ҚЎлпыбаев с


Қаржының айрықшалықты белгілері



бет13/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1.3.Қаржының айрықшалықты белгілері
Қаржы бірнеше айрықшалықты сипатты белгілерді иемденеді, бұл белгілердің толық бар болуы олардың категориялдық тиістілігін айшықтайды.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қаты­настардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысанының бола­тындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай нысаны– қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиіcтілігін баса көрсетеді.
Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірістік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені мұндай белгілерді баға да, еңбекке ақы төлеу де, кредит те иемденеді.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай ресурстардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақшалай ресурстар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.
Нақтылы жұмсауға арналған мақсатты ақшалай-қаржылық ресурстар және қорланымдар қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер қаржылық қатынастарда іс-әрекеттің амалдары ретінде директивалық*, қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, бұл экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына арналған ақшалай ресурстарды пайдаланудың көлемдері мен бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады. Сөз жоқ, әдістерді таңдау ғылыми ізденіс пен қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің объективті алғышарттары арқылы айқындалады.
Ақшалай қаражаттар экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақшалай нысандардағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Қаржылық ресурстардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржылық операция осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.с.с.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақшалай қатынастардың бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тек тежеп отыратын болса, күнелтудің қаржыға тән ресурстық және қор нысаны, міндетті, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты – экономикалық категория ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Өзінің материалдық тұлғалануы бойынша қаржы – қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалдық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорлары. Дәлірек айтқанда, бұл елдің қаржылық ресурстары.
Бірақ мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені экономикалық категория ретіндегі қаржының мәні оның маңызды болып табылатын сандық жағында емес, бұл категорияның жұмыс істеуі тек оған тән функцияларды орындау кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың мазмұнында ашылады. Мұндай тәсілдемеде қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме беруге болады: қаржы – бұл: 1) ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория; 2) ақшамен айналысу және оны басқару практикасы; 3) қандай да бір жобаға қатысатын капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал; 4) белгілі бір, әсіресе қаржы компаниясы жасаған мақсатқа арналған ақшалай қарыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет