ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары



бет11/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1.3.сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары

Тарихи алғашқыда өзіне маңызды қоғамдық функцияларды алған мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылған қаржылық қатынастардың бір бөлігі айқындалды. Мемлекеттік билікті ұстау үшін қоғамның барлық мүшелерінің есебінен қалыптасатын арнаулы ақшалай қаражаттар.


Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржылық ресурстар болмаса, қаржылық механизм арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Салықтар, мемлекеттік кредит, ақша эмиссиясы арқылы мемлекет үкімет аппаратын, армияны ұстау және басқа өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақшалай каражаттарды шоғырландырды және пайдаланды. Мемлекет әрдайым қаржылық қатынастардың міндетті субъекті болып табылады, бұл көптеген ғалымдарға қаржының қажеттігін негіздемелеуде мемлекеттің рөлін асырып жіберуге негіз болды: мәселен, ресейлік «Қаржы» оқулығының авторлары мемлекеттен тыс қоғамдық өндірістің барлық басқа субъектілері қаржылық шаруашылықты емес, жай ақшалай шаруашылықты жүргізеді деп санайды.*
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық үдерістерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына

  • «Финансы». Учебник для вузов. Под ред.проф. М.А.Романовского и др. – М.: Изд-во « Перспектива», 2006

қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар арқылы қазір ішкі жалпы өнімнің 40 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 20 пайыздайы (Қазақстан бойынша) қайта бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.


Тарихи қатынастардың бір бөлігінің (аса қарапайым нысанда) алғашқы қауымдық қоғамдастықтың ұжымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тіпті мемелекет пайда болғанға дейін орын алды. Мұндай қызмет натуралдық нысанда жүзеге асырылғанмен ол қоғам дамуының тауар стадиясына дейінгі қаржылық қатынастардың болашақ үлгісі болып табылды.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржылық қатынастар елеу­лі дәрежеде «қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар» деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады. Қоғамдық тауарларды қаржыландыру егжей-тегжейлі 10-тарауда қаралған.
Мемлекетте орасан ақшалай қаражаттарды жинақтау соңғы уақытқа дейін ұдайыөндірістік үдерістерді жоспарлы жүзеге асыру, өндіріс дамуының аса басым бағыттарын, ғылыми-техникалық прогресті, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру қажеттігімен негізделді. Сөзсіз, мемлекет ұйымдастырған бүкіл қоғам ауқымдарында қоғамдық дамудың перспективалық үйлесімдері неғұрлым көрнекі қаралады. Мемлекеттің бұл мүмкіндіктері ақшалай қаражаттарды дұрыс пайдаланған кезде оларды орталықтандырудың шұбасыз артықшылықтары туралы дәлелдейді. Бірақ, басқа жағынан, соңғы жылдардың практикасы субъективтік еркін шешімдердің, дамудың басымдықтарын дұрыс таңдамаудың, мемлекеттік және өндірістік монополизмнің нәтижесінде олардың бағыттары мен пайдаланылуы тиімсіз немесе экономикалық тұрғыдан ақталмауының мүмкін екенін көрсетті. Бұл туралы тиісті қайтарым әкелмеген қаржылық ресурстардың, бағдарламалардың орасан көлемдері болған қаржыландырудың мысалдары еске түсіреді. Сондықтан рынокқа өтпелі кезеңде қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқықтар мен дербестік берілуі тиіс шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ерек­ше көңіл аударылды. Бұл ресурстарды орталық, өңірлер, шаруашылық жүргізудің төменгі буындары арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлу жоғары қайтарыммен пайдаланылатын қаражаттар­ды үлкен мөлшерде қайта төлеу мүмкін болады.
Алайда, қаржының қажеттігін негіздеудегі мемлекеттің рөлін қарай отырып, оның өзі, Ф. Энгельстің сөзі бойынша, дамудың белгілі сатысында қоғамның жемісі болғанын есте тұту керек. Бұдан қоғам өз ұйымының мемлекеттік нысанын белгілей отырып, қажетті қаржылық қатынастарды да объективті тұрғыда айқындайды, ал мемлекет бұл объективті қажеттікті ескере отырып, оларды сол немесе өзге түрде пайдалана алады деуге болады.
Мемлекеттің өмір сүруімен байланысты қаржылық қатынастардан басқа, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара байланыстарындағы, сондай-ақ соңғылардың және халықтың (үй шаруашылықтарының) арасындағы олардың бір бөлі­гі болатынын да ескерген маңызды, бұл объективті тұрғыда қоғамдық-экономика­лық формацияда тауар-ақшалай қатынастардың болумен айқындалады.
Қаржының мәні ақшалай нысандағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты жоғарыда аталған тауар-ақшалай қатынастардың болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының да іс-әрекеті болып табылады.
Ілгеріде, өндірістің социалистік әдісі жағдайларында бұл факторлардың іс-әрекеті шектелініп отырды: жұмыс күші тауар болып табылмады, өндіріс құралдары сонымен қатар орталықтан бекітілетін баға көмегімен де өткізілгенімен орталықтандырылған материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы бөлініп отырды. Ұдайы өндірістің жоспарлығын қамтамасыз етуге шақыратын өндірілген өнімнің материалдық-заттай элементтерін қатаң регламенттелінген бөлу іс жүзінде өндіргіш күштердің дамуын буатын кедергіге айналды, себебі монополизмді туғызды, еркін саудада өнімнің жоқ кезінде тұтынушыны оны таңдау мүмкіндігінен айырды, сапаны арттыруды, ғылыми-техникалық прогресті дамытуды ынталандырмады.
Экономиканың жұмыс істеуінің рыноктық жағдайларында мемлекет тауар-ақшалай қатынастарды әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақшалай қатынастармен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы мен олардың әр түрлі деңгейі жағдайларында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен жетеді. Қаржы тауарлық қатынастардан тыс өмір сүре алмайды.Тек өндірілген тауарлар, қызметтер, адам еңбегінің басқа өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің түсім-ақшасы (табысы) жасалады. Түсім-ақша жиынтық қоғамдық өнімнің микроэлементі ретінде «с», «v» және «m» құрамды бөліктерін, яғни өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтары құнының мөлшерін, жұмыскерлердің жұмсалынған нақты еңбегін өтеуге сәйкесетін құнының бір бөлігін және жасалған қосымша өнім құнын кіріктіреді. Тиісінше өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден алынған түсім-ақшадан өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтарының орнын толтыруға, еңбекке ақы төлеуге бағытталатын тиісті ақшалай қорлар бөлінуі тиіс, ал қосымша өнім құны қоғамдық өндірістің, өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларының, қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын, сақтық қорлары мен резервтерін жасауға арналған бөліктерге бөлінуі тиіс.
Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері қорларын жасай отырып натуралдық-заттай нысанда да, сонымен бірге ақшалай нысанда да еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақшалай қорлардың қозғалысы арқылы болып жатады. Ақшалай қорларды қалыптастыру, тауарлық қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен жүргізіледі. Сөйтіп, қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олардың салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына жәрдемдеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   315




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет