Үлгі номері Үлгі алынған орындар



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі34,83 Kb.
#94112
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
кымыз




Үлгі номері

Үлгі алынған орындар

Бие сүтінің құрамындағы май қышқылының пайызы

1

1A

Көк базар

1,71

2



Көк базар (Талгар)

2,28

3

1 В

Көк базар (Каскелен)

1,65

4

2

«Тастак» базары

1,68

5



«Каменка» базары

1,18

6



«Каменка» 2 базары

0,77

7

4

«Алтын орда» базары

1,41

8

5

Жангельдина 1 көшесі

1,22

9

6

Тимирязева – Сейфуллина көшелердің киылысы




10

7

Есенова (мешітке напротив )




11

8

«Магнум» супермаркеті, мекен – жайы Көктем 2




12

9

Жандосова – Береговой көшелердің киылысы

0,99

13

10

Тимирязева – Гагарина көшелердің киылысы




14

11А

Айманова Жандосава (Мерке)

0

15

11Б

Айманова – Жандосава (Нарынкол)

110

16

12

Береговое – Дежнева көшелердің киылысы

0,99

17

13

Сулейменова – Пятницкого көшелердің киылысы

1,36

18

14

Жандосова – Щепкина көшелердің киылысы

1,67

19

15

«Арыстан» базар

1,8

20

16

Айманова – Тимирязева көшелердің киылысы

1,47

21

17А

«Алтын орда» базары

1,01

22

17Б

«Алтын орда» базары

1,13

23

18

«Береке» базары

2,03

24

18А

Гоголя – Муратбаева көшелердің киылысы




25

19

Тұздыбастау ауылындағы базар

1,03

26

20

«Орбита» базары

1,39

27

20А

«Орбита» базар




28

21

Момышұлы – Жубанова көшелердің киылысы

1,39

29

22а

Оптовка базар

6,7

30

22б

Оптовка базар

0,77



Зерттеу бөлімі


2.1.Бие сүтінің химиялық құрамы.
Жалпы бие сүті туралы сөз болғанда ,көбінесе,қазақтың көне заманнан бері жылқы еті мен сүтін пайдаланып келе жатқандығымен шектеледі.Ал бие сүтінің терең қасиеті мен құрамы осы уақытқа дейін өзінің лайықты бағасын алмай келеді.Оның құрамы көптеген сирек кездесетін химиялық элементтерге дәрумендерге ,минералдық заттар мен ферменттерге бай және олардың айрықша физиологиялық бірігуімен берілген.Пайдалы элементтердің осындай ерекше бірігуі табиғатта басқа жануарлардың сүтінде кездепейтін,тек бие сүтіне ғана тән құбылыс.
Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі.Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтарының өсіп дамуына қажет барлық заттар бар.Алайда,сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді.
Бие сүтінің химилық құрамы мен қасиеттері өте күрделі.Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [13].
Бие сүті өзінің химиялық құрамы жағынан басқа малдың сүтіне қарағанда өзгеше болады. Ол, әсіресе лактозаға бай. Оның құрамында 120-ға жуық әр түрлі химиялық заттар болады, 20 түрлі майқышқылы, витаминдердің 23 түрі, 30 түрліминералды заттар, 7 фермент, 4 түрлісүтқанты, 3 түрлігормондар, липоидтер, лимонқышқылы, т.б. бар.
Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып келеді:





Химиялық құрамы

Мөлшері %

1

Қант

6,7

2

Ақуыз

2,0

3

Казеин

50,7

4

Альбумин және глобулин

49,3

5

Минералды тұздар

0,3

6

Құрғақ заттар

11,0

Бие сүтінің химиялық құрамы 1922 жылы зерттеулер нәтижелерінен белгілігі[14]. Бие сүтінің ерекшеліктерін тізіп айтсақ ,басты төрт қасиетіне тоқталуға тұрарлық:ақуызының «альбуминдік» - сіңімді,нәзік табиғаты; жеңіл әрі зиянсыз майқышқылдық құрамы(көп қанықпаған май қышқылдары)жұқпалы ауруларды ,мысалы туберкулез таяқшасын жоятын табиғи антибиотик- лизоцимнің болуы,жартылай қанықпаған май қышқылдары микробтардың өсуін тоқтататыны белгілі,басқа малдардың майына қарағанда ,бие сүті майының құрамында мұндай қышқылдар көп.
Осыған орай май қымыздың дәм сапасын көтере отырып, оның емдік қасиеттерін жақсартады.Ашыту барысында бактериялар мен вирустарға қарсы тұратын С дәруменінің (аскорбин қышқылының) мол көлемінің түзілуі.


14

Бұл – ана сүтіне ғана тән қасиеттер,сондықтан ,ана сүтін алмастыру үшін сиыр сүтіне қарағанда,құрамындағы микроэлементтердің мөлшері жөнінен бие сүтінің жарамдылығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е.П.Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.Ертеде қазақтар қандайда бір себептермен ана сүті жоқ болған жағдайда бие сүтін балаларды қоректендіруге пайдаланған.Себебі,бие сүтінде көп мөлшерде баланың ми клеткаларының дамуына әсер ететін қанттар көп кездеседі.Бие сүтінің тағы бір ерекшелігі ,ол қайнатуға келмейді, стерилизация,пастерилизация жасауға болмайды.Ал басқа жануарлардың сүттерін ,мысалы сиыр,ешкі қой сүттерін міндетті түрде қайнату керек.Бұл сүттер стерилизация барысында өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтумен қатар,ғылымдағы дәлелдерге сай,мысалы «трансмайлық» секілді адамның денсаулығы үшін аса зиянды қасиеттерге ие болуы мүмкін. Бие сүтінің ерекшелігі ,керісінше қайнатса –бұзылады,ал шикілей сақтауда немесе ашыту барысында қымызға айналған кезінде қасиеттері молая түседі.


Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын бастан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз :
Үйірілген сары алтындай сары қымыз
Ауруға - ем,сауға қуат,дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, –деп жырлаған екен.
Зерттеу нысанына алынған «Шәушен» шаруа қожалығында 250-жуық құлынды бие бар.Олардың барлығы сауылады. «Қарабұлақ» қыстауында биелерге арналған жаңа қора жай бар,ішіне 500 жылқы емін-еркін сиып кетеді.Қыстау басына бес мың түк сабан мен жоңышқа жиналған. Төрт отбасы мүшелері табындағы жылқыны бағады ,одан сүт өндіруге білек сыбана кіріскен.Биені қолмен және машинамен сауады.Машинамен сауудың қолмен саууға қарағанда артықшылығы бар:ол адамның жұмысын жеңілдетеді,еңбек өнімділігін арттырады,ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды.Биелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ,АД-100 және ДДА-2сауу аппараттарын пайдаланады.Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірбиені 1957жылы Москва түбіндегі санаторийінде И.Аникин жүргізді.Мұнда бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литрге дейін сүт сауылады.Сонда бие басынан 200-250 литрге дейін сүт алынады.Біз өз тарапымыздан есептеп көрдік ,бір бие маусымдық жұмыста айына 200 мың теңге табыс кіргізеді екен.Жалпы бие сүтін өндірушілерге қымыздың әр литріне 60 теңге үкімет тарапынан субсидиятағайындалған.
2015 жылы Республикалық бюджеттен өндірілген 240 тонна қымыз өнімін субсидиялауға тауар өндірушілерге 14,4 миллион теңге қаржы төленді.
Алайда қазіргі таңда қымыз өндіруші де,бие ұстап отырғандардың барлығы дерлік бір литр қымызға мемлекет тарапынан берілетін 60 теңге субсидияны алып отыр деп айта алмаймыз.


15
«Сауын саусаң бие сау,боз қырау түспей суалмас» деген мақал тегін айтылмаған.Қазіргі таңда бие сүтінің құрғатылған ұнтағынан таблеткалар жасалып жатыр.
Бие сүтінің қымызға айналу процесі кезіндегі жалпы физико –химиялық өндірістері төменде көрсетілген:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет