Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет1/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Абдикеримова Г.И., Колдасова Л.С.


«экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен


Лекциялар жинағы


Шымкент-2019 ж.


Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


1.Нарықтың мәні, түсініктері және элементгері. Нарықтардың түрлері, құрылымы және функциялары.
2.Нарықтық инфрақұрылымның кұрамы және оның қалыптасуы.
3.Нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі.
1.Нарықтың мәні, түсініктері және элементгері. Нарықтардың түрлері, құрылымы және функциялары.
Нарық – тауар айырбасын қамтамасыз ететін институттар мен тетіктер. Бұл тауар мен көрсетілген қызметтің, жылжымайтын мүліктің, құнды қағаздардың, валютаның сатушы мен сатып алушылардың арасындағы байланыс нысаны. Сонымен қатар, нарық- тауар мен көрсетілген қызметтің айырбасы болатын орын.
Нарық субъектілері:

  1. жеке адамдар;

  2. заңды тұлғалар;

  3. мемлекет.

Нарықтың саралануы:

  1. айырбас нысаны бойынша – тауар, көрсетілген қызмет, капитал, құнды қағаз, еңбек, ақпарат, ғылыми-техникалық, әзірлеме, валюта нарықтары;

  2. қамтылған аумағы бойынша – дүниежүзілік, ұлттық, аймақтық, жергілікті нарықтар;

  3. қазіргі заңдарға сәйкестігі бойынша – ресмилендірілген (ресми нарық), ресмилендірілмеген (көлеңке нарық) нарықтар;

  4. толықтық дәрежесі бойынша– тепе-теңдік, тапшы, артық нарықтар;

  5. қызмет атқару тетігі бойынша – бәсекелестік, монополиялық нарықтар.

Нарықтың тетіктің элементтері:

  1. төлей аларлық сұраныс Д;

  2. ұсыныс S;

  3. тепе-теңдік нарықтық баға Р.

Таза жетілген (еркін) нарық тек теорияда ғана қарастырылады, бірақ та өмірде кездеспейді.
Жетілген нарыққа жету шарттары:
1) нарық түрлерінің көп болуы (тәуелсіз сатушы мен сатып алушылардың көптігі);
2) өнімнің біркелкілігі;
3) нарыққа сатып алушы мен өндірушілердің еркін кіруі;
4) нарықтың «айқындығы» (нарықтық қарым-қатынас жайлы мәліметтердің толық белгілі болуы, сатушы мен сатып алушының арасында «келісімнің» болмауы)
5) өндіріс факторларының жұмылдырылуы, еңбек пен капиталдың өзара тез ауысуы.
Жетілдірілген нарықтың болмау себептері:

  1. барлық шарттарды орындау мүмкін еместігі;

  2. кезкелген нарық өндірісті шоғырландыруға тырысуында;

  3. монополия, монопсония, олигополия, екі жақты монополия және басқалар типтес әртүрлі нарықты қалыптастыру.

Нарық – бұл ұдайы өндірістің барлық сатыларында өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну сфераларында сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Нарық экономикасы тәжірибеде өзінің жоғарғы тиімділігін дәлелдейді. Оның негізгі тиімді жақтары:

  1. экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделгіштігі мен икемділігі;

  2. өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа технологияны жылдам пайдалануы;

  3. өндірісшілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы;

  4. әртүрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

  5. Бағаның еркін қозғалысы. Сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді;

  6. Экономиканы “сауықтыру” /санация/ өз алдына шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижесін қоғамдық бағалау бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аяусыз алшақтатады;

  7. Бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлілігі.

Нарық осы аталған негізгі тиімділіктерін іске асыру барысында шаруашылық механизмінің басқа да процестеріне тиімді ықпал жасайды.
Нарық жоғарыдағы аталған күш-қуатына қарамастан маңызды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Сонымен, нарықтың әлсіздігі:

  1. Еңбек пен табысқа кепілдік бермейді нарық жүйесі теңсіздікті одан әрі күшейте түседі;

  2. Әлеуметтік қажеттілікті қорғау үшін пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді (спорт, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) ынталандырмайды;

  3. Нарық экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым-қатынастарды, макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше диспропорциялар тудырады. Бұл өте қауіпті, құрылымдық дағдарыстар тудырады.

  4. Нарық экономикасы ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануда сараңдық жасайды. Себебі ҒТП тәуекелдікпен жұмсалатын көп қаржы-капитал. Нарық экономикасының бұл кемшілігін ғылыми-техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсеңдетуге болады.

  5. Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан, бұл қызметті қоғам атқаруы керек.

  6. Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататын – жұмыссыздық, инфляция.



Нарықтың атқаратын маңызды қызметтері:
Біріншіден,нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни не өндіру қажет, қалай өндіру қажет, кімдер өндіру қажет проблемалары өз шешімдерін табады;
Екіншіден,нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арсында байланыстар орнайды. Нарыққа қатысушы әр адам бір мезгілде, әрі сатып алушы, әрі сатушы болады. Ол өз өміріне қажет нәрселерді сатып алады немесе нарықта өзі өндірген тауарларды немесе мүлігін немесе жұмыс күшін сатады;
Үшіншіден,нарық арқылы өнімдерді өндіруге жұмсалған шығындарды есепке алу жүзеге асырылады. Егер де шығындар көп болса, ондай өнімдерді сатып алу мүмкін болмайды және оны одан әрі өндіру тоқтатылады. Демек, нарықта шығындарды өтейтін бағалар бойынша өнімдер сатылады;
Төртіншіден,нарықтың маңызды қызметі бағаны белгілеу болып табылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерімен құбылып отырады. Егер де нарықта белгілі тауарлардың мөлшері оған деген сұраныстан басым болса, онда баға арзандайды, демек сол тауарды ұсыну мен өндіру кемиді. Керісінше, бағаның көтерілуі өндірісті ынталандырады, оның өсе беруі сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдік орнағанша жалғасады және соның салдарынан тепе-теңдік баға белгіленеді;
Бесіншіден,нарық өндірушілерді өзара жіктейді. Бәсеке кезінде тек өнімдерді өндіруге нарық бағасынан төмен шығындар жұмсаған фирмалар ғана өмір сүре алады. Бұл жағдайда фирма пайданы иемденеді. Егер шығындарды нарық бағасынан жоғары болса, онда зиян шегіп, шығындарға ұшырайды. Яғни, өндірушілердің жіктелуі дегеніміз тиімді фирмалардың нығая түсуі және тиімсіз фирмалардың күйреуі болып табылады.
Нарықтың өзіне тән құрылымы болады. Нарықтың құрылымы деп оның өзара құрамдас жекеленген элементтерінің болуын айтады.
Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталайық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет