ҚЎлпыбаев с



бет8/315
Дата25.04.2024
өлшемі3 Mb.
#201374
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

1 БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ
БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі
қаржы және қаржы жүйесі


1.1. Құндық категория ретіндегі
қаржының ұғымы, қажеттігі
және мәні

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa» сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан) – тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.


«Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.
Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша – тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі трансформацияларға – қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Осы дамуда ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды, бұл нысандарға қаржы да жатады.
Бүгінде «қаржы» терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының табыстары туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрініп білінеді. Экономикалық категориялар – бұл біртекті экономикалық қатынастардың көрінісі, олар экономикалық өмірдің белгілі жағын сипаттайды жене абстрактты, талдап қорытылған түрде көрінеді: олрға баға , қаржы, сақтандыру, кредит, пайда жене т.б.
Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қараудан оның мәнін – оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет. Бұл ретте зерттеу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін. Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қаты­настарда, яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынастар экономика­лық қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі – өндірістік қатынастарға кіріктіріледі (1.1 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржылық қатынастар – өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни базистік қатынастар болып табылады деуге болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   315




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет