«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық Қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты



Дата25.01.2022
өлшемі17,56 Kb.
#114610
Байланысты:
ӨЖ 1 күн
110 Кырыкбаева Асель физра, ПСИХОЛОГИЯ , Лексикология практика №5 2, 89260725, ЛЕКЦИЯ 10 микро, тил зан, тил зан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Курс тақырыбы: Білім беруді жаңғырту жағдайындағы көшбасшылық және менеджмент

Өзіндік жұмыс тақырыбы: Мектептің тәрбие жұмысына SWOT талдау

Қабылдаған: Сахова А.Т.

Орындаған: Досқалиев Қ.Ә.

Мектептің тәрбие жұмысына SWOT талдау



Күшті жақтары

1.Сынып оқушыларының білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген жұмыстардың мақсатты түрде жоспарының болуы және орындалуын қатаң түрде бақыланып отырғандығы, қосымша сабақтардың және дайындық жұмыстарының жүргізілуі.

2. Оқуға арналған материалдардың толықтай жеткілікті болуы, яғни, оқушыларға оқу үшін мектеп тарапынан, пән мұғалімі тарапынан барлық жағдай жасалған.

3. Ақпараттық ресурстар арқылы өздігінен білім алуға бағдарламалардың жеткілікті болуы және мұғалім тарапынан бағыт беріліп, арнайы сайттар мен порталдармен жұмыс жасауды оқушылар біледі.



Әлсіз жақтары

1. Сынып оқушыларының басым бөлігінің орташа оқуы.

2. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарының болмауы.

3. Ата-ана тарапынан баланың сабағына қатысу жоқ.

4. Әлеуметтік жағдайларының төмендігі.

5. Баланың денсаулығы жақсы емес, қаны аз, есте сақтау өте төмен.

6. Мектептегі оқу жүктемелері өте көп, бала 6 сабаққа әзер шыдайды, қосымша сабаққа қалғысы келмейді.


Мүмкіндіктері

1. Мектеп тарапынан қосымша сабақтардың ұйымдастырылуы, пән мұғалімінің жеке-жеке жұмыс жасауға мүмкіншілігі бар.

2. Сыныптағы оқушылар қолға берілген оқу материалдарымен ( кестелер, анықтамалар) бір-бірін оқытуға мүмкіншіліктері бар. Деңгейлік тапсырмалар, логикалық тест түрлері қолданылады. Топтық жұмысқа, жұптық жұмысқа, диологтық оқыту түрлері қолданылады.


Қауіп қатер

1. Көшіріп алуға тырысушылық немесе сырттан көмек күтеді.

2. Оқушылардың білім алуға немқұрайлы қарауы, жалқаулық танытуы, өздігінен білім алуға қалыптаспағандығы.

3. Ата-аналардан көмек жоқ, мектеппен байланысы нашар, баланың бағытын білмейді, болашақта кім бола алады, қолынан не келеді, мен не үйреттім деген сұраққа жауап бере алмайды.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет