«Лицей города Аксу» Әдістемелік нұсқау «Қазақ тілі сабағында



бет1/2
Дата25.01.2017
өлшемі1,14 Mb.
#7882
  1   2
«Ақсу қаласының лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение

«Лицей города Аксу»

Әдістемелік нұсқау

«Қазақ тілі сабағында

оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамыту.»



Құрастырған: Т.А Калиякбарова.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың

коммуникативті қабілеттерін дамыту.

Тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу-адамзат баласы үшін тысқара бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Қазақстанның халықаралық мәртебесі-республикаға ат берген ұлт тілін өз деңгейіне көтеруді талап етеді.

«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілуі, ширау, даму дәрежесі»-деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М.Балақаев. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді де дамытуға болады.

Осы мақсатты алға қоя отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыра, коммуникативті технологияны қолдануды жөн көрдім. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерте отырып, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздедім. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Сондықтан әр сабаққа лексикалық минимумды жасап, оны сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып ауызекі сөйлеу тілін орынды қолдана алады.



Әрине, әр сабақтың алдында оқушыларға мотивация жасау, оның психологиялық бейімдеу аспектісін ұмытпай, табыс жағдаяттарын жасауына көңіл аудара отырып, жеңілдете оқытудың жолдарын ұсынып отырмын:

  • тақырыптық лексикалық минимумды пайдалана отырып, берілген сұраққа бір сөзбен жауап беру арқылы;

  • берілген сұраулы сөйлемге сұраулы есімдіктің орнына сөз немесе сөз тіркесін қою арқылы толық жауап құрастыру арқылы;

  • «Шаңырақ» сызбасын қолдана отырып, қазақ тілінің грамматикаксын ұтымды пайдаланып, сөйлемнің күрделі түрлерін жасау арқылы ( авторы Мулькибаева Р.Б.)

  • аталған тақырыпқа байланысты кластерді пайдаланып диалог, диалогтан монологқа көшіп оқушылардың тілін дамытуға болады.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылады: жұптық, топтық, ұжымдық.

Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық.

5 сынып тақырыбында «Мектеп», «Мектеп өмірі» болса;

6 сыныпта «Білім күні – мектеп өміріндегі үлкен мереке», немесе «Сынып әкімі болсам..» атты тақырыптарын туғызып оқушылардың сөйлесу тілін байланыстырып дамыту.

Сол сияқты: «Менің елім – Қазақстан» тақырыбынан «Кең-байтақ Қазақстаным», «Біз Қазақстан болашағымыз» тақырыптары арқылы сөздік қоры молайып, мәтінді пайдаланып, фактілерді іздеу арқылы танымдық белсенділікті арттырып, ауызекі сөйлеу тілін күрделендіру.

Кез келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді, рөлдік ойындар, иллюстрация, құрал жабдықтарды, компьютер мүмкіншіліктерін пайдаланып оқушылардың қызығушылығын ояту мұғалімнің іздемпаздығына байланысты. Алдын-ала сабақтың тақырыбы бойынша дайындалатын функционалды модельдер мен тірек сызбалар құрастырылады.

І. Проблема (мәселе) туғызу диалогтары

ІІ. Ситуативтік диалогтары

ІІІ. Инициативтік диалогтары

ІҮ. Сұхбат

Ү. Түрлі тақырыптық диалогтары

ҮІ. Дайын тірек сызба, кластер арқылы диалогтар құру



І. Сабақ басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жаттығуларын өткізу:

  • Туған жерің қалай аталады?

  • Туған жеріңнің табиғаты қандай? (өзен, көл, тау, орман, шөл дала)

  • Немен ерекшеленеді? (қала көрінісі, өндіріс)

  • Туған жеріңді қалай қастерлейсің?...

Сұрақ-жауап жаттығуларын жиі қолдана отырып, оқушылардың ойлау, коммуникативті қабілеттерін дамытуға болады.

ІІ. Ситуативтік жаттығулар арқылы диалог құрастырту. Көбінесе иллюстрация, сурет, интербелсенді тақтаны пайдалану.

  1. Сіз жазда ауылда демалдыңыз, ал досыңыз қалада. Жазғы демалыс туралы әңгімелесіп, пікір алмасу.

  2. «Жазғы киім» көрмесіне бардыңыз. Досыңызбен қандай киім ұнататындарыңыз туралы пікірлесіңдер.

  3. Сіз сурет көрмесіндесіз. Тақырыбы- «Жазғы көріністер».

  4. Рөлдік ситуацияда 3 кейіпкер болуы да ықтимал.

Лондон –Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақтың ішіндегі ағылшын кәсіпкері, Қазақстандық боксшы және стюардессаның арасындағы әңгіме.

Стюардесса:

-Қайырлы күн құрметті жолаушылар! Әуе кемесінің командирі Ахметов мырза және бүкіл экипаж «Air Қазақстан» авиакомпаниясы атынан сіздерге ТУ-24 ұшағының бортынан сәлем жолдайды. Біздің ұшағымыз Лондон-Астана бағыты бойынша ұшады. Жолдағы ұшу уақытымыз 4 сағат. Біздің ұшағымыз ұшуға дайын. Белдіктеріңізді бекітіңіздер. Әуе кемесінің командирі мен экипажы сіздерге сәтті сапар тілейді!

Кәсіпкер:

-Кешіріңіз, сіз Қазақстанда тұрасыз ба?

Боксшы:


-Иә, менің туып-өскен жерім Қазақстан.

- …


Бұл жаттығулар сөйлем құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын жеткізуге , еркін сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге қолайлы.

ІІІ. Инициативтік жаттығулар.

Оқушылар сұрақтары. Сұрақтар белгілі бағдарлама бойынша беріледі. Мысалы, оқушы немесе оқушылар тобы тақтаға шығып, сыныптас балаларға сұрақтар жаудырады.

-Ұлттық мерекелерді атаңдар.

-Ұнайтын мерекең туралы әңгімеле.



-Шаруа мерекесі қалай аталады.

-Оның ерекше тағамы туралы не білесіңдер?

-…
Каталог: uploads -> doc -> 07ca
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07ca -> Бастауыш сынып мұғалімі Г. Қапалова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет