5-тақырып. Психологиядағы тұлға мәселесі
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Студенттерге тұлға жайлы жалпы түсінік
беріп, психоаналитикалық теориялардағы тұлға құрылымының көрінісін қарастыру.
Лекция мазмұны.
1. Тұлға түсінігі.
2. Тұлға құрылымы жайлы түсінік.
3. З.Фрейд психоаналитикалық теориялардағы тұлға құрылымының көрінісі.
Адам — бұл,
бір жағынан, биологиялық құбылыс,
санасы бар жануар, қоршаған
дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті.
Жоғары ұйымдасқан жануар
ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың
дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Екінші жағынан, адам-қоғамдық құбылыс.
Бұл оның негізгі сипаты, себебі
қоғамдық
өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене
құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды.
Адам туралы айтқанда, психология және
философия ғылымдары "жеке тұлға" ұғымымен түсіндіреді.
Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға —
бұл сол
адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда
зерттеушілер оның биологиялық,
табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық
қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.
Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар "даралық"
ұғымы да
қолданылады. Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі
жағдайларының өзіндік
қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және
болуы да мүмкін емес.