«Ұлтының ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектеріне арналған жұмыс дәптері»


Нақыл сөздермен танысыңдар. Жұпта бір-біріңмен талқылаңдар



бет5/11
Дата02.02.2022
өлшемі2,99 Mb.
#116970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
1619439855398
Нақыл сөздермен танысыңдар. Жұпта бір-біріңмен талқылаңдар.

Құлақ қат

  1. Үй ауасын жиі жаңарту.

  2. Шаңды сулы шүберекпен сүрту.

  3. Аяқты сырттан сүртіп кіру.

  4. Үйде түкіргішке түкіру.

  5. Шаңды шүберек пен борлы шүберекті үйде сілікпеу.

  6. Киімді үйе қақапау.

  7. Үйлерінен жуынып, таза келу.

«Т» кестесін толтырыңдар.

Нақыл сөздер

Түсіндірме (комментарий)

Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.





Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.





Құлақ есіткенді көз көреді.





Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.





Айт сөзді ұққанға,
Айтып айтпа құлағына мақта тыққанға.






Құлақтан кірген суық сөз,
Көңілге барып мұз болар.





7-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда берілген суреттерді басшылыққа алыңдар. Мәтіннен негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап беріңдер.










Қыс қамы

Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік тұрғанда, бүрісіңкіреп тұрады. Даладан келгенде суықтан шіміркеніп келеді. От жағып, алақанын отқа қақтап: «Қылышын сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ», -деп айта береді.

От ала келген қатындар да соны айтады.

«Етік болмаса, күпі мен шапан сияқты нәрселердің жарасы жеңіл ғой. Бір-екі рет қыздарды жиып жіберсе, бітіп қалады ғой»,- деп жүрді.

Бір күні Дәметтің апасы мен Мақаштың апасын және жанымыздағы ауылдың бір қызын әкеліп, апам қабу қабытты. Бауырсақ пісірді, самауырын қойды. Қыздарға апам шай берді.

Бір аздан соң қыздар мені шақырып алып, Бәтіш жеңешеме апараып бер деп, бір сабақ жіп берді. Апарып беріп едім, құр, май салып берді. Әкеліп қыздармен бірге жедік.

Кешке таман қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтты. Апам бәріне алғыс айтып: «Аяқ-қолдарыңа ауырмалдық бермесін»,- деді.

Ахмет Байтұрсынұлы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет