Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Қазақстан Республикасындағы Біртекті тарифтік кесте



бет108/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Қазақстан Республикасындағы Біртекті тарифтік кесте



БТК разряды

Тарифтік коэффициент
(1-разрядқа қатысты)

БТК разряды

Тарифтік коэффициент
(1-разрядқа қатысты)

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05







Мамандық – қызметтік топтар мен қызметтер бойынша қызметкерлердің еңбек қиындылығындағы мамандық айырмашылығын өлшеу мақсатында ғылыми мекемелер нақты басшы, мамандар, өзге де халық шаруашылығының әр түрлі саласының қызметкерлер қызметіне орналасуға қажетті іс – жүзіндегі дайындық уақытын анықтау жөнінде зерттеу жүргізді. Бұл уақыт еңбек салалары бойынша неғұрлым маңызды, түйіндік қызметтер бойынша кәсіби – мамандық карталары көмегімен анықталады. Қызметтер мен мамандық – қызметтік топтар бойынша қызметкерлердің еңбек күрделілігіндегі сандық айырмашылығы болып табылған еңбек күрделілігінің коэффициенті:


Кеқ =Тор мөлшері

мұнда: Тор – сәйкес қызметтегі жұмыскерлерді орташа өлшемді


дайындау ұзақтығы;
Тмөлшері – шартты түрде қабылданған қарапайым еңбектенетін жұмыскерді даярлаудың мөлшерлі мерзімі, оған мектепте алған білімі және төменгі сатыдағы қызметтерге орналасуға қажетті қысқа мерзімді даярлау кіреді.

Қызметтерді еңбек күрделілігінің коэффициентіне сай лауазымға бөлу еңбек күрделілігі мен жұмыскер мамандығы арасында тікелей байланыс барын көрсетті және мамандық көрсеткіші басшылар, мамандар мен қызметкерлер қызметін тарифтеуді нақтылауға пайдаланылды.


Лауазымға бөлу 17 блок құруға мүмкіндік берді. Қызметкерлерді тарифтеу диапазоны 2 – ден 21 разрядқа дейін орын алады, соның ішінде өндіріс саласының қызметкерлері - 2 –ден 18 дейін. Қиындылығына қарай бір разрядтың шартты «салмағы» анықталды. Ол өндірістік сала қызметкерлерінің тарифтеуінде пайдалануға сәйкестелініп есептелген.
Жұмыскерлер еңбегін Біртекті Тарифтік Кесте негізінде біртекті тарифтік төлеміне көшу деген сөз қызметкерлерге де, жұмыскерлер секілді, жеке мамандық разряды беріледі дегенді білдірмейді. Кәсіби деңгейдің көрсеткіші ретінде мамандық санатын қолдану қажет. Тарифтік разрядты қызметкерлер үшін қолданудың жалғыз мақсаты – БТК төлеміне сәйкес тобын анықтау.
Қазіргі кезде мұндай тарифтік кесте тек бюджеттік мекемелер үшін қолданылады, ал жеке кәсіпорындарға ол ұсыныс түрінде қалды.
Қазақстанның БТК – да негізінен ескірген жүйенің қағидалары қолданылған. Ол ең төмен тарифтік мөлшерлері мен еңбекақы көлемдерінің салалық айырмашылығын қарастырады. Көп жағдайда енгізілетін қос тарифтік коэффициенттер нақты жұмыскер үшін ең төменгі тарифтік мөлшеріне немесе еңбекақының мәніне қайшы келеді. Сонымен қатар, тарифтерді үйлестіру туралы болжам бірнеше тұрғыдан алғанда әлсіз тұсы көп [43. 57-60 бет]:

  1. Онда көрсетілген тарифтер көлемі берілген мекемедегі қол жеткізілген

еңбек тиімділігі деңгейін сипаттай алмайды.
2. Жұмыскерлердің мамандық деңгейі, еңбек күрделілігі мен жағдайына қарай бөлу қағидасы мамандық топтарындағы қызметақы мөлшерін шектен тыс орташалануға әкеп соғады.
3. Тарифтік коэффициентті ірілендірілген фактор өлшеміне сәйкес есептеу нақты кәсіпорынға нақты еңбек жағдайдың өзіне тән ерекшеліктерін ескермейді, демек бұл еңбекақының ынталандырғыш қызметін әлсіретіп, іс жүзінде еңбекақы төлемін ұйымдастыруды күрделендіріп жібереді.
Жалпы түрде алғанда, жұмыскерлер еңбегіне ақы төлеу оның кәсіпорында атқарған жұмысының көлемі мен сапасына қарай жұмыс берушінің жұмыскерге төлейтін өтем ақысы. Бұл өтем ақынының мөлшері әбден белгілі мөлшермен шектелген, себебі, олар, бір жағынан, мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
а) қызметкерге оның өндірістік үдерісте жұмсаған еңбек қабілеттерін қайта қалпына келтіру үшін жеке және әлеуметтік қажеттерін белгілі бір деңгейде қанағаттандыруды;
б) жұмыс берушіге – берілген жұмыс орнында қызметкерден кәсіпорынның түпкі мақсатына жетуге қажет нәтижелерді алуын.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және ақшалай емес түрлері болады. Өз қажеттерін мейлінше тиімді түрде қанағаттандыруда әмбебап төлеу құралы ретінде пайдалануы, қызметкерге ақшаның жалпыға бірдей тауарлық балама түрінде болуы ақша түрінің негізі болып табылады. Ақшалай емес төлем түрін қазіргі кезде өте сирек қолданады. Алайда, ақша айналымы дұрыс болмағанда, гиперинфляция және экономиканың дағдарыс кезінде, табыс мөлшерін бағаның өсуіне қарай индекстеудің сенімді тетігі жұмыс жасамайтын жағдайда еңбекақының ақшалай емес (ақшасыз) түрі қазіргіден кеңірек қолданыс табуы мүмкін.
Қызметкер үшін еңбекақы – қызметкердің табысын көбейте алатын қаражат есебінде, еңбек етуге және қоғам мүшесі болуға мүмкіншілік беретін қаражат есебінде танылатын жеке табыстың басты және негізгі бөлігі. Қызметкер өзінің еңбек үлесі мен нәтижесін арттыру арқылы немесе өз еңбектік күш – жігерінің бағасын көтеру жолымен еңбекақы мөлшерін арттыруды көздейді. Жұмыс беруші үшін қызметкерлерге ақы төлеу – бұл жұмыс күшін өндірістік үдеріске жұмылдырылған ресурс ретінде қарастырылып, оған кеткен қаржы мөлшері ретінде танылады. Жұмыс беруші қызметкерлерді жұмыс уақыт ішінде барынша тиімді пайдалану арқылы немесе өзіне қолайлы шарттармен жұмысқа жалдау жолымен өндірілген өнім бірлігіне шаққанда жұмыс күшіне жұмсалатын шығындарды азайта түсуге мүдделі.
Сонымен, еңбекақы төлемінің экономика нарықтық үлгісіндегі екі қырын бөліп көрсетуге болады:

  1. Жұмыскерді, оның бүкіл тіршілік ету циклы ішінде әлеуметтік – биологиялық субъект ретінде қайта қалпына келтіріп отыруға қажетті күнкөріс қаражаттарының ақшалай баламасын білдіретін еңбектің өтем ақысының ақиқаттык негізі: маркстік мектепті жақтаушылар мұны жұмыс күшінің құны деп атайды.

  2. Еңбек нарығы мен еңбекақыны қоғамдық реттеулер ықпалынан қалыптасатын нақты қызметкелердің ақылары, немесе оны жұмыс күшінің бағасы деп атайды.

«Жұмыс күшінің бағасы» термині негізінен ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарда пайдаланады. Шаруашылық қызметте және оны сипаттайтын әдебиеттерде көбіне жұмыс уақыты бірлігіндегі (сағат, күн, апта, ай, жыл) еңбекақы нормативі деген термині пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет