«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша есеп


Бірінші Lesson Study-ды талқылау, екінші Lesson Study-ды жоспарлау



бет3/6
Дата10.05.2020
өлшемі0,86 Mb.
#67025
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Lesson study есеп Иват

Бірінші Lesson Study-ды талқылау, екінші Lesson Study-ды жоспарлау.
Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат студент Серік Замирадан күткен үмітіміз ақталды. Студент сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Жақсыбай Ақжолдың сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл студенттердің белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Амагельдинов Нұрсұлтан сабақ барысында сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.


Ауызша айтылған айғақтар негізінде онлайн бағдарламалар тапсырмаларын орындауда топпен ақылдасу та псырманы шешуде ерекше маңызға ие болды.

Бұл кезеңде бірінші Lesson Study кезінде анықталған кемшіліктер жойылды. Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды диалогтық оқыту арқылы бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.


Екінші сабақ: «Информатиканы оқыту әдістемесі» Пән оқытушысы:Дакен Маржан

Тақырыбы : «Қысқа мерзімді жоспар құру жолдары».Сабақта Plickers.com тест құрастыруға және LearningApps.org тапсырмалар орындауға, Google Form анкеталар жасауға арналған онлайн бағдарламаларды қолданды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет