Лекциялар жинағы кіріспе «Балалар әдебиеті»



бет2/4
Дата11.01.2022
өлшемі334,92 Kb.
#129224
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекциялар жина ы кіріспе «Балалар дебиеті»
операциялық жүйелер сессия
Ол 3 топтан тұрады: 1.Асау тұлпар; 2.Домбыра; 3. Экспресс

Поэмалары: Тұрмыс толқынында, Альбатрос, Қызыл ат, Социалистан.

Прозасы: “Тар жол, тайғақ кешу”, “Жер қазғандар”, “Жемістер”.

Драматургиясы: «Бақыт жолында» (1917ж), «Қызыл сұңқарлар» (1920 ж),

Сәкен ғалым, әдебиетші.

“Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары”, “Қазақ әдебиеті” оқулық (1934 ж). “Сол жылдарда”, “Біздің тұрмыс” романы (жоғалып кеткен) үзінділері “Әдебиет және Өнер” журналында жарияланған.



Сәкен әдеби кейіпкер.

Ғ. Мүсірепов “Кездеспей кеткен бір бейне” поэмасы Сәкен туралы 3 пьесасы бар.

1927 ж кейін Сәкеннің шығармаларына қатаң цензура қойылған.

  1. Сәкен революциялық романтизімнің көш басында тұрады.

  2. Романтизм символикалық көш басында Мағжан тұрады.

Сәкен “Көкшетауды” жазса, Мағжан “Батыр Баянды” жазды.

Әр адам өз заманының, өз уақытының ұлы десе Сәкен де бұдан тысқары қала алған жоқ. Басында кедей, халық деп жақсы идеяларымен келген Кеңес өкметін орнатуға Сәкенде ат салысты. Тар жол, тайғақ кешуден өтті. Мұның бәрі Сәкеннің шығармаларында көрініс тапты. Әсіресе “Тар жол, тайғақ кешу” менуарлық романында революционер, күрескер сәкен тұлғасы көрінеді. Ал мұның бәрі не үшін, кім үшін еді. Сәкеннің жеке басы үшін ештеңе қажет емес. Білімі бар, таланты бар. Былайша айтқанда сол күрескерлік жолға түспей-ақ тып – тыныш жыр жырлап жүре беруіне болар еді ғой. Міне, Сәкеннің азаматтық тұлғасы осы арада биіктей түседі. Бұл елім деп еңіреп туған ердің ісі Сәкен кеңес өкметі идеясына таза сенді. Болашағына сеніммен қарады. Сол үшін Мағжан, Ахметтерден жолы 2 ге бөлінді.

Мағжан: Дала дала сардала

Бейне өлік айнала

деп жырлап жазса

Сәкен: Жойылсын құлшылық, кемшілік,

Жасасын әділдік теңшілік.

Бұрынғы қу қыстақ жоғалсын

Өз еркін бұхара қолға алсын. - деп жырлады.

Мағжан символдық романтиканың көш басында тұрса, Сәкен ревалюциялық романтизмнің көш басында тұрады. Сәкен “Көкшетауды” жазса, Мағжан “Батыр Баянды” жаздырақ екі тұлғаны тұтастырып тұратын бір қасиеті бар. Ол мүдделердің бірлігі, ұлт қамы.

Міне, осылай жаңа өкметті ревалюциялық рухпен жырлаған Сәкен өмірінің соңында сол өкмет саясаттылық құрбаны болып кетті. Бұл Сәкен трагедиясы, қазақ трагедиясы еді. 1927 жылдан бастап Сәкен шығармаларына цензура қойыла бастады. Осымен байланысты “Аққудың айрылуы” поэмасы жазылды.

1930 жылдан былай Сәкен елге жүргізіліп жатқан істерге, саясатқа басқаша қарай бастады. “Қызыл ат” поэмасы соның нақты мысалы Ақын мен Қызыл аттың шартты айтысына құралған бұл туындыда бір кездері ревалюцияның алдыңғы санында болған одан кейінгі жылдарда өкмет қайда жұмысаса сонда болған қызыл аттың енді керексіз болып қалуы Сәкеннің сол кезеңде өз өмірінде болған жайт еді.

Сәкеннің атылып кетуіне де себепкер болған “Қызыл ат” поэмасы. Өйткені онда шындық бар еді. Онда бұрынғы жассасын жаңа заман, жассасын ревалюция деген ақын емес, заман ағымына, болмысына сын мен, ой көзімен қараған ақынның үні бар.

Ендігі бір арнайы тоқталуды қажет ететін ақынның бір поэмасы бар. Ол “Аққудың айрылуы” (1927 ж) поэмасы. Бұл поэма 1925 ж жазылған символикалық мәні бар шығарма. Поэма сюжеті алдымен айдын көлді суреттеуден басталады. Ондағы түрлі құстар...

Сол көлге жұбай аққудың келуімен көлде жаңаша әсем тіршілік басталады.

Айна көлді мекен еткен,

Бір екі аққу бар еді.

Мақсұтына бірге жеткен,

Екі ғашық жар еді.

Айна көлдің суы күміс,

Жұбай аққу көрсе еді.

Көрсе көзің алар тыныс,

Елдің көркі – сәні еді.

Көлдің басы ертелі кеш,

Мың құбылған ән еді.

Екі ғашық ертегідей,

Көлдің көркі сәні еді.

Ақын жүрегінің іздегені де осы. Одан ары автор қос аққу арасындағы сүйіспеншіліктің жанды картинасын жасайды:

Бөлек екен екі ғашық

Жйқынға кеп түйісті.

Сынайы ойнап, сынқылдасып,

Тәтті айқасып сүйісті.

Күміс суды жұмысақ сызып,

Екі сұлу сыланды.

Сылдырлатып моншақ тізіп,

Ақ көбікке бұланды.

Дөңгеленіп сәнін түзеп

Айна көлге қарайды.

Екі сұлу әнін түзеп,

Жуынды да таранды.

Поэма соңы сум мергеннің қолынан өлген аққу сыңары, өзін - өзі биіктен тастап өлуімен, яғни трогедиямен аяқталады:

Өлімді де шіркін ғашық,

Сүйгенімен бір көрді.

Жан күйігін мәңгі басып,

Жұбайымен бірге өлді.

Бұл ақынның өз басы трагедиясы еді. Ақын аллегориялық тәсілмен терең көркем ой айта білген. Табиғатында аққу құстар бірінсіз – бірі тіршілік ете алмайтын болса Сәкен үшін поэзиясыз өмір жоқ. Осы арада аққу бейнесі сұлулық, тазалық идеялы ретінде де алынады. Аққу сыңды жаны нәзік те, сұлу ақын бір кезде өзі “Тар жол, тайғақ кешуден” өтіп жүріп қанымен де, жанымен Кеңес өкметін қорғады. Егер аққу – махаббат, адалдық, тазалық, сұлулық символы ретінде көрсек, Сәкен де еңбекшілер құрылған жаңа өкметке жан тәнімен сенді, күресті. Енді сол өкметтін өзіне сенім жоқ.

Мерген жазықсыз, аққу сыңарын өлтірсе екінші аққуға жұбайынсыз өмір жоқ. Ол биіктен тастап өзін өлімге қиды.

Поэзия менің аққу сынды сыңарым. Егер одан ажыратсаңдар онда ақын Сәкеннің өлгені, ақын Сәкенді өлтіргендерің. Поэзия мен Сәкенді тек “өлім” ғана ажыратады деген автордың жан айғайы. Бұл поэманың негізгі идеясы, ақын айтар ой секілді.

Егер аққу халық арасында киелі құс деп саналса, жалпы адамзат арасындағы “ақын” өнер әлемінде киелі ұғым.

Сұр мерген секілді тас жүректер ақын талантына шабуыл жасаса, онда оның ақын талантын өлтіргені. Біз соның киесіне ұшырап қалмайық! – деген авторлық ой, идея бар секілді.

Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. С. Сейфуллиннің көркем поэзиясының тілі

  2. Ақындық шеберлігі

  3. «Тар жол, тайғақ кешу» романының жариялануы, зерттелуі

10-апта(1)

Лекция – №19

Тақырыбы: Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы және прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы

Жоспар:


  1. Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы

2. Б. Майлин – прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы.

3. Б.Майлин «Күлпаш», «Айт күні», «Ана жыры», «Кемпірдің ертегісі» шығармаларындағы адамгершілік мәселесі.


Б.Майлин(1894-1938)–Қостанай облысының Таран ауданында туылған. «Б.Майлиннің тағы бір тамаша қыры – балалар қаламгері екендігі. Рас, Б.Майлиннің поэзиясы мен прозасы да, драмасы мен сатирасы да бір есептен, балалар еншісі. Өйткені олардың қай-қайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады. Алайда орталау және жоғары кластар оқушыларының рухани азығына «Азамат Азаматыч» пен «Майдан», «Шұғаның белгісі» мен Дайрабайдың көк сиыры», «Кедейге» мен «Жаңартты қазір жырды ауыл» жарай бергенмен, бұлар төменгі класс шәкірттеріне, әсіресе балдырғандарға аса ұтымды емес. Егер бүгінгі азамат кешегі баладан өссе, «Раушан - коммунист» пен «Құлагерлер» бесік жырынан бастау алған жоқ па?» Демек, балалардың қамын ойлау - өсер елдің өрісті ғұрпы, балаларға арнап тікелей шығарма жазу үлкен қаламгерлердің тамаша дәстүрі. Заңғар Лев Толстойдың «Әліппе» жасауында, «Азапты сапарда» эпопеясының авторы А.Толстойдың «Алтын кілтті» жазуында, кеңес әдебиетінің көшбастары М.Горькийдің кеңес балалар әдебиетіне зор күш-жігер жұмсауында осындай мән жатыр. Сүйсінерлігі – осындай дәстүрге болашақ қамын күнілгері ойлаған қазақ кеңес әдебиетінің алыптары да ден қойыпты. Мұның мысалы – С.Сейфуллиннің де, І.Жансүгіровтің де, Б.Майлиннің де балаларға арнайы шығармалар жазуы(Б.Сарбалаев. Бейімбет Майлин.А. Мектеп. 1988. «Балалар қаламгері»53б.). Б.Майлиннің балаларға бағышталған шығармалары да баршылық. Сондықтан да оны балалар қаламгері деп таныған да орынды. «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі» секілді поэмаларын айтпағанда, Б.Майлиннің 1915 жылы жазған «Жазғы қалып», «Жазғы кеш», «Бұлтты күн» секілді өлеңдерінің өзі балаларға лайық. Рас, бұл кездерде Бейімбет саналы түрде балаларға арнап жазған жоқ. Алайда ақын жүректің тілегі мен балалар мұқтажы сәйкес келіп, өз-өзінен балалар өлеңдері туған еді. Бірақ 1921 жылдан кейін Бейімбет асыл мұрат, азаматтық кәмелеттік танытып, балаларға арнайы өлең жаза бастапты. Мұның бірі көрінісі – «Жаз келді» атты өлең. «Күн жылынып, қар да еріп дірілдеп, Сай-сайлардан сулар ағып, күрілдеп...». Осылайша балаларға тікелей өлең арнай бастаған Бейімбет 1922 жылы «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастанын жазды. Бұл енді қазақ балалар әдебиетінің асыл қорына қосылатын шығарма(54б.). Дастанды ұстап тұрған арқау – асып-тасқан ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы. Сонымен хан «Уәзірлерін жиып алып, жұртқа бұйрық таратқан...». Мұны естіп білген жұрт қарап қала ма, істеп жатқан кәсіптерін жиып қойып, хан ауылына жиналады. Алтын алмақ, оп-оңай байып қалмақ. Содан олар хан алдында өтірік айтып жарысады. Таласқа түседі. Бірінен бірі асады. Бірақ хан «Бәрі рас, нанамын» деп, таудай талаптарын тұжыра береді. Сөйтіп барша өтірікшінің беті қайтып қалады. Сонда халық жеңіліп. Хан жеңіп кетпек пе? Жоқ. Үсті дал-дұл бір таз бала ханның алдына келеді. «Өтірігі өте жойқын, жас бала да нанғысыз. Алтын қимай «Рас» - дейді, Ұяты жоқ хан арсыз». Содан бала тағы бір өтірігін – соңғы өтірігін айтады(55б.). Ерні жалақ, жалаң аяқ, Қисық таяқ қолында. Ақсай басып, асып-сасып, Бұқаның жүр соңында... Тақсыр ханым! Білесіз бе, Сол жаман шал кім еді? «Жоқ, білмеймін, ал айта ғой!» Басқа ешнәрсе демеді». Таз бала «Бұл шал сіздің әкеңіз еді, рас па осыным?» - дейді. Хан шошынып, жеркенгендіктен еріксіз «өтірік» деп салады. Сөйтіп бала ханды жеңіп, бәйгені алады(56б.). 65-71Бейімбеттің балаларға арналған екінші бір дастаны «Кемпірдің ертегісі» аталғанмен, ертегі емес. 1916 жылдың азаттық оқиғасынан бір көріністі алға тартады. Бірақ бұл оқиғаны тартымды жеткізу үшін Бейімбет бала Асылбекке әжесінің аузынан ертегі етіп айтқызады. Бала кейіпкер Асылбектің сөздері дастанға енгізер есік, кіріспе тәрізді. Содан әжесі Асылбекке әкесі, өзінің ұлы Қайранбайдың июнь жарлығына байланысты ел наразылығы қау еткен көтеріліс кезінде халықтың жауы, өзін он жыл қанаған болыстың басын алған батырлығын ертегі етіп шертеді. Шынында да Қайранбайлардың ерлігі ертегідей емес пе. Бейімбеттің поэзиядан басқа жанрларда тікелей балаларға, балдырғандарға арналған шығармалары көп емес. Бірақ, қаламгердің осы азғана асыл мұрасының өзінде кейінгі қазақ жазушыларынан үлкен үлгі, тартылған жол бар еді. Алыптар тобының атсалысуымен қаз тұрып, бой тіктеп алған қазақ кеңес әдебиеті содан кейін-ақ кең өріске шыққан болатын»(Б.Сарбалаев. Балалар қаламгері. 57б.). Көркем сөздің шебері Б.Майлин балалар әдебиетіне де мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар»(1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз»(1923), «Әлди – ана жыры»(1923), «Қағынғыр – ананың ашуы»(1926), «Қос жетім»(1933), «Кемпірдің ертегісі»(1927), «Өтірікке бәйге»(1922) деген өлеңдері мен әңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық қозғалысы жөнінде әңгіме айтуды өзіне міндет етіп қояды. Б.Майлин саяси және тарихи тақырыпты түсіндірудің оңай жолын таба білді. Ойдан ой тудыратын тәсіл – сұрақ-жауап әдісін қолданады. Осы әдіспен «Кемпірдің ертегісі» поэмасын жазады. Жеткіншектердің өздері қызығатын мәселенің айналасында сұрақ қоя беретін ерекшеліктерін осы поэманы жазу үстінде шебер пайдаланған. Әкесі Қайранбай қан майданда қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың сұрақтары үлкен бір әңгіменің басталуына себепші болады. Жас баланың тілегіне орай 1916 жылдың қанды оқиғасынан бір әңгіме басталып кетеді. Ол өзінің тыңдаушысын жалықтырмай ар қарай жетектеп отырады. Бала әкесінің өлімі себебін білуге асығады. Ол халық бостандығы үшін жанын қиған әкесінің өлімін батырлық, ерлік өлім деп біледі. Поэма балалардың ерлік істерге деген құлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси тақырыпта жазылған шығармалардың тәрбиелік күші осында. Бейімбеттің «Тәй, тәй, қақ, қаз»(1923), «Әлди – ана жыры»(1923) деген өлеңдерінде ана қамқорлығы мен бала тәрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой-қиялын шарықтатып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі – ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б.Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады. Тәй, тәй, тәй!.. Қаз, қаз, қаз!..Қарағым, апыл-тапыл басқанға мәз,Қосылып балалармен ойнауына,Жарқырап көкорайлы келді ғой жаз.дейді және келесі шумағында оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ана тілегі баланы алға қарай талпынтады. Өлеңі арқылы жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше қажет екендігін құптайды, балаларға арналған халық өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі. «Байшұбар»(1923), «Өтірікке бәйге»(1922) шығармаларында адамның ақыл-парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал-айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп-оңай құтылып кетеді. Балалар ықыласын өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалық тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға қалдырады, өздерінің көзқарасын, пікірін білдіруге және белгілі бір қорытындыға келуге үйретеді. Оқиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Екі қарақшы бірінен-бірі шошынады. Құдай-ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қылажолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз-кем тілек етсем дағы.деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім,Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жанұшырады. Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады.
10-апта(2)

Лекция – №20



Тақырыбы: Ілияс Жансүгіров лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы

Жоспар:

1. І.Жансүгіров лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы

2. І.Жансүгіров «Гималай» , «Күй», «Күйші».
Сабақтың мақсаты: І. Жансүгіровтың шығармашылығынын мағлұмат .
Ілияс Жансүгірұлы 1894 жылы Қапал уезі, Ақсу болысының Қарағаш ауданында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, «Қызыл таң» совхозы) өмірге келген. Анасынан ерте айырылған Шлиясты ескіше сауатты, әңгімеші әрі өнерпаз әкесі Жансүгір Берсүгіров қамқорлық пен жауапкершілік сезімді терең түсінгендіктен халықтық дәстүр-өнегеге сай тәрбиеледі. Жетісудың сұлу табиғатын, ән мен жырдың әсем әуенін зерек Ілияс бойына да, ойына да ерте сіңіреді. Ілиястың қолөнерге бейім, өлең-жырға әуес болып өсуі де осы кезеңде анық аңғарылған болатын.

Ілияс Жансүгірұлы алғашқы өлеңдерін ауызекі айтып, көңілі мен қойын дәптеріне түсіргені болмаса баспасөз бетін кеш көреді. Ақынның алғашқы өлеңдері 1915-16 жылдың еншісіне тигенмен, кейінді ізденіс нәтижежелері бұдан ертеректе басталғанын айқындап отыр. Айталық, «Күзгі гүлге» /1912/ атты өлең дала мен табиғат сырын, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ашуға арналған.

Ақын поэзиясындағы жер жаннаты Жетісу, туған жер мен елге, оның адамдары туралы сыр шертетін өлеңдерінен қалам қуаты, сан алуан ізденіс үлгілері, көркем де бейнелі философиялық топшылаулар терең танылады. Абайдың рухани әлеміне қанық Ілияс өз өлеңдерінде жыл мезгілдерін, ондағы өзгеріс – көріністерді, адам мен оның еңбегі уақыт іздері арқылы бейнелі жеткізеді. Табиғаттың көрініс мен тіршіліктің алуан тынысын:

Күркіреп, күңіреніп ұласып аспан,

Сіркіреп, бұлт тұмшалап, жаңбыр жауар,

Бүркіреп жауқазындар жарар гүлін,

Үлбіреп өсер шөптер, құлпырар гүл, – сипатында көрсетеді.

«Жазғы салым», «Жзғы таң», «Жағытұрым» , «Күз», «Қыс», «Жаз», «Жайлау», «Көктемде» т.т. өлеңдерде табиғат суреттері, жыл мезгілдерінің «мінезі» бірде ағынды ағыстай буырқанып кең арна алса, енді бірде ұлпадай үлбіреп май тоңғысыз кейіп танытады. Табиғаттың мұндай көрініс, құбылыстары адам мен оның еңбек әрекеттері арқылы да беріліп отырады. Ақын мұндай мезгілді: «Ауыл көшті қыстаудан», «Құс ұясын түзеді», «Жазғытұрым», «Жас қозылар марқайды», «Ел күзекке қоныпты» деп нақты көрініс, бейнелі бедер-суреттермен сомдайды. Таныс көрініс, жеңіл тіл, алуан салыстырулар көз бен көңілге кедергісіз, қонымды ұялайды.

Ақынның табиғат лирикасының биік шыңы – «Жетісу суреттері» /1925/. Өлеңдегі бірнеше тараудан осы өлкенің жер-су, аң-құс, өзен-көлі, жалпы табиғаты хас шебердің шабытты шақта туған туындысындай әсер береді. Ақын өзі туып-өскен өлкеге деген махаббатын, сүйіспеншілігін Жетісудың өткен тарихымен де, қоршаған табиғат байлықтарымен де әрі рны мекендеген адамдар өмірі, тұрмысы мен дәстүр-өнегелері арқылы да көркем, нақты жеткізеді. Өлеңдегі Жетісудың тағдыр-талайы, тау-су суреттері, жер түгі мен жәндіктер т.т. көрініс-құбылыстар жанды бейне, нақты деталь, көркемдік иірімдерімен бедерлі.

Жалпы, «Жетісу суреттері» – ел-жер тарихын баяндаумен бірге ақындық өнердің биік үлгісін де танытқан туынды.

Ақынның келесі бір шоқтығы биік туындысы – «Күй». Ол ақын таланты күшейген, дүниетаным иірімдері кеңіген тұста туындағын поэмасы. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс қатар келіп отыратын поэма Матайдағы қобызшы Молықбай шалдың «бес бұрап, төрт түкіріп,толғап тоғыз» тартқан күй өнеріндегі орнын көрсетуден басталады. Бес тарудан тұратын туындыда «Жар қабақ, сида, арсақай сар шұбар шал» Молықбайдың қазақ халқының даму тарихындағы дауылы мен дүбірі, зары мен зобалаңы мол аласапыран кезеңді «Ақ көбікті» аңыратып, «Боз інгенді күңірентіп», «Көк көбек», «Қарамаржан» секілді күйлер арқылы қобыз тілінде сөйлетеді. Лирикалық кейіпкердің және бір қыры «Бозінгенді» ертегі сипатында тартуы еді. Поэма соңында лирикалық кейіпкердің күй құдіреті арқылы өмірді өрнектеп, дала мен тауды асқақтатып, адам әлемін есептеуге болатынын кеңінен көрсетеді.

«Күй» – жаңа өмір мен уақыттың көрініс-құбылыстарын баймазмұн, терң идея, батыл ойлар арқылы көрсеткен туынды.

«Күйші» поэмасы – өнер құдіреті арқылы адам тағдырын, өмір сырын, махаббат пен зұлымдық иірімдерін ашатын кекң тынысты туынды. Ақынның
Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті А. 1974

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балар әдебиеті А. 1976

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы А. 1994

  4. Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті А. 1992

  5. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А. 1974

  6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы . А. 1994

Бақылау сұрақтары:

  1. І. Жансүгіров өлеңдеріндегі табиғат суреті

  2. І. Жансүгіров поэмалары

11-апта


Лекция – №21-22

Тақырыбы: М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты.

Балалар әдебиетіндегі Абай образы.

Жоспар:


1.М.Әуезов және балалар әдебиеті.

2.Жазушының тіл шеберлігі.

3.М. Әуезов шығармаларының ерекшелігі.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов - аса көрнекті қазақ совет жазушысы, ұлы суреткер, әдебиетші-ғалым, зор қоғам қайраткері,

Жазушының көркем аудармаға сіңірген баға жетпес енбегін көрсету мақсатымен оның проза, драма саласында жасаған қолда бар аудармалары жеке бір том болып енгізілді.

Классик - үздік тзлант иесі. Оны тудыратын халық. Тәрбиелеп, өсіріп, классик денгейіне көтеретін де халық, халықтың тарихи әлеуметтік жағдайы. Оыдай жағдай болмаса, талант қанша мықты болғанмен өріс алмай, өресіз күйде қалып қоя бермек. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы орыс халқымен тарихи тағдыры жуықтасып, екі халықтың кезі ашық өкілдерінің түсінісіп рухани байланыс жөнінде үн табысуы - Абайды прогресс жолында бір саты жоғары көтеріп, классик дәрежесіне жеткізген жағдай болды. Ал енді осы дәрежені терең ұғынып, жете бағалау үшін де уақыт керек екен. Бұл ретте біз қаншама алыс кетсек те, әлі де болса Абайды танып болдық, Абай мұхитының тұңғиығын әбден зерттеп болдық деп үзілді-кесілді айта алмасақ керек. Абайдың өмірі мен творчествосын ғылыми жолмен зерттеуде баға жетпес еңбек еткен Мұхтар Әуезовтың өзі ұлы Абайдың әлі де зерттеле түсетін жақтарын ескерткен. Мұны ол Абай дүние салғанына 55 жыл өткеннен кейін жазғаны белгілі. Ал ұлы Абайдың асыл мұрасы зерттеле түсуінің үстіне оның акындық, классиктік тұлға-тұрпаты барған сайын зәулімдене беретіні аян.

М. Әуезов творчествосы - қазақ совет әдебиетінің классикалық мұрамен мираскерлік байланысының айқын көрінісі. Ол өткендегі игі дәстүрлерді дұрыс пайдаланудың да, сол арқылы жаңалық табудың да оңды үлгісі.

Ал дарынының дамып толысқан, социалистік реализм негізінде творчестволық принциптерінің бекіп тұрақталған кезеңінде қарымды суреткер қазақ әдебиетінің проза, драматургия салаларында өлмес көркем туындылар жасады. Соның ішінде Алатаудай зәулім, зор, мұхиттай терең, ұлы туынды - төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы. Жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклопедиясы аталған бұл ғажап туынды қазақ әдебиетінде жанры бойынша тұңғыш роман-эпопея бола тұра, дүние жүзі әдебиетінің, қалды бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті туындыларының қатарынан орын алды. Ол қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, әлемге әйгілі етті, совет заманында еркін өсіп, көркейген қазақ халқының рухани өмірінің, гүлденген ұлт мәдениеті жемісінің мақтан етерлік айғағына айналды. Эпопеяның «Абай» деген атпен жарияланған алғашқы екі кітабы 1949 жылы Мемлекеттік сыйлық алды, төрт кітабы бірге «Абай жолы» деген атпен шыққаннан кейін 1959 жылы Лениндік сыйлық алды.

Көркем сөздің шебері, көп қырлы талант иесі Мұхтар Әуезов бүкіл қазақ ұлт мәденнетінің өркендеп жетілуіне орасан зор еңбек сіңірді, оның ішінде әсіресе туған қазақ совет әдебиетінің барлық кезеңіиде үздіксіз дамып, ілгері басуына үнемі үлкен үлес қосып отырды.

Бақылау сұрақтары:



1.М. Әуезовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

2.М. Әуезов шығармаларындағы Абай образы.

12 апта


Лекция – №23

Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов шығар-маларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі.



Жоспар:

1. Ғ.Мүсірепов шығармаларының тәрбиелік мәні.

2. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы ана бейнесі.
Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуге кезінде белсене араласқан көркем сөздің зергері. Мәселен, оның қаламынан шыққан көркем әңгіменің қай-қайсысы да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде есте сақталып отырады.

«Қос шалқар», «Талпақ тану», «Шұғыла» сияқты алғашқы әңгімелердің өзі-ақ сөз өнеріндегі хас жүйріктің қалам шеберлігінің сымбатты көрністерінң айқын дәлелі екені анық. «Қос шалқардың» туған өлке табиғатының ғажайып суреттері есен кетпестей болып тиянақты жасалғаны белгілі. Онымен қатар сол табиғат аясындағы адамдардың әлеуметтік тіршілігі де реалистік бояулармен дұрыс бейнеленген. Яки «Талпақ тану» әңгімесі тек қана Ғ.Мүсірепов қаламынан туған өзіндік сырсипаты, ерекшелігі мол тұлғалы туынды. Бұл әңгімені оқығанда адам психологиясындағы түбегейлі тартысты ойнақы әзілмен, жарасымды қалжыңмен, ұлттық нақышпен, тіл өнерінің құдіретімен айнытпай берудегі шеберліктің қадір-қасиетіне бірден ден қоясың.

Ал «Шұғыла» - қазақ халқының 1932 жылғы қайғылы өмірінің айшықты суреттерін тапжылтпай көз алдыңв алып келетін іргелі шығарма. Сол жылдардағы Қазақстан басшылығының сорақы қателігінің адам айтқысыз зардабын шегіп, аштық-жалаңаштықтан жаппай қырылған қазақ халқының жүдеу, жұпыны тіршілігі бұл әңгімеде үлкен суреткерлік бояумен берілген. Сол, кездегі халық өмірінің ауыр трагедиясын дұрыс бейнелеген «Шұғылада» жазушының әрі азаматтық ерлігін, әрі суреткерлік батылдығын жұртшылыққа қатар танытқаны ешқашан ұмтылмақ емес.

Жазушының әр тұста жазған ана тақырыбындағы шоғыр әңгімелері қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңіткен кезеңді еңбектер. Ол ең алдымен отызыншы жылдары А.М.Горькийдің ана тақырыбына жазылған әңімелерінің ізімен екі-үш әңгіме («Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды») жазды. Одан кейін жазушы өзінің «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» атты белгілі әңгімелерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп, көркемдік өрнек әкеледі. Жазушының осы шығармалары арқылы әдебиетімізде бұрын-соңды ұшырамаған адам мінезінің тың қырлары жарқырап көзге түсе бастады. Бұл туындылардағы аналар: Қапия, Нағима әділетсіздікке ерекше төзім ді, қайсар, қажыр-қайратымен кім-кімнің де есінде қаларлықтай айқын бейнеленген. Олар жай бір қарапайым жағдайда емес, халық өмірінің тарихи асулы кезеңдеріндегі өршіл, жігерлі ісімен, ер жүрек, өткір тұлғасын тарихи оқиғаның ауқымында ала отырып, жазушы оның жинақтаушылық, типтік қадір-қасиетін арттыра, күшейте түсті.

Ал Ұлы Отан сағысынан кейінгі бейбіт жылдардағы әңгімелерінде жазушы сол қарапайым замандастарымыздың - әйелдердің бүкіл әлемге, келер ұрпаққа улгі- өнеге болатындай, қызығып, тағлым аларлықтай қадір-қасиеттерін әдемі де әсерлі етіп бейнелей түсті («Әмина», «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері»). Бұл шығармалардағы әйелдер де – ойдың, істің адамы, еңбектен ғана бақыт тапқан біздің замандастарымыз, ел қамын ойлайтын қоғам қайраткері. Бұл шығармаларында да жазушы үлкен адамгершілікті, моральдық асыл қасиеттерді, ізгі жүректің гуманистік нұрлы сипаттарын сөз өнерінің сиқырлы ғаламат күшімен жақсы бейнелеп бергенін айрықша атап айтқан жөн. Әсіресе, қарапайым еңбек адам ның ішік дүниесінің жарығын, қоғамға, халыққа қалтықсыз беріле қызмет етіп жүрген олардың төзімділігін, қажыр-қайратын, табандылығын, тұрақтылығын нанымды деталь, ұтқыр штрихтар арқылы мүсіндеуде жазушы үздік шеберлік танытты.

Сайып айтқанда, Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетнің барлық жанрларын дамытуға көп еңбек сіңірген көркем сөздің майталман шебері, ірі суреткер. Оының шығармалары сан рет көптеген халықтардың тілдеріне аударылады. Ғабит Мүсірепов – бүкіл дүние жүзіне кең танылған сөз зергері.

Ғабит Мүсіреповтің қаламынан шыққан әрбір өміршең еңбегі үнемі оқырман жүрегіне жол тауып, оның асыл бұйымына айналып отырады. Ол – туған Отанының гүлденуіне үлкен еңбек сіңірген халықтың адал азаматы, қадірмен прзенті. Ғабит Мүсірепов – халықтың шын мәніндегі сүйікті жазушысы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы өмір шындығының көріністері.

  2. Ана тақырыбына жазған шығармаларының тәрбиелік мәні.

12 апта(2)

Лекция – №24

Тақырыбы: 1960-90 жылдардағы балалар әдебиеті дамуы, өкілдері



Жоспары:

1.ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі, жариялануы

2.60-90 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі психологизм

3.С. Мұратбеков, Т. Әбдіков, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармаларындағы адам концепциясы
Кез келген ұлттың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері, ең алдымен, сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны баршамызға белгілі. Қазіргі таңда қазақ әдебиетінің әрқилы кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен айтулы үлес қосқан қаламгерлеріміздің бірі – Төлен Әбдіков.

Жазушының шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. Төлен Әбдіков шығармашылығының негізгі өзегі – пенде мұңы. Жеңіл-желпі желұшық мұң емес, артында қара тастай қасірет жатқан көштей күңіренте-сыңсытып өз жүрегінен өткізген жалқының мұңы.

Қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде бұрынғы Торғай (қазіргі Қостанай) облысы, Ә. Жангелдин атындағы ауданның Еңбек кеңшарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1964 жылы жас жазушылардың жинағында «Райхан» атты алғашқы әңгімесі жарық көрді. 1967 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер драма театрында «Біз үшеу едік» атты пьесасы сахналанды. 1969 жылы «Көкжиек» деген атпен тұңғыш жеке кітабы оқырман қолына тиеді. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқарса, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, 1979-1990 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болады.

Төлен Әбдіковтің шығармалары 1964 жылдан жариялана бастаған. Оның «Көкжиек» (Алматы. Жазушы, 1969), «Күзгі жапырақтар» (Алматы: Жазушы, 1971), «Ақиқат» (Алматы: Жалын, 1974), «Айтылмаған ақиқат» (Алматы: Жалын, 1979), «Өліара» (Алматы: Жалын, 1985), «Таңдамалы» (Алматы, 1991), «Оң қол» (Алматы: Ата мұра, 2002), «Әке» (Алматы: Қайнар, 2005) атты жинақтарының қазақ әдебиетінің тарихына қосқан өзіндік үлесі бар.

Т. Әбдіков Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының 2003 жылы лауреаты атанған. «Парасат майданы» повесі жайында белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Төлен Әбдіковтің бұл шығармасы – бүгінгі болмыстың ащы да өзекті шындығынан туындаған жан айқайы. Менің досым Анатолий Ким де хикаяттың әлі пісіп-жетілмеген аудармасын оқығаннан-ақ: «Мына қазақтың Кафкасы ғой!», – деп өзінің таңғалғанын жасыра алмаған еді», – деп ой толғайды.

Кезінде Софокл: «Әлемде неше алуан ғажайыптар бар, бірақ Адам – олардың барлығынан да ғажайып», – деген екен. Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек өзімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Төлен Әбдіковтің шығармашылық жолы туралы жазу мойынымызға үлкен жауапкершілік жүгін жүктейтіні ақиқат.

Төлен Әбдіковтің әдебиеттегі қолтаңбасы ерекше екендігін өзіндік жазу мәнері, сөз қолданысы, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын сомдауы, оқшау образдар жасауы, тосын тұлғалар табуы тайға таңба басқандай дәлелдеп-ақ тұр.

Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, сана қозғалысының пластикасын беру мен жан диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға және де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен ишараттарға, іс-әрекеттегі, дауыс ырғағындағы, портреттегі физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да көңіл бөлген. Мысалы «Оң қол» әңгімесінде кейіпкер – Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан үдерісті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген. Саябақтағы гүлді жұлдырып, дәрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да тәкаппар, адал да ерке Алма ұйқыға ене бастаса-ақ, алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық әрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқат, оны медицинада «дененің екіге жарылуы» дейді, ал әдебиеттануда «адам ішіндегі адам» деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, әңгімені оқи отырып, көз алдыңда өтіп жатқан кинолента куәгеріндей кейіпкерімен бірге қуанасың, бірге қайғырасың, бірге қорқасың. Бұл сарын қазақ әдебиетіне Т. Әбдіков енгізген жаңалық емес, алайда, жазушы оны өз қырынан дамыта, өрбіте білді.

Төлен Әбдіковтің шығармашылығында дәстүр жалғастығы да сезіледі. Бұл жайында әдебиет сыншысы Мырзан Кенжебайдың баспасөз бетінде жарық көрген мақалаларының бірінде кешегі Х. Есенжанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, А. Нұрманов, М. Иманжанов, Т. Жармағанбетов шығармаларынан бастап бүгінгі Т. Әбдіков, Б. Нұржекеев, Т. Нұрмағанбетов, Қ. Мұханбетқалиев, С. Мұратбеков, Д. Исабеков, С. Балғабаев туындыларының арасындағы дәстүр жалғастығының барлығын, әдебиет игілігі үшін қызмет еткен осынау бірнеше буын қазақ қаламгерлерінің шығармашылық жолын салыстыра, сабақтастыра сөз етеді.

Расында да, Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларынан өзінің жаңашылдығымен қоса дәстүр жалғастығын да байқай аламыз. Мысалы, жазушы шығармашылығындағы «Өліара» романын алсақ, мұнда жазушы тың тақырып емес, бәріне таныс, барша жазушылардың шығармашылығында кездесетін өз халқының тағдырын бейнелейді. Алайда, Төлен Әбдіковтің бұл шығармасы жазушының жан-жақты білетін, жан-жақты ойлайтын, мәселенің бетін емес, түбін көретін, өз халқының тағдырын өз өміріндей жан-тәнімен сезінетін жанқияры екенін дәлелдейді.

Ғалым Серік Қирабаев бұл жайында былай пайымдайды: «...Аға ұрпақтың монументтік өмір суреттерін бейнелеген тәжірибесін қоса, кейінгі жастар реализмді халықтың тұрмыс-тіршілігінің жұпыны суреттерін, адам характерінің қайшылықты диалектикасын ашу арқылы байытуға тырысты. Бұл – тарих сабағына сын көзімен қарауға, адам өмірін психологиялық талдау арқылы барлауға жол ашты. Бұл тұрғыда С. Мұратбековтің, Д. Исабековтің,
Т. Әбдіковтің, Т. Нұрмағамбетовтың әңгіме-повестерін еске алу артық емес». Яғни, Төлен Әбдіковтің шығармалары дәстүрлік жалғастықты сақтай отырып, өзінің жаңашылдығымен ерекшеленген.

Орыстың классик ақыны А.С. Пушкиннің: «Точность и краткость – вот первые достоинства прозы. Она требует мыслей и мыслей – без них блестящие выражения ни к чему не служат», – деген сөзі талантты жазушы Төлен Әбдіковтің қаламгерлік қасиеті туралы айтқандай, себебі қаламгердің шығармалары шағын, әрі қысқа және сол дәуірде екінің бірі батылы бара бермейтін өткір әлеуметтік мәселелерді қозғайтындығын және нені жазса да биік парасаттылықпен терең зерттеп, жеріне жеткізе жазатындығын жете сезіне білуіміз керек. Қиялы ұшқыр суреткердің өзіндік қолтаңбасы аз жазса да, оқырманға терең ой тастайтындығымен, мәнді жазатындығымен, сөйлемдері қысқа әрі нұсқа болып келетіндігімен ерекшеленеді. Бұл жайында құрдасы Дулат Исабеков: «Жалпы Төлен бұрқыратып жазған жігіт емес. Әлі күнге шейін сол ырғағын сақтап келеді», – деп өте орынды айтқан. Ол қай мәселені қозғаса да, қай уақыттың шындығын жазса да, өмірлік, адами шиеленістерді алға тартқандығымен көзге түседі.

«Барлық трагедия атаулының түп-төркіні немқұрайдылықтан басталады» деген сөзді Нобель сыйлығының лауреаты, ұлы гуманист жазушы Т. Манн бірде өзіне қойылған «Еуропада фашизм қалай туды?» деген сұраққа жауап ретінде айтыпты. Яғни, жазушы адамзат баласының қамын жеген, жанқияр да жанашыр перзент болуы тиіс.

Суреткер еш уақытта өзі үшін ғана жазбайды. Оның сыры да, жыры да қашан да халықтық мұрат-мақсатымен, әлеуметтік арман-мүддесімен сабақтасып, тарихи-рухани қажеттілікпен, замана аңсар-ағымымен ұштасып жатуға тиіс.

Жазушы бір сұхбатында: «...Ел мүддесіне қиянат жасайтындар, сатқындар мен жағымпаздар, алаяқтар, өтірікшілер, мансапқорлар, қылмыскерлер, бәрі менің дұшпандарым. Бірақ, олармен тікелей күресуге менің шамам да, уақытым да жетпейді. Менің күрес құралым – қаламым. Егер өз шығармаларымда жоғары да айтылғандарды көркемдік тәсілмен әшкерелей алсам, ізгілікті жоғары қоя білсем, оқырманды соған сендіре алсам, мінеки, менің күресім де, жеңісім де – осы», – деп өзінің негізгі шығармашылық нысанын білдірген болатын.

Сонымен қатар Төлен Әбдіков қазіргі заманның өзекті шиеленістерінің бірі – қазақ тілі, қазіргі жастардың ата салтын, дәстүрін, төл әдебиеті мен мәдениетіне немқұрайды қарап, қастерлемеуі жайында да өз ойын ортаға салуда. «Мемлекеттік тіл Тәуелсіздік деген ұғыммен тікелей байланысты. Тілде жоқ тәуелсіздік – елде де жоқ», – деген қаламгердің сөзінде үлкен мән бар.

Бүгінгі қазақ прозасының басты мақсаты, бағыты – адамзат мойнына артылған мәңгілік күрестің бар екенін анықтау ғана емес, осы екі арадағы адам жанының күресін, арпалысын бейнелеу. Адам баласының өмір мен өлім арасындағы қысқа ғұмыры осы мәңгі тайталаста қалай өтіп жатқанын анықтау, зерттеу, зерделеу. Осы төңіректе әлі де болса көптеген шығармалардың туары анық және олар бүгінгі сананың өркендеуіне байланысты жаңа формамен, жаңа мазмұнмен, жаңа пішінмен дүниеге келеріне күмән жоқ. Жазушының құрылыс материалы – өмір шындығы. Ол өмір шындығындағы мол материалдан құрастырып күмбез жасап шығарады. Ол күмбездің сәулетті, сәнді болып шығуы сол күмбезді құрастырушы зергердің шеберлігіне байланысты. Күмбезді құрастырудағы жазушының құралы – сөз. Жазушы сөз арқылы шикі дүниені ширатып, тыңнан тұлғалар жасайды. Оларды да қуантып, қайғыртып бірімен-бірін тартысқа түсіріп, күреске араластырады. Сөйтіп, өмір шындығында болып жатқан күнделікті құбылысты көркем образдар арқылы оқырманның көз алдына елестететіні аян.

Әдебиет – өмір шындығының сәулесі. Өмір шындығы дегеніміз де бірімен-бірі тұтасып жатқан ұшы-қиыры жоқ мол дүние. Қаламгер сол мол дүниеден қанша алып, қалай пайдаланамын десе де өз еркі. Жазушы бұл жағынан алып қарағанда, жалпақ дүниені қалай алып, қалай пайдаланбасын, өзі суреттеп отырған өмір шындығын молынан қамти отырып, дәуір талабына сай көркемдікпен шешіп бере білуге тиісті. Ол өзі өмір сүріп тұрған дәуір тынысына тәуелді. Міне, қаламгер Т. Әбдіков өз шығармаларында осы заманның өмір тынысын шебер бейнелей білген.
Бақылау сұрақтары:

1.ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі, жариялануы

2.60-90 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі психологизм

3.С. Мұратбеков, Т. Әбдіков, Д. Исабеков, О. Бөкей шығармаларындағы адам концепциясы

13 апта(1)


Лекция – №25

Тақырыбы: Б.Соқпақбаев, балаларға арналған шығармашылығы



Жоспар:

  1. Б. Соқпақбаевтың шығармашылық өмір жолы

  2. Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының балалар әдебиетіндегі орны


Қазақ балалар әдебиетінің классигі, балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырзалиев: «Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым – Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...», деп жазып еді.

Мемлекеттік деп аталатын дәрежелі сыйлықты алмаса да, халық атынан берілетін кез келген сыйлыққа лайықты жазушының кейіпкерлері Қожа ғана емес, Жанар, Жантас, Сұлтандар кешегі аға буынның жастық шағының айнасындай болатын. Қожа туралы кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылды, орыс және француз оқырмандары мен көрермендері де оның лайықты бағасын берді. Қожа мақтаншақ кейіпкер емес, ақылы бар, ата-анаға, достарға мейірімі бар «есті тентек». Оның кейбір шалыс басқан қылықтарының өзін жазушы кейіпкерлердің көзқарасы, жан-сезімі арқылы ақтап алады.Сондықтан да қазақ балалар әдебиетіндегі Тазша бала, Ыбырай Алтынсарин әңгімесіндегі Асан мен Үсен секілді Қожа да қазақ балалар әдебиеті галереясының құрмет тақтасына алтын әріп­тер­мен жазылуға лайықты қаҺарман. Қазіргі қазақ фильмдерінің бірде-бірі «Менің атым – Қожаның» шаңына да ілесе алмай жатқаны бір жағынан ізденістің аздығы десек, екінші жағынан сценарий авторы Бердібек ағамыз бен фильм режиссері Абдолла Қарсақбаевтың шебер­лігінің нәтижесі дер едік. «Ме­нің атым – Қожа» фильмі фран­цуздың Канн қаласындағы жас­тар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болуы да ел мерейін өсірген құбылыс болатын.

 Балалар жазушысы болу қиын­ның қиыны екенін әдебиет сыншылары айтудай-ақ айтып келеді. Бала тілін табу, олардың психологиясын тану үшін қаламгер аз тер төккен жоқ. Жазушының «Пионер» және «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында, Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жө­нін­де әдеби кеңесші болып қызмет атқаруы да өз жемісін берген болуы керек. Сол тұста балалар әдебиеті де одан әрі дамып, кең өріс алды.

 Қаламгердің «Өлгендер қай­тып келмейді», «Қайдасың, Гау­һар?», «Балалық шаққа саяхат», «Жек­пе-жек» секілді кітаптары бұл күндері оқырмандар із­деп жү­ріп оқитын, кітап дүкен­дері сө­релерінен таба бермей­тін жауһар­лар қатарында. Жазу­шы­ның тырнақ­алды шығармаларын өлең жазудан бастағанын біреу білсе де, көбі біле бермейді. Оның «Бұлақ» атты өлеңдер жи­нағы 1950 жылы жарық көрген болатын. Алайда, қаламгердің сүйікті жанры проза болды. Бұл жанрда ол өзін нағыз тұлпар ретінде таныта білді, көсіле шапты және алысқа шапты.

Өткен жылы «Егемен Қазақ­стан» газетінде  жарық көрген жазушы Мархабат Байғұттың Үкімет назарына ұсынылып отырған «Бірегей Бердібектің бер бағасын» деп аталған мақалада орынды ұсыныстар айтылған екен. Біз де соларға толық қосыламыз. Бердібектің бағасын беру және оның әдеби мұрасына шынайы қамқорлық керек. Ол – халық қазынасы, жас ұрпақтың несібесі. Осыны қаламгерлер ғана емес,  іс басында отырған лауазым иелері ұқса, қане?! Әсіресе, Бекеңнің атажұрты саналатын Алматы облысының әкімі бірінші ескерсе құба-құп. Оны өзгелер қолдап жатса,  өсер елдің ұрпағына тән жақсы қасиет болар еді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Б. Соқпақбаевтың шығармашылық өмір жолы

  2. «Менің атым Қожа» шығармасындағы образдар жүйесі

13апта(2)

Лекция – №26

Тақырыбы: С. Бегалиннің балалар әдебиетіндегі орны.

Жоспар:


  1. С. Бегалиннің шығармашылық өмір жолы

  2. С. Бегалиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі


С. Бегалин 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды.

1935-1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының №9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), т.б. өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976) т.б. әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды («Халық ақындары», 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды.

Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді. Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.




Оның "Қазақ қыз-бозбалалары" деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы "Айқап" журналында басылған.  "Қыран кегі" (1943) "Цимлян теңізі" (1953) "Таңдамалы" (1956), "Сырлы қайнар" (1963) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. Сонымен қатар балаларға арналған прозалық шығармалар, "Замана белестері" атты роман (1975 ж) жазған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу саласында  ұзақ жылдар   еңбек етті.

Дастан  1940 жылы жазылған. Хан Кенеге ілескен қазақ қолын түгелімен құртуға аттанған  патша әскері мен қырғыз манаптарының біріккен қолынан  құтылуда көрсеткен Ағыбай батырдың ерлігі сөз болып, оның халықшылдық, адамгершілік тұлғасы сомдалып, дастанда Кенесары заманының шежіресі шертіледі.

Кенесары оқиғасына қатысты тың деректер кездеседі.  Дастанда кездесетін Кенесары оқиғасына қатысты деректер зерттеушілерді  қызықтырары сөзсіз.

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар тұлғасын, туған жердің сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі», «Цимлян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар» т.б. өлеңдер мен поэмалары жарық көреді. Жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал етіп, оларды отанды сүю рухында тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Шоқан асулары», «Қыран туралы аңыз», ІІІ томдық таңдамалы шығармаларының жинағы т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, «Замана белестері» атты романы жарық көрді.

Балалар әдебиетінің атасы Сапарғали Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып шыққан «Сәтжан» атты повесі.Повестегі басты кейіпкер - Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады.Көре жүріп үйрену адамды  үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді.Жазушының шеберлігі аң аулау жұмысын өлкетану ісімен байланыстыруынан байқалады.

14 апта
Лекция – №27-28


Тақырыбы: Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, т.б.
Жоспар:

1. 1960 - 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің дамуы.

2. Балалар әдебиетінің жанр жағынан өзгеріс табуы.

3. Балалар жазушылар туралы мағлұмат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет