Лекцияның мақсаты Ортаазия мемлекеттерінің қаржы жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу. Лекция сұрақтары



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,26 Kb.
#82123
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
11 тақырып
капитал 2, 11 тақырып
ESAF 1. 1994 жылдың маусымында Қырғыз Республикасы мен ХВК арасында үш жылдык мерзімді қамтитын, яғни 1994—1997 жылдар ішінде экономикада кұрылымдык өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы келісімге қол қойылды.
Аталған бағдарламаға сәйкес 1994-1995 жылдары инф­ляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттык валюта тұрактылығын камтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, сырткы қарызды реттеу, тиімсз кәсіпорындардьң құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтық базаны жетілдіру сияқты кең көлемді шаралар қамтылды.
Келесі негізгіi бағдарлама ESAF 11. 1999 жылдың 29 қаң­тарында Қырғыз Республикасы жаңа үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе — 1999-2001 жж.Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрак­тандыру шараларын бекіту болды.
1997 жылдың 28 мамырында үкімет «Адамзатты тұракты дамытудың ұлттық стратегиясын» қабылдады. Аталмыш стратегияның басты бағыты мен міндеті - кедейшілікті қысқарту са­ясатын даярлау, халыктың, өмір сүру деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулерді толық әpi тиімді қамтамасыз ету.
Бұл стратегияны icкe асырудағы Қырғыз Республикасының басты міндеті халықтың әлауқатын жоғарылату болатын.
Әкімшіл - әміршіл жүйенің тәртібінен б!рден нарық қатынасына көшу экономикада, сондай- ак әлеуметтік саладағы ырық тарту тоғызды, күрделі мәселелер туындады. Төмендеп макроэкономикалык көрсеткiштep реформа жылдарындагы экономика жағдайын сипаттайды.
2. 1991 жылдың 31 тамызында Ташкент каласында Өзбекстан Республикасының тәуелзідігі мен егемендігі жария етілді. Өзге де Кеңес Үкіметінің құрымындағы ыдыраған өз алдына егемендік алған мемлекеттер сияқты Өзбекстан Республикасы ашық демократиялық мемлекет құру жолында бipaз қиыншылықтарға кезікті.
Дегенмен, Өзбекстан дамыған елдер тәжірибесін қайталамастан, өз азаматтарына сапалы өмip қамтамасыз ету жолында тырысып келеді.
Тәуелсіздік жылдары бойы Өзбекстанда экономикалық. реформалар үздіксіз жүргізілуде. Кеңес Үкіметі құрамынан қалған елдердің ішінде тек Өзбекстан ғана 90-шы жылдары өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай шамада игере алды.
Индустрияның негізгі салалары - газ, мұнай, энергетика, әуе, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау түрлері сақталып қана қоймай, әрі дами түсуде.
Республика толығымен энергетикалық және астық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде.
Экономикалық салада инвестицияларды тарту арқылы ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру мемлекет жүргізіп жатқан басты сипаттардың бipi. Минералды шикізат пен энер­гетика ресурстарының табыстары, сондай-ақ шетелдік инвестициялар да Өзбекстан экономикасына үлкен септігін тигізуде, олардьщ жалпы салымы АҚШ-тың 10 млрд долларынан асып тусуде.
Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Өзбекстан экономикасына жалпы қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет