Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Асқынулары. Лимфаденит, отит, мастоидит, отогенді ми абсцессі, ревматизм, миокардит, нефрит болуы мүмкін. Емі



бет89/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
Асқынулары. Лимфаденит, отит, мастоидит, отогенді ми абсцессі, ревматизм, миокардит, нефрит болуы мүмкін.
Емі. Аурудың жеңіл түрі үй жағдайында емделеді. 5-6 күнге төсек режимі тағайындалады. Аурудың барлық түрінде антибактериальды терапия 5-7 күнге тағайындалады. Пенициллин тәулігіне 2 рет 100000 Б/кг салмағына тағайындалады және аурудың септикалық түрінде пенициллин тәулігіне 3-4 рет 150000 Б/кг салмағына тағайындалады. Үй жағдайында феноксимеетилпенициллин қолданған тиімді. Тәуліктік дозасы екі еселеп 3-4 рет береді. Пенициллинге аллергия болған жағдайда аугментин, рулид, бисептол, антигистаминді препараттармен қосып береді.
Алдын алу жолдары. Ауруды ерте анықтап және оңашалау керек. Скарлатинамен ауырған науқастарды 10 күнге ауруханаға жатқызып немесе үй жағдайында оңашалайды. Ауырған баланы балалар мекемесіне 22 күннен кейін қосуға болады. 1-ші және 2-ші сынып оқушыларын клиникалық жазылғаннан кейін 12 күн өткесін балалар мекемесіне қосуға болады. Ауырған баламен қарым-қатынаста болған мектепке дейінгі және 1-ші және 2-ші сынып оқушылары 7 күн бақылауда болады.
Болжам. Асқынулар болмаған жағдайда нәтижесі жақсы.

Желшешек.
Желшешек – тері қабатында көпіршік бөртпелер пайда болуымен сипатталатын,
өте жұқпалы балалар ауруы.
Этиологиясы. Желшешек қоздырғышы Herpesviridae тобына жатады. Желшешек вирусының құрамында ДНК бар, құрылысы бойынша жай герпес вирусына ұқсас.
Эпидемиологиясы. Ауру көзі желшешекпен ауырған бала, инкубациялық кезеңнің соңынан бастап, қабыршақ түскенге дейін қоршаған ортаға эпидемиологиялық қауіпті. Ауру ауа-тамшылары арқылы, сирек тұрмыстық жағдайда жұғады. 3 жасқа дейінгі балалар пассивті иммунитетіне, анасынан алған байланысты желшешекпен ауырмайды. Вирус, сыртқы ортада өте төзімсізж, әсіресе күн сәулесі мен жоғары темпратурада. Бірақ вирус өте ұшпалы, өте тез тарайды, ауа аррқылы ауру болған бөлмеден басқа бөлмелерге, басқа этаждарға дейін жетіп, балаларға жұғуы мүмкін.
Патогенез. Аурудың жасырын кезеңі 11-21 күн, орташа 14-17 күн. Желшешек алғашқыда баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макулопапулезды болса, тез арада (кейде бірнеше сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа тола көпіршікті бөртпелерге айналады. Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскеннен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Бұл жағдайды бөртпелердің полиморфизмі деп атайды. Бір мезгілде бөртпелердің бірнеше түрінің кездесуі желшешекке тән белгі болып табылады. Бөртпелер қатты қышып, баланы мазалайды. Ауру бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Мұндай жағдайда олардың жазылуы ұзаққа созылады және бөртпелердің орнында тыртықтар қалады. Бөртпелердің қайталап шығуы 2-3 күннен 7-8 күнге дейін байқалады. Ауырлығы бойынша аурудың 3 дәрежесі бар: жеңіл, орташа және ауыр. Аурудың дәрежесі дене қызуының деңгейімен және бөртпелердің санымен байланысты анықталады.
Жеңіл түрінде лихорадка болмайды, дене температурасы 37, 8-38С, бөртпелер көп емес, интоксикация белгілері болмайды.
Орташа ауыр түрінде дене температурасы 38,5-39С, интоксикация белгілері онша айқын білінбейді, теріде және кілегей қабықта көпіршікті бөртпелер байқалады.
Ауыр түрінде дене температурасы өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет