Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет26/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетке дайындығы неде?
2. Психолог маманның кәсіби күйреуін алдын алу шаралары қандай?
3. Психологтың міндеттері мен құқықтарына сипаттама беріңіз.
4. Психолог жұмысының уақыттық жүктемелері қандай?
13. Лекция тақырыбы: Психологтың біліктілігін аттестациялау негіздері.
Мақсаты: Студенттерге психологтың нормативтік құжаттары, психологиялық бөлме немесе психологтың қызмет ету кеңістігі және психолог – экспериментатор мен психолог-практиктің жекелеген қасиеттері туралы білімін жетілдіру.


Лекция жоспары:
1. Психологтың нормативтік құжаттары.
2. Психологиялық қызмет туралы ереже.
3. Психологиялық бөлме немесе психологтың қызмет ету кеңістігі.
4. Психолог – экспериментатор мен психолог-практиктің жекелеген қасиеттері.


Лекция мәтіні: 
Бірінші фаза – өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу–кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиентпен психологтың араласуы мен олардың қарым-қатынасын құрудағы арақашығы қандай болу керек екені анықталады. Кеңесші әңгіме өткізгенге дейін отбасын, ата-аналар мен баланың байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында баламен ата-ананың байланыс жасауындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды, балалар мен олардың ата-аналарының әсерлену ерекшеліктерін, тілдесу арқылы және ыммен түсінісуінің сипатын, ата-ана жағынан баланың мінез-құлқын бағалау мен реттеу әдістерін бағалайды. Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ата-аналардың психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттестіктің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде-ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік нысаны, ата-аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.
Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. Бұл фазада кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене отырып проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, бір жақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе – екі жақ бір-бірін жете түсіне отырып, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан, клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негіз ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемаларын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру-алу процесінің мақсат - кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.
Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынандай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылды, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң біртіндеп мәселені талдау барысында, оның мән-мағнасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгере бастайды. Мұндай өз-өзін түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жетелеп, эсоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алуы керек. Қорытындысында кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.
Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыйысымды мінез-құлқ көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрі жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болідың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кейін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырады.
Бесінші фаза - кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарын жүзеге асыруға тиіс. Ақпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық тұтынушылық сипаттары.
Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитофон мен диктофонды, кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Ассистент көмекшілері алынған ақпараттарды толығырақ ұғыну үшін әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелілігін қадағалайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет