Lesson study – іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше тәсілі Мектеп тренері : Халилова Раийсам Адылжановна Тарихы



бет2/5
Дата09.12.2022
өлшемі0,67 Mb.
#162031
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Халилова Раийсам Адылжановна
Хор CATБ, Журналистика кырыспе
Lesson Study тәсілінің мақсаты

Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Lesson Study – дың мақсатына байланысты түрі
  • Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына назар салу – мектеп
  • Оқыту дағдыларын дамыту – нұсқаушы
  • Бақылау дағдыларын дамыту – бақылаушы

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
  • Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
  • Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
  • Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
  • Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

Lesson study: сабақтың сапасын жақсарту үдерісі
Арнайы топ құрылады
Топтың жұмыс жоспары әзірленеді
Сабақтардың өткізу мерзімі бекітіледі
Талқылауға қатысатын адамдар анықталады
  • Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
  • Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
  • Lesson Study-ді талқылайды.
  • Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
  • Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет