Лидерге қажетті 21 қасиет


Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол!



бет2/22
Дата07.02.2022
өлшемі199,5 Kb.
#97465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2 5237962004748043678

Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол!
Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.

Бернард Монтгомери , британдық фельдмаршалы


Қиын өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын, адамды таңдау үстіне қоятын, өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу. Әр кез адам, жағымсыз салдарға апарса да, мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі. Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?

Мінез-құлық жай сөзге қарағанда көбірек нәрсе. Кез-келген адам бүтін мінез-құлықпен және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады.


Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз. Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу.
Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.
Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп едіңіздер ме? Оның кілті әрине мінез-құлықта жатыр.

Өзіңіздің айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қаншалықты сай келеді? Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз? Егер балаларыңызға концерттік орындау кезіне дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз? Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма?


Нағыз мінез-құлық дегеніміз - ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет