Лекцияның оқыту нәтижелері



бет7/10
Дата29.04.2024
өлшемі50,85 Kb.
#201547
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11 лекция
Пахир Гулназ ЖФИ111 САясаттану
Освальд Шпенглер (1880-1936жж.) мәдениет философиясының мәселелерін негізінен шешті, мәдениеттің дағдарысқа ұшырап жойылып кетуі шек келтірмейтін объективті заңды құбылыс деп есептейді. Шпенглер Европаның құлдырауы еңбегінде рационализм және панлогизм, немістің рационализм мен «өмір философиясына» жақын тұрғыдағыдағы философиялық сынау мәдени мифологияның, мәдениеттану құрылымының жобасымен үйлеседі. Өткені ол ғылым тарихы, өнер, дін, саясат, экономика сияқты аса бай нақтылы материалдардың негізінде іс жүзіне асқан.
Мәдениеттің уақыт тарапынан қанат жаю барысы, Шпенглердің айтуынша оның иілгіш денелерінің қатайып жансыздануымен, ыдыраған құрылымның жеңілдетуімен, әр тектілікпен, үлкен біртектілікке өтуімен, сонымен қатар әр алуан органикалық біртұтастықты, қиратушы күрестермен кездесе отырып, механикалық біртұтастыққа өтуімен тікелей байланысты. Сайып келгенде мәдениет өзгере – өзгере өркениеттілікке айналады. Оған өмірдің өзін, зиялылықты, техницизмді, дүниені тікелей және шығармашылық тұрғыда қабылдаудан бас тарту тән қасиет. Мәдениеттің тарихи тағдыры мен табиғаты туралы мәселелер оның «Европаның құлдырауы» атты еңбегінің негізгі желісі. Шпенглер мұнда тарихи – мәдени процесті бір ғана логикаға жүктейтін гегельдік логикадан бас тартады. Шпенглер үшін біртұтас әлемдік мәдениет болуы мүмкін емес. Әр мәдениеттің өз тағдыры бар: «Адамзаттың ешқандайда жоспары, идеясы жоқ».
Н.Я.Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер шығармашылық және қатып – семіп қалғандар (риликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материя юолудан өзгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның мың жылын қалыптасу, нәр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50 -100 жыл ішінде тарихи – мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта өз ізін қалдырады. Бұл кезеңді Данилевский өркениет деп атайды.
Данилевский пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:
а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);
б) будандастыру(Перт І еуропалық мәдениетті орыс жеріне еңгізуі);
в) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен толығады).
Клод Леви-Строс (1908ж) – француз этнографы, социологы, құрылымдық антропологияның негізін қалаушы. Леви-Строс артта қалған көптеген мемлекеттерде этнографиялық зерттеулер жүргізудің нәтижесінде еурорталықтық мен нәсілшілділікті жоққа шығарады, «тағы ұғымының жалғандығын дәлелдей отырып, неолит дәуірінде техникалық және индустриалдық прогрестің негізін қалаған тағы адамдардың ойлау қабілетінің өзіндік ерекшеліктері мен күшіне ерекше мән береді. Леви-Строс қауымдық құрылыс деңгейіндегі халықтарды арта қалған немесе дамымаған деп айтуға болмайды, өйткені олар кейбір жағдайда, кейбір салаларда бүгінгі өркениетті елдерді артқа тастап кететіндей жетістіктерге жетуі мүмкін. Ол француз этнографы Жан Жак Руссо сияқты алғашқы қауымдық құрылыстың адамгершілік негіздерін аса жоғары бағалай келіп, қазіргі заман өркениетінің салдарынан қаймағы бұзылған адам бойындағы сезімдік және рационалдық бастаманың бірлігін қалпына келтіру қажеттігі туралы ойға келеді.
Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінше, өркениетте еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қол өнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. «Салт-дәстүр, - дейді белгілі философ Гердер тіл мен мәдениет бастауларының анасы» Мәдениеттің өзекті бөлігі –өнер. Таңбалы тастағы кескінде, адамлардың билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, мәдениеттің рухын сезіне алмаймыз.
Мәдeниeт - бұл aдaмның aқылы, тaлaнты, eңбeк тaңбaлapы бap бiздi қopшaғaн зaттap мeн құбылыcтapдың әлeмi. Бұл өзiнeн өзi туындaйтын тaбиғaттaн aйыpмaшылығы бap aдaмдap әлeмi. Oның әpтүpлi aнықтaмaлapы мәдeниeттiң түpлi cфepacын aнықтaйды: Бipiншiдeн - oл, aдaмдap жacaп шығapғaн мәдeниeттiң зaттaй дүниeci. Oның нeгiзгi eкi cфepacынa - мaтepиaлдық мәдeниeт жәнe pуxaни мәдeниeт жaтaды. Eкiншiдeн - aдaмның өзi, бeлгiлi бip кәciби тoптapмeн, мeкeмeлepi apқылы epeкшeлeнeтiн қoғaм жәнe жeкe aдaмның жeткeн мәдeниeттiлiгiнiң дeңгeйi. Үшiншiдeн - әдeттe мәдeниeттi жaттaп aлынғaн мәдeниeттiлiк, «үлгiлi тәpтiптiң кoмплeкci», «өмipдi aнықтaйтын үлгiлepдiң жиынтығы» дeп бeлгiлeйдi. Ocыдaн мәдeниeттiң мәнiн aнықтaй oтыpып, oның үш жaғын бөлiп көpceтугe бoлaды. Бipiншiдeн, aдaмның мaтepиaлдық жәнe pуxaни қapeкeттepiнiң мaтepиaлдaнғaн бұйымдapының aяқтaлғaн түpi, eкiншiдeн, мәдeниeттiң cубъeктici, жacaушы жәнe иeлeнушi түpi, үшiншiдeн, жeкe aдaмдapдың cубъeктивтiк әpeкeттepiн oбъeктивтiк жoбaғa aйнaлдыpғaн инcтитутциoнaлдық бaйлaныc түpi.
Мәдениет — материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.
Материалдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі — көркемөнер. Көркемөнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.
Мәдени әрекет деп мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады. Мұндай игіліктерді жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның мұқтаждары мен мәдени қажеттіліктері қарастырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.
Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі бір аумақта өмір сүретін әлеуметтік топ. Мәдени ортаның жалпы мәдени деңгейі жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын өндіру мүмкіндігіне, топ мүшелерінің материалдық қамтамасыздығына, тіліне, діліне, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мәдени орта мәдениеттің коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол заттық-материалдық игіліктермен жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет