Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет4/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Зерттеу әдістері: 1. негізгі әдіс
2. қосалқы әдіс

  1. Негізгі әдіс: 1.бақылау

2. эксперимент
а). табиғи; б). лабораториялық.
2. Қосалқы әдіс: әңгімелесу, тест, анкета, қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі, модельдеу, социометрия.


2- тақырып: Психика және сана. Жануарлар психикасының даму жолы


Сабақтың жоспары:
1. Психиканың дамуы туралы түсінік.
2. Сананың даму жолына сипаттама.
3. Жануарлардағы психиканың даму сатылары.


Табиғат пен қоғамда кезедсетін құбылыстардың дамуы сияқты, психика да дамып отырады. Бұл-заңды құбылыс. Психика жануарлар өмірінде де болады, ол-жануарлардың айналадағы қоршаған ортаға, тіршілік салтына байланысты, сол ортаға табиғи икемделуіне қарай қалыптасады.
Жануарлар психикасының дамуы, мінезінің күрделенуі туралы мәселе қозғағанда, біз жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекеттің барлығын еске алуымыз керек. Олар: жануарлардың инстинктік, шартты рефлекторлық (дағды) және интеллектік (естілік) әрекет түрлері.

Инстинктік әрекет




Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде тұқым қуалай отырып бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады. Инстинктің физиологиялық негізі-шартсыз рефлекстердің ұзына бойына байланысқан тізбектері. Сырттан келген комплекстік әсерлерге жауап ретінде осы тізбектің бір буыны қозса, басқа буындары да өздігінен қоза бастайды, бұны тізбекті реакция деуге болады. Инстинктердің қандай түрі болса да, мынадай өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Амалдық тұтастық. Егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып, жануар үшін биологиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, ұя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).

  2. Туа пайда болу. Бұл-жануарлардың нерв системасының бойына біткен тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті. Инстинкт сыртқа тебу үшін жануардың жеке басы меңгерген тәжірибесінің қажеті жоқ. Инстинкт қайталап отыруды тілімейді.

  3. Санасыздық. Сырт қарағанда саналы сияқты боп, жануарлардың “ақылына” байланысты секілді боп көрінгенмен, жануарлар ісінде саналылық деген болмайды. Мәселен, араның омарта жасауы инстинктік әрекет екені бізге белгілі. Егерде осы омарта ұясының көздерін тесіп, ішіндегі балдың бәрін ағызып жіберсе, балдың ұясында бар-жоғын елемей, ара өзінің әкелген балын құйып, омартаны бітеп қояды. Ұяда жұмыртқа басып отрған қасқалтақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалтақ оны байқамай, үйреншікті орнына отыра кетеді, жұмыртқаларының жоқ екендігінде қасқалтақтың жұмысы болмайды, сол маңайда көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға қасқалдақтың “ақылы” жетпейді, өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары – тек қана инстинкт.

  4. Шаблондық. Жануарлардың белгілі бір түріне ылайықты инстинкт тұрақталады, бірінің амалдары екіншісінен бұлжымайды және инстинкт қимылдардың коплексі бұрыннан арнаға салынған белгілі тізбекпен өтіп жатады. Сөйте тұрса да, инстинктік амалдар мүлдем өзгермейді де қарауға болмайды. Мичуриндік биологияның айтуынша, организм жаңа тіршілік жағдайына түссе, онда жаңа белгілер, жаңа қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бірнеше буынға шейін қалыптаса береді. Егерде сыртқы жағдайлардың өзгеруі ұзаққа созылып, тұрақтай бастаса, жерде өмір сүретін жануарлардың инстинктері де осыған сәйкес өзгеріп отырады. Бірақ ол кенеттен болатын құбылыс емес. Ортаның әсеріне байланысты пайда болатын өте баяу, бірнеше ұрпақтардың өміріне созылатын процесс.

Қорыта келгенде, инстинкт-жануарлар мінезінің бейімделу қасиетінің өте жай өзгеретін түрі.

Жануарлардың дағдылары




Инстинктімен салыстырғанда, жануарлар мінезінің пластикалығы әжептәуір күшейіп, ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің арта бастауы кейін дағдыға айналады. Дағдының физиологиялық негізі – күрделенген шартты рефлекстер. Дағды тұқым қуалауға емес, организмнің ортадан алған өмір тәжірибесіне байланысты. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді.
Инстинктің өзгеуіне дағдының үлкен себебі бар. Дағды-миының үлкен жарты шарлары бар жануарларда күрделілеу болады. Бұлардың бейнелеу функциясының жетілуі күшейіп, дағдылары күрделене береді.
Жануарлар психикасының дамуында дағдылардың мәнін сипаттайтын мынадай ерекшеліктер бар:

  1. Түйсік пен қабылдауы күрделеніп, сыртқы ортаны соған байланысты бейнелеу процесі күшейе бастайды;

  2. Жануарлар заттарды, олардң сипаттарын қабылдап қана қоймай, заттар арасындағы қатынасты да бейнелей алады;

  3. Уақытша нервтік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілеті өсе бастайды. Елестердің тууы мидың синтездік қызметіне байланысты. Жануарлар меңгерген елестерін белгілі дәрежеде жалпылай алады. Жануарлардың осы дәрежеге жетуі-олардың өмірінде ең жоғары басқыштық интеллектік мінездің пайда бола бастағаны.

Жануарлардың интеллекттік мінезі




Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнеленгенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауын интелектік мінез дейді. Егерде жануарлардың алдынан кездесетін қиыншылықтарды инстинкт арқылы немесе дағдыланған амалдар арқылы шешуге мүмкіншілік болса, интеллектік мінез сыртқа шықпайды. Интеллектік мінез инстинкт пен дағдының шешуге шамасы келмейтін міндетті атқаруға кірісе бастайды. Организмнің ми қабығының құрлысы қарапайым сатыда болса, олардың интеллектік әрекеті де төменгі (жабайы) сатыда өте бермек. Бұл әрекеттің күрделене беруі ең алдымен мидың үлкен жарты шарларының меншікті салмағы артып, нерв системасының басқа бөлімдерін ми қабығының өзіне бағындыруына байланысты. Нерв системасы әр түрлі сатыда дамыған жануарлардың интеллектік әрекеті де бірдей болмайтын төмендегі мысалдардан көруге болады.

  1. Есігі ашық, айналасы тормен қоршаулы тұрған тауық тор сыртындағы шашылып жатқан дәнді көріп, тордың тесіктеріне басын сұғып, дәнге қарай тұра ұмтылады. Тауықтың бұл қимылы-шартсыз рефлекстік әрекет, бұнысы-тітіркендіргішке тұп-тура қайтарған жауабы. Алдындағы көріп тұрған дәнді көзінен таса қылып, қиып кетуге дәті жетпей, ашық есікі көрме, айналып шығудың тәсілін ойластыра алмай тауықтың діңкесі құриды. Шым-шытырақ жол қиындығын жеңіп шығу тәсілін ойластыруға тауықтың ми қабілеті жетпейді. Көрген дәнді жеуге ұмтылу - оның бойындағы инстинктік қасиет.

Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиетті. Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген белгісі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар - дыбысты тіл мен еңбек.
Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин “Философиялық дәптерлерінде” баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы (“мұны айрықша ескеру керек” дейді де), бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісі мен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған.
Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет