Ұлттық біріңғай тестілеуіне өтініш беру қосымшасын пайдалануға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата11.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#142167
1   2   3   4   5
Байланысты:
instr ent 2021kz

Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? 
Тестіленуші қосымшаға кіру үшін арналған құпия сөзін ұмытқан болса, «Құпия 
сөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасын басу қажет. Ашылған парақшада (9-сурет) тестіленуші 
тіркелу барысында көрсеткен электронды мекен-жайды енгізіп, «Қалпына келтіру» 
батырмасын басады. Енгізілген электронды мекен-жайға құпия сөзді ауыстыру үшін 
сілтемесі бар хат жолданады. Егер хат «Кіріс» жәшігінде болмаса, «Спам» жәшігін 
тексеру қажет.
9-сурет. Құпия сөзді ұмытқан жағдайда ашылатын терезе 
Басты бет 
 
Қосымшаның басты бетінде (10-сурет) орналасқан ақпарат: 
-
Ұлттық тестілеу орталығының атауы мен логотипі; 
-
Интерфейс тілін ауыстыру батырмасы; 
-
Парақшаның сол жағында басты мәзір: Менің парақшам, Өтініш беру, Менің іс-
әрекетім, Шығу. 


10-сурет. Басты бет 
Менің парақшам 
Парақша келесі деректерден тұрады: 
Мен жайлы мәліметтер 
-
Тестіленушінің аты-жөні; 
-
Байланыс телефоны; 
-
ЖСН; 
Қауіпсіздік 
-
Электронды мекен-жай және мекен-жайды өңдеу батырмасы (мекен-жайды өзгерту 
үшін ағымдағы мекен-жай мен құпия сөзді енгізу қажет); 
-
Құпия сөз және құпия сөзді өңдеу сілтемесі (құпия сөзді өзгерту үшін сілтеме 
арқылы өтіп ағымдағы құпия сөз, жаңа құпия сөз және жаңа құпия сөзді қайталап енгізу 
қажет. Егер құпия сөзді ұмытқан болсаңыз, нұсқаулықта жоғарыда көрсетілген ақпаратты 
оқыңыз); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет