Лидерге қажетті 21 қасиет


Он үшінші қасиет. Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз



бет14/22
Дата07.02.2022
өлшемі199,5 Kb.
#97465
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
2 5237962004748043678

Он үшінші қасиет. Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз
Табысты адам – өзіне лақтырған кірпіштерден мықты іргетас қалай алатын адам

Дэвид Бринкли, тележурналист


Егер тиімді көшбасшы болам десеңіздер, сізге позитивті ұстаным қажет. Позитивті орныққан адам болу үшін не істеу керектігін қарастырайық:
Сіздің ұстанымыңыз – сіздің таңдауыңыз. Орта адам, басқа адамнан ерлік жасауға жігерлендіруді күтеді. Өткен өміріңізде не болғанына қарамастан, сіздің өмірлік ұстанымыңыз – сіздің бүгінгі таңдауыңыз. Психолог Виктор Франклин мынаған сенеді: «Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық ерікке негізделеді».
Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды сіздің іс-әрекетіңіз анықтайды. Жанұялық өмір жөніндегі эксперт, кеңес беруші Деннис Уайтли: «Жеңімпаздың басымдығы туа біткен қабілетінде, интелектуалды коэффициентінде, дарында емес. Ол жағдайда емес, ұстанымда жатыр. Ұстаным – жетістіктің белгісі». Қалай қимылдау керектігін ұстаным анықтайды, сондықтан ол бірінші орынға ие.
Сіздің адамдарыңыз – сіздің ұстанымдарыңыздың айнасы. Томас Эдисон өмір бойы позитивті ұстанымын және ынтасын өзінің бойына ғана сіңіріп емес, басқа адамдардың да бойына дарыта білген. Бір кездері ол: «Егер біз баларымызға қалдыра алатын жалғыз мұра, ынтагерлік болса, онда одан артық бағалы нәрсе болмас еді», – деген.
Жақсы ұстанымды қалпына келтіргеннен гөрі, қолдап отырған дұрыс. Егер позитивті ұстаным иесі болсаңыз, оны сақтап отыруға тырысыңыз. Басқа жағынан, қиын кездерді басынан кешірсеңіздер, өзіңізден, басқаларда көңіліңіз қалып, күйзеліске түспеңіз. Себебі ұстанымды тек сіз таңдайсыз, тек сіз барлығына өзгеріс енгізе аласыз.
Ағылшындық хирург-кардиолог Мартин Ллойд-Джонс айтқан болатын: «Бақытсыздықтың бәрі өз-өздеріңмен сөйлесудің орнына, тыңдағандықтарыңда». Ал сіздер қандай ішкі дауыстарды естисіздер? Әр түрлі адамдармен жұмыс істегенде олар мені ыңғайсыз жағдайға қалдырады деп ойлайсыздар ма? Жаңа істі бастар кезде бұл жұмысым сәтсіз болар ма екен деген ойлар мазалай ма? Егер ішкі дүниеңіз әр кез жаман ойлармен мазалай берсе, онда ойша жігерлендіретін сөздер айтып, ынтаңызды оятумен шұғылданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет