрінде бейнелейді. Елді болашаққа сүйрер күшті жастар бойынан танып, оларды сол бақшадағы көк шыбыққа теңейді.

Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,

Көркейер сонда бақша қайғы кетіп, - деді.

Қазақ халқының қараңғылықта қамалып отырғанының бір себебін ХХ ғасыр бас кезіндегі демократ ақын-жазушылардың көбі оларды ілгері бастар басшысының жоқытғынан көрді. Сәкен де өзінің «Кім басшы аға халыққа?» деген өлеңінде осы тақырыпқа үн қосады. Ақын жөн білмей адасып, надандыққа қалып отырған халыққа басшы болар адал, ардагер ұлдарды аңсайды.

Сәкен жинағындағы өлеңдердің мазмұны ақынның ол кезде ағартушылық бағыт ұстағанын байқатады. Ол «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ», «Інішегіме» атты өлеңдерде халықты өнер-білімге үйренуге, мәдениетті болуға шақырады.

Бірқатар өлеңдерде жастай білім қуып елден алыс жүрген жас адамның елге, туған жерге деген сағынышы, ауыл тұрмыс-тіршілігінің суреттері беріледі. («Нұра», «Туған ел», Жайлауға көшу», т.б.)

Сәкен Абайдың ақындық өнерінен үйренген, соны үлгі тұтқан. «Ақын» деген өлеңінде ол Абайды «Сөздің нақышын қиыннан қиыстырған» ұлы ақын деп бағалайды. Абайдың ақындық стилі Сәкеннің жастық-махаббат жырларына да әсерін тигізген.

Әлеуметтік көзқарасының айқындығымен, халықтық ой-пікірді көтере білуімен, өлең өрнегі саласындағы ізденістерімен «Өткен күндер» Сәкеннің болашғын айқындайды.

Сәкеннің бұдан кейін (1915-1916 жылдары) жазған өлеңдері де оның іздену, өсу жолы халық өмірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Халық мұңын айту мен азаттықты аңсау тақырыбы бұл кезде ақын шығармаларынан мол орын алады. «Көңіл» деген өлеңінде ол төңкеріс алдындағы халық көңіліндегі толқуды аңғартады. Лирикалық кейіпкерде іздену, жан-жақты шарқ ұрып, талпыну бар.

Сәкен алғашқы өлеңдерімен-ақ өзі өмір сүрген дәуірдің талаптарына жауап беруге тырысты. Сонымен бірге ақын ағартушылықтың тар шеңберінде қалып қоймай, күрес дәуірінің от-жалынын кеше, жаңа әдебиетке өтті. Халықтың азаттық жолындағы күресі мен ерлік жорығыншығармаларына арқау ете білді.

Қоғамдық дамудың өзгешеліктерін бейнелеу, оны бұрынғы өмірдің мешеу көріністеріне қарсы қою – Сәкен Сейфуллин позиясының ең бір өзекті тақырыбы. Төңкеріс тудырған қоғамдық өмірдегі қарқынды өзгерістер ақын шығармаларына негіз болған. 1922 жылы басылып шыққан өлеңдерінің жинағына Сәкен «Асау тұлпар» деген атты тегін таңдамаған. Асау тұлпар – мешеулік пен меңіреу тыныштық басқан қазақ даласын ұйқыдан оятқан, оған жаңа дүниенің дүбірін жеткізген өзгеріс үні.

Сол тұстағы Сәкен жырларының барлығына да астына асау тұлпар мінім жорыққа аттанған, кең даланы дүбірлетіп ән шырқаған күрескер адам бар.Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзып, жаңа дәуірдің ұранын таратады. Асау тұлпарды жаңа өмірдің айбынды асаулығын, ерлігін танытарлық образ есебінде пайдалана отырып, ақын оған жаңаша сипат береді.»Қызыл шашақ оқа ұстап, айдарына қызыл шоқ» тағады. Бұл арқылы ақын қазақтың халықтық әдебиетіндегі дәстүрлі тұлпар образына жаңа заман өзгерістерін танытар тың мазмұн береді.

Шығармаларының көбін еліміздегі жаңаруды бейнелейтін азаматтық пафосқа құрғанмен, Сәкен қазақ поэзиясындағы көрнекті лирик ақындардың бірі болып саналады.

Жаңа дәуірдің сыршыл, ойшыл ақыны есебінде Сәкен өз поэзиясында халықтық гуманизм мен күрес арқылы қоғамды, табиғатты жаңарту идеясын терңірек көтерді. Ол табиғаттың әсем жыршысы облды. Республика табиғатының ең бір бай өлкесі – Көкшетау қазақ поэзиясында Сәкеннің осы аттас поэмасы арқылы әсем де әсерлі жырланды. Табиғатты Сәкен әрқашан оны мекендеген адамның көңіл-күйімен, оның еңбегімен байланысты жырлайды. Ақынның күрес жырларында да лирикалық кейіпкердің еліне, халқына деген сезім күйлері табиғатқа ынтықтық арқылы ашылады. «Қамауда», «Сағындым» өлеңдері бұған нақты дәлел. «Далада», «Қырда» атты өлеңдерінде ол даладағы өзгеріс үнін дала желі арқылы таратып, табиғаттың қуанышқа бөленген шат күйіне назар аударады.

Есіп кеп майда желдер таудан асып,

Құшақтап аймалайды амандасып.

Есітген, көрген-білген сырын маған

Айтысты қуанысып, сыбырласып.

Күлімдеп гүл шашақтар басын иді.

Құшақтап майда еске жел беттен сүйді.

Қуаныш сырын айтқан ғашығымдай,

Ескектің көкірегімен лебі тиді.

Табиғаттың кіршіксіз, адалдығын тамашалаған «Ақша қар» өлеңін ақын былғанышты ескі дүниеге қарсы қояды.»Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» атты өлеңдерінде ол ауыл көріністерін табиғат суретімен байланыстыра ашады.

Сәкен өлеңдері дүнеині өзгерте алатын адамның тегеурінді күшін нақты шындыққа негіздеп суреттеуге құрылған. Олардағы сөздер қиялдан емес, ақынның астарлы, көркемдік беійнелі ой жүйесінен туған. Аспандағы жұлдызды жерге әкеліп,жердің көркі ету де осындай бейнелікті танытады. Сонымен бірге бұл жырларда болғаннан гөрі, боладыға сену, төңкерістің лепті үміті байқалмай қалмайды. Ақын заманның қайшылығын ьани алмады, алданды.

Сәкен әр жақты талантты ақын. Ол саяси-азаматтық лирикаға қоса, адамның көңіл-күйін, табиғатты, махаббатты суреттейтінсырлы өлеңдер жазған.Ол тұтқында жатқанның өзінде туған жер сағынышына сол өлкенің сұлу табиғатын, сүйген жарға деген сезімін қосып әсем лирика тудырды.

Ақын домбыраны да халықтың көңіл-күйін алаңдатар образ есебінде пайдаланды. Ол ел басындағы қайғыны да, жаңа күрес үнін де домбырадан таниды. Ақын өлеңінің негізгі шумақтарда айтылатын ойды анықтай түсу үшін ұзақ ырғақты қосымша тіркестер жасайды. «Тоқу фабигінде» деген өлеңде ақын өлең үлгісін дөңгелектің айналып шыққан дыбысының ырғағына құрады. Сәкеннің бұл үлгілері өлең үлгісіне жасалған тәжірибенің бір көрінісі. Бұл тәріздес ізденістер орыс поэзиясында да (Маяковский) болған. Сәкен сонымен үндесуге тырысты.

Сәкен Сейфуллин – аса көрнекті қазақ ақыны және белгілі қоғам қайраткері Ол жас қазақ кеңес әдебиетінің жетілуі мен идеялық қалыптасуына мол еңбек сіңірді. Азаттық жолныдағы күрестің от-жалынын баснан кешкен табанды күрескер ақын есебінде ол қазақ әдебиетіне тұңғыш ерт күрес рухын алып келді. Сәкеннің шығармалары арқылы ұлттық әдебиетте азаматтық сарын қалыптасты. Жан-жақты талант иесі Сәкен жас әдебиеттің барлық жанрында қызмет етіп, проза, поэзия, драматургия саласында елеулі шығармалар қалдырды. Әдебиет сынымен, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ол әдебиеттің дәуір талабына үндес болы үшін күресті.

Қорытындылай келгенде Сәкен Сейфуллин 1922-1925 жылдары “Еңбекші қазақ” (Ег. Қаз) редакторы болады. 1925-1937 ж Жазушылар Одағында, жоғарғы оқу орындарында, ұстаздық етті. 1925-1927 ж Қызылорда халық ағарту институтында, 1927-1928 ж Ташкент педагогикалық институтында 1930-1937 ж Қаз НИ –де мұғалім болып істейді. 1914 ж “Өткен күндер” жинағы басылып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет